
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Намаз уақыттары
Мұсылман Аллаһ тағалаға жақындауы үшін бес уақыт парыз намаздай құлшылықты қанша іздесе таппайды. Әркімнің қаншалықты иман келтіргендігі өзіне намаз уақыты кіргенде белгілі болады. Аллаһ тағала парыз намаздарының күнделікті атқарылуына себеп болатын уақыттарды белгіледі. Әр намаз үшін кірер уақыты мен шығар уақыты белгіленген. Намаз уақыты деп, оның кірер уақыты мен шығар уақытының аралығын айтады. Намаз осы аралықта оқылса, атқарылған болады. Бұл аралықтан кешіктіру күнә және ол өткізіп алынған намаз саналады. Оның қазасының өтелуі - парыз.
Уақыттың кіруі намаздың атқарылуына шарт. Намазды уақыты кірмей атқару дұрыс емес. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді:
﴿إِنَّ الصَّلاَةَ كَانَتْ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ كِتَاباً مَّوْقُوتاً﴾
«..Расында, намаз иман келтіргендерге белгілі уақыттарда парыз етілді»1.
Жәбир ибн Абдулла, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) Жебрейіл (алайһи ас-салам) келіп: «Тұр және оны оқы!»-деді. Ол бесін намазын күн аспан биігінен шалқайғанда оқыды. Кейін екінді уақытында келіп: «Тұр және оны оқы!»-деді. Ол екінді намазын әр нәрсе өзінің көлеңкесіндей болғанда оқыды. Кейін ақшам уақытында келіп: «Тұр және оны оқы!»-деді. Ол ақшамды күн батқанда оқыды. Кейін құптан уақытында келіп: «Тұр және оны оқы!»-деді. Ол құптанды шапақ кеткенде оқыды. Кейін таң намазы уақытында келіп: «Тұр және оны оқы!»-деді. Ол таң намазын таң атқанда оқыды. Сосын ертеңіне Жебрейіл (алайһи ас-салам) оған бесін уақытында тағы келіп: «Тұр және оны оқы!»-деді. Ол бесінді әр нәрсенің көлеңкесі өзіндей болып екіндіге таяғанда оқыды. Кейін екінді уақытында келіп: «Тұр және оны оқы!»-деді. Ол екіндіні әр нәрсенің көлеңкесі өзіндей екеу болғанда оқыды. Кейін ақшам уақытында келіп, ақшамды баяғы уақытында оқыды. Кейін құптан үшін түн жарымда немесе түннің үшінші бөлігі өткенде келіп, пайғамбар(саллаллаһу алайһи уа саллам)құптанды оқыды. Кейін таң намазы үшін ағараңда келіп: «Тұр және оны оқы!»-деді. Ол таң намазын оқыды. Кейін Жебрейіл (алайһи ас-салам) оған: «Кешегі мен бүгінгі осы екі уақыт аралығы - намаз уақыты»-деді2.
Бесін намазының уақыты
Уақыты күн аспан биігінен еңкейген кезде кіреді және әр нәрсенің көлеңкесі өзіндей болған кезде шығады. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді:
﴿ أَقِمِ الصَّلاَةَ لِدُلُوكِ الشَّمْسِ ﴾
«Күн аспан биігінен еңкейгенде намаз оқы..»3.
Бесін намазын ыстық күні біраз кешіктірген абзал. Әбу Саъид Ал-Хұдри, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(أبردوا بالظهر فإن شدة الحر من فيح جهنم)
«Бесінді ыстық қайтқанда оқыңдар. Расында, қатты ыстық - жәһәннамның бұрқылдап қайнауынан»4.
Ал салқын күндері, әсіресе, қыста және көктемде бесін намазын әуелгі уақытында оқуға асыққан ұнамды. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(ما رأيت أحداً كان أشد تعجيلاً للظهر من رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم)
«Бесін намазына Аллаһтың елшісінен (саллаллаһу алайһи уа саллам) қаттырақ асыққан ешкімді көрмедім..»5.
Екінді намазының уақыты
Уақыты әр нәрсенің көлеңкесі өзіндей болғанда кіреді және күн батпай шығады. Жазда да, қыста да кешіктіріп оқу ұнамды. Әли ибн Шайбан, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(قدمنا على رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم المدينة فكان يؤخر العصر ما دامت الشمس بيضاء نقية)
«Біз Мәдинаға Аллаһтың елшісіне (саллаллаһу алайһи уа саллам) келгенде екінді намазын күн айнадай аппақ болғанда оқитын»1.
Алайда, екіндіні күн сарғайғанша кешіктіріп оқу мәкруһ тахриман, тіпті, жолаушы мен науқасқа да. Абдулла ибн Ъамру ибн әл-Ъас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(وقت العصر ما لم تصفر الشمس)
«Екіндінің уақыты күн сарғаймайынша шықпайды»2.
Екінді намазын күн сарғайғанша кешіктіріп оқу - мұнапықтардың сипатынан. Анас ибн Мәлик, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін естідім:
(تلك صلاة المنافقين، تلك صلاة المنافقين، تلك صلاة المنافقين، يجلس أحدهم حتى إذا اصفرت الشمس فكانت بين قرني شيطان أو على قرني شيطان قام فنقر أربعاً لا يذكر اللّه فيها إلا قليلاً)
«Ол - мұнапықтардың намазы ғой. Ол - мұнапықтардың намазы ғой. Ол - мұнапықтардың намазы ғой. Олардан әркім күн сарғайғанша отырады. Бұл уақытта күн шайтанның екі мүйізінің арасында немесе екі мүйізінің үстінде болады. Сосын ол төрт рәкатті жер шұқығандай оқып, Аллаһты аз еске алады»3.
Бұлтты күндері екінді намазын ертерек оқыған ұнамды. Барида әл-Әслами, Аллаһ тағала оған разы болсын, айтады: Пайғамбармен (саллаллаһу алайһи уа саллам) бірге бір шайқаста болғанда ол бізге былай деді:
(بكروا بالصلاة في اليوم الغيم فإنه من فاتته صلاة العصر حبط عمله)
«Бұлтты күні намазды ертерек оқыңдар! Өйткені екінді намазын өткізген кісінің амалы зая кетеді»4.
Ақшам намазының уақыты
Уақыты күн батқанда кіреді және шапақтың жоғалуымен шығады. Абдулла ибн Ъамру ибн әл-Ъас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(وقت صلاة المغرب ما لم يغب الشفق)
«Ақшамның уақыты шапақ кетпейінше шықпайды»5.
Ақшам намазын күн батқанда кешіктірмей тездетіп оқу ұнамды. Ъуқба ибн Ъамир, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(لا تزال أمتي بخير - أو على الفطرة - ما لم يؤخروا المغرب إلى أن تشتبك النجوم)
«Үмметімнен жақсылық кетпес үшін - немесе осы дінде жалғаса беруі үшін - ақшам намазын жұлдыздар шоғырланатын уақытқа кешіктірмеуі қажет»6.
Жолаушыға, науқасқа және дайын астан ауыз тигісі келген кісіге ақшам намазын аз уақыт кешіктіруіне болады.
Құптан намазының уақыты
Уақыты қызыл шапақтың кетуімен кіреді және таң атудан бұрын шығады.
Абдулла ибн Ъамру ибн әл-Ъас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(وقت صلاة العشاء إلى نصف الليل)
«Құптанның уақыты түн жарым болмайынша шықпайды»2.
Осы хадистің негізінде құптан намазын түн ортасынан кешіктіріп оқу мәкруһ.
Үтір намазының уақыты
Үтір намазын жатар алдында оқыған абзал. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أوصاني خليلي بثلاث: صيام ثلاث أيام من كل شهر، وركعتي الضحى، وأن أوتر قبل أن أنام)
«Сүйікті пайғамбарым (саллаллаһу алайһи уа саллам) маған үш нәрсені өсиет етті: әр айда үш күн ораза ұстауымды, екі рәкат дұха намазын оқуымды, жатар алдында үтір намазын оқуымды»3.
Таң намазының уақыты
Уақыты таң атумен кіреді және күн шыққанша жалғасады. Абдулла ибн Ъамру ибн әл-Ъас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(وقت صلاة الفجر ما لم يطلع قرن الشمس الأول)
«Таң намазының уақыты күн қалпағы көрінбей шықпайды»4.
Таң намазын азаннан кейін, жер ағараңдай бастағанша азғантай кешіктірген ұнамды. Рафиъ ибн Хадиж, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(أسْفِروا بالفجر فإنه أعظم للأجر)
«Таң намазын жер ағараңдағанда оқыңдар. Мұның сауабы - өте зор»5.
Парыз намаздарын оқуға тыйым салынатын уақыттар
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алайһи уа саллам) хадистерінде намаз оқуға тыйым салынатын уақыттар саны үш уақыт етіп белгіленген. Сондай-ақ бұл үш уақытта мәйітті де жерлеуге тыйым салынады. Олар:
1- Шығып келе жатқан күн бір немесе екі найзаның деңгейіне көтерілмейінше. Өйткені бұл уақыт аралығында күн шайтанның екі мүйізінің арасынан көтеріледі және оған кәпірлер табынады.
2- Күн аспан биігінен еңкеймейінше. Өйткені күн аспан биігінде тұрғанда тозақ жалындап, есіктері ашылады.
3- Сарғайып батып бара жатқан күн ғайып болмайынша. Бұл уақыт аралығында да күн шайтанның екі мүйізінің арасынан батады және оған кәпірлер табынады.
Ъуқба ибн Ъамир, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(ثلاث ساعات كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم ينهانا أن نصلي فيهن. أو أن نَقْبُرَ فيهن موتانا: حين تطْلَع الشمس بازغة حتى ترتفع وحين يقوم قائم الظهيرة حتى تزول الشمس وحين تتضيف الشمس لغروب)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) үш уақытта намаз оқуымызға және мәйіттерімізді жерлеуге тыйым салды: шығып келе жатқан күн көтерілмейінше; күн аспан биігінен еңкеймейінше; батып бара жатқан күн ғайып болмайынша»1.
Имам Әбу Ханифа мен Мұхаммедтің көзқарасында бұл үш уақытта басқа парыз намаздары мен уәжіп намаздарының оқылуы және өткізіп алынған намаздардың қазаларын өтеу мүлде дұрыс емес. Парыз намазын оқып тұрған кісі үш уақыттың біріне кезіксе, бірден намазы бұзылады. Мысалы, кім таң намазын оқып тұрғанда күн шықса, намазы бұзылады. Ал нәпіл намазын оқып тұрған кісі осы үш уақыттың біріне кезіксе, нәпілін жалғастыруы мәкрүһ болғанымен, оқыған намазы дұрыс саналады. Алайда мәкрүһ уақытқа кезіккен нәпіл намазды үзіп, кейін оқыған абзал.
Әбу Юсуптің көзқарасында бұл үш уақытта парыз намаздарын оқу харам емес, мәкрүһ тахриман. Сол себептен кім екіндінің бір рәкатына күн батпай үлгерсе және күн шықпай таң намазының бір рәкатына үлгерсе, екінді намазы да, таң намазы да дұрыс болады. Оның дәлелі: Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(من أدرك من العصر ركعة قبل أن تغرب الشمس فقد أدرك. ومن أدرك من الفجر ركعة قبل أن تطلع الشمس فقد أدرك)
«Кім күн батпай екінді намазының бір рәкатына үлгерсе, екіндіге үлгерді. Кім күн шықпай таң намазының бір рәкатына үлгерсе, таң намазына үлгерді»2.