Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лшылы фиы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.53 Mб
Скачать

Намазды парыз ететін шарттар

1. Мұсылман болу.

2. Кәмелетке толу. Шариғат талабы бойынша бала жеті жасынан бастап намаз оқуға бұйырылады. Оң жасқа толғанда оқымаған намазы үшін таяқталады. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:

(مروا أولادكم بالصلاة وهم أبناء سبع سنين واضربوهم عليها وهم أبناء عشر وفرقوا بينهم في المضاجع)

«Балаларыңа намазды жеті жастарында бұйырыңдар және он жастарында намаз үшін таяқтаңдар. Сондай-ақ оларды (бұл жаста) бөлек жатқызыңдар!»1.

Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:

﴿ وَأْمُرْ أَهْلَكَ بِالصَّلَاةِ وَاصْطَبِرْ عَلَيْهَا

«Отбасыңа намаз (оқуларын) бұйыр! Әрі өзің де оған сабыр ет!»2.

3. Ақыл-есі дұрыс болу. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:

(رفع القلم عن ثلاثة، عن النائم حتى يستيقظ، وعن الصبي حتى يحتلم، وعن المجنون حتى يعقل)

«Қалам үш адамның амалын жазбайды: ұйқыдағы адам, оянғанша; сәби, кәмелетке толмайынша; жын ұрған кісі, есі оралмайынша»3.

Намаз тастаған адамның үкімі

Негізінде намаз кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс әр мұсылманның парызы. Намаз тастаушы дегеніміз - иманның ақиқатын танып және намазды атқарып жүріп, саналы түрде тастаған кісі. Мұндай кісіге қатысты үкім үшеу:

1. Егер ол намазды тастауымен қатар оның парыздығын теріске шығарса, діннен шығады.

2. Егер ол намазды жалқауланып, құмарлығы жеңіп тастаса, пасық болады.

3. Егер ол намазды уақытында оқымаса, күнәқар болады.

«Ал-фиқһ ал-ислами уа адиллатуһу» кітабында доктор Уаһба Аз-Захили былай дейді: «Лә иләһә иллалаһу» деуімен кісі мұсылман болады. Күнәләрінің кесірініен от азабына душар болғанымен, онда мәңгі қалмайды. Мұны пайымдайтын көптеген кесімді дәлелдер бар. Егер ол намазды жалқауланып немесе құмарына жеңіліп тастаса, кәпір болмайды. Бірақ тозақта жазалану мерзімін өтейді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:

(من قال لا إله إلا الله و كفر بما يعبد من دون الله حرم ماله و دمه و حسابه على الله)

Кім: «Лә иләһә иллалаһу»-десе және Аллаһтан басқа пұттарды теріске шығарса, малы мен қанына қол сұғылмайды және оны Аллаһ Өзі есептейді1.

Тағы бір хадисте:

(يخرج من النار من قال لا إله إلا الله و في قلبه وزن شعيرة من خير. و يخرج من النار من قال لا إله إلا الله و في قلبه وزن برة من خير. يخرج من النار من قال لا إله إلا الله و في قلبه مثقال ذرة من خير)

«Лә иләһә иллалаһу»-деген кісі жүрегінде арпа салмағындай жақсылық болса, оттан шығады. «Лә иләһә иллалаһу»-деген кісі жүрегінде бидай салмағындай жақсылық болса, оттан шығады. «Лә иләһә иллалаһу»-деген кісі жүрегінде тозаң салмағындай жақсылық болса, оттан шығады2. .

Әбу Һурайрадан, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:

(إن أول ما يحاسب به العبد يوم القيامة: الصلاة المكتوبة فإن أتمها و إلا قيل: انظروا هل له من تطوع؟ فإن كان له تطوع أكملت الفريضة من تطوعه ثم يفعل بسائر الأعمال المفروضة مثل ذلك)

«Қиямет күні құл, ең алдымен парыз намаз үшін сұралады, егер оны толық атқарған болса. Әйтпесе, қосымша намаздары барма екен, қараңдар,-делінеді. Нәпіл намаздары бар болса, кем парыздарының орны нәпілімен толықтырылады. Кейін басқа да парыз амалдарымен осылай етіледі»3.

Ғибада ибн Ас-Самит, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбарымыздың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(خمس صلوات كتبهن الله على العباد من أتى بهن لم يضيع منهن شيئا استخفافا بحقهن كان له عند الله عهد أن يدخله الجنة و من لم يأت بهن فليس له عند الله عهد إن شاء عذبه و إن شاء غفر له)

«Аллаһ тағала құлдарына бес намазды парыз етті. Кім олардың қақына жеңіл қарамай, ешнәрсесін жоймаған түрде келсе, Аллаһтың қасында оны жәннатқа кіргізетін серт бар. Ал кім оларсыз (парыз намаздарынсыз) келсе, Аллаһтың қасында оны құтқаратын ешқандай серт жоқ. Қаласа, оны азаптайды. Қаласа, оны кешіреді»4.