
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Екінші: Тиләуат сәждесі
Тиләуат сәждесі дегеніміз - Құрандағы сәжде аяттары оқылғанда оны естіген әркімнен жасалуы талап етілетін бір сәжде. Тиләуат сәждесінің үкімі ханафи мәзһабінда ғана уәжіп. Тиләуат сәждесінің үкімін уәжіп дәрежесіне көтеретін дәлел: Аллаһ тағала Құран Кәрімде сәжде жасамаушыларды сөгіп, былай дейді:
﴿فَمَا لَهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ . وَإِذَا قُرِئَ عَلَيْهِمُ الْقُرْآنُ لَا يَسْجُدُونَ﴾
«Иман келтірмейтіндей оларға не болды?! Өздеріне Құран оқылған кезде сәжде жасамайды»1.
Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان يقرأ القرآن، فيقرأ سورة فيها سجدة فيسجد ونسجد معه حتى ما يجد بعضنا موضعاً لمكان جبهته)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) бізге Құран оқитын. Ішінде сәжде аяты бар сүрені оқығанында бірден сәжде жасайтын. Оған еріп біз де жасайтынбыз. Кейбіріміз, тіпті маңдайын қоюға орын таппай қалатын»2.
Тиләуат сәждесінің беделі келесі хадисте байқалады. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إذا قرأ ابن آدم السجدة فسجد اعتزل الشيطان يبكي. يقول: يا ويله، أُمِر ابن آدم بالسجود فسجد فله الجنة، وأمرت بالسجود فأبيت فلي النار)
«Адам баласы сәжде аятын оқығанда сәжде жасаса, шайтан аулақ кетіп жылайды және былай дейді: (Қайғыға тап болдым. Адам баласына сәжде бұйырылып еді, бірден сәжде жасады. Енді оған - жәннат. Ал маған сәжде жасауым бұйырылғанда бағынбадым. Енді маған - тозақ)»3.
Тиләуат сәждесін аятты оқушы да, естуші де жасайды. Осман және Ибн Омар, Аллаһ тағала оларға разы болсын, пайғамбардың былай дегенін жеткізді:
(السجدة على من سمعها و على من تلاها)
«Тиләуат сәждесі сәжде аятын естігенге де, оны оқығанға да уәжіп»4.
Сәжде аяты намазда оқылса, тиләуат сәждесі бірден жасалады. Оны уақытынан кешіктіру мәкрүһ тахриман. Намазда оқылған сәжде аятында тиләуат сәждесі біле тұра жасалмай, одан кейін үш аяттан артық Құран оқылса, күнә болады және намаздың аяқталуымен мойыннан түседі. Ал байқаусыздан жасамай кетіп, сәлемнен бұрын немесе сәлем берген кезде есіне түссе, алдымен, тиләуат сәждесін, кейін саһу сәждесін жасайды.
Намаздың сыртында оқылған сәжде аятына келетін болсақ, тиләуат сәждесін бірден жасау уәжіп емес, жалпы жасалуы - уәжіп. Дегенмен, оқылған уақытынан ұзаққа кешіктіру - мәкруһ танзиһан.
Әйел кісіге хайыз бен нифас күйінде тиләуат сәждесін жасау уәжіп емес.
Уәжіптілік себебі:
Сәжде аятының оқылуы немесе біреудің оқығанын естуі. Осман және Ибн Омар, Аллаһ тағала оларға разы болсын, пайғамбардың былай дегенін жеткізді:
(السجدة على من سمعها و على من تلاها)
«Тиләуат сәждесі сәжде аятын естігенге де, оны оқығанға да уәжіп»5.
Сәжде аяттары Құранның он төрт жерінде келген. Олар: «Аъраф»: 206, «Раъд»: 15, «Нахл»: 49, «Исра»: 107, «Мариям»: 58, «Хадж»: 18, «Фурқан»: 60, «Нәміл»: 25, «Сәжде»: 15, «Фуссилат»: 38, «Сад»: 24, «Нәжім»: 62, «Иншиқақ»: 21, «Ъалақ»:19.
Тиләуат сәждесінің сыртқы парыздары:
1. Дәретті болу.
2. Әураттің жабық болуы.
3. Құбылаға бағытталу.
Тиләуат сәждесінің ішкі парыздары:
1. Ниет.
2. Сәжде.
Тиләуат сәждесінің жасалатын орны
1 - Намазда сәжде аятын оқыған кісі тәкбір айтып бірден тиләуат сәждесін жасайды. Сосын қиямға көтерілгенде екі не одан да көбірек аят оқығаны абзал. Имам жамағатпен іштей оқылатын намазды жүргізгенде сәжде аятын оқыса, жамағатты жаңылыстырмау үшін тиләуат сәждесінің орнына намаздың рүкүғін немесе сәждесін қолдануына болады. Ал дауыстап оқылатын намазда тиләуат сәждесін арнайы түрде жасайды. Имамға еріп жамағат та сәжде жасайды. Біле тұра тиләуат сәждесін атқарусыз қалдыру күнә болғанымен намаз бұзылмайды. Мұндай жағдайда ол намаздан кейін тиләуат сәждесінің қазасын өтемейді.
2 - Мәжілісте отырғанда уағыз айтуышы сәжде аятын бірнеше мәрте қайталаса, тиләуат сәждесінің бір мәрте жасалуы - жеткілікті. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) осылай істейтін. Бір кісі намаздың сыртында сәжде аятын оқып тиләуат сәждесін жасаса, кейін намазда тұрғанында сол аятты тағы оқыса, тиләуат сәждесін қайта жасауы - уәжіп.
Тиләуат сәждесінің жасалу бейнесі
Тиләуат сәждесі тәкбірмен жасалады және одан тәкбірмен көтеріледі. Тәкбір кезінде қол көтерілмейді. Тиләуат сәждесінен бас көтергенде ташаһһуд оқылмайды. Тиләуат сәждесінде намаздағыдай үш мәрте «субхана рабби ал-әъла» айтылады. Сондай-ақ сүннетте келген мына дұғаларды қосып айтуға болады:
(سجد وجهي للذي شق سمعه وبصره بحوله وقوته)
«Жүзімді күш-құдіретімен жаратып, бейнелеген әрі оған есту және көру мүшелерін ойып жасаған Аллаһқа жүзім сәжде жасайды»2.
Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم يقرأ علينا القرآن فإذا مر بالسجدة كبّر وسجد وسجدنا معه)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) бізге Құран оқитын. Сәжде аятын оқыған кезде тәкбір айтып, сәжде жасайтын. Онымен бірге біз де сәжде жасайтынбыз»3.
Тиләуат сәждесінің әдептері
1. Айналасында отырған адамдар сәжде жасауға дайын болмаған жағдайда Құран оқып отырған кісі сәжде аятын өзгелерге естіртпей оқиды.
2. Құран оқып отырған адам сәжде аятын оқығанда, алдымен, орнынан тұрады. Сосын тәкбір айтып, сәжде жасайды.
3. Сәжде аятын оқыған және естіген кісі тиләуат сәждесін бірден жасауға дайын болмаса:
"سمعنا وأطعنا غفرانك ربنا وإليك المصير"
«Естідік те бой ұсындық. Раббымыз! Күнәләрді жасырушы - тек Сен. Әрі Саған ораламыз»-деп айтуы ұнамды болады. Кейін міндетті түрде сәждені өтейді.
Құран оқып отырған адам сәжде аятына жеткенде оны оқымай өтіп кетуі мәкруһ. Өйткені, бұл - Құран аяттарының тәртібін бұзуға жатады.
Сәжде аяты магнитофоннан немесе радиодан естілсе, тіпті оны қари кісі оқып жатса да, тиләуат сәждесін жасау уәжіп емес.