Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лшылы фиы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.53 Mб
Скачать

2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су

Бұл - қоқыс аралаған тауықтар, жыртқыш құстар және мысық секілді жануарлар ішкен су. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) мысық туралы былай деген:

(إنها ليست بنجس إنها من الطوافين عليكم والطوافات)

«Расында, мысық нәжіс емес, ол сендерді көп айналып, қастарыңнан шықпайтын жануар»1.

3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.

ә) Қолданылған су. Қолданылған су дегеніміз - кіші немесе үлкен дәретсіздіктен тазару үшін, немесе дәрет үстіне дәрет жаңарту үшін аяқ немесе дене толық тиген су. Енді оны басқа адам дәрет пен ғұсыл үшін қолдана алмайды. Сол себептен пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай деп ескерткен: «Ешкім жүніп күйінде ақпайтын тоспа судың ішінде жуынбасын»2.

Кіші немесе үлкен дәретсіз адам жуынбай тұрып ыдыстағы немесе ваннадағы суға қолын малса, су «қолданылған» болып саналмайды. Бұған Айша анамыздың, Аллаһ тағала оған разы болсын, мына сөзі дәлел: Мен де, Аллаһтың елшісі де (алайһи ас-солату уа ас-салам) ортамызға қойылған бір ыдыстағы сумен бірге жуынатынбыз. Су алғанда қолдарымыз соғылысып қалатын. Менен озып кететіні соншалықты, тіпті: «Маған да қалдырыңыз, маған да қалдырсаңызшы»-деуімнен басқа амалым қалмайтын. Екеуміз де жүніп күйде болатынбыз»-деді3.

Дәрет алу үшін, немесе тамақтанудың алды-артында қол жууға немесе ауыз, мұрынды шаюға ыдыс бетінен алақан уысымен қалқып алынған су «қолданылған» болып саналмайды.

а) Ағаш пен жеміс суы таза болғанымен «тазалаушы» бола алмайды.

б) Қайнау нәтижесінде ішіне оны мөлдірлігінен айыратын бір нәрсе түсіп кеткен су «тазалаушы» үкімін жоғалтады.

в) Оған араласқан таза әрі қатты зат оны «су» атауынан «тұнба» атауына айналдырса, ол «тазалаушы» үкімін жоғалтады. Мысалы, мия тамыры ерітілген су мия тұнбасына айналып, «тазалаушы» болмайды.

4. Нәжістенген су

Судың нәжістенген, нәжістенбегенін білу үшін, алдымен судың төмендегі екі түрімен танысуымыз қажет:

ә) Ағынды су. Сипаттарының (дәмі, иісі, түсі) бірі өзгермейінше ағынды су мүлде нәжістенбейді. Бассейндегі судың ағып шығарылатын жолы мен краны бір мезгілде ашық болса, ағынды судың үкіміне кіреді.

а) Ақпайтын тоспа су. Бұл судың көлемі аз да, көп те болуы мүмкін.

- Көлемі аз суға нәжіс түссе, нәжістенеді. Тіпті еш өзгермесе де. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) тоспа су жайында былай деген:

(لا يبولن أحدكم في الماء الدائم الذي لا يجري ثم يغتسل فيه)

«Сендерден ешкім ақпайтын тоспа суға дәрет сындырмасын, сосын оның ішінде (қалай) жуынады»4.

Нәжістенген көлемі аз суды тазарту үшін, орнынан ағып кететіндей көлемде үстіне таза су құяды.

- Көлемі үлкен су. Көлемі үлкен су дегеніміз - бір жағын қозғағанда екінші жағы қозғалмайтын көлемдегі су. Ханафи ғұламаларының пәтуәсінда көлемі 49м2 су «көлемі үлкен» суға жатады. Ал тереңдігіне келсек, суды қалқып алғанда түбі көрінбеуі қажет. «Көлемі үлкен су» сипаттарының бірі өзгермейінше нәжістенбейді. Көлемі үлкен судың бір жерінен нәжіс көрінсе, дәрет судың басқа жерінен алынады.

5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су

Бұл өзінен есек пен қашыр секілді жануарлар ішкен су.

ә) Өзінен көп мөлшердегі таза сумен араласса, тазалығы күмәнсіз суға айналады.

а) Өзінен басқа таза су бар болса, оны ғұсыл мен дәретке қолдануға болмайды. Бұл сумен өзінен басқа таза су жоқ болған жағдайда ғана дәрет алуға болады. Тазалығы күмәнді болғандықтан, одан кейін тайаммум алу мустахап.

б) Бұл сумен дене мен киімдегі нәжісті кетіруге болады.

Құдық суы

Құдық суы қанша терең болғанымен аз көлемдегі тоспа су саналады. Құдық суына тән үкімдер:

Құдық суына ауыр нәжіс түссін, не жеңіл нәжіс түссін, тіпті, бір тамшы қан немесе зәр түссе де нәжістенеді. Аз мөлшердегі түйенің тезегі бұл үкімге қосылмайды. Бірақ көп мөлшерде түссе, құдық суы нәжістенеді. Құдықтан шелекпен су алғанда нәжіс қайта-қайта көрінсе, нәжістің көп болғаны. Құдыққа түсіп кеткен адам немесе денесінде нәжіс жоқ жануар тірідей шығарылса, су нәжістенбейді. Жануардың аузынан су ішкені көрінсе, судың үкімі оның сілекейінің үкіміне байланысты.

Құдық суы қалай тазаланады?

1. Нәжіс түскен құдық шағын көлемді болса, алдымен, нәжіс шығарылады. Сосын құдық суы толық қалқып шығарылады. Нәжіс түскен үлкен көлемді құдықтың суын тазарту шарасы нәжістің түрлері мен көлемдеріне байланысты болады. Үлкен құдықтан 200-300 орташа шелек су шығарылатын жағдайлар:

ә) доңыз түсіп кетсе, өлі шыға ма, тірі шыға ма, бәрібір;

а) ит немесе кез келген жыртқыш жануар түсіп кетіп, аузы суға тисе;

б) қой, ит немесе адам түсіп, ішінде өліп қалса;

в) түсіп кеткен кішкене жануар өліп қалып, ісінсе немесе шірісе.

2. Нәжіс шығарылған соң 40-60 шелек су шығарылатын жағдайлар:

ә) тауық және мысық көлемдес жануар өліп қалғанымен, әлі ісініп немесе шіріп үлгермесе;

а) тауық пен қой аралық көлемдегі жануар өліп қалғанымен, әлі ісініп немесе шіріп үлгермесе.

3. Нәжіс шығарылған соң 20-30 шелек су шығарылатын жағдайлар:

ә) тышқан және торғай көлемдес жануар өліп қалғанымен, әлі ісініп немесе шіріп үлгермесе;

а) тышқан мен көгершін аралық көлемдегі жануар өліп қалғанымен, әлі ісініп немесе шіріп үлгермесе.