
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
Парыз намазын уақытында оқуды «атқару» дейді. Ханафи мен ханбали мәзһаптарында белгіленген уақыты шықпаған намаздың бір бөлігіне үлгерген кісі намазды атқарған болады, мейлі үзірмен, мейлі үзірсіз кешіктірсе де. Имам сәлем бергенде ол қиямға тұрып үлгермеген рәкаттарын толықтырады. Айша анамыздан, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(من أدرك سجدة من العصر قبل أن تغرب الشمس أو من الصبح قبل أن تطلع الشمس فقد أدركعا)
«Кім күн батпай екіндінің (соңғы рәкатінің) бір сәждесіне үлгерсе немесе күн шықпай таң намазының (соңғы рәкатінің) бір сәждесіне үлгерсе, атқаруға үлгерді»3. Әл-Бұхари жеткізген тура осындай хадистің соңында:
(فليتم صلاته)
«Сосын намазын толықтырсын»-делінген.
Мағлұмат: Шафиғи мен мәлики мәзһаптарында «намазды атқару» үшін намаз уақыты шықпастан міндетті түрде соңғы рәкатқа толық үлгеру қажет.
Қайсыбір парыз намаз атқарылуы кезінде бұзылса, оны «қайта оқу» парыз болады. Маъбад, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) жамағатпен намаз оқып тұрады. Соқыр кісі мешітке кіргенінде кішкене шұңқырға сүрініп құлап қалады. Мұны сезіп қалған адамдар намаз үстінде қарқылдап күліп жібереді. Намаздан кейін пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дейді:
(من كان منكم قهقه فليعد الوضوء والصلاة)
«Сендерден кім қарқылдап күлсе, дәретін қайта алып, намазын қайта оқысын»4.
Парыз намазын уақыты шыққанда оқуды «қазасын өтеу» дейді. Қазасы өтелуімен сол намаз мойыннан түседі. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(من نام عن صلاة أو نسيها فليصلها إذا ذكرها لا كفارة لها إلا ذلك)
«Кім намазды ұйықтап қалса немесе ұмытып кетсе, есіне түскенде оқысын! Өйткені оның кінәсі басқа жолмен өтелмейді»2.
Негізінде, «намазды әрдайым уақытынан кешіктіру» күнәсі тәубасыз кешірілмейді. Өйткені шариғатта «намазды уақытынан кешіктіру» - үлкен күнә.
Таң намазын өткізіп алған кісі оның қазасын күн бір немесе екі найза деңгейіне көтерілгенде өтейді. Кейін сүннетінің қазасын өтейді. Таң намазының қазасын бесін намазы кіргенде өтесе, сүннетінің қазасы өтелмейді. Бесіннің парызын оқып тұрған жамағатқа қосылған кісі парыз алдындағы сүннеттің қазасын парыздан кейін өтейді. Бесіннің уақыты шығып кетсе, бұл сүннетің қазасы өтелмейді.
Намаздың қазасы қалай өтеледі?
Намаздың қазасы намаздың негізгі сипатына сай толығымен өтеледі. Тұрғылықты кісі бесін намазын өткізіп алса, қазасын төрт рәкат етіп, толығымен өтейді. Жолаушы кісінің қаза намазы қысқартылған бейнеде болса, екі рәкат етіп өтейді. Қирағатқа келсек, дауыстап оқылатын намаз дауыстап, ішінен оқылатыны ішінен оқылып өтеледі. Дауыстап оқылатын намаз жамағатпен өтелсе, имам дауыстап оқып өтейді. Жалғыз өтеуші дауыстап оқи ма, әлде ішінен оқи ма, өз ықтияры біледі.
Негізінде, өткізіп алынған намаздар реттік тәртіппен өтеледі. Абдулла ибн Масъуд, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(إن المشركين شغلوا رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم عن أربع صلوات يوم الخندق حتى ذهب من الليل ما شاء اللّه، فأمر بلالاً فأذَّن، ثم أقام فصلى الظهر، ثم أقام فصلى العصر، ثم أقام فصلى المغرب، ثم أقام فصلى العشاء)
«Хандақ күні мүшріктер Аллаһтың елшісін (саллаллаһу алайһи уа саллам) төрт намаздан алаңдатып, Аллаһтың қалауымен түннің біраз бөлігі өтеді. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Биләлға азан айтуын бұйырады. Ол азан айтады. Кейін қамат айтылып, бесін намазын оқиды. Кейін қамат айтылып, екіндіні оқиды. Кейін қамат айтылып, ақшамды оқиды. Кейін қамат айтылып, құптанды оқиды»3.
Кім бір намазды қаза етіп, келесі намаздың уақыты кіргенше қазасын өтемесе, алдымен, қаза намазын өтейді. Сосын уақыты кірген намазды атқарады. Мысалы: бесін намазы қаза болып, екінді намазының уақыты кірсе, алдымен, бесіннің қазасы өтеледі. Кейін екінді оқылады. Ал екіндінің уақыты шығуға таяса, қаза болмас үшін, алдымен екіндіні атқарады. Сосын бесіннің қазасын өтейді.
Реттік тәртіп қадағаланбайтын жағдайлар
1. Уақыттың аздығы. Мысалы: Екіндінің уақыты шығып бара жатса, алдымен, екінді оқылады. Кейін бесіннің қазасы өтеледі.
2. Ұмытса. Мысалы: Екінді намазы оқылды. Сосын бесінді қаза еткені еске түсті. Бесіннің қазасын өтейді және екіндіні қайта оқымайды. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(إن اللّه وضع عن أمتي الخطأ والنسيان وما استكرهوا عليه)
«Расында, Аллаһ тағала үмметімді қателесіп істеген, ұмытып істеген және мәжбүрленіп істеген ісі үшін жазаға бұйырмайды»1.
3. Қаза намаздардың саны алтау болса.
Өткізіп алынған намаздың қазасын өтеудің үкімі қандай?
1 - Фиқһ ғұламаларының көпшілігі уәжіп дейді. Мұсылман өткізіп алған парыз намаздарының қазасын ғұмырының кез келген уақытында өтеуіне болады.
2- Имам Әбу Ханифа мен Әбу Юсуптің пәтуәсіндә өткізіп алған намаздың қазасы дереу өтелуі уәжіп. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(من نام عن صلاة أو نسيها فليصلها إذا ذكرها لا كفارة لها إلا ذلك)
«Кім намазды ұйықтап қалса немесе ұмытып кетсе, есіне түскенде оқысын! Өйткені оның кінәсі басқа жолмен өтелмейді»2.
3 - Хайыз бен нифас кезінде намаз әйел кісінің мойнынан түседі және қазасы өтелмейді.
Сол секілді кім бес намаздың уақыты шыққанша есі ауысқан немесе есінен танған жағдайда болса, бұл бес намаз мойнынан түседі және қазасы өтелмейді. Ал бұдан аз уақытта немесе бесінші намаздың уақыты шықпай сауықса, қазаларын өтейді.