
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
Әдеп сөзінің тілдік мағынасы: көркем мінез және өнегелі жүріс-тұрыс.
Шариғаттағы мағынасы: Аллаһтың елшісі тарапынан (саллаллаһу алайһи уа саллам) әрдайым емес, бір немесе екі мәрте атқарылған іс. Әдеп сүннетті толықтыратындықтан ұнамды іске жатады.
Намаздың әдептері
1. Тахрим тәкбірі кезінде алақанды жеңнен шығарып көтеру. Бұл әдеп көйлегінің жеңі ұзын ер кісіге ғана қатысты. Әйтпесе, әдепсіз болады. Әйел кісі, керісінше, қолдары ашылып қалмас үшін екі алақанын жасырып көтереді.
2. Қиямда көздің сәжде орнына, рүкүғта екі аяқтың үстіне, сәждеде мұрын ұшына, отырыста тізеге, сәлемде иықтарға қарау. Назардың бір жерге орнығуымен көңіл де Бір Аллаһ тағалаға беріледі. Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Жебірейіл (алайһи ас-салам) пайғамбарымыздан (саллаллаһу алайһи уа саллам) ихсан туралы сұрағанда:
(أن تعبد اللّه كأنك تراه، فإن لم تكن تراه فإنه يراك)
«Ихсан дегеніміз - Аллаһқа көріп тұрғаныңдай құлшылық етуің. Сен оны көре алмағаныңмен, әлбетте, Ол сені көреді»-деп жауап береді1.
3. Себепсіз босқа жөтелмеу және кекірмеу. Әйтпесе намаз бұзылады.
4. Есінеуді қайтару. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(التثاؤب في الصلاة من الشيطان فإذا تثاءب أحدكم فليكظم ما استطاع)
«Намазда есінеу - шайтаннан. Кімге есінеу келсе, қолдан келгенше қайтаруға тырыссын!»2.
5. Қамат айтушы: «хаййа алал-фалах»-дегенде имам да, жамағат та намазға тұрады. Өйткені, қамат - бұйрық және оны орындау қажет.
6. Имам Әбу Ханифаның көзқарасында қамат айтушы: «қад қаматис-солату»-дегенде имам намазды бастайды. Әбу Юсуп пен Мұхаммедтің көзқарастарында имам намазды қамат аяқталғанда бастайды.
7. Мұсылман намазға тұрарда алдынан адамдар өтпеуі үшін, алдына белгі қойғаны дұрыс. Бұны фиқһта " السترة "- «сутра» деп атайды. Абдумәлик ибн ар-Рабиъ әкесінен, ол атасынан, Аллаһ тағала оларға разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегені жеткізді:
(إذا صلى أحدكم فليستتر لصلاته ولو بسهم)
«Сендерден біреу намаз оқыса, алдына сутра қойсын, тіпті ол садақтың оғы болса да»3.
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оларға разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إذا صلى أحدكم فليعل تلقاء وجهه شيئاً، فإن لم يجد فلينصب عصا، فإن لم يكن معه عصا فليخطط خطاً ثم لا يضره ما مر أمامه)
«Сендерден біреу намаз оқитын кезде алдыңғы жағына бір нәрсе қойсын. Ешнәрсе таппаса, бір бұтақты жерге кіргізіп қойсын. Бұтақ та таба алмаса, бір сызық сызып қойсын. Сонда оның алдынан өтушілер (намаздағы күйіне) зиян тигізбейді»4.
Сутраны қоюдағы мақсат:
1 - Намаз оқушының көңілін намаздан ешнәрсе бөлмеуі үшін.
2 - Аллаһтың алдында бой ұсынып тұрған құлдың мінажаттік күйін бұзбау үшін.
Намазда тұрған кісі мен сутраның арасынан өтуге болмайды. Намазда тұрған адамның алдынан біреу өтсе, күнә үш түрлі болады:
1 - Намаздың кейінгі рәкәттәріна қосылып, үлгермеген рәкәттәрін толықтырып жатқан кісінің алдынан өткен кісі күнәға ие болады.
2 - Алдына ешнәрсе қоймай оқыған адамның алдынан бір кісі мәжбүрлі түрде өтсе, онда күнә намазда тұрған адамның өзіне болады.
3 - Алдына ешнәрсе қоймай оқыған адамның алдынан бір кісі өтетін басқа жол бола тұра өтсе, күнә екеуіне болады.
Сутраның шарттары
1 - Қабырғаны немесе дуалды сутра ету абзал.
2 - Сутра кішкентай зат болса да, жарайды.
3 - Намаз оқушы сутраға жақынырақ тұруы қажет. Саһіл ибн Әбу Хасама, Аллаһ тағала оларға разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إذا صلى أحدكم إلى السترة فليدن منها لا يقطع الشيطان عليه صلاته)
«Сендерден біреу алдына сутра қойып намаз оқыса, оған жақын тұрсын. Сонда шайтан оны намазынан бөле алмайды»1.
4 - Сутра тура алдында емес, не оңға, не солға қарай қойылуы керек.
5 - Қоятын зат табылмаса, жерге сызық сызып белгілесе болады.
6 - Имамның алдына қойылған сутра жамағат үшін жеткілікті.
7 - Алдына сутра қойылсын, қойылмасын, алдынан өтіп бара жатқан адамды итермеу ұнамды іс. Өйткені намаздың негізі - бағынышты тыныш күй. Алдына сутра қойып, намаз оқушының алдынан біреу білмей өтсе, қылығын білместігі ақтайды. Ал біліп өтсе, күнәға сол ие болады. Алдынан өтіп бара жатқан кісіні итеру - шариғат тарапынан рұқсат, алайда итермей, ишарамен немесе «субханаллаһ» сөзімен қайтару - дұрысырақ. Ишарамен қайтаруды мына хадис бекітеді: Үмму Саламаның үйінде, Аллаһ тағала оған разы болсын, баласы Умайра пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) алдынан өтпекші болғанда ол оған «тоқта» деген ишара жасап, бала тоқтайды2.
«Субханаллаһ» сөзімен қайтаруды мына хадис бекітеді: Сәһіл ибн Саъд, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты: «Намазда тұрғандарыңда бір нәрсе дұрыс болмаса, еркектер «субханаллаһ» десін, ал әйелдер алақан соқсын»3.
Әбу Саъид ал-Худри, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إذا صلى أحدكم إلى شيء يستره من الناس، فأراد أحد أن يجتاز بين يديه، فليدفعه، فإن أبى فليقاتله، فإنما هو شيطان)
«Сендерден біреу алдынан адамдар өтпес үшін сутра қойып, намаз оқығанында біреу алдынан өтпекші болса, кері қайтарсын. Егер қарсыласса, онымен ұстассын. Өйткені, ол - шайтан»4. Исламның бастапқы кезеңінде намаздағы артық қимыл есепке алынбайтын. Кейін намазда тұрған кісіге артық қимыл істеуіне тыйым салынып, «ұстасуға» рұқсат үкімі жойылды. Алдынан не өтсін, кім өтсін, намаз бұзылмайды. Имам Әбу Ханифа, имам Мәлик, имам Шафиғи және Хасан ал-Басридің көзқарастарында намазда тұрған кісінің алдынан кез келген ит, жануар өтсе, адам өтсе, мейлі мұсылман, мейлі мұсылман емес болсын, намаз бұзылмайды. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(لا يقطع الصلاة شيء)
«Намазды (алдынан өткен) ешнәрсе бұзбайды»5.
Негізінде, намазда тұрған кісінің алдынан білмеген немесе басқа жол таба алмаған кісі болмаса, әдейі ешкім өтпейді. Білместік қылған кісіні қатаңсынға алып, ұстасу - сүннеттен емес. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Бір кісі білместіктен мешіт аумағында дәрет сындырады. Мұны көрген мұсылмандар оны қатаңсынға алады. Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) оларға былай дейді: «Оны қоя беріңдер! Дәрет сындырған жеріне бір үлкен шелекпен немесе кәдімгі шелекпен су төгіңдер! Негізінде, сендер ауырлатушы емес, жеңілдетуші етіп жіберілдіңдер»2.