Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лшылы фиы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.53 Mб
Скачать

Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар

1 - Парыз намаздарын оқуға тыйым салынатын уақыттарда нәпіл намаз оқу мәруһ.

2 - Таң атқаннан күн шыққанға дейін. Бұл аралықта таң намазының сүннеті ғана оқылады. Негізінде, бұл аралық толығымен таң намазының парызына арналады. Абдулла ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(ليبلّغ شاهدكم غائبكم لا صلاة بعد طلوع الفجر إلا ركعتي الفجر)

«Мені көргендер келмегендерге жеткізсін: таң атқан соң таң намазының екі рәкат сүннетінен басқа намаз жоқ (оқылмайды1.

3 - Екінді намазынан кейін күн батқанша нәпіл намаз оқу мәкрүһ. Сол себептен бұл аралықта кісі өткізіп алған намаздардың қазаларын өтесе, жаназа намазын оқыса, тиләуат сәждесін жасаса, бұл амалдары бұзылмайды. Әбу Саъид Ал-Хұдри, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(لا صلاة بعد صلاة العصر حتى تغرب الشمس ولا صلاة بعد صلاة الفجر حتى تطلع الشمس)

«Екінді намазынан кейін күн батқанша ешқандай намаз оқылмайды және таң намазынан кейін күн шыққанша ешқандай намаз оқылмайды»2.

Сол сияқты таң намазынан кейін күн бір не екі найза деңгейіне көтерілмей нәпіл намаз оқу мәкруһ тахриман.

4 - Ақшам намазының алдында нәпіл оқу мәкрүһ. Бұл ақшам намазын әуелгі уақытынан кешіктірмес үшін. Абдулла ибн Барида, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(إن عند كل أذانين ركعتين ما خلا المغرب)

«Ақшам намазын қоспағанда, басқа парыз намаздарының алдында азан мен қаматтың арасында екі рәкат нәпіл бар (оқуға болады3.

5 - Жұма және айт күндері имам мінбеге көтеріліп, құтпа айтқанда нәпіл оқу мәкрүһ. Ханафи мен мәлики мәзһаптарында имам құтпа айтып тұрғанда мешітке кірген кісінің мүлдем нәпіл намаз оқуына болмайды. Олардың дәлелі: Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(إذا قلت لصاحبك يوم الجمعة: أنصت, و الإمام يخطب فقد لغوت)

«Жұма күні имам хұтба айтып тұрғанда қасыңдағы кісіге: Сөйлемей, тыныш отыр!-деуің бос сөз(ге жатады)»4.

6 - Парыз намазына қамат айтылғанда нәпіл оқу мәкрүһ. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(إذا أقيمت الصلاة فلا صلاة إلا المكتوبة)

«Намазға қамат айтылған кезде парыздан басқасы оқылмайыды»5.

Таң намазын оқуға мешітке кіргенде қамат айтылып жатса, екі рәкат сүннетін тездетіп оқып, парыз намазына қосылады. Айша анамыздан, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:

(ركعتا الفجر خير من الدنيا و ما فيها)

«Таң намазының екі рәкат сүннеті дүние мен ондағы нәрселерден қайырлы»6.

Жамағат намазын өткізіп алудан қорықса, имамға бірден еріп, сүннетті оқымайды. Өйткені нәпіл парыздың мәртебесіне жетпейді.

7 - Айт намазынан бұрын мейлі үйде болсын, мейлі мешітте болсын. Әбу Саъид әл-Хұдри, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(كان النبي صلى اللّه عليه وسلم لا يصلي قبل العيد شيئا فإذا رجع إلى منزله صلى ركعتين)

«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) айт намазының алдында ешқандай намаз оқымайтын. Үйіне келгенде екі рәкат намаз оқитын»1.

8 - Арафа мен Мүздәлифада қосып оқылатын екі намаздың арасында нәпіл оқу мәкрүһ. Жаъфар ибн Мұхаммад, Аллаһ тағала оған разы болсын, әкесінен жеткізді деді:

(أن النبي صلى اللّه عليه وسلم صلى الظهر والعصر بأذان واحد بعرفة ولم يسبح بينهما وإقامتين، وصلى المغرب والعشاء بجمع بأذان واحد وإقامتين ولم يسبح بينهما)

«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) Арафада бір азанмен және екі қаматпен бесін мен екіндіні қосып оқыды. Екеуінің арасында нәпіл оқымады. Ал Мүздәлифада бір азанмен және бір қаматпен ақшам мен құптанды қосып оқыды. Бұл екеуінің арасында да нәпіл оқымады»2.