- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
Намазды бұзатын нәрселер деп оның дұрыстығын жоққа шығаратын істерді айтамыз. Намаз бұзылса, қайта оқылуы уәжіп.
Намазды бұзатын нәрселер
1. Сөйлеу. Намазда тұрған кісі қателесіп, байқамай сөйлесе де, біліп сөйлесе де намазы бұзылады. Ибн Масъуд, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كنا نسلّم على رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم وهو في الصلاة، فيردّ علينا، فلما رجعنا من عند النجاشي، سلمنا عليه فلم يرد علينا، فقلنا: يا رسول اللّه! كنا نسلّم عليك في الصلاة فتردّ علينا. فقال: إن في الصلاة شُغلاً)
Әуелгі кезде Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) намазда тұрса да біз оған сәлем беретінміз және ол да бізге жауап қайыратын. Біз Эфиопиядан оралғанда, сол әдетіміз бойынша, намазда тұрғанына қарамастан, оған сәлем бердік. Бірақ жауап бермеді. Біз: «Әй, Аллаһтың елшісі! Намазда тұрғанда сәлем берсек, бұрын, жауап беруші едіңіз?!»-дедік. Ол: «Расында, көңіл - толығымен намазда»2.
Сөйлеудің түрлері:
1 - Дүние сөзі. Мұъауия ибн ал-Хакам ас-Салами, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إن هذه الصلاة لا يصلح فيها شيء من كلام الناس، إنما هو التسبيح والتكبير وقراءة القرآن)
«Расында, намаз дегеніміз - онда дүние сөзін сөйлеу дұрыс емес. Расында, намаз дегеніміз - тек таспих жасау, тәкбір айту және Құран оқу»1.
2 - Сәлемге жауап беру. Байқаусыз жауап қайырса да бұзылады. Жабир, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كنا مع النبي صلى اللّه عليه وسلم. فبعثني في حاجة. فرجعت وهو يصلي على راحلته. ووجهه على غير القبلة. فسلّمت عليه فلم يردّ عليّ. فلما انصرف قال: (إنه لم يمنعني أن أردّ عليك إلا أني كنت أصلي)
Біз пайғамбармен (саллаллаһу алайһи уа саллам) бірге болдық. Ол мені бір жұмыспен жіберді. Қайтып келгенімде түйесінің үстінде намаз оқып отыр екен және жүзі құбыла тарапында емес. Оған сәлем беріп едім, жауап қайырмады. Намазын аяқтағанда маған қарап: «Сәлеміңе жауап беруімнен мені намазым ғана тоқтатты»-деді2.
Намаздағы кісі «намазымды аяқтадым» деген оймен сәлем беріп, аяқтамағандығы бірден айқындалса, намазын бұзбай жалғастырады. Ал төрт рәкәттің екі рәкәтінан кейін «таң намазы немесе жолаушымын» деген оймен сәлем берсе, намазы бұзылады.
3 - Күрсініп «уһ»-деу, жердегі немесе үстіндегі бір нәрсені «үуф»-деп үру. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(النفخ في الصلاة كلام)
«Намазда тұрып үру - сөйлеу»3.
Имам оқып бастаған аятты ұмытса немесе қателессе, ұюшының оған еске түсіруі немесе қатесін түзетуі намазда сөйлегенге жатпайды. Бұл іс келесі хадиспен рұқсат етілген: Мусаууар ибн Язид, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(صلى رسول الله صلى الله عليه و سلم فترك آية فقال له رجل: يا رسول الله آبة كذا و كذا قال: فهلا ذكرتنيها)
Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) намазда бір аятты оқымай қалдырып кетті. Намаздан соң бір кісі: «Әй, Аллаһтың елшісі, осындай бір аят қалып кетті»-деді. Ол (саллаллаһу алайһи уа саллам): «Есіме неге түсірмедің?»-деді4.
2. Көп қимыл. Үш мәрте қимылдаса, намаз бұзылады. Зиянды жылан, шаян секілді жәндіктерді өлтіру үшін аз қимыл жасалса, намаз бұзылмайды. Қимыл көп болса бұзылады.
3. Кеуденің құбыла бағытынан өзгеруі.
4. Таяммуммен оқып тұрған адамның ташаһһуд оқудан бұрын суды көруі. Мұндай жағдайда дәрет алып, намазды қайта оқу уәжіп.
5. Намазда тұрғанда күн шықса, не батса, не аспан биігіне жетсе.
6. Намазда тұрғанда киімге, денеге және орынға нәжіс тисе немесе әурат ашылса.
7. Күлкі. Намаздағы кісі өзі ғана еститіндей күлсе, намазы бұзылады. Жабир, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(لا يقطع الصلاة الكشر ولكن يقطعها القهقهة)
«Намазды күлімсіреу бұзбайды, бірақ дауыстап күлу бұзады»5.
Егер басқалар еститіндей дауыспен күлсе, намазы да, дәреті де бұзылады. Маъбадтің айтуынша, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) жамағатпен намаз оқығанда бір кісі мешітке кіріп, көзі көрмегендіктен кішкене шұңқырға сүрініп, құлап түседі. Мұны сезген адамдар намазда қарқылдап күліп жібереді. Намаздан кейін адамдарға қарап, пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дейді:
(من كان منكم قهقه فليعد الوضوء والصلاة)
«Сендерден кім қарқылдап күлсе, дәретін қайта алып, намазын қайта оқысын»6.
8. Құранды кітапқа қарап оқу.
9. Құран оқығанда аяттың немесе аяттағы бір сөздің мағынасын өзгертіп оқу.
10. Ұюшының имамнан озып кетуі. Мысалы, рукуғ жасағанда имамнан бұрын еңкейген және одан бұрын көтерілген ұюшы бірден артқа оралмаса, намазы бұзылады.
11. Ұюшының имамнан бұрын намаз бастауы.
12. Үзірлі кісіні имам ету.
13. «Аллаһ» сөзінің «һәмза»-сін және «әкбар» сөзінің «бә»-сін созу.
14. Ұйқылы күйде жасалған ішкі парыздың қайта жасалмауы.
15. Дәреттің бұзылуы.
16. Мәсіге жасалған мәсх уақытының шығуы.
17. Әйел кісімен қатар тұрып намаз оқу. Араларында қабырға немесе перде болса, намаз бұзылмайды.
Қандай жағдайларда намазды үзуге болады?
1 - Намазда тұрған кісі ұрлықшының кіргенін сезсе. Мухариқ әкесінен, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(فقاتل حتى تحرز مالك أو تقتل فتكون في شهداء الآخرة)
«Малыңды аман алып қалғанға дейін күрес! Өліп кетсең, әрине, ахиреттің шейіттерінен боласың»2.
2 - Сәбидің биік жерден құлап бара жатқанын немесе отқа жақындағанын байқаса. Намазды құздың қасында оқып, соқыр кісінің құзға қарай бет алып бара жатқанын байқаса.
3 - Намазда тұрған кісі біреудің көмекке шақырғанын естісе, жәрдем беруі уәжіп. Егер мұсылманның алдында екі міндет пайда болса, - яғни Аллаһтың алдындағы міндет және адамның алдындағы міндет, - онда, алдымен, адамның құқығын атқарғаны дұрыс. Өйткені адам - мұқтаж, ал Аллаһ тағала - мұқтажсыз. Мысал: намаздың уақыты кіргенде дәрігердің алдына дереу хирургиялық операцияны қажет еткен науқасты алып келсе, ал дәрігер намазда тұрса, науқасқа көмек көрсетуі үшін намазын үзуіне тура келеді. Науқасқа жәрдем бергенше намазын кешіктіруіне рұқсат етіледі.
4 - Мұсылман парыз намазда тұрғанда әке-шешесі оны шақырса, намазды үзуіне болмайды. Әке-шешесі оны нәпіл намазда тұрғанында шақырса, намазды үзіп, жауап бергені дұрыс.
5 - Зиянды жәндікті өлтіру үшін.
6 - Кіші не үлкен дәрет қысса.
7 - Жолаушы кісі ұрлықшылар мен қарақшылардан қауіп сезсе.
