
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
Намаздың дұрыстығы оның сыртқы және ішкі парыздарына негізделеді. Демек, екеуінсіз кез келген намаз дұрыс болмайды. Намаздың заттық сипатын ішкі парыздары құрайды.
Намаздың сыртқы парыздары
1. Кіші дәретсіздіктен және үлкен дәретсіздіктен тазару. Дәретсіздіктен тазару дәретпен, ғұсылмен және таяммуммен жасалады. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ إِذَا قُمْتُمْ إِلَى الصَّلاةِ فاغْسِلُواْ وُجُوهَكُمْ وَأَيْدِيَكُمْ إِلَى الْمَرَافِقِ وَامْسَحُواْ بِرُؤُوسِكُمْ وَأَرْجُلَكُمْ إِلَى الْكَعْبَينِ ﴾
«Ей иман келтіргендер! Намазға тұрар кездеріңде беттеріңді және қолдарыңды шынтақтарға дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсх жасап, аяқтарыңды тобықтарға дейін (жуыңдар)!»2.
Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін естіді:
(لا تُقبل صلاة بغير طهور)
«Тазалықсыз намаз қабыл етілмейді»3. Бұл хадистегі «тазалықсыз» сөзі «дәретсіз» деген мағына береді.
Намаз соңында жел шықса, намаз бұзылады ма? Пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(إذا فسا أحدكم في الصلاة فلينصرف و ليتوضأ و ليعد صلاته)
«Намаз кезінде жел шығарған кісі барып, дәрет алсын және намазын қайта оқысын»1. Бұл хадистің негізінде мәлики, шафиғи және ханбали мәзһабінда намаз соңында жел шығарған кісінің намазы бірден бұзылады. Ал ханафи мәзһабінда бірден бұзылмайды. Алайда, жел шыққан соң намаздың бір ішкі парызы атқарылатындай уақыт өтсе, намаз бұзылады. Мысалы, намаздың соңғы отырысында отырған кісіден жел шықса, намазын аяқтауына болады. Ал төртінші рәкатті бастағанда жел шықса, бір ішкі парыздың уақыты өтетін болғандықтан, намазы бұзылады.
Намаз кезінде үзір пайда болса, мысалы, мұрын қанаса, намазы бұзылмайды. Дәретін алып келгенде намазын үзген жерінен жалғастыруына болады, әрине, егер өзімен де, ешкіммен де сөйлеспесе. Қаласа, намазды қайта бастауына болады.
2. Киімнің, дененің, орынның нәжістің барлық түрінен таза болуы. Құраннан дәлел:
﴿وَثِيَابَكَ فَطَهِّرْ ﴾
«Және киіміңді тазала!»2.
Ибн Аббастан, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) екі қабірдің қасынан өтіп былай деді:
(إنهما ليعذبان، وما يعذبان في كبير، أما أحدهما فكان لا يستتر من البول، وأما الآخر فكان يمشي بالنميمة)
«Расында, бұл екеуі қабірлерінде азап шегуде және үлкен күнә үшін емес. Біреуі зәрінен сақтанбайтын, ал екіншісі өсек таситын»3.
Орынның тазалығы деп, намаз оқылатын жердің нәжістен таза болуы айтылады. Орынның көлеміне сәжде орындары кіреді. Олар: маңдай мен мұрын, екі табан, екі тізе, екі алақан тиетін жер. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Бір кісі білместіктен мешіт аумағында дәрет сындырады. Мұны көрген мұсылмандар оны қатаңсынға алады. Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) оларға былай дейді:
(دعوه وهَرِيقوا على بوله سَجْلاً من ماء، أو ذَنوباً من ماء، فإنما بعثتم ميسرين، ولم تبعثوا معسرين)
«Оны қоя беріңдер! Дәрет сындырған жеріне бір үлкен шелекпен немесе кәдімгі шелекпен су төгіңдер, өйткені сендер ауырлатушы емес, жеңілдетуші етіп қана жіберілдіңдер»4.
Орын тазалығына қатысты кейбір үкімдер:
- Намаз кезінде киімнің жердегі кебу нәжіске тиюі зиянсыз.
- Бір бұрышы нәжістенген кілемнің басқа бұрышында намаз оқуға болады.
- Намаздағы кісінің алдына немесе жайнамазға үсті нәжіс сәби отырса, киім мен жайнамазға нәжіс тиюімен намаз бұзылады.
- Киімде нәжіс бар екені естен шығып оқылған намаз еске түскенде қайта оқылады.
- Намаз оқып болған кісі киімінде нәжіс болғанын білсе, намазын қайта оқиды.
- Астары бар жайнамаздың бір беті таза болып, екінші бетіндегі нәжіс оған өтпейтін болса, оның үстіне намаз оқуға болады.
Жуылған киімде қан дағының орны қалуы нәжіс есептелмейді. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Хаула бинт Ясар, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) келіп, былай дейді:
«Әй, Аллаһтың елшісі, менің бір ғана киімім бар және еттеккір кезімде былғанып қалады, не істеуім керек?». Ол: «Тазарған кезіңде оны жуып, намазыңды оқи бер»-деп жауап береді. Ол: «Жуылса да қан кетпейді ғой?»-деп сұрайды. Ол: «Қанның өзі жуылса жеткілікті, ал дақ зиян келтірмейді»-дейді1.
3. Әураттың жабылуы. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді:
﴿يَا بَنِي آدَمَ خُذُواْ زِينَتَكُمْ عِندَ كُلِّ مَسْجِدٍ﴾
«Әй, Адам балалары! Әр мешіт үшін зейнеттеніңдер!»2. Бұл аяттағы «мешітке» сөзі намазды қамтиды. Ибн Аббастың айтуынша, Аллаһ тағала оған разы болсын, «зейнеттеніңдер» сөзі «намаздағы киімді» білдіреді.
Айша анамыздан, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(لا يقبل اللّه صلاة حائض إلا بخمار)
«Аллаһ тағала етеккірі келетін қыздың намазын орамалсыз қабыл етпейді»3.
Ислам мұсылман ерге де, әйелге де, мейлі намазда болсын, мейлі намаздан тыс болсын, әуреттерін жабуын парыз етті.
Баһз ибн Хаким ибн Мұғауия әкесінен, ал ол атасынан жеткізді: Мен Аллаһтың елшісінен:
(يا رسول اللّه: عوراتنا ما نأتي منها وما نذر؟ قال: (احفظ عورتك إلا من زوجتك أو ما ملكت يمينك. قال: قلت يا رسول اللّه إذا كان القوم بعضهم مع بعض؟ قال: إن استطعت أن لا تِريها أحداً فلا ترينّها. قلت: يا رسول اللّه فإن كان أحدنا خالياً؟ قال: فاللّه أحق أن يستحيي منه من الناس)
«Әй, Аллаһтың елшісі, әуретке қатысты не айтасыз?»-дедім. Ол: «Әуретіңді әйеліңе не күңіңе4 болмаса, басқалардан жасыр»-деді. Мен: «Көпшілік болған жерде ше?»-дедім. Ол: «Егер ешкімге көрсетпеуің қолдан келсе, әрине, көрсетпе»-деді. Мен: «Әй Аллаһтың елшісі, егер бізден біреу жалғыз болса ше?»-дедім. Ол: «Адамдардан ұялуына қарағанда Аллаһтан ұялуы әлдеқайда лайықтырақ!»-деді5.
- Ер кісінің әуретіне кіндік пен тізе аралығы жатады.
Әбу Аюп, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін естіді:
(ما فوق الركبتين من العورة، وما أسفل من السرة من العورة)
«Екі тізенің үсті әурет және кіндіктің асты әурет»6. Кіндіктің өзі әурет емес. Ал тізе - әурет. Әли, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтады:
(الركبة من العورة)
«Тізе әуретке жатады»7.
- Әйел кісінің беті мен қолдарынан басқа денесі толығымен әурет. Қолдары дегеніміз саусақ бастары мен білезік аралығы. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді:
﴿وَقُل لِّلْمُؤْمِنَاتِ يَغْضُضْنَ مِنْ أَبْصَارِهِنَّ وَيَحْفَظْنَ فُرُوجَهُنَّ وَلَا يُبْدِينَ زِينَتَهُنَّ إِلَّا مَا ظَهَرَ مِنْهَا وَلْيَضْرِبْنَ بِخُمُرِهِنَّ عَلَى جُيُوبِهِنَّ﴾
«(Әй, пайғамбар!) Иман келтірген әйелдерге айт, көздерін төмен қаратсын және жыныс мүшелерін сақтасын! Сондай-ақ көрінетін мүшелерінен басқа зейнеттерін сырт көзге ашпасын. Әрі көйлек омырауындағы ойықтарына орамалдарын жапсын!..»1. Ибн Омар мен Ибн Аббас, Аллаһ тағала оларға разы болсын, «көрінетін мүшелерінен» сөзін «бет және екі қолдың бастары» деп түсіндірді. Әйел кісінің бетіне қажеттілік тумаса, шәһуаттық сезіммен қарауға шариғатта тыйым салынады.
Абдулла ибн Масъуд, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(المرأة عورة فإذا خرجت استشرفها الشيطان)
«Әйел - әурет (қарауға тыйым салынатын зат). Әйел сыртқа шыққанда шайтан оған көңіл аударады»2.
Екі қолдың білезіктен саусақ бастарына дейінгі аралығы әурет емес. Екі аяқтың табаны мен үсті намазда әурет емес. Алайда біреудің оған қарауы және оны ұстауы - арам іс.
Сәби балада төртке толғанша әурет болмайды. Төрт пен он жас арасында әуреті жеңіл әуретке жатады.
Әуретті жабатын киімнің матасы терінің түсі мен жыныс мүшелерінің бейнесін білдірмейтін қалыңдықта және кеңдікте болуы қажет. Тар киімде намаз оқу - мәкруһ, бірақ намаз дұрыс болады.
Дененің кез келген мүшесінің төрттен бірі ашылса, намаз дұрыс болмайды.
Негізінде, намаз екі киімде (көйлек пен шалбар) оқылады. Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إذا كان لأحدكم ثوبان فليصل فيهما، فإن لم يكن إلا ثوب واحد فليَّتزر به ولا يشتمل اشتمال اليهود)
«Кімде екі киім болса, сол екеуінде намаз оқысын. Ал киімі біреу-ақ болса, шалбар етіп кисін3 және яһудилер секілді қымтанбасын»4. Алайда үш киімде оқу ұнамды. Олар: көйлек, шалбар және сәлде. Әуретке жатпағанымен ер адам иықтарын ашып, намаз оқыса, мәкруһ тахриман болады. Сонымен қатар жібектен тігілген және ұрланған киімде намаз оқудың үкімі де - осылай.
Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(تصلي المرأة في ثلاثة أثواب، درع وخمار وإزار)
«Әйел кісі намазды үш киімде оқиды: етегі ұзын көйлек, орамал және шалбар (іштік киім)»5.
Кімнің киіміне нәжіс тисе және оның төрттен бірі таза болса, немесе ауыстырып киетін таза киімі болмаса, сол киімде намаз оқуына болады және кейін қайта оқымайды.
4. Құбылаға бағытталу. «Құбыла» сөзі біздің тілге араб тілінің " القِبلة " сөзінен енген және «бағыт», «тарап» деген мағыналарды береді.
Шариғаттағы мағынасы: намаз өзіне қарай бағытталып оқылатын тарап. Тағы ол «михраб» деп аталады. Михараб дегеніміз - мұсылманның нәпсісімен және шайтанмен күресетін алаңы.
Исламдағы әуелгі құбыла Ақса мешіті болған. Хижрадан кейін 16 ай өткенде, яғни хижраның екінші жылы режеп айының ортасында дүйсенбі күні бесін намазының үшінші рәкәтінің басында Аллаһ тағала пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) Қағба жаққа бағытталуды бұйырады.
«Бақара» сүресінің 144-ші аяты құбылаға бағытталу намаздың сыртқы парызы екенін білдіреді:
﴿قَدْ نَرَى تَقَلُّبَ وَجْهِكَ فِي السَّمَاء فَلَنُوَلِّيَنَّكَ قِبْلَةً تَرْضَاهَا فَوَلِّ وَجْهَكَ شَطْرَ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ وَحَيْثُ مَا كُنتُمْ فَوَلُّواْ وُجُوِهَكُمْ شَطْرَهُ﴾
""
«Әрине, жүзіңнің көкке жөнелгенін көреміз. Сондықтан сені өзің ұнатқан құбылаға, міндетті түрде, қаратамыз. Енді жүзіңді Әл-Харам мешітіне қарай бұр! Қай жерде болсаңдар, жүздеріңді сол тарапқа қаратыңдар!..».
Ал-Барра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(صلينا مع رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم نحو بيت المقدس سِتة عشر شهراً أو سبعة عشر شهراً. ثم صُرِفْنا نحو الكعبة)
«Біз Аллаһтың елшісімен (саллаллаһу алайһи уа саллам) бірге он алты, не он жеті айдай намазды Ақса мешітіне қарап оқыдық. Кейін жүзімізді Қағба тарапына өзгерттік»1.
Құбыла кез келген елдегі мешіттердің ішіндегі михраб арқылы анықталады. Теңіздер мен шөлдерде жұлдыздармен анықталады.
Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(تعلموا من النجوم ما تهتدون به إلى القبلة)
«Құбыланың қай тарапта екенін жұлдыздармен анықтауды үйреніңдер!». Білмеген кісіге құбыланың қай жақта екенін іздеп, анықтауы уәжіп. Намазды анықтаған бағытына қарап оқиды. Егер қателессе, намазын қайта оқымайды. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді:
﴿ فأينما تولوا فثم وجه اللّه ﴾
«Қайда бағытталсаңдар да, Аллаһтың жүзі сол тарапта»2.
Егер қателескені намаз үстінде анықталса, намазды үзбей, бағытын ғана өзгертеді. Құбыланы іздемей, кез келген бағытқа қарап оқылған намаз дұрыс емес, тіпті құбылаға кездейсоқ тура бағытталса да.
Бұрылуға шамасы келмейтін науқас адам, өміріне қауіп төніп тұрған адам, сапардағы адам (ұшақпен, машинамен, поезбен кетіп бара жатса) намазды мүмкіндігі келген жаққа бағытталып оқуына болады. Ұшақтағы және поездағы жолаушы намазды тұрып оқуға шамасы келсе, тұрып оқиды. Егер қиынға айналса, отырған жерде ишарамен оқиды. Машинадағы кісі көлік өзінікі болса, тоқтап, кәдімгідей толық оқиды. Ал өзінікі болмаса, орнында отырып, ишарамен оқиды.
Кемедегі жолаушы намазды құбылаға бағытталып, толық бейнесінде оқиды. Ишарамен оқуына мүлдем болмайды.
Атпен немесе түйемен келе жатқан жолаушыға нәпіл намаздарды, тіпті, бекітілген сүннеттерді үстінде оқуына болады. Имам Әбу Ханифа аттың үстінен таң намазының сүннеті үшін ғана түсетін.
Қағбаның ішінде намаз оқу дұрсыс па? Қағбаның ішінде оқылған намаз дұрыс болады. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын Қағбаның ішіне кіргенде өзіне Биләл, Аллаһ тағала оған разы болсын, көрсеткен орында намаз оқитын. Өйткені ол сол орында Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) намаз оқығанын көрген және Қағбаның ішінің кез келген жағында тұрып намаз оқығысы келген адам еш айыпталмайды,-деген3. Сонымен қатар Қағбаның солтүстік жағы мен оған қарама-қарсы орналасқан доға тәрізді қабырғаның арасында тұрып намаз оқуға болады.
5. Уақыттың кіруі. Уақыттың кіруімен намаздың атқарылуы парыз болады. Аллаһ тағала айтады:
﴿إِنَّ الصَّلاَةَ كَانَتْ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ كِتَاباً مَّوْقُوتاً﴾
«..Расында, намаз иман келтіргендерге белгілі уақыттарда парыз етілді»1.
Жабир ибн Абдулла, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(فأيما رجل من أمتي أدركته الصلاة فليصل)
«..Менің үмметімнен болған адамды намаз қай жерде кезіктірсе, сол жерде оны оқысын!..»2.
Намаздың дұрыстығы үшін уақыттың нақты кіргенін білу шарт. Әйтпесе, намаз дұрыс болмайды.
6. Ниет. Ниеттің тілдік мағынасы: бел байлау. Шариғаттағы мағынасы: іс-қимылмен Аллаһ тағалаға бағынуды және жақындауды қалау.
Ниет құлшылықты әдеттен айырып, ықыласты жүзеге асырады. Ниет - жүректің амалы. Оны тілмен білдіру мустахап. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді:
﴿ قُلْ إِنِّي أُمِرْتُ أَنْ أَعْبُدَ اللَّهَ مُخْلِصاً لَّهُ الدِّينَ ﴾
«Расында, мен дінді Аллаһқа ықыласпен берілген түрде құлшылық етуге бұйырылдым,-де»3.
Омар ибн ал-Хаттаб, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін естіді:
(إنما الأعمال بالنيات وإنما لكل امرئ ما نوى)
«Негізінде, іс-қимылдар ниеттермен байлаулы және әркімге ниеттенгені болады..»4.
Ханафи, мәлики және ханбали мәзһаптарында ниет намаздың сыртқы парызына, ал шафиғи мәзһабінда ішкі парызына жатады. Сонымен қатар ханафи мен ханбали мәзһабтарында ниетті тілмен білдіру ұнамды. Мысалы, бесіннің парызын оқығанда: «Бесінге ниет еттім»-деп тілмен білдіреді. Ал шафиғи мәзһабінда парыз сөзі қосылып: «Бесіннің парызына ниет еттім»-деп білдіреді.
Ниеттің шарттары
1 - Намазға ниет етілгенде ниет пен тахрим тәкбірінің аралығында намаздан басқа іспен шұғылданбау.
2 - Парыз және уәжіп намаздарына тұрғанда, оның қай намаз екенін ниетпен білдіру. Мысалы, бесін немесе екінді екенін білдіру. Нәпіл намазында қай намаз екенін білдіру шарт емес.
3 - Өткізіп алынған намаздардың саны көп болса және олардың қазасын өтегенде қай намаз екенін және қай күнгі екенін білдіру уәжіп.
4 - Имамға ұюшы кісі имамға ұюына ниет етуі шарт. Ұюдың дұрыстығы үшін имамның имамдыққа ниет етуі шарт емес.