
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Айт намазының қазасы өтеле ме?
Айт намазын өткізіп алған кісі оның қазасын өтемейді. Алайда төрт рәкат дұха намазын оқиды. Ибн Масъуд, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(من فاتته العيد فليصل أربعاً)
«Кім айт намазын өткізіп алса, төрт рәкат (дұха) намазын оқысын»3.
Айт намазын үзірсіз өз уақытынан кешіктіруге болмайды. Екінші күнге кешіктіруге болады. Әбу Ъумайр ибн Анас сахабалардан болған өзінің немере ағасынан жеткізді:
(أن ركباً جاؤوا إلى النبي صلى اللّه عليه وسلم يشهدون أنهم رأوا الهلال بالأمس. فأمرهم أن يفطروا وإذا أصبحوا أن يغدوا إلى مصلاهم)
«Пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) бір жолаушылар келіп, кеше шәууал айы туғанын көргендерін айтты. Сонда пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) адамдарға бүгін ауыз ашып, ертеңгі таңда намаз алаңына жиналуларын бұйырды»4.
Ташриқ1 тәкбірлері
Ташриқ үкімі
Аллаһ тағаланың:
﴿ وَاذْكُرُواْ اللّهَ فِي أَيَّامٍ مَّعْدُودَاتٍ ﴾
«Санаулы (ташриқ) күндері Аллаһты еске алыңдар!»2 бұйрығына байланысты ташриқ тәкбірін айту балиғатқа толған әр мұсылманға уәжіп.
Уақыты
Ташриқ тәкбірлерінің уақыты имам Әбу Ханифаның көзқарасында Арафа күнінің таңында басталып, құрбан айт күнінің екінді намазымен шығады. Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің көзқарасында Арафа күнінің таңында басталып, он екінші зүл-хижжаның екінді намазымен шығады. Ханафи мәзһабінің ташриқ тәкбірлерінің уақытына қатысты ұстанатын пәтуәсі - Әбу Юсуп пен Мұхаммедтің көзқарасына негізделеді. Жәбир, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم إذا صلى الصبح من غداة عرفة يقبل على أصحابه فيقول: على مكانكم ويقول: اللّه أكبر، اللّه أكبر، اللّه أكبر، لا إله إلا اللّه واللّه أكبر اللّه أكبر. وللّه الحمد. فيكبر من غداة عرفة إلى صلاة العصر من آخر أيام التشريق)
Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Арафа күні таң намазын оқыған соң, сахабаларына бұрылып: «Орындарыңда қалыңдар!»-деді және: «Аллаһу әкбар. Аллаһу әкбар. Аллаһу әкбар. Лә иләһа иллаллаһу уаллаһу әкбар. Аллаһу әкбару уа лиллаһил-хамд» сөздерін айтты. Осылайша, Арафа күнінің таңынан соңғы ташриқ күнінің екінді намазына дейін тәкбір айтатын3.
Түйін: Ташриқ тәкбірлері тоғызыншы зүлхижжаның таңғы намазынан он екінші зүлхижжаның екінді намазына дейін айтылады. Яғни жиырма үш намаздың соңында айтылады. Ораза айтында айт намазына үйден шыққанда ташриқ тәкбірі іштен айтылады.
Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
Парыз намаздарынан кейін бір мәрте айтылады. Нәпіл, үтір және жаназа намаздарынан кейін айтылуы уәжіп емес.
Кімге уәжіп?
Ташриқ тәкбірін мейлі жамағатпен, мейлі жалғыз атқарылған әр парыз намазының артында ер адамдарға да, әйел кісілерге де бір мәрте айту уәжіп. Бұдан көбірек айту мустахап. Ер адамдар тәкбірді көтеріңкі дауыспен, ал әйел кісілер іштерінен айтады. Айт намазы мен үтір намазынан кейін айтылмайды. Сол секілді тұрғылықты кісіге де, жолаушы кісіге де парыз намазынан кейін ташриқ тәкбірін бір мәрте айту уәжіп. Намазға кешігіп қосылған кісі де өткізіп алған рәкәттәрін толықтырған соң тәкбір айтады. Ибн Омар мен Анас ибн Мәлик, Аллаһ тағала оларға разы болсын, Арафа күні таңертең Минадан Арафаға барғанда жолаушы бола тұра ташриқ тәкбірлерін айтатын4.
Үмму Ъатия, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: «Тіпті етеккір күйдегі әйел кісілер айт күні үйлерінен шығып, намаз оқымаса да, ер адамдардың арт жағында тұрып, адамдармен бірге тәкбір айтатын»5.
Намаз аяқталғанда кімнің дәреті бұзылса, ташриқ тәкбірлерін дәретсіз айтуына болады.
Ташриқ тәкбірінің бейнесі:
" الله أكبر الله أكبر لا إله إلا الله الله أكبر الله أكبر ولله الحمد "
«Аллаһу әкбар. Аллаһу әкбар. Лә иләһа илләллаһу Аллаһу әкбар. Аллаһу әкбар уа лилләһил-хамд»
Бұған қосымша мына сөздерді де айтса болады:
" الله أكبر كبيرا والحمد لله كثيرا وسبحان الله وبحمده بكرة وأصيلا لا إله إلا الله وحده صدق وعده ونصر عبده وهزم الأحزاب وحده لا إله إلا الله ولا نعبد إلا إياه مخلصين له الدين ولو كره الكافرون . اللهم صل على سيدنا محمد"
«Аллаһу әкбару кабира(у) уалхамду лилләһи касира(у) уа субханаллаһи букратау-уа асила. Лә иләһа илләллаһу уахдаһу садақа уаъдаһу уа насара ъабдаһу уа һазамал-ахзаба уахдаһу. Лә иләһа илләллаһу уа лә наъбуду иллә иййаһу мухлисина ләһуддина уа ләу кариһал-кафирун. Аллаһумма салли ъала саййидина Мухаммад»
Сол секілді зүлхижжа айының алғашқы он күнінде тәкбір сөздерін айту ұнамды. Әбу Һурайра мен Ибн Омар, Аллаһ тағала оларға разы болсын, зүлхижжаның алғашқы он күнінде базарға қарай шығып, тәкбір сөздерін айтатын. Оларға еріп, адамдар да тәкбір айтатын1.
Он үшінші бөлім:
Жолаушы намазы
Науқас кісінің намазы
Қауіп намазы
Бірінші: Жолаушы намазы
Жолаушы намазының үкімдерімен танысар алдын, алдымен, сапар түрлерін баяндайық. Сапар түрлері:
1 - Құлшылық сапары. Бұған қажылық сапары мен Аллаһ жолындағы күреске аттану сапары жатады.
2 - Мүбах сапар. Бұған саудалық немесе демалыс сапары жатады.
3 - Күнәлі сапар.
Жолаушыға тән үкімдер
1 - Рамазан айында ауыз ашуына рұқсат.
2 - Мәсіге жасаған мәсх мерзімі үш тәулікке созылуы рұқсат.
3 - Жұма намазының, айт намаздарының және құрбан шалу уәжіптері мойнынан түседі.
4 - Төрт рәкат намазды екі рәкат етіп қысқартып оқуы ләзім.
5 - Қауіптенген жағдайда намазды соңғы уақытына кешіктіріп оқуына болады.
Намазды қысқартып оқу
Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай деді:
﴿وَإِذَا ضَرَبْتُمْ فِي الأَرْضِ فَلَيْسَ عَلَيْكُمْ جُنَاحٌ أَن تَقْصُرُواْ مِنَ الصَّلاَةِ إِنْ خِفْتُمْ أَن يَفْتِنَكُمُ الَّذِينَ كَفَرُواْ إِنَّ الْكَافِرِينَ كَانُواْ لَكُمْ عَدُوّاً مُّبِيناً﴾
«Және жер кезіп, сапар шеккен кездеріңде кәпірлердің сендерге зиян тигізуінен қауіптенеңдер, намазды қысқартып оқуларыңда сендерге күнә жоқ. Әрине, кәпірлер сендерге ашық дұшпан»1. Бұл аятта намазды қысқартып оқуға рұқсат ететін шарт - дұшпаннан болсын, қарақшылардан болсын қауіп сезу. Жалпы, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) бүкіл сапары қауіпті болатын. Яъла ибн Умаййа Омардан: «Қазіргі жағдайымыз қауіпсіз емес пе? Намазды неге қысқартып оқимыз?»-деп сұрағанда Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, оған былай дейді: Мен бұл туралы пайғамбардан (саллаллаһу алайһи уа саллам) сұраған едім. Сонда ол былай деді: «Бұл - Аллаһ тағаланың сендерге берген садақасы. Садақасын қабыл алыңдар!»2.
Намазды қысқартып оқу дегеніміз – төрт рәкат парыз намаздарын екі рәкат етіп оқу. Айша анамыздан, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(فرضت الصلاة ركعتين ركعتين، في الحضر والسفر، فأقرت صلاة السفر، وزيد في صلاة الحضر)
«Негізінде, намаздар тұрғылықты кісіге де, жолаушы кісіге де екі рәкәттік бейнеде парыз етілді. Кейін жолаушы намазы сол бейнеде қалып, тұрғылық намазына тағы екеуі қосылды»3.
Сүннет намаздарын жолаушы кісі жағдайына қарай өз қалауынша оқиды. Егер сапар түрі демалыс болса, оқығаны абзал. Сапар түрі шұғыл болса, оқымауына болады. Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) ешбір сапары демалыс үшін болмаған, керісінше бейнетке толы болатын. Сол себептен Ибн Омардың, Аллаһ тағала оған разы болсын, айтуынша: «Пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) серік болғанымда, сапарда нәпіл оқымайтын»4.
Үкімі
Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, оған былай дейді:
(فرض الله لصلاة على لسان نبيكم في الحضر أربع ركعات و في السفر ركعتين وفي الخوف ركعة)
«Аллаһ тағала пайғамбарларыңның тілімен намазды тұрғылықты жағдайда төрт рәкәт, сапарда екі рәкәт және қауіпті жағдайда бір рәкәт етіп5 парыз етті»6.
Жоғарыда айтылған хадистердің негізінде жолаушы кісіге төрт рәкат парыз намаздарын екі рәкат етіп қысқартып оқу - ханафи мәзһабінда, - уәжіп. Ал қысқартпай толық оқу - мәкрүһ тахриман.
Қысқартуды рұқсат ететін шарттар
1 - Сапар қашықтығы кәдімгі жаяу жүріспен үш тәулік болуы қажет. Бұл дегеніміз шамамен 83км. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(لا تسافر المرأة ثلاثة أيام إلاّ مع ذي محرم)
«Әйел кісіге махрамсыз7 үш күндік жерге жолға шығуына болмайды»8. Бұл хадисте сапар ұзақтығы үш күнмен шектелуде.
2 - Сапардың нақты басталуы. Мұнысы тұрғылықты жердің шеңберінен асып кетумен жүзеге асады. Шыққан қаласының немесе ауылының көзден ғайып болуы шарт емес.
3 - Сапарға ниеттену. Ниетті дұрыс қылатын шарттар:
- Сапарға арнайы шығу. Біреуді 83км жерге шығарып салу ниетімен шыққан кісі жолаушы саналмайды.
- Балиғатқа толуы.
- Тұрғылықты жерден асу ұзақтығы 83км-ден кем болмауы.
4 - Жамағатпен атқарылатын намазда жолаушының жолаушыға немесе тұрғылықтының жолаушыға ұюы. Абдулла, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Омар ибн әл-Хаттаб, Аллаһ тағала оған разы болсын, Меккеге келгенде оларға имам болып, екі рәкат оқитын. Сосын жамағатқа: «Әй, меккеліктер, намаздарыңды толықтырыңдар! Өйткені біз - жолаушымыз»-дейтін1. Жолаушы кісі төрт рәкат намазға имам болса, оның сәлемінен кейін тұрғылықты жамағат намаздарын толықтырады.
Жолаушыға тұрғылықты кісіге ұюына, ханафи мәзһабінда, тек уақытында оқылатын намазда ғана рұқсат. Мұндай жағдайда тұрғылықты кісіге ұйыған жолаушы намазды төрт рәкәт етіп оқуы уәжіп. Ибн Омардан, Аллаһ тағала оған разы болсын:
(المسافر يدرك ركعتين من صلاة القوم يعني المقيمين. أتجزيه الركعتان؟ أو يصلي بصلاتهم؟ قال: فضحك وقال: يصلي بصلاتهم)
«Тұрғылықты жамағаттың екі рәкәтіна үлгерген жолаушының намазы жеткілікті бола ма, әлде намазын солар секілді толықтырып оқи ма?»-деп сұралғанда, ол күлімсіреп: «Солар секілді оқиды»-дейді2.
Нафиъ былай деді:
(كان ابن عمر إذا صلى مع الإمام صلاها أربعا وإذا صلى وحده صلاها ركعتين)
«Ибн Омар намазды имаммен бірге оқыса, оны төрт рәкәт етіп оқитын. Ал жалғыз оқыса, оны екі рәкәт етіп оқитын»3.
Қаза болған намазда жолаушыға тұрғылықты кісіге ұюына болмайды. Егер ұйып қойса, намазы дұрыстығын жоғалтады. Сондықтан жолаушы өткізіп алған намазының қазасын екі рәкат етіп өтеуі шарт.
Жолаушыға қанша уақыт намазын қысқартып оқу рұқсат етіледі?
1 - Отанына оралғанша.
2 - Барған жерінде он бес күннен кем уақыт тұрса. Егер он бес күн, не одан да көп уақыт тұруға ниет етсе, тұрғылықты үкіміне еніп, намазын толық оқиды. Ибн Аббас пен Ибн Омар, Аллаһ тағала оларға разы болсын, былай деді:
(اذا دخلت بلدة وأنت مسافر وفي عزمك أن تقيم بها خمسة عشر يوما فأكمل الصلاة وإن كنت لا تدري متى تظعن فاقصر)
«Егер бір елге жолаушы болып кірсең және онда он бес күн тұруға бел байласаң, намазды толық оқы. Ол жерден қашан аттанарыңды білмесең, қысқартып оқы»4.
Егер барған жерінде жолаушының тұру ниеті болмаса, шаруасы әне бітер, міне бетер деген күймен сапары қанша созылса да, намазын қысқартып оқуы уәжіп. Өйткені Ъалқама ибн Қайс, Аллаһ тағала оған разы болсын, Хорезмде екі жыл бойы намазын қысқартып оқыған. Анас ибн Мәлик, Аллаһ тағала оған разы болсын, Нисабурда бір не екі жыл намазын қысқартып оқыған. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Әзербайжанда алты ай бойы намазды қысқартып оқиды.
3 - Тұрғылықты жерден 83км аспай, отанына оралушы кісі отанына жетпесе де, сапарды үзгені үшін намазын толық оқиды.
4 - Кім бір елге қызмет бабымен аттанып, сонда он бес күн не одан артық уақыт тұрақтса, ондағы намазын толық оқуы уәжіп. Туған жеріне отбасын көруге келген сапарында намазын толық оқиды. Сол секілді екінші әйелі тұрып жатқан жерге соқса да, намазды толық оқиды. Осман, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін естідім:
(من تأهل في بلد فليصل صلاة المقيم)
«Кім бір елден әйел алса, ондағы намазын тұрғылықты үкімімен оқысын»1.
Егер туған жерінен отбасымен бірге қоныс аударса, қоныс аударған жері тұрғылықты отанына айналып, туған жері тұрғылықты үкімін жоғалтады. Сосын туған жеріне сапар қылса, тіпті онда жылжымайтын мүлкі қалса да, намазын қысқартып оқиды, егер он бес күннен аз уақыт кідірсе. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Мәдинаға отбасымен бірге көшкендіктен, Меккеге келген сапарларында намазды жолаушы үкімімен қысқартып оқитын.
Тұрғылықты жерінен бөлек бір қаладан бір қалаға қайта-қайта сапар шегуші кісінің намазының қысқару, қысқармауы - әр қалада қанша күн кідіретіндігіне байланысты. Егер біреуінде он бес күн не одан артық уақыт тұрақтайтыны белгілі болса, намазды толық оқиды. Егер екеуінде де он бес күннен кем уақыт кідірсе, екеуінде де намазын қысқартып оқиды.
Екі намазды қосып оқу
Екі намазды қосып оқу «жамъ ат-тақдим» және «жамъ ат-та’хир» болып екіге бөлінеді. «Жамғ ат-тақдим» дегеніміз - екі намазды бірінші намаздың уақытында қосып оқу. «Жамғ ат-та’хир» дегеніміз - екі намазды екінші намаздың уақытында қосып оқу. Қосып оқылатын намаздар: бесін мен екінді, ақшам мен құптан.
Ханафи мәзһабінда екі намазды қосып оқу екі жағдайда ғана болады:
1 - Арафа күні Намира мешітінде қажы кісі үшін бесін мен екіндіні бесін уақытында бір азанмен және екі қаматпен қосып оқығаны дұрыс. Екеуінің арасында нәпіл намазы оқылмайды. Намазды имам немесе имамның орынбасыры жүргізгені шарт. Сондай-ақ бесін намазы дұрыс оқылуы қажет. Егер бесін намазы дұрыс болмаса, қосып оқылған екі намаз дұрыстығын жоғалтады. Жабир ибн Абдулладан, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Арафаға дейін жүріп келіп, Намира деген жерде тұрғызылған күмбездің астында тынығады. Ол жерде күн аспан биігінен еңкейгенше болады. Кейін түйесіне отырып, сайдың ортасына жеткенде адамдарға құтба айтады. Кейін Биләл азан шақырады. Қамат айтылып, бесін намазы оқылады. Кейін қамат айтылып, екінді намазы оқылады. Екі намаздың арасында басқа намаз оқымайды»2.
2 - Қажылықтағы кісіге ақшам мен құптан намаздарын құптан уақытында Мүздәлифада бір азанмен және бір қаматпен қосып оқығаны дұрыс.
Қажылықтан басқа уақытта екі намазды қосып оқу жолаушыға да, науқасқа да болмайды. Негізінде, намаз уақыттары кесімді дәлелдермен бекіген. Және жоғарыдағы екі жағдайдан басқа уақыттарда намазды өз уақытынан еретерек немесе кешіктіріп оқуға болмайды. Ибн Масъуд, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(والذي لا إله غيره ما صلى رسول الله صلى الله عليه وسلم صلاة قط إلا لوقتها إلا صلاتين جمع بين الظهر والعصر بعرفة وبين المغرب والعشاء بجمع)
«Өзінен басқа тәңір жоқ Аллаһпен ант етемін! Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) әр намазды уақыты кіргенде ғана оқыған. Тек екі намазды қоспағанда: Арафада бесін мен екіндіні, ал Мүздәлифада ақшам мен құптанды қосып оқитын»1.
Ал енді басқа мәзһаптарда екі намазды қосып оқуға рұқсат ететін хадистерге назар салайық:
Нафиъ, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(خرجت مع ابن عمر رضي اللّه عنهما في سفر، وغابت الشمس فلما أبطأ قلت: الصلاة يرحمك اللّه. فالتفت إليّ ومضى حتى إذا كان في آخر الشفق نزل فصلى المغرب، ثم أقام العشاء وقد توارى الشفق فصلى بنا، ثم أقبل علينا فقال: "إن رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم كان إذا عجل به السير صنع هكذا)
«Ибн Омармен бірге жолға шыққан едім. Ибн Омар күн ғайып болғанша намазды кешіктірді. Мен оған: «Аллаһ тағала сені рахымына бөлесін, намаздың уақыты кірді ғой»-дедім. Ол маған бұрылып, намазды кешіктіруін жалғастырды. Шапақтың соңы тарағанда ақшамды оқыды. Шапақ мүлдем жоғалғанда қамат айтты. Бірігіп құптан оқыған соң, бізге жақындап: «Расында, Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) жол бойында асыққанда осылай істейтін»-деді2.
Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان رسول الله صلى الله عليه وسلم إذا رحل قبل أن تزيغ - تميل الظهر - الشمس, أخر الظهر إلى وقت العصر ثم نزل يجمع بينهما فإن زاغت قبل أن يرتحل صلى الظهر ثم ركب)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) күн еңкеймей, яғни бесін кірмей жолға шықса, бесінді екіндінің уақытына дейін кешіктіретін. Сосын түйесінен түсіп, екеуін қосып оқитын. Ал егер жолға бесін уақыты кірген соң шықса, бесінді оқып, сосын түйесіне мінетін»3.
Түйін: Бұл хадистерден түсінетініміз, көпшілік жағдайда жолаушы мазасыз, дамылсыз күйде болады. Мұндай жағдайда жолаушыға бесін намазын соңғы уақытына кешіктіруіне болады. Кейін екінді намазын уақыты кіре сала оқиды. Сондай-ақ ақшам намазын соңғы уақытына кешіктіруіне болады. Кейін шапақтың жоғалуымен қамат айтып, құптанды уақыты кірген бетте оқиды. Бұлай оқылудың сыры: намаздың уақыттарын сақтау. Өйткені намаз уақыттары мутауатир жолмен жеткен кесімді дәлелдермен бекіген. Ал екі намазды қосуға рұқсат ететін хадистер ахад жолмен жеткен. Ханафи мәзһабінан басқа үш мәзһапта сүннетте келген сахих дәлелдің негізінде жолаушы кісіге екі намазды қосып оқуға рұқсат. Екі намазды қосып оқуға мутауатир емес хадисте рұқсат етілгендіктен, мұндай дәлел ханафи мәзһабінда кесімді емес, болжамды саналады. Сондықтан ханафи мәзһабінда қажылықтан басқа кезде екі намазды қосып оқу дұрыс емес.