
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
Араб тілінде намаз "الصلاة" деп айтылады. "الصلاة" сөзінің тілдік мағынасы – дұға.
Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді:
﴿وَصَلِّ عَلَيْهِمْ إِنَّ صَلاَتَكَ سَكَنٌ لَّهُمْ وَاللّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ﴾
Бұл аяттың қазақша мағынасы: «..(Әй, пайғамбар!) олар үшін дұға жаса. Расында, дұға жасауың оларға тыныштық (ұялатады). Сондай-ақ Аллаһ бәрін естуші, бәрін білуші»1.
(الصلاة)- «намаз» сөзінің шариғаттағы мағынасы: Тәкбірмен басталып, сәлем берумен аяқталатын арнайы сөздер мен арнайы қимылдар.
Намаз жалпы парыз, уәжіп және сүннет болып үшке бөлінеді. Бес уақыт намаз парызға, үтір мен айт намаздары уәжіпке, басқа намаздар сүннетке жатады.
Бес уақыт намаз оқудың парыздығына дәлел
Аллаһ тағала былай дейді:
﴿ فَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ وَاعْتَصِمُوا بِاللَّهِ هُوَ مَوْلَاكُمْ فَنِعْمَ الْمَوْلَى وَنِعْمَ النَّصِيرُ ﴾
«..Намаз оқыңдар және зекет беріңдер, әрі Аллаһқа сүйеніңдер. Ол иелерің ғой. Қандай жақсы Ие және қандай жақсы Жәрдемші!»2.
﴿ إِنَّ الصَّلاَةَ كَانَتْ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ كِتَاباً مَّوْقُوتا ﴾
«..Расында, намаз иман келтіргендерге белгілі уақыттарда парыз етілді»3.
Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(بُني الإسلام على خمس: شهادة أن لا إله إلا اللّه وأن محمداً رسول اللّه، وإقام الصلاة، وإيتاء الزكاة، والحج، وصوم رمضان)
«Исламның негізі - бесеу: Аллаһтан басқа тәңірдің жоқтығына және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік беру, әрі намаз оқу, әрі зекет беру, әрі қажылыққа бару, әрі Рамазан оразасын ұстау»4.
Намаздың мақсаты
Намаз - құл мен Аллаһ тағала арасындағы байланыс. Құл намаз арқылы Раббысымен құпия сырласады. Оған төмендеп иіледі, нығметтеріне шүкір етеді. Бұл байланыстан рухани қуат алады. Аллаһ тағала айтқандай:
﴿ قَدْ أَفْلَحَ الْمُؤْمِنُونَ الَّذِينَ هُمْ فِي صَلَاتِهِمْ خَاشِعُونَ ﴾
«Мүміндер құтылды (1). Олар намаздарында бойұсынып (төмендеп) тұрады (2)»1.
Намаз мұсылманды дүниенің бітпейтін әуреліктерінен босатып, жанына тыныштық әкеледі. Жанды нәпсінің қалауынан азат етіп, жүрегін нұрландырады. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді:
﴿ اتْلُ مَا أُوحِيَ إِلَيْكَ مِنَ الْكِتَابِ وَأَقِمِ الصَّلَاةَ إِنَّ الصَّلَاةَ تَنْهَى عَنِ الْفَحْشَاء وَالْمُنكَرِ ﴾
«Кітаптан өзіңе уахи етілгенін оқы және намазға тұр. Негізінде, намаз арсыздық пен жамандықтан қайтарады..»2дейді.
Сонымен қатар намаз мұсылманның өмірін жүйелейді. Ерте тұруға үйретіп, отбасы мен тірлігіне береке әкеледі. Және оның бойына келісімді орындау, уәдеде тұру секілді мақтаулы қасиеттерді егеді.
Намаз қашан парыз болды?
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллаллаһу алайһи уа саллам) елшілік міндеті Қасиетті Меккеде басталған соң, намаз, әуелгі кезде күн шығардан бұрын екі рәкат және күн батардан кейін екі рәкат етіп оқылатындай бейнеде парыз етілді. Кейін Исра мен Миғраж оқиғасында бес уақыт намаз түрінде парыз етілді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(فرض الله على أمتي ليلة الإسراء خمسين صلاة فلم أزل أراجعه و أسأله التخفيف حتى جعلها خمسا في كل يوم و ليلة)
«Аллаһ менің үмметіме Исра түні елу намазды парыз етті. Мен Одан жеңілдетуін қайта-қайта сұрап қоймадым. Сонда бір тәулікте оқылатын намаз санын бесеу қылды»3.
Бұл Хижрадан бір жарым жыл бұрын рамазан айының 17-ші жұлдызында болды. Кейбір ғалымдардың көзқарысында режеп айының 27-ші жұлдызында парыз етілді. Көпшілік екінші көзқарасты ұстанады.
Бастапқы кезде ақшам намазынан басқасы екі рәкат болып парыз етілді. Кейін жолаушы үшін сол бетінде қалдырылып, тұрғылықты адам үшін бесін, екінді және құптан намаздарына тағы екі рәкаттан қосылды.
Түйін: Бес уақыт намазды атқару әр мұсылман үшін парыз айн. Бұл дегеніміз - әркім өзі атқармайынша парыз мүлде мойнынан түспейді және Қиямет күні жазаға бұйырылады. Намаздың парыздығы кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс мұсылманның мойнынан мейлі тұрғылықты, мейлі жолаушы, мейлі науқас, мейлі үйде не жұмыста болсын, өле-өлгенше түспейді. Алайда жолаушы мен науқастың намазына қатысты арнайы үкімдер бар. Оған кейінірек келеміз.