
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
1 - Жұма намазы. Жұма намазының үкімі - парыз айн. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا نُودِي لِلصَّلَاةِ مِن يَوْمِ الْجُمُعَةِ فَاسْعَوْا إِلَى ذِكْرِ اللَّهِ وَذَرُوا الْبَيْعَ ذَلِكُمْ خَيْرٌ لَّكُمْ إِن كُنتُمْ تَعْلَمُونَ﴾
«Әй, иман келтіргендер! Жұма күнінің жұма намазына азан айтылғанда дереу Аллаһты еске алуға асығыңдар және сауданы тастаңдар! Егер білетін болсаңдар, бұлай істеулерің өздерің үшін жақсы»1.
Жәбир ибн Абдулла, Аллаһ тағала әкесі екеуіне разы болсын, былай деді: Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) бізге былай деп, құтпа айтты:
(واعلموا أن اللّه قد افترض عليكم الجمعة في مقامي هذا، في يومي هذا، في شهري هذا، من عامي هذا إلى يوم القيامة، فمن تركها في حياتي أو بعدي وله إمام عادل أو جائر استخفافاً بها أو جحوداً لها فلا جمع اللّه له شمله ولا بارك له في أمره، وألا ولا صلاة له، ولا زكاة له، ولا حج له، ولا صوم له، ولا بِرّ له حتى يتوب، فمن تاب تاب اللّه عليه)
«Аллаһтың сендерге Қиямет күніне дейін жұма намазын осы жылы, осы айда, осы күні және осы жерде парыз еткенін біліп алыңдар! Кім оны менің тірі кезімде немесе мен дүниеден озғанда әділ немесе залым имамы бола тұра, бұл намазға жеңіл қарауымен тастаса, немесе парыздығын теріске шығарса, Аллаһ оның тұтастығын шашады және ісіне береке бермейді. Тәубасына келмейінше, оның намазы да, зекеті де, қажылығы да, оразасы да, ізгілігі де пайда бермес. Ал кім тәубәсіна келсе, Аллаһ оның тәубасын қабыл етеді»2.
Тағы бір хадисте пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(من ترك الجمعة ثلاث مرات تهاوناً بها طَبع اللّه على قلبه)
«Кім жұма намазын селқостықпен үш мәрте тастаса, Аллаһ оның жүрегіне мөр басады»3.
Жұма намазы қашан парыз болды?
Жұма намазы мұсылмандарға Һижрадан бұрын парыз етілді. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Жұманы атқаруы пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) Мәдинаға һижра жасауынан бұрын бұйырылды. Алайда ол Меккеде адамдарды жинауға шамасы келмеді. Сөйтіп, Мәдинадағы өкілі Мусъаб ибн Ъумайрға былай деп хат жазды: «..Ендігі сөзім: Әй, Мусъаб! Яһудилер сенбі күндеріне дайындалып Забурді жария оқитын күнді күт. Сосын әйелдер мен балаларды жина! Сөйтіп, жұманың күндізі ортасынан ауғанда Аллаһ тағалаға екі рәкәт намазбен жақындаңдар!»4.
Жұма намазының артықшылығы
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(خير يوم طلعت فيه الشمس يوم الجمعة فيه خلق آدم و فيه دخل الجنة و فيه أخرج منها و لا تقوم الساعة إلا في يوم الجمعة)
«Күн көзін көрген күндердің ең жақсысы - жұма күні. Ол күні Адам жаратылды. Сол күні жәннатқа кірді және сол күні одан шығарылды. Сондай-ақ жұма күні Қиямет орнайды»1.
Әбу Лубана, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(يوم الجمعة سيد الأيام و أعظمها و أعظم عند الله من يوم الفطر و يوم الأضحى)
«Жұма күні - күндердің тақсыры және ұлысы. Ол, сондай-ақ, Аллаһтың қасында Ораза айтынан да, Құрбан айтынан да ұлырақ»2.
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(الصلوات الخمس و الجمعة إلى الجمعة و رمضان إلى رمضان مكفرات ما بينهن إذا اجتنبت الكبائر)
«Күнделікті бес намаз, келесі жұмаға дейінгі жұма, келесі рамазанға дейінгі рамазан өз араларындағы күнәләрді жуып кетеді, әрине, егер үлкен күнәләр болмаса»3.
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) жұма күні туралы айтқанда былай деді:
(و فيه ساعة لا يصادفها عبد مؤمن و هو في الصلاة يسأل الله شيئا إلا أعطاه إياه)
«..Ол күннің ішінде бір сағат бар. Намаз оқып тұрған мүмін құл сол сағатқа кезіккенде Аллаһ тағала оған сұраған нәрсесін бермеуі мүлде мүмкін емес»4.
Мүслімнің Әбу Баридадан жеткізген сахих хадисінде ол сағат - имамның мінбеге отыруынан басталып, намазды аяқтауымен шығады5.
