
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Екінші бөлім: Судың түрлері
Тазалануға жарамды су алтыға бөлінеді. Олар - көктен жауатын және жерден шығатын сулар:
1. Жаңбыр суы. Аллаһ тағала Құранда былай дейді:
﴿ وَأَنزَلْنَا مِنَ السَّمَاءِ مَاءً طَهُوراً ﴾
«...Және көктен таза су жаудырдық»2.
2. Теңіз суы. Әбу Һурайрадан, Аллаһ тағала оған разы болсын, бір кісі Аллаһтың елшісінен (саллаллаһу алайһи уа саллам) теңіз суының үкімін сұрайды, ол былай жауап береді:
(هو الطهور ماؤه، الحِلُّ ميتته)
«Теңіз суы - таза және ондағы өлген жануарлар адал»1.
3. Өзен суы.
4. Құдық суы.
5. Қар мен бұршақ суы. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дұға ететін:
(اللّهم طهرني بالثلج والبرد والماء البارد. اللّهم طهرني من الذنوب والخطايا كما ينقى الثوب الأبيض من الوسخ)
«Аллаһым, мені қармен, бұршақпен және сумен тазалашы. Аллаһым, ақ киімнің кірден тазалануындай мені де күнәларымнан және қателіктерімнен тазалашы»2.
6. Бұлақ суы.
Шариғаттың сипаттауында су бес түрге бөлінеді:
1. Таза және тазалаушы су
Бұл - шүбәсыз таза су. Дәретсіздіктен тазартады және нәжісті кетіреді. Зәмзәм суымен дәрет алып, ғұсыл құйынудың сауабы - өте зор. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(فُرج سقفي وأنا بمكة، فنزل جبريل عليه السلام ففرج صدري ثم غسله بماء زمزم)
«Меккеде болғанымда төбе ашылып, Жебірейіл түсті. Ол кеудемді ашып, зәмзәммен жуды»3. Алайда зәмзәм суымен астыңғы жақты немесе денедегі, киімдегі, орындағы нәжісті тазалау - харам болмағанымен соған жақын ұнамсыз іс. Өйткені зәмзәм басқа суларға қарағанда қасиетті саналады.
Таза және тазалаушы су жеті жағдайда өз үкімін жоғалтпайды:
ә) Оған түскен жансыз таза нәрсе су сипаттырының ( дәмі, түсі, иісі) бірін немесе бәрін өзгертсе, алайда аққыштығын жоймаса және «су» атауынан басқа атауға өзгертпесе, су «таза және тазалаушы» үкімін жоғалтпайды. Айша анамыздың айтуынша, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) жүніп кезінде басын құлқайыр (алтей) езілген сумен жуғанда таза сумен шаймайтын4.
а) Оған араласқан таза сұйықтық су құрамына басым әсерін тигізбесе, су «таза және тазалаушы» үкімін жоғалтпайды. Басым әсері дегеніміз не? Таза сұйықтықтың бір сипаты судың құрамында пайда болуы әсердің басымдылығын білдіреді. Мысалы, суға төгілген сүттің бір сипаты (түсі және дәмі) суда пайда болса, су дәрет алуға жарамайды. Ал сірке суы секілді таза сұйықтық араласып, судың құрамында оның бір қасиеті пайда болса, су «таза және тазалаушы» үкімін жоғалтпайды.
б) Суға қаны ақпайтын шыбын, маса, шаян, тарақан секілді жәндіктер түскенде, тіпті өліп қалса да, су «таза және тазалаушы» үкімін жоғалтпайды. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(إذا وقع الذباب في إناء أحدكم فليغمسه كله ثم ليطرحه فإن في أحد جناحيه شفاء وفي الآخر داء)
«Біреудің ыдысына шыбын түссе, бүкіл денесін оған батырсын, сосын алып тастасын. Расында, оның бір қанатында шипа, екінші қанатында дерт болады»5.
в) Суда балық секілді су жануарлары өлген жағдайда су «таза және тазалаушы» үкімін жоғалтпайды. Әбу Һурайраның жеткізуімен, Аллаһ тағала оған разы болсын, бір кісі Аллаһтың елшісінен (саллаллаһу алайһи уа саллам) теңіз суының үкімін сұрағанда, ол: «Теңіз суы - таза және ондағы өлген жануарлар адал»-деп жауап береді6.
г) Қолданылған суға араласқан таза судың көлемі басым болса, су «таза және тазалаушы» үкімін жоғалтпайды.
д) Көп тұрып қалған су.
е) Суға түскен бақа өліп қалса, су нәжістенбейді және тазалануға жарайды. Алайда бақаның еті арам болғандықтан ол суды ішуге болмайды.