
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
1 - Оң жаққа сәлем бергенде дауыс көтеріңкі болады. Сол жаққа сәлем бергенде дауыс төмен болады.
2 - Имам Әбу Ханифаның көзқарасында имамға ұюшы сәлемді имамға еріп жасайды. Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің көзқарасында имамға ұюшы имамнан кейін айтады.
3 - Оң жақтан басталуы.
4 - Сәлем бергенде амалдарды жазушы періштелерге, жамағатқа және салиқалы жындарға есендік тілеу ниетінің жасалуы.
5 - Намаздың әуелгі рәкатіна үлгермеген адам намазын толықтыру үшін имам екі жаққа сәлем бергенде тұрады.
22. Намаздан кейін Аллаһ тағаланы еске алу. Намаздан кейін зікір айтып, дұға жасау сүннет. Таң мен екінді намаздарынан кейін бірден кірісуге болады. Өйткені олардан кейін бекітілген сүннет намазы жоқ. Артында бекітілген сүннет намазы бар парыздан кейін бірден зікір мен дұға жасау мәкрүһ. Сол себептен бесін, ақшам және құптанның парыздары артында бекітілген сүнеттер болғандықтан, зікір мен дұғаны сүннеттерді атқарған соң жасаған ұнамды. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان النبي صلى اللّه عليه وسلم إذا سلم، لم يقعد. إلا بمقدار ما يقول: اللّهم أنت السلام ومنك السلام. تباركت يا ذا الجلال والإكرام)
Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) сәлем берген соң: «Аллаһумма, әнта ас-салам уа минка ас-салам. Табаракта йа зәл-жалали уа ал-икрам» -деп айтылатын көлемде ғана отыратын3.
Самра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان النبي صلى الله عليه وسلم إذا صلى صلاة أقبل علينا بوجهه)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) намазын аяқтағанда бұрылып, бізге қарайтын»4.
Саубан, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان رسول الله صلى الله عليه وسلم إذا انصرف من صلاته استغفر ثلاثا و قال: اللّهم أنت السلام ومنك السلام. تباركت يا ذا الجلال والإكرام)
Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) сәлемнен кейін үш мәрте истиғфар айтатын, сосын: «Аллаһумма, әнта ас-салам уа минка ас-салам. Табаракта йа зәл-жалали уа ал-икрам»-дейтін5. Истиғфар дегеніміз: «Әстағфирулла»-деп Аллаһтан кешірім сұрау.
Аллаһ тағаланы еске алу сөздерінің немесе зікірлердің кейбірін мысалға келтірейік:
Муғира ибн Шуъба, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) парыз намаздарынан кейін былай зікір жасағанын айтты1:
"لا إله إلا اللّه وحده لا شريك له، له الملك، وله الحمد، وهو على كل شيء قدير. اللّهم لا مانع لما أعطيت، ولا معطي لما منعت، ولا ينفع ذا الجد منك الجد"
«Бір Аллаһтан басқа тәңір жоқ. Оның серігі жоқ. Шексіз билік те Оған тән. Мақтау да Оған тән. Және Оның бүкіл нәрсеге құдіреті жүреді. Аллаһым, Сенің бергеніңді қайтарушы жоқ және Сенің қайтарғаныңды беруші жоқ..».
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(جاء الفقراء إلى النبي صلى اللّه عليه وسلم فقالوا: ذهب أهل الدُّثور من الأموال بالدرجات العُلا والنعيم والمقيم: يصلون كما نصلي، ويصومون كما نصوم، ولهم فضل من أموال، يحجون بها ويعتمرون، ويجاهدون ويتصدقون. قال: (ألا أحدثكم بأمر إن أخذتم به، أدركتم من سبقكم، ولم يدرككم أحد بعدكم، وكنتم خير من أنتم بين ظهرانيه، إلا من عمل مثله؟ تسبحون وتَحْمدون وتكبرون خلف كل صلاته ثلاثاً وثلاثين)
Бір күні пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) пақырлар келіп: «Ауқатты байлар зор дәрежелерге иеленетін болды. Өйткені біз оқыған намазды олар да оқиды. Біз ұстаған оразаны олар да ұстайды. Тағы олардың дүниесі де біздікінен асып түседі. Онымен қажылықтың үлкеніне де, кішісіне де бара алады. Тағы олар Аллаһ жолында күреседі және садақа береді»-дейді. Ол (саллаллаһу алайһи уа саллам): «Сендерді бір іске нұсқайын да?! Оны атқарсаңдар, оларды қуып жетесіңдер. Алайда сендерді ешкім қуып жете алмайды. Оны істемейінше, араларыңда сендерден ешкім жақсырақ бола алмайды. Әр намаздың соңында Аллаһты отыз үш рет пәктеңдер, мақтаңдар және ұлықтаңдар»2.
Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) парыз намазы мен сүннет намазының арасын зікірмен бөлгендігі жөнінде ешнәрсе бекітілмеген. Тек ақшам намазының парызынан кейін Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) басылып отырып, төмендегі хадистегі дұғаны он мәрте айтуы үшін отыратын.
Абдрахман ибн Ғанам, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(من قال قبل أن ينصرف ويثني رجله من صلاة المغرب والصبح: لا إله إلا اللّه وحده لا شريك له، له الملك وله الحمد، بيده الخير، يحيي ويميت، وهو على كل شيء قدير عشر مرات، كتب له بكل واحدة عشر حسنات، ومحيت عنه عشر سيئات، ورفع له عشر درجات، وكانت حرزاً من كل مكروه، وحرزاً من الشيطان الرجيم، ولم يحل لذنب يدركه إلا الشرك، فكان أفضل الناس عملاً إلا رجلاً يفضله، يقول أفضل مما قال)
«Кім ақшам мен таң намаздарының соңында басылып отырып: «Бір Аллаһтан басқа тәңір жоқ. Оның серігі жоқ. Шексіз билік Оған тән. Мақтау да Оған тән. Жақсылық - Оның қолында. Тірілтеді және өлтіреді. Және Оның бүкіл нәрсеге құдіреті жүреді»-деп он мәрте айтпайынша орнынан тұрмаса, оған әр мәрте үшін он жақсы іс жазылып, он жаман ісі өшіріледі. Тағы он дәрежеге көтеріліп, түрлі жамандық пен қуылған шайтаннан қорғалады. Сонымен қатар ширктен басқа күнәсі кешіріледі. Сонда ол адамдардың арасында ең абзал амал істеген болады, әрине, егер біреу одан абзалырақ айтпаған болса»3.