Жұма намазына асығудың сыры
Жұма намазы шариғат тарапынан қоғамдық идеяны қолдау үшін енгізілген. Аптасына бір мәрте құлшылық аясында жиналушы мұсылмандар өзара танысып, қарым-қатынастары нығаяды. Сондай-ақ жан дүниелері бірігіп, бір имамды тыңдауды және оған бағынуға үйренеді. Апта сайын имамның құтпасынан исламның ақиқатын, оның шариғатын, үкімдерін, этикасын таниды. Дүниенің қамымен қатар ақыреттерінің қамын ойлап, білмей жүрген адамдарды жақсылыққа шақырып және жамандықтан қайтарып, Раббыларының алдындағы дағуат парызын атқаруға ұмтылады. Апта сайын уағыздың қайталанып тұруы жеке тұлға үшін, жамағат үшін де үлкен маңызын тигізеді. Міне осындай ұлы мақсаттарға дүниеде, ал сарқылмас сауапқа ақыретте қол жеткізу үшін жұма намазына асығу - әр мұсылманның жеке парызы. Азан естілгенде әрбір мұсылман жұма намазы мен оның құтпасына үлгеру үшін, одан алдандыратын саудасын, тағы басқа дүниелік әркеттерін бірден тастауға міндетті1.
Жұма намазына ұмтылыс азан шақырылғанда басталады. Жалпы, парыз - осы. Алайда бұдан да ертерек асығушыларға Аллаһтың да кеңшілігі асығады. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(من اغتسل يوم الجمعة غسل الجنابة ثم راح فكأنما قرب بدنة و من راح في الساعة الثانية فكأنما قرب بقرة و من راح في الساعة الثالثة فكأنما قرب كبشا أقرن و من راح في الساعة الرابعة فكأنما قرب دجاجة و من راح في الساعة الخامسة فكأنما قرب بيضة فإذا خرج الإمام حضرت الملائكة يستمعون الذكر)
«Кім жұма күні жүніптен тазарғандай ғұсыл құйынып, намазға шықса, бір түйені құрбан шалғандай болады. Кім екінші сағатта шықса, бір сиырды құрбан шалғандай болады. Кім үшінші сағатта шықса, мүйізді бір қошқарды құрбан шалғандай болады. Кім төртінші сағатта шықса, бір тауықты құрбан шалғандай болады. Кім бесінші сағатта шықса, бір жұмыртқаны құрбандық еткендей болады. Имам құтпа айту үшін мінбеге шыққанда періштелер құтпа тыңдауға кіріседі»2.
Жұма күнгі жолға шығудың үкімі
Күн аспан биігіне жетпей жолға шығуға болады. Алайда жолға шығушы қала шеңберінен азан шақырылмай асатындығына сенімді болуы қажет. Мәжбүрлік қыспаса, күн аспан биігіне жеткенде жолға шығу мәкрүһ.
Жұма намазын парыз етуші шарттар
1 - Ер кісі болу. Әйел кісілерге парыз емес.
2 - Азат болу. Тариқ ибн Шиһаб, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(الجمعة حق واجب على كل مسلم في جماعة إلا أربعة: عبد مملوك، أو امرأة، أو صبي، أو مريض)
«Жұма намазын жамағатпен оқу - әр мұсылманның міндетті уәжібі. Тек төрт кісінің мойнынан түседі: құл, әйел кісі, сәби және науқас»3.
3 - Тұрғылықты болу. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(ليس على المسافر جمعة)
«Жұма намазы - жолаушыға парыз емес»4.
4 - Дені сау болу. Тариқ ибн Шиһаб, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(الجمعة حق واجب على كل مسلم في جماعة إلا أربعة: عبد مملوك، أو امرأة، أو صبي، أو مريض)
«Жұма намазын жамағатпен оқу оқу - әр мұсылманның міндетті уәжібі. Тек төрт кісінің мойнынан түседі: құл, әйел кісі, сәби және науқас»5.
5 - Қауіпсіз болу.
6 - Көзі көру.
7 - Жүре алу.
Жұма намазының бейнесі
Жұма намазы - таң намазы секілді екі рәкат. Алдында екі құтпа айтылады.
Жұма намазын дұрыс етуші шарттар:
1 - Бесін намазының уақыты кіруі. Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) жұма намазын әрдайым күн аспан биігінен еңкейгенде оқитын. Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم يصلي الجمعة إذا مالت الشمس)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) жұма намазын күн аспан биігінен еңкейгенде оқитын»1. Пайғамбарымыздан (саллаллаһу алайһи уа саллам) кейінгі әділ халифалар да осы уақытта оқитын2. Жұма намазының қазасы өтелмейді. Кім оған үлгермесе, бесін намазын оқиды.
2 - Қалада оқылуы. Сол секілді қалаға қарайтын ауылдарда оқылуы. Негізі, қала бойынша жұма намазы бір жерде орталық мешітте оқылуы қажет. Қалада мешіттер көп болса, жұма намазы ең бірінші салынған мешітте оқылғаны дұрыс. Алайда, орталық немесе көне мешіт бүкіл жамағатты сыйдыра алмаса, жұма намазы қаланың әр жеріндегі мешіттерде оқыла береді. Мешіттің ішіне сыймаған жамағат намазды сыртта оқиды. Басқа жағдайда намазды мешіттің сыртында оқу мәкрүһ.
3 - Жұма намазын, алдымен, мүфти не оның оның орынбасары жүргізуі. Не мүфти тарапынан тағайындалған имам жүргізуі.
4 - Жұма намазына баршаның қатыса алуы. Жұма намазына қатысуға ешкімге тиым салынбауы шарт.
5 - Жамағат. Тариқ ибн Шиһаб, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(الجمعة حق واجب على كل مسلم في جماعة إلا أربعة: عبد مملوك، أو امرأة، أو صبي، أو مريض)
«Жұма намазын жамағатпен оқу оқу - әр мұсылманның міндетті уәжібі. Тек төрт кісінің мойнынан түседі: құл, әйел кісі, сәби және науқас»3. Жұма намазы үшін жамағат ең азы имамнан басқа үш адамнан құралады. Жұма намазының жамағатсыз оқылуы дұрыс емес.
6 - Намаз алдында құтпа айту. Құтпа дегеніміз - діни өсиет. Ханафи мәзһабінда құтпаның араб тілінен басқа тілде айтылуы дұрыстығын жоғалтпайды. Жұма намазының құтпасыз оқылуы дұрыс емес.
Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا نُودِي لِلصَّلَاةِ مِن يَوْمِ الْجُمُعَةِ فَاسْعَوْا إِلَى ذِكْرِ اللَّهِ وَذَرُوا الْبَيْعَ﴾
«Жұма күнінің жұма намазына азан айтылғанда дереу Аллаһты еске алуға асығыңдар және сауданы тастаңдар!..»4. Бұл аяттағы «еске алуға» сөзі құтпаны көздейді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) ешқашан жұма намазын құтпасыз оқымаған5. Омар мен Айша анамыздың айтуынша, жұма намазы құтпа үшін екі рәкат етіп қысқартылды. Имам Әбу Ханифа: «Жұма намазының жарты сауабы құтпада»-деді6.
Құтпаның парыздары
Құтпаның парызы - біреу. Ол - діни өсиет.
Құтпаның сүннеттері
1 - Құтпаны бастар алдында имам немесе құтпа айтушы мінбеге көтеріліп отырады. Екінші азан шақырылғанда ол құтпа айтуға тұрады. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان النبي صلى اللّه عليه وسلم يخطب خطبتين. كان يجلس إذا صعد المنبر حتى يفرغ المؤذن، ثم يقوم فيخطب، ثم يجلس فلا يتكلم، ثم يقوم فيخطب)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) екі құтпа айтатын. Азаншы азан айтып болғанша мінбеде отыратын. Кейін тұрып, құтпа айтатын. Сосын сөйлемей сәл отыратын. Сосын тұрып, құтпа айтатын»1.
2 - Құтпаны тұрып айту. Жәбир ибн Сумра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان يخطب قائماً، ثم يجلس، ثم يقوم فيخطب قائماً)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) құтпаны тұрып айтатын. Сосын отыратын. Сосын қайта тұрып құтпа айтатын»2.
3 - Дәретті болу және әуреттің жабық болуы. Құтпа айтушының дәреті бұзылса, құтпаны жалғастыруына болады. Өйткені құтпа - намаз емес. Мәлики және ханбали мәзһаптарында да осылай.
4 - Мінбенің үстінен айтылуы. Мінбе михраптың оң жағында бір не екі шынтақ қашықтықта болуы сүннет. Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мінбесінде отыратын жерінен бөлек үш баспалдағы болатын.
5 - Жамағат назарының құтпа айтушыға бағытталуы. Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) мінбеге көтерілгенде адамдар жүздерін оған қарататын3.
6 - Жамағатқа сәлем айту. Алайда, имам Әбу Ханифаның көзқарасында адамдардың ойын басқа әңгімеге бұрмау үшін, сәлем айтылмай, бірден құтпадан бастаған абзал.
7 - Құтпа Аллаһ тағаланың даңқын көтеруші мадақтау сөздермен, куәлік сөздерінің айтылуымен және пайғамбарымызға (саллаллаһу алайһи уа саллам) салауат тілеумен басталады. Кейін ескерту мен еске түсіру, қуандыру мен қорқыту мағыналарын қамтыған уағызбен жалғасып, өсиетпен аяқталады.
8 - Екі құтпа айту. Екінші құтпа да Аллаһ тағаланың даңқын көтеруші мақтау сөздермен, куәлік сөздерінің айтылуымен және пайғамбарымызға (саллаллаһу алайһи уа саллам) салауат тілеумен басталады. Тек уағыздың орнына мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге, жалпы мұсылман үмметіне дұға жасалады.
9 - Екі құтпа арасында отырыс жасау. Жәбир ибн Сумра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كانت للنبي صلى اللّه عليه وسلم خطبتان يجلس بينهما يقرأ القرآن ويذكر الناس)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) екі құтпа айтатын. Ол екеуінің арасында отырыс жасайтын. Екі құтпада Құран аяттарын оқып, адамдарды уағыздайтын»4.
10 - Құтпаны жамағатқа жақсы естірту үшін дауыстың көтеріңкі болуы. Жәбир, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان رسول الله صلى الله عليه وسلم إذا خطب احمرت عيناه وعلا صوته واشتد غضبه حتى كأنه منذر جيش)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) құтпа айтқанда әскерге ескерту жасағандай көздері қызарып кететін, даусы көтеріліп, ашуы күшейетін...»1.
11 - Екі құтпаның жеңіл айтылуы және екінші құтпаның біріншіден қысқарақ болуы сүннет. Аммар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إن طول صلاة الرجل، وقصر خطبته، مَئِنّةً من فقهه. فأطيلوا الصلاة واقصروا الخطبة. وإن من البيان سحراً)
«Адам намазын ұзақ, құтпасын қысқа қылуы - істің ретін білуінен. Намазды ұзақ, құтпаны қысқа қылыңдар! Расында, сөзде де сиқыр бар»2.
12 - Ханафи және мәлики мәзһаптарында имам мінбеге көтерілгенде жамағат тарапынан намаз да оқылмайды, сөз де айтылмайды. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(من اغتسل يوم الجمعة غسل الجنابة ثم راح فكأنما قرب بدنة و من راح في الساعة الثانية فكأنما قرب بقرة و من راح في الساعة الثالثة فكأنما قرب كبشا أقرن و من راح في الساعة الرابعة فكأنما قرب دجاجة و من راح في الساعة الخامسة فكأنما قرب بيضة فإذا خرج الإمام حضرت الملائكة يستمعون الذكر)
«Кім жұма күні жүніптен тазарғандай ғұсыл құйынып, намазға шықса, бір түйені құрбан шалғандай болады. Кім екінші сағатта шықса, бір сиырды құрбан шалғандай болады. Кім үшінші сағатта шықса, мүйізді бір қошқарды құрбан шалғандай болады. Кім төртінші сағатта шықса, бір тауықты құрбан шалғандай болады. Кім бесінші сағатта шықса, бір жұмыртқаны құрбандық еткендей болады. Имам құтпа айту үшін мінбеге шыққанда періштелер құтпа тыңдауға кіріседі»3.
13 - Жамағат тыныш отырады. Салман Ал-Фариси, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(ما من رجل يتطهر يوم الجمعة كما أمر ثم يخرج من بيته حتى يأتي الجمعة و ينصت حتى تقضى صلاته إلا كان كفارة لما قبله من الجمعة)
«Кім өзіне бұйырылғандай тазарып, үйінен шыққан бетте жұмаға келсе, сосын намаз аяқталғанша тыныш отырса, жұмаға дейінгі күнәсінің түгел жуылмауы мүлде мүмкін емес»4.
14 - Кәпірлермен күресу нәтижесінде ислам жеңіспен кірген елде имам құтпаны қылышқа немесе аса таяққа сүйеніп айтуы. Бітіммен кірген елде құтпаны ешнәрсеге сүйенбей айту. Негізінде, Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) мінбе болмағанға дейін құтпа айтқанда қылышты, не садақты, не аса таяқты сүйеніп тұру үшін пайдаланатын. Хакам ибн Хазан, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(وفدت على النبي صلى الله عليه وسلم فشهدنا معه الجمعة فقام متوكئا على سيف أو قوس أو عصا مختصرا)
«Пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) делегация болып келген кездері жұма намаздарына қатысатынбыз. Ол қылышқа, не садаққа, не аса таяққа сүйеніп тұратын»5. Бұл мінбе қолданбағанға дейін болған іс. Алайда, пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) құтпаны мінбе үстінен айта бастаған кезде мінбеден басқа нәрсеге сүйеніп тұрғандығы жайлы мәлімет жоқ.
Құтпаның құрылымы
- Аллаһ тағаланы мақтау.
- Аллаһтан басқа тәңір жоқтығы мен Мұхаммед Оның елшісі екенін баяндайтын куәлік сөздерін айту.
- Пайғамбарға, әулетіне және сахабаларына салауат тілеу.
- Өзекті тақырыпқа кірісу: Құран аяттары мен хадистерді келтіріп, ескерту мен еске түсіру, қуандыру мен қорқыту мағыналарын қамтыған уағыз айту.
- Тақырыпқа қатысты амал істеулерін өсиет ету.
- Отырыс.
- Екінші құтпаны айту. Екінші құтпа да Аллаһ тағаланың даңқын көтеруші мақтау сөздермен, куәлік сөздерінің айтылуымен және пайғамбарымызға (саллаллаһу алайһи уа саллам) салауат тілеумен басталады. Тек уағыздың орнына мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге, жалпы мұсылман үмметіне дұға жасалады.
- Мінбеден қамат айтылып жатқанда түсу.
Құтпаның мәкрүһтері
1 - Құтпаның ұзақ болуы. Жәбир ибн Сумра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم لا يطيل الموعظة يوم الجمعة، إنما هنّ كلمات يسيرات)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) жұма күні құтпаны ұзақ айтпайтын. Құтпасы жеңіл сөздерден құралатын»1.
2 - Құтпа сүннеттерін атқарусыз қалдыру.
3 - Құтпа айтушының жан-жаққа жалтақтауы.
4 - Имамның жамағатқа сәлем беруі.
Құтпа тыңдаушыға қатысты мәкрүһ істер
1 - Ішіп-жеу.
2 - Қозғалу, жан-жаққа бұрылу, сәлем беру, сәлем қайыру, түшкірген кісіге жауап беру, сөйлеу мәкрүһ тахриман. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(من قال يوم الجمعة والإمام يخطب أنصت فقد لغى)
«Жұма күні имам құтпа айтқанда бір адам қасыңдағы кісіге: «Сөйлемей, тыныш отыр!»-десе, бос сөз айтқан болады»2. Сол секілді бұл уақытта таспих айту, Құран оқу, дұға жасау да мәкрүһ.
3 - Жұмаға азан айтыларда немесе айтылғанда намаз аяқталғанша жолға шығу.
4 - Сап тізіп отырған адамдардың арқаларын аттау. Бір кісі солай істегенде Аллаһтың елшісі оған: «Адамдардың мазасын алдың, отыр!»-деген3. Адамдардың арасынан өту тек имамға ғана рұқсат.
5 - Біреуді тұрғызып, орнына отыру. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(لا يقيمن أحدكم أخاه يوم الجمعة)
«Сендерден ешкім жұма күні бауырын орнынан тұрғызбасын!..»4.
Жұма намазына үлгеру
1 - Имам Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфтың көзқарасында масбуқ кісі жұма намазына имам ташаһһуд оқып отырғанда қосылса, намазды жұма намазы етіп аяқтайды және үлгерген болып саналады. Ташаһһудтан кешіксе, төрт рәкат бесін етіп толықтырады. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін естіді:
(إذا أقيمت الصلاة فلا تأتوها تسعون وأتوها تمشون، عليكم السكينة، فما أدركتم فصلوا وما فاتكم فأتموا)
«Намазға камат айтылғанда жүгіріп емес, жүріп келіңдер. Тыныштық күйде болуға тиістісіңдер! Намаздарыңды үлгерген жерден оқыңдар және өткізіп алғандарыңды толықтырыңдар!»1.
2 - Имам Мұхаммед ибн ал-Хасанның көзқарасында имам екінші рәкәттің рүкүғінан көтерілмей қосылса, жұма етіп аяқтайды. Бұдан кешіксе, төрт рәкат бесін етіп аяқтайды. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إذا جئتم والإمام راكع فاركعوا، وإن كان ساجداً فاسجدوا ولا تعتدوا بالسجود إذا لم يكن معه الركوع)
«Сендер намазға келгенде имам рүкүғта болса, рүкүғ жасаңдар! Сәждеде болса, сәжде жасаңдар! Рүкүғқа үлгермесеңдер, сәждені рәкәт есебіне алмаңдар»2.
Жұма күні мұсылманға уәжіп істер
1 - Жұмаға қатысуға асығу. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا نُودِي لِلصَّلَاةِ مِن يَوْمِ الْجُمُعَةِ فَاسْعَوْا إِلَى ذِكْرِ اللَّهِ﴾
«Әй, иман келтіргендер! Жұма күнінің жұма намазына азан айтылғанда дереу Аллаһты еске алуға асығыңдар...»3.
Асығу дегеніміз - аз уақыт қалғанда аяқтың жүгіруі емес, жүректің асығуы. Яғни, үйден ертерек шығып, саудадан ертерек босап, бірінші сапқа және құтпаның басына үлгеру.
2 - Бірінші азанды естігенде сауданы тастауы. Сол секілді жұмаға және оның құтпасына үлгеруден алаңдататын кез келген істі тастау. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا نُودِي لِلصَّلَاةِ مِن يَوْمِ الْجُمُعَةِ فَاسْعَوْا إِلَى ذِكْرِ اللَّهِ وَذَرُوا الْبَيْعَ﴾
«Әй, иман келтіргендер! Жұма күнінің жұма намазына азан айтылғанда дереу Аллаһты еске алуға асығыңдар және сауданы тастаңдар!...»4.
3 - Имам бөлмесінен шыққанда тынышталып, құтпаны тыңдау. Аллаһтың елшісі былай деді:
(خروج الإمام يقطع الصلاة، وكلامه يقطع الكلام)
«Имамның шығуы намазды тоқтатады, құтпасы сөзді тоқтатады»5.
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(فإذا خرج الإمام حضرت الملائكة يستمعون الذكر)
«...Имам құтпа айту үшін мінбеге шыққанда періштелер құтпа тыңдауға кіріседі»6.
Жұманың сүннеттері1
1 - Ғұсыл құйыну, әтір себу және ең жақсы киімді кию. Әбу Аюп, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(من اغتسل يوم الجمعة و مس من طيب إن كان عنده ولبس من أحسن الثياب ثم خرج و عليه السكينة حتى يأتي المسجد فيركع إن بدا له ولم يؤذ أحدا ثم أنصت إذا خرج إمامه حتى يصلي كانت له كفارة لما بينها و بين الجمعة الأخرى)
«Кім жұма күні ғұсыл құйынып, бар болған әтірінен жақса, сосын киімінің ең жақсысын киініп, тыныш күйде мешітке келсе, сосын нәпіл оқыса және ешкімді ренжітпесе, сосын имамы шыққаннан намаз аяқталғанша тыныш отырса, осы жұма мен басқа жұманың арасындағы күнәсі түгел жуылады»2. Ғұсылдың уақыты таң атқаннан күн аспан биігіне жеткенше жалғасады.
2 - Жұмаға ертерек шығу. Жолда Аллаһ тағаланы еске алып, тыныштық күйде болу. Имамға жақын отыру. Самра, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың былай дегенін айтты:
(احضروا الجمعة وادنوا من الإمام فإن الرجل لا يزال يتباعد حتى يؤخر في الجنة و إن دخلها)
«Жұмаға қатысыңдар және имамға жақын отырыңдар! Өйткені имамнан немесе бірінші саптан алыстай беруімен, тіпті жәннатқа кіретін кісінің өзі оған соңғы кіретін болады»3.
3 - Сырт пішіннің көркем болуы. Әсіресе, шаш пен тырнаққа көңіл бөлу.
4 - Жұманың түнінде не күндізінде «Кәһф» сүресін оқу. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(من قرأ سورة الكهف في يوم الجمعة أضاء له من النور ما بين الجمعتين)
«Кім жұма күні «Кәһф» сүресін оқыса, оған екі жұманың арасындай нұрдан жарық болады»4.
5 - Жұманың түні мен күндізінде көп дұға жасау.
6 - Пайғамбарымызға (саллаллаһу алайһи уа саллам) көп салауат тілеу. Салауат дегеніміз - Аллаһтың рахымы мен есендігін тілеу. Оның қысқаша бейнесі: «Аллаһумма солли уа саллим ъала Мухаммад». Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(إن من أفضل أيامكم يوم الجمعة فأكثروا عليّ من الصلاة فيه فإن صلاتكم معروضة عليّ)
«Негізінде, күндеріңнің ең абзалы - жұма күні. Сол күні маған көп салауат тілеңдер. Әлбетте, салауаттарың маған көрсетіледі»5. Тағы бір хадисте былай деді:
(أكثروا عليّ من الصلاة ليلة الجمعة و يوم الجمعة فمن صلى علي صلاة صلى الله عليه بها عشرا)
«Жұма түні және жұма күні маған көп салауат тілеңдер! Кім маған бір мәрте салауат тілесе, Аллаһ тағала оған он мәрте салауат тілейді»6.
7 - Мүслімнен жеткен хадистер бойынша жұма намазының бірінші рәкәтінда «Жұма» сүресін, екінші рәкәтінда «Мұнафиқун» сүресін оқу сүннет. Немесе бірінші рәкәтта «Аъла» сүресін, екінші рәкәтта «Ғашия» сүресін оқу.
8 - Мүслімнен жеткен хадис бойынша жұма күнгі таң намазының бірінші рәкәтінда «Сәжде» сүресін, екінші рәкәтінда «Инсан» сүресін оқу сүннет.
9 - Жұма намазының алдында төрт рәкат және артында төрт рәкат сүннет оқу төрт мәзһапта да мустахап.
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(من كان مصليا بعد الجمعة فليصل أربعا)
«Кім жұмадан кейін намаз оқыса, төрт рәкәт оқысын!»1.
(كان النبي صلى الله عليه وسلم يركع من قبل الجمعة أربعا)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) жұма намазының алдында төрт рәкат намаз оқитын»2. Сахабалар да осылай істейтін3.
(كان ابن مسعود يصلي قبل الجمعة أربع ركعات و بعدها أربع ركعات)
Ибн Масъуд, Аллаһ тағала оған разы болсын, жұма намазының алдында төрт рәкат және артында төрт рәкат оқитын4.
Әбу Дәудтен жеткен сахих хадисте Ибн Аббастың, Аллаһ тағала оған разы болсын, жұмадан кейін мешітте төрт рәкәт оқығаны айтылған және ол: «Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) осылай істейтін»-деген.
10 - Құтпа кезінде ұйқы қысқан кісіге қасындағы көршісімен орын ауыстыруы. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін естіді:
(إذا نعس أحدكم يوم الجمعة في مجلسه فليتحول إلى غيره)
«Жұма күні кімді отырған жерінде ұйқы қысса, басқа орынға ауыссын»5.
2 - Екі айт намазы
«Айт» сөзі қазақ тіліне араптың "العيد" сөзінен енген. Айт намазы шариғат тарапынан мұсылмандарға уәжіп етіліп һижраның бірінші жылында енгізілді. Анастың айтуынша, Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Мәдинаға келгенде мәдиналықтар тойлайтын екі күн болатын. Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам): «Бұлар не қылған екі күн?»-деп сұрайды. Олар: «Исламнан бұрын осы екі күнде ойнап, көңіл көтеретінбіз»-дейді. Сонда Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам): «Расында, Аллаһ ол екеуін одан да жақсырақ мерекелерге: Құрбан айты мен Ораза айтына айырбастады»-дейді1.
Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді:
﴿ فَصَلِّ لِرَبِّكَ وَانْحَرْ ﴾
«Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал!»2.
Бұл аяттың тәпсірінде Құрбан айт намазы мен құрбан шалу айтылады.
Ораза айт намазы һижраның екінші жылында енгізілді. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(شهدت صلاة الفطر مع رسول الله صلى الله عليه وسلم وأبي بكر وعمر. فكلهم يصليها قبل الخطبة)
«Ораза айт намазына Аллаһтың елшісімен де (саллаллаһу алайһи уа саллам), Әбу Бәкірмен де, Омармен де қатыстым. Олардың барлығы оны құтпадан бұрын оқитын», тағы бір сөзінде: «Пайғамбар айт намазын азансыз және қаматсыз оқитын»-деді3.
Жұма намазы парыз болған әр мұсылманға айт намазын оқу уәжіп. Сол секілді жұма намазын дұрыс етуші шарттар айт намазына да ортақ. Айырмашылығы, айт намазының құтпасы сүннет.
Айт намазының уақыты
Айт намазының уақыты дұха намазы секілді күн бір немесе екі найза бойындай деңгейге көтерілгенде кіріп, оның аспан биігіне жетуімен шығады. Күн шыққан соң жарым сағат өткенде кіреді. Айт намазын имаммен бірге атқаруға үлгермеген кісі оның қазасын өтемейді.
Айт намазын оқушыға сүннет істер
1 - Айт түнін құлшылықпен өткізу. Әбу Үмама, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың былай дегенін айтты:
(من أحيا ليلتي العيد محتسبا لله تعالى لم يموت قلبه يوم تموت القلوب)
«Кім Аллаһ тағаладан сауап тілеп, айт түндерін намазда тұрса, жүректер өлетін күні оның жүрегі өлмейді»4.
2 - Ораза айтында үйден шықпай тұрып үш құрма жеу. Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم لا يغدو يوم الفطر حتى يأكل تمرات)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Ораза айтында бірнеше тал құрма жемейінше үйден шықпайтын»5.
Ал Құрбан айтында, керісінше, үйден дәм татпай шығып, намаздан кейін үйге қайтып келгенде шалынатын құрбандық етінен піскен тағамнан жеу сүннет. Барида, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان النبي صلى اللّه عليه وسلم لا يخرج يوم الفطر حتى يطعم، ولا يطعم يوم الأضحى حتى يصلي)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) Ораза айтына тамақтанбай шықпайтын. Ал Құрбан айтында намаз оқымайынша тамақтанбайтын»6.
3 - Ғұсыл құйыну. Бұл сүннет айт намазына барушыға да, бара алмаушыға да бірдей. Өйткені айт - әсемдік күні. Әл-Факиһ ибн Саъд, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم كان يغتسل يوم الفطر ويوم النحر)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Ораза айты мен Құрбан айты күндері ғұсыл құйынатын»1.
4 - Әтір себініп, киімнің ең жақсысын кию. Жәбир, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان يلبس بُرْدَه الأحمر في العيدين والجمعة)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) екі айтқа және жұмаға қызыл шапанын киіп шығатын»2.
5 - Мәсуәкті пайдалану.
6 - Қуанышты болу. Хабиб ибн Омардың айтуынша, әкесі оған былай деді:
(لقيت واثلة يوم عيد فقلت تقبّل اللّه منا ومنك. فقال: تقبل اللّه منا ومنك)
«Айт күні мен Уасилаға жолығып: «Аллаһ бізден де, сенен де қабыл етсін!»-дегенімде, ол да маған: «Аллаһ бізден де, сенен де қабыл етсін!»-деді3.
7 - Садақа беру. Ораза айындағы пітір садақасы уәжіп болған кісі оны айт намазына дейін беруі қажет.
8 - Намазға ертерек және жаяу бару. Әлиден, Аллаһ тағала оған разы болсын:
(من السنة أن تخرج إلى العيد ماشياً)
«Айт намазына жаяу бару - сүннет»4.
9 - Барған жолынан бөлек жолмен оралу. Жәбир, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان النبي صلى اللّه عليه وسلم، إذا كان يوم عيد، خالف الطريق)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) айт күні барған жолынан басқа жолмен оралатын»5.
10 - Айт намазының алдында және артында мешітте нәпіл намаз оқымау. Үйге оралғанда нәпіл оқуға болады. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(خرج يوم أضحى أو فطر فصلى ركعتين. لم يصل قبلها ولا بعدها)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Құрбан айтында (немесе Ораза айтында) екі рәкат айт намазын оқитын. Оның алдында және артында басқа намаз оқымайтын»6. Әбу Саъид әл-Хұдри, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم إذا رجع من المصلى صلى ركعتين)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) айт намазынан үйіне оралғанда екі рәкәт нәпіл оқитын»7.
11 - Құрбан айт намазын уақытынан ертерек, ал Ораза айт намазын уақытынан кешірек оқу мустахап. Әбу Әл-Хуайрис, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбарымыздың (саллаллаһу алайһи уа саллам) Ъамру ибн Хазмға:
(عَجِلّ الأضحى وأخِّر الفطر)
“Құрбан айт намазын ертерек, ал Ораза айт намазын кешірек оқы!”-деп хат жазғанын айтты1.
Айт намазы қалай оқылады?
1 - Имам айт намазына жүрегімен ниет етіп, тілімен: «Аллаһ үшін айт намазын оқимын»-дейді. Имамға ұюшы жамағат айт намазына және имамға еруге ниет етеді. Сосын екеуі де тахрим тәкбірін айтады.
2 - Имам да, жамағат та «намаз ашу» дұғасын оқиды.
3 - Имам да, жамағат та оған еріп, үш тәкбір айтады. Тәкбірлер арасында «Субханаллаһи уа әлхамдулиллаһи уа лә иләһә илләллаһу уаллаһу әкбар» сөзінің ұзақтығындай қысқа үзіліс жасалады. Бүл үш тәкбірдің кезінде екеуі де қолдарын көтереді. Букр ибн Сауада, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(عمر بن الخطاب رضي اللّه عنه كان يرفع يديه مع كل تكبير في الجنازة والعيدين)
“Омар ибн Әл-Хаттаб, Аллаһ тағала оған разы болсын, жаназа намазы мен айт намаздарында әр тәкбірде қолдарын көтеретін”2.
4 - Имам “ағузу” мен “бисмиллә”-ні ішінен айтып, “Фатиха” мен қосымша сүрені дауыстап оқиды. Қосымша сүре бірінші рәкатта “Аъла” сүресі болу сүннет. Нұъман ибн Башир, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم يقرأ في العيدين وفي الجمعة بـ {سبح اسم ربك الأعلى} و{هل أتاك حديث الغاشية})
“Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) айт намаздары мен жұма намазында “Саббихисма раббикал - әъла” мен ”Һәл әтака хадисул-ғашия”-ні оқитын”3.
5 - Кейін имам рүкүғ жасап, жамағат оған ереді.
6 - Кейін жамағат имамға еріп, рүкүғтан көтеріледі.
7 - Кейін кәдімгі намаздарда секілді екі сәжде жасалады.
8 - Сосын жамағат имамға еріп, екінші рәкатқа тұрады. Имам “бисмиллә”-ні іштен айтып, “Фатиха” мен қосымша сүрені оқиды. Қосымша сүре екінші рәкатта “Ғашия” сүресі болуы сүннет.
9 - Имам да, жамағат та оған еріп, рүкүғтан бұрын үш тәкбір айтады. Егер имам тәкбір санын бұдан асырып жіберсе, жамағат оның тәкбіріне еруін тоқтатпайды. Өйткені бұл мәселеге қатысты жеткен хадистерде тәкбір саны он алтыға жетсе, оқасы жоқ.
10 - Кейін имам рүкүғ жасап, жамағат оған ереді.
11 - Кейін жамағат имамға еріп, рүкүғтан көтеріледі.
12 - Кейін кәдімгі намаздарда секілді екі сәжде жасалады.
13 - Сосын имам да, жамағат та оған еріп, сәлем берулерімен айт намазын аяқтайды.
14 - Айт намазынан кейін имам екі құтпа айтады. Құтпа тоғыз тәкбірмен басталады. Бірінші құтпада имам пітір садақасын әлі бермеген мұсылмандардың естеріне салады, сондай-ақ жамағатты құрбан шалу мен ташриқ тәкбірлеріне қатысты үкімдермен таныстырады. Әбу Саъид әл-Хұдри, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان النبي صلى اللّه عليه وسلم يخرج يوم الفطر ويوم الأضحى إلى المصلى، فأول شيء يبدأ به الصلاة، ثم ينصرف فيقوم مقابل الناس، والناس جلوس على صفوفهم فيعظهم ويوصيهم)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Ораза айты мен Құрбан айтында мешіттен бөлек үлкен намаз алаңына барып, мерекені әуелі айт намазымен бастайтын. Сосын орнынан тұрып, адамдарға қарап, оларды уағыздайтын және өсиет айтатын. Адамдар намаз оқыған орындарында отыратын»1.
14 - Имам екі құтпаның арасында жеңіл отырыс жасайды. Сосын екінші құтпаны айтуға тұрады. Оны жеті тәкбірмен бастайды. Убайдуллаһ ибн Абдулла ибн Ъутба, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(السنة في تكبير يوم الأضحى والفطر على المنبر قبل الخطبة أن يبتدئ الإمام قبل الخطبة وهو قائم على المنبر بتسع تكبيرات تترى لا يفصل بينها بكلام. ثم يخطب ثم يجلس جلسة ثم يقوم في الخطبة الثانية فيفتتحها بسبع تكبيرات تترى لا يفصل بينها بكلام ثم يخطب)
«Құрбан айт пен Ораза айтындағы сүннет - имам мінбеге көтеріліп, бірінші құтпаның алдында тоғыз тәкбір айтуы. Тәкбірлерді араларын басқа сөзбен үзбей бірінен соң бірін айтады. Сосын құтпа айтады. Сосын отырыс жасайды. Сосын екінші құтпаға тұрып, жеті тәкбірді араларын сөзбен үзбей бірінен соң бірін айтады. Сосын екінші құтпаны айтады»2.
15 - Имам бірінші құтпаның алдында тоғыз, екінші құтпаның алдында жеті тәкбір айтқанда жамағат та ішінен тәкбір айтады.