
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Жетінші бөлім: Таяммум
"التيمم"- «таяммум» сөзінің тілдік мағынасы: ниеттену. Ал шариғаттағы мағынасы: «Дәретсіздікті кетіру үшін (судың орнына) таза жер жынысымен тазаруға ниеттену». Анықтап айтқанда, таяммум дегеніміз таза топыраққа ниеттеніп ұрылған екі алақанмен бетті және екі қолды арнайы бейнеде сипау. Таяммум үшін таза топырақты іздеу - міндет. Өйткені бұл әрекет ниетке жатады.
Таяммум - ислам үмметіне ғана тән ерекшелік. Аллаһ тағаланың бұйрығымен таяммум һижраның алтыншы жылында Бану Мусталақ шайқасында рұқсат етілді. Бұған Айша анамыздың, Аллаһ тағала оған разы болсын, алқасын жоғалтып алуы себеп болады. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алайһи уа саллам) талабымен адамдар оны іздеуге кіріседі. Намаздың уақыты кіргенде адамдар дәрет алуға су таппай қалады. Сонда Аллаһ тағала «таяммум» аятын түсіреді. Усайду ибн Хадир, Аллаһ тағала оған разы болсын, Айша анамызға қатысты былай деді: «Әй, Айша, Аллаһ тағала сені рақымына бөлесін! Өзіңе ұнамайтын бір оқиға басыңа түссе болды, Аллаһ тағала сол арқылы мұсылмандарға жеңілдік тудыратын».
Таяммум белгілі шарттарға сай дәрет пен ғұсылдың орнына қолданылады. Таяммумді намаз уақыты кірерден бұрын да, кейін де алуға болады. Таяммуммен парыз намаздары да, нәпіл намаздары да оқылады. Бір алынған таяммум, әрине, егер бұзылмаған болса, бірнеше намазды атқаруға жарамды. Имам Әбу Ханифаның көзқарасында сумен дәрет алған кісіге таяммум алған кісіге ұйып намаз оқуына әбден болады.
Таяммумнің заңдылығына дәлел:
Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿وَإِن كُنتُم مَّرْضَى أَوْ عَلَى سَفَرٍ أَوْ جَاء أَحَدٌ مِّنكُم مِّن الْغَآئِطِ أَوْ لاَمَسْتُمُ النِّسَاء فَلَمْ تَجِدُواْ مَاء فَتَيَمَّمُواْ صَعِيداً طَيِّباً فَامْسَحُواْ بِوُجُوهِكُمْ وَأَيْدِيكُمْ﴾
«..Егер науқас болсаңдар немесе жолға шықсаңдар, сондай-ақ кім түзге отырып келсе, немесе әйелдеріңе жақындассаңдар, сөйтіп су таба алмасаңдар, таза жер қыртысымен таяммум алыңдар: беттеріңе және қолдарыңа мәсх жасаңдар»1.
Жабир ибн Абдалла, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(أُعْطيتُ خمساً لم يُعْطَهنَّ أحد قبلي، نُصِرت بالرّعب مسيرة شهر وجُعلت لي الأرض مسجداً وطَهُوراً فأيُّما رجل من أمتي أدركته الصلاة فليصلِّ، وأُحِلَّت لي المغانم ولم تحلَّ لأحد قبلي، وأُعطيت الشفَّاعة، وكان النبي يُبعث إلى قومه خاصة وبُعثت إلى الناس عامّة)
«Маған менен бұрынғыларға берілмеген бес нәрсе берілді: жауымның жүрегіне бір айлық жерден қорқыныш салыну жәрдеміне ие болдым; жер маған мешіт және таза қылынды, сондықтан менің үмметімнен болған адамды намаз қай жерде кезіктірсе, сол жерде оны оқысын; маған олжалар адал етілді, ал менен бұрынғыларға адал етілмеген еді; маған шапағат ету берілді; әр пайғамбар өз қауымына ғана жіберілген еді, ал мен барлық адамдарға жіберілдім»2.
Дәрет пен ғұсыл орнына таяммумді қолдану себебі: дәретсіз және ғұсылсыз орындауға тыйым салынатын істің су болмаған жағдайда орындалу қажеттілігі таяммумнің қолданылуына себеп болады.
Имран ибн Хасин, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) адамдармен бірге намаз оқымай шеттеп жүрген бір кісіні көріп, одан:
(يا فلان، ما منعك أن تصلي في القوم. فقال: يا رسول اللّه، أصابتني جنابة ولا ماء قال: عليك بالصعيد فإنه يكفيك)
«Ей, пәленше! Адамдармен бірге намаз оқуыңа не кедергі болды?»-деп сұрайды. Ол: «Ей, Аллаһтың елшісі! Жүніп болып қалдым және су болмады»-дейді. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) оған: «Саған таза топырақпен таяммум алу керек. Әрине, ол (жүніптен) тазалануыңа жеткілікті»3.
Таяммумды рұқсат ететін себептер
Бірінші себеп. Судың мүлдем немесе жеткілікті болмауы. Судың 1миль1 қашықтықта болуы. 1миль қашықтық дегеніміз - шамамен 1847м. Сондыөтан таяммум алушы кісі, алдымен су іздеп, ең азы 1847м жүруі шарт. Егер су таппаса және жеткілікті қаражаты болса, суды сатып алу жолын қарастыруы шарт. Су мүлдем табылмаса, таяммум алуы рұқсат етіледі. Өйткені Аллаһ тағала: «...сөйтіп су таба алмасаңдар, таза топырақпен таяммум алыңдар»2-деді.
Екінші себеп. Науқас болу. Аллаһ тағала: «..Егер науқас болсаңдар......сөйтіп су таба алмасаңдар, таза топыраққа таяммум алыңдар»3-деді. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: «Науқасқа таза топырақпен таяммум алуы рұқсат етілді». Бұл себепке қосымша жағдайлар:
күннің немесе судың суықтығынан ауырып қалудан қорықса;
аурудың асқынуынан қорықса;
емді кешіктіретін болса (тәжірибе бойынша немесе дәрігердің айтуы бойынша);
операциядан кейін суды қолдану үшін орнынан тұруға шамасы келмейтін кісіге;
паралич және мүгедек жағдайдағы адамға, егер дәрет алғызатын адам таба алмаса;
дәрет алуға да, тайаммум алуға да біреудің көмегімен болмаса, өздігінен шамасы келмейтін науқасқа.
- денесі жартылай немесе көп бөлігі жарақатты болған кісі. Мысалы, басы, жүзі және қолдары жарақаттанған кісі таяммум алады. Денесінің көп бөлігі сау болса, сау бөлігі жуылып, жарақатты бөлігіне қолмен мәсх жасалады. Егер мәсх жасау зиянды болса, оны да істемейді. Іші жарақаттанған кісі тайаммум алады.
- суық күні суды ысытуға еш мүмкіндік болмаған жағдайда.
Ъамру ибн Ъас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(احتلمت في ليلة باردة، في غزوة ذات السلاسل، فأشفقت إن اغتسلت أن أهلك فتيممت ثم صليت بأصحابي الصبح، فذكروا ذلك للنبي صلى اللّه عليه وسلم ، فقال: (يا عمرو صليت بأصحابك وأنت جنب؟) فأخبرته بالذي منعني من الاغتسال وقلت: إني سمعت اللّه يقول: {ولا تقتلوا أنفسكم إن اللّه كان بكم رحيماً} فضحك رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم ولم يقل شيئاً)
«Зәт ас-Саласил шайқасында суық түні бой дәретсіз болып қалдым. Ғұсыл құйынсам, құримын-ау4 деп қорықтым. Сөйтіп, таяммум алып, бауырларыммен таң намазын оқыдым. Олар бұны пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) білдірді. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) маған: «Ей, Амру, жүніп бола тұра достарыңмен намаз оқығаның қалай?»-деді. Мен оған мені ғұсыл құйынудан не тоқтатқанын хабарлап: «Расында, мен Аллаһ тағаланың: «Өздеріңді өлтірмеңдер! Әлбетте, Аллаһ сендерге мейірімді»-дегенін естідім»-дедім. Сонда Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) күлді де ешнәрсе демеді5.
Үшінші себеп. Дәретсіз немесе жүніп болған кісі жаназа намазы мен айт намаздарын өткізіп алудан қорықса, бұл намаздарға таяммум алып қатысуына болады. Өйткені бұл намаздар қайта оқылмайды. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, бір жаназаға келгенінде дәреті болмағандықтан таяммум алып, жаназа намазын оқиды1.
Таяммумді дұрыс ететін шарттар:
1. Ниет. Таяммумнің дұрыстығы үшін ниеттің болуы шарт. «Неге ниет дәреттің дұрыстығы үшін шарт емес, ал таяммумнің дұрыстығы үшін шарт?»-деген сұрақтың жауабы: «Өйткені су табиғаты бойынша тазарту қасиетіне ие. Мысалы, кім өзенге тазару ниетімен емес, малту ниетімен сүңгіп шықса, бой дәретті болып шығады. Ал топырақ болса, керісінше, былғайды. Сондықтан топырақпен тазару ниетпен қабаттаспаса болмайды. Таяммумға ниет екі алақанды таза топыраққа ұрар кезде жасалады.
2. Таяммумды рұқсат ететін себептің болуы.
3. Таяммумның таза жер қыртысымен алынуы. Аллаһ тағала былай деді:
﴿فَتَيَمَّمُواْ صَعِيداً طَيِّباً﴾
«..таза жер қыртысымен таяммум алыңдар..»2.
Имам Әбу Ханифа мен Мұхаммед, Аллаһ тағаланың оларға рахымы болсын, былай деді: «Топырақ, шаң, құм, тас, гипс, әк, сүрме ұнтағы, күшән (мышьяк) секілді жер қыртысынан болған бүкіл нәрсемен таяммум алуға болады. Тіпті олардың үстінде шаң болмаса да. Аяттағы жер қыртысы дегеніміз жер бетінің атауы болғандықтан, тек топырақ қана көзделмейді, керісінше жердің бүкіл бөліктері көзделеді». Таспен таяммум алу үшін, үстінде шаң болуы шарт емес. Ұрғанда қолға шаңы ілінбейтін ылғалды топырақпен де, сор (тұзды) топырақпен де таяммум алуға болады. Сонымен қатар шаңмен де таяммум алуға болады. Мысалы, екі қолды бойына шаң жинаған нәрсеге ұрып, шаң көтерумен де таяммум алуға болады3.
4. Бет пен екі қолды сипау. Таяммумнің дұрыстығы үшін қолдағы сақина мен білезік секілді әшкейлер кең болса да, шешілуі уәжіп. Саусақтардың арасы тарамдалу қажет. Таяммум дәрет орнына жүретін болғандықтан, дәреттегі бет пен қолға қатысты шарттар таяммумнің дұрыстығы үшін де қатысты.
5. Таяммум алынатын мүшелерге алақан бүтіндей тиюі қажет.
6. Екі алақан жер қыртысына екі рет ұрылады.
7. Хайыз бен нифастың тоқтауы.
8. Терінің бойында мәсх жасауға кедергі болатын май тәріздес нәрселердің кетірілуі.
Таяммумның парыздары
Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай деді:
﴿فَتَيَمَّمُواْ صَعِيداً طَيِّباً فَامْسَحُواْ بِوُجُوهِكُمْ وَأَيْدِيكُمْ﴾
«Таза жер қыртысымен таяммум алыңдар: беттеріңе және қолдарыңа мәсх жасаңдар..»4. Осы аяттың негізінде таяммумнің парыздары екеу:
1. Бетті сипау.
2. Екі қолды шынтаққа дейін сипау.
Әбу Жаһм, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أقبل رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم من بئر جمل إما من غائط أو من بول. فسلمت عليه فلم يرد علي السلام. فضرب الحائط بيده ضربة فمسح بها وجهه، ثم ضرب أخرى فمسح بها ذراعيه إلى المرفقين ثم رد علي السلام)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) түзге отырған соң Жамал құдығының қасына келді. Мен оған сәлем бердім. Ол маған сәлем қайырмады. Ол (саллаллаһу алайһи уа саллам) екі алақанын дуалға бетіне ұрып, бетіне мәсх жасады. Кейін екі алақанын тағы ұрып, екі қолына шынтақтарына дейін мәсх жасады. Кейін маған сәлем қайырды1.
Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(التيمم ضربتان، ضربة للوجه، وضربة لليدين إلى المرفقين)
«Таяммум екі ұрумен жасалады. Біріншісі - бетке мәсх жасау үшін, ал екіншісі - екі қолға шынтақтарға дейін мәсх жасау үшін»2.
Таяммумның жасалу жолы
Имам Әбу Юсуф ұстазы Имам Әбу Ханифадан таяммумның жасалу жолын сұрағанда имам оған былай жауап береді: «Таяммумға ниет қылған кісі, алдымен, жер қыртысына бір мәрте екі алақанын ұрады. Ондағы жабысқан нәрселерді үріп немесе сілкіп түсіреді де екі алақанымен бетін сипайды. Кейін жер қыртысына екі алақанын екінші мәрте ұрады. Ондағы жабысқан нәрселерді үріп немесе сілкіп түсіреді де сол қолының төрт саусағымен оң қолының сыртқы жағын - саусақтардың басынан шынтаққа дейін бір сипап өтеді. Кейін алақанымен қолының ішкі жағын сипап өтеді. Сол қолының бас бармағының ішкі жағымен оң қолының бас бармағының сыртын сипап өтеді. Кейін сол қолымен де осылай істейді».
Таяммумнің сүннеттері
1. «Бисмиллә»-ні айту.
2. Рет тәртібі: алдымен бет, кейін қол.
3. Оң қолдан бастау.
4. Алақанға жабысқан нәрселерді үріп немесе сілкіп түсіру. Абдрахман ибн Абза әкесінен, Аллаһ тағала оларға разы болсын, былай деді:
(أن النبي صلى اللّه عليه وسلم ