Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лшылы фиы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.53 Mб
Скачать

Екінші бөлім: Азан мен қамат

"الأذان" - «азан» сөзінің тілдік мағынасы: хабарлау. Шариғаттағы мағынасы: парыз намаздың уақыты кіргенін білдіруге арналған зікір.

"الإقامة" - «қамат» сөзінің шариғаттағы мағынасы: парыз намазын атқаруға келген мұсылмандарды намазға тұрғызуға арналған зікір.

Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді:

﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا نُودِي لِلصَّلَاةِ مِن يَوْمِ الْجُمُعَةِ فَاسْعَوْا إِلَى ذِكْرِ اللَّهِ وَذَرُوا الْبَيْعَ ذَلِكُمْ خَيْرٌ لَّكُمْ إِن كُنتُمْ تَعْلَمُونَ

«Әй иман келтіргендер, жұма күні намазға шақырылғанда Аллаһты еске алуға асығыңдар және (намаз ақталғанша)сауданы қоя тұрыңдар. Егер білсеңдер, бұл өздерің үшін жақсы»1.

Мәлик ибн ал-Хуайрис, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(فإذا حضرت الصلاة فليؤذن لكم أحدكم وليؤمّكم أكبركم)

«Намаз уақыты кіргенде біреуің азан шақырсын және үлкендерің имам болсын!»2.

Азанның пайда болу тарихы

Абдулла ибн Зайд, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) мұсылмандарды намазға жинау үшін даңғыраға ұруға бұйырғанда мен түс көрдім. Түсімде мені қолында даңғырасы бар бір адам айналып жүреді. Мен оған: «Әй Аллаһтың құлы, даңғыраны маған сатасың ба?»-дедім. Ол: «Онымен не істейсің?»-деп сұрады. Мен: «Онымен адамдарды намазға шақырамын»-дедім. Ол: «Саған одан жақсы нәрсені көрсетейін бе?»-деді. Мен: «Әрине!»-дедім. Ол: «Былай шақыр!»-деді:

اللّه أكبر اللّه أكبر

اللّه أكبر اللّه أكبر

أشهد أن لا إله إلا اللّه

أشهد أن لا إله إلا اللّه

أشهد أن محمداً رسول اللّه

أشهد أن محمداً رسول اللّه

حي على الصلاة، حي على الصلاة

حي على الفلاح، حي على الفلاح

اللّه أكبر اللّه أكبر

لا إله إلا اللّه

Кейін менен көп алыстамай: «Намазға тұрғанда былай айт»-деді:

اللّه أكبر اللّه أكبر

أشهد أن لا إله إلا اللّه

أشهد أن محمداً رسول اللّه

حي على الصلاة

حي على الفلاح

قد قامت الصلاة

قد قامت الصلاة

اللّه أكبر اللّه أكبر

لا إله إلا اللّه

Таңертең Аллаһтың елшісіне (саллаллаһу алайһи уа саллам) барып, түсімді айтып бердім. Ол: «Аллаһ қаласа, әлбетте, бұл - шынайы түс. Биләлмен қатар тұрып, оған көргеніңді айтып бер. Ол мұнымен адамдарды шақырсын. Өйткені, саған қарағанда Биләлдің даусы қаттырақ»-деді. Мен Биләлмен қатар тұрып, оған түсімдегі сөздерді айта бастадым. Ол азан шақыра бастады. Омар ибн ал-Хаттаб, Аллаһ тағала оған разы болсын, азанды естігенде үйінен жүгіріп шықты. Көйлегін жолшыбай киініп: «Әй Аллаһтың елшісі! Сені ақиқатпен жіберген Аллаһ тағаламен ант етемін! Оның көргенін мен де көрдім»-деп дауыстады. Аллаһтың елшісі: «Аллаһқа мақтау!»-деді1.

Азан мен азаншының беделіне сілтейтін хадистер өте көп. Солардың екеуіне тоқталайық:

Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(لو يعلم الناس ما في النداء والصف والأول ثم لم يجدوا إلا أن يَسْتَهِموا عليه لاستَهَموا)

«Адамдар азан мен бірінші сапта не (қандай жақсылықтың) бар екенін білсе, бұл екеуін өзара бөлісіп алудан басқа шара таппай, барлығы оған ортақ болар еді..»2.

Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(الإمام ضامن والمؤذن مؤتمن، اللّهم أرشد الأئمة واغفر للمؤذنين)

«Имам - (имамдық жауапкершілігін өз міндетіне алған) кепілші. Азаншы - (намаз уақытын күзетуді жауапкершілікке алған) уәкіл. Аллаһым! Имамдарды жолға қой және азаншыларды кешіре гөр»3.

Бұл хадистен шығатын тұжырым: имам мен азаншы - мұсылмандар сенім артатын тұлғалар. Имам намаздың дұрыстығына, азаншы уақыттың дұрыстығына жауап береді.

Азан мен қаматтың үкімі

Азан мен қамат - исламдағы намазға үндеу рәсімі. Екеуінің де үкімі - бекітілген сүннет. Азан мен қамат жамағатқа да, жалғыз оқушыға да сүннет. Ъуқба ибн Ъамир, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(يعجب ربكم من راعي غنم في رأس شظية بجبل يؤذن بالصلاة ويصلي، فيقول اللّه عز وجل: انظروا إلى عبدي هذا يؤذن ويقيم الصلاة، يخاف مني، قد غفرت لعبدي، وأدخلته الجنة)

Тау етегінде қой бағушы кісінің азан шақырып, намаз оқығанына Раббыларың риза болады. Сонда Үстем және Ұлы Аллаһ былай дейді: «Мына құлыма қараңдар! Азан шақырып, намазға тұрады, сондай-ақ Менен қорқады. Мен бұл құлымның күнәләрін кешірдім және оны жәннатқа кіргіздім»4.

Әбу Саъид Ал-Хұдри, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(إذا كنت في غنمك أو باديتك فأذنت بالصلاة فارفع صوتك بالنداء فإنه لا يسمع صوت المؤذن جن ولا إنس ولا شئ إلا شهد له يوم القيامة)

«Қойға шыққаныңда немесе ен далада болғаныңда намазға азан шақырсаң, даусыңды көтеріп шақыр! Өйткені, азаншының даусын естіген әрбір жын, әрбір адам, әрбір зат, әлбетте, Қиямет күні оған куә болады»5.

Азан мен қамат парыз намаздары мен жұма намазы үшін, сондай-ақ қаза намаздар үшін айтылуы бекітілген сүннет. Ал нәпіл намаздарына айтылмайды. Айт намазына, «күн тұтылу» намазына, «жаңбыр тілеу» намазына, тарауих пен жаназа намаздарына «ас-солату жамиъа» деп шақырады. Абдулла ибн Ъамру, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(لما انكسفت الشمس على عهد رسول الله صلى الله عليه و سلم نودي: الصلاة جامعة)

«Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) заманында күн тұтылғанда (күн тұтылу намазына) «ас-солату жамиъа» деп дауысталды1.

Азан мен қамат басқаларды шақыру үшін дауыстап айтылатындықтан, әйел кісіге оны айтуға болмайды. Өйткені әйел кісі шариғат әдебіне сай даусын жасыруы қажет.

Азан мен қаматтың сөздері

1 - "اللّه أكبر" сөзі төрт мәрте айтылады және ر" " әрпі сукунмен оқылуы қажет.

2 - Куәлік сөздері екі мәртеден және үзіліспен айтылады:

أشهد أن لا إله إلا اللّه أشهد أن لا إله إلا اللّه أشهد أن محمداً رسول اللّه أشهد أن محمداً رسول اللّه

3 - Екі мәрте " حي على الصلاة " және екі мәрте "حي على الفلاح" сөздері айтылады.

4 - Кейін екі мәрте "اللّه أكبر" және бір мәрте " لا إله إلا اللّه " сөздері айтылады.

5 - Таң намазында "حي على الفلاح" сөздерінен кейін "الصلاة خير من النوم" сөздері екі мәрте айтылады.

6 - Қамат сөздері азанға ұқсайды. Парқы "حي على الفلاح" сөзінен кейін "قد قامت الصلاة" сөзі екі мәрте айтылады.

Азан мен қаматтың шарттары

1 - Намаз уақытының кіруі. Өйткені азан намаз уақытының кіргендігін жариялайды. Уақыт кірмей азан шақыру дұрыс емес. Ал қамат сап түзетіп, намаздың басталуын білдіреді.

2 - Араб тілінде айтылуы.

3 - Сөздер арасына ұзақ үзіліс жасамау және реттік тәртіппен айту.

4 - Жамағаттан біраз адамның естуі.

5 - Азаншының ақыл-есі дұрыс, мұсылман, ер адам болуы. Кәпір мен жындыға азан шақырту дұрыс емес. Пасық адамның азан шақыруы мәкруһ тахриман.

Азан мен қаматтың сүннеттері

1 - Азаншы сүннет пен намаз уақыттарын жетік білетін салиқалы және адал болуы қажет. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(لِيؤذّن لكم خيارُكم وليؤمكم قراؤكم)

«Азанды жақсыларың шақырсын және құранды көп білетіндерің имам болсын!»1.

2 - Дәретті болу. Өйткені азан намазбен байланысты зікір. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(لا يؤذِّن إلا متوضئ)

«Азанды дәретті кісі айтады»2.

3 - Тұрып айту. Абдулла ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(يا بلال قم فناد بالصلاة)

«Әй Биләл, тұрып, намазға шақыр»3.

4 - Құбыла жаққа бағытталу. " حي على الصلاة " және "حي على الفلاح" сөздерінде жүзді оңға және солға бұру. Бірақ дене қозғалмайды. Әбу Жухайфа, Аллаһ тағала оған разы болсын, айтады:

(رأيت بلالاً يؤذّن ويدور ويُتبع فاه ههنا وههنا، وإصبعاه في أذنيه)

«Биләлдің азан шақырғанын көргенімде ол жүзін оңға және солға бұратын.... Сондай-ақ екі саусағын екі құлағына кіргізетін»4.

5 - Екі саусақты екі құлаққа кіргізу. Әбу Жухайфа, Аллаһ тағала оған разы болсын, айтады:

(رأيت بلالاً يؤذّن ويدور ويُتبع فاه ههنا وههنا، وإصبعاه في أذنيه)

«Биләлдің азан шақырғанын көргенімде ол жүзін оңға және солға бұратын.... Сондай-ақ екі саусағын екі құлағына кіргізетін»5.

6 - Азанның әрбір екі сөзінің арасына үзіліс жасау және қаматты тез айту. Жәбир ибн Абдулла, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) Биләлға, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай дегенін жеткізді:

(يا بلال إذا أذَّنْت فترسَّل في أذانك، وإذا أقمت فاحدُر)

«Әй Биләл, азан шақырғанда әрбір екі сөздің арасына үзіліс жаса. Ал қаматты тездетіп айт»6.

7 - Азаншы даусының жақсы және қатты болуы. Абдалла ибн Зайд, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(فقم مع بلال فألق عليه ما رأيت فليؤذن به فإنه أندى صوتاً منك)

«..Биләлмен қатар тұрып, оған түсіңдегі сөздерді айтып бер. Ол онымен адамдарды шақырсын. Өйткені, саған қарағанда Биләлдің даусы - қаттырақ»-деді7.

8 - Азан мен қаматтың арасына үзіліс жасау. Бұл жамағаттың дәреттерін алып, дайындалулары үшін. Үзіліс жасамай, қаматты іле-шала айту мәкруһ.

9 - Азаннан кейін бөгеліп қалған адамдарға: «Әй, намаз оқуышлар! Намаз! Намаз!»-деп шақыру.

10 - Азанды сауап үшін шақыру. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(من أذن سبع سنين محتسبا كتبت له براءة من النار)

«Кім жеті жыл сауап тілеп, азан шақырса, оған оттан құтылу жазылады»8.

Азан мен қаматтың мәкрүһтері

1 - Әндетіп, ұзақ созу.

2 - Бой дәретсіз айту мәкруһ тахриман.

3 - Дәретсіз айту мәкрүһ танзиһан.

4 - Ақылы толмаған сәбидің айтуы.

5 - Әйел кісінің айтуы дұрыс емес.

6 - Жұма намазын өткізіп алған кісіге бесінді оқуы үшін азан мен қамат айтуы мәкрүһ.

7 - Азан айтылғанда сөйлесу.

8 - Азаннан соң намаз атқарылмайынша мешіттен қажетсіз шығу. Әбу Шаъсә, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(كنا قعودا مع أبي هريرة رضي الله عنه في المسجد فأذن المؤذن فقام رجل من المسجد يمشي فأتبعه أبي هريرة بصره حتى خرج من المسجد فقال أبي هريرة: أما هذا فقد عصى أبا القاسم صلى الله عليه و سلم)

Әбу Һурайрамен, Аллаһ тағала оған разы болсын, бірге мешітте отырған едік. Азаншы азан айтты. Бір кісі орнынан тұрып, мешіттен шығуға бет алды. Ол мешіттен шыққанша Әбу Һурайра одан көзін алмады. Сосын Әбу Һурайра былай деді: «Мынау кісі, расында да, Әбу Қасимнің, (саллаллаһу алайһи уа саллам) тілін алмаған болды»2.

Намаздан кейін мешіттен жалғыз шығу мәкруһ емес.

9 - Азан үшін ақы алу. Осман ибн Әбу әл-Ъас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(إن آخر ما عهد إليّ رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم أن أتخذ مؤذناً لا يأخذ على أذانه أجراً)

«Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) менен алған ең соңғы серті - азаны үшін ақы алмайтын азаншыны тағайындауым болатын»3. Бұл хадистің негізінде имам Әбу Ханифаның көзқарасында азан үшін ақы алу мәкруһ. Алайда кейінгі заманда ерікті азаншылардың болмауына қатысты және ислам рәсімдерін сақтау мақсатымен ханафи мәзһабінің кейінгі ғұламалары рұқсат етті.

Азан естіген мұсылманға төмендегі істерді істеуі сүннет

1 - Азаншының айтқанын қайталау. Мейлі бой дәретсіз, мейлі дәретсіз болсын.

2 - Кітап оқып отырса немесе зікір айтып отырса, оны тоқтатуы керек.

3 - " حي على الصلاة " және "حي على الفلاح" сөздерін естігенде " لا حول ولا قوة إلا باللّه "-деу.

4 - Реттік тәртіп бойынша қайталау.

5 - Азан сөздерін қайталаған соң пайғамбарымызға (саллаллаһу алайһи уа саллам) салауат пен сәлем тілеу. Абдулла ибн Ъамру ибн ал-Ъас, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(إذا سمعتم المؤذن فقولوا مثل ما يقول، ثم صلوا عليَّ، فإنه من صلى عليَّ صلاة صلى اللّه عليه بها عشراً، ثم سِلُوا اللّه عز وجل لي الوسيلة فإنها منزلة في الجنة لا تنبغي إلاّ لعبد من عباد اللّه تعالى، وأرجو أن أكون أنا هو، فمن سأل اللّه لي الوسيلة حلّت عليه الشفاعة)

«Азаншыны естігенде оның айтқанын сендер де айтыңдар. Кейін маған салауат тілеңдер. Кім маған бір мәрте салауат тілесе, ол үшін Аллаһ тағала оған он мәрте тілейді. Кейін маған Аллаһтан «әл-уасила» сұраңдар. Расында, ол - жәннаттағы дәреже. Ол (дәреже) Аллаһтың бір құлына ғана тиесілі және мен сол құл болуды үміт етемін. Кім маған Аллаһтан «әл-уасила» сұраса, оған шапағат нәсіп болады»1.

Кейін мына дұға оқылады:

(اللّهم ربَّ هذه الدعوة التامة، والصلاة القائمة، آت محمداً الوسيلة والفضيلة، وابعثه مقاماً محموداً الذي وعدته)

Жабир ибн Абдулла, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай айтқанын жеткізді:

(من قال حين يسمع النداء: اللّهم رب هذه الدعوة التامة، والصلاة القائمة، آت محمداً الوسيلة والفضيلة، ابعثه مقاماً محموداً الذي وعدته حلَّت له شفاعتي)

Кім азан естігенде: «Аллаһым, осы кәміл шақыру мен атқарылатын намаздың Раббысы! Мұхаммедке жәннаттағы дәрежені және жоғарғы орынды сыйлашы. Оны Өзің уәде еткен мақтаулы орында тірілте гөр»-десе, оған менің шапағатым нәсіп болады»2.

6 - Азан мен қаматтың арасында дұға жасау. Өйткені бұл уақытта жасалған дұға жауапсыз қалмайды. Анас ибн Мәлик, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(الدعاء لا يردّ بين الأذان والإقامة قالوا: فما نقول يا رسول الله؟ قال: سلوا الله العفو والعافية في الدنيا والآخرة)

«Азан мен қамат арасында жасалатын дұға жауапсыз қалмайды». Адамдар: «Әй, Аллаһтың елшісі, не деп жалбарынайық?»-деді. Ол: «Аллаһтан дүние мен ақиретте кешірім және саулық сұраңдар»-деді3.

Үмму Салама, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(علمني رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم أن أقول عند أذان المغرب: "اللّهم هذا إقبال ليلك، وإدبار نهارك، وأصوات دعاتك، فاغفر لي")

Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) маған ақшам намазына азан айтылғанда: «Аллаһым! Бұл - түніңнің келуі және күндізіңнің кетуі, сондай-ақ Өзіңе жалбарынушылардың дауыстары! Мені кешіре гөрші»-деп айтуымды үйретті4.

Таң намазынан кейін: «Аллаһым! Бұл - күндізіңнің келуі, түніңнің кетуі және саған жалбарынушылардың дауыстары! Мені кешіре гөр»-делінеді.

Саъд ибн Әбу Уаққас, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін естіді:

(من قال حين يسمع النداء: و أنا أشهد أن لا إله إلا اللّه وحده لا شريك له و أن محمداً رسول اللّه رضيت بالله ربا و بالإسلام دينا و بمحمد صلى الله عليه و سلم رسولا غفر له ذنبه)

Кім азан естігенде: «Серіктесі жоқ жалғыз Аллаһтан басқа тәңір жоқтығына және Мұхаммед Оның елшісі екеніне мен де куәлік етемін. Аллаһтай Раббыма, исламдай дініме және Мұхаммедтей елшіме разымын»-десе, күнәсі кешіріледі1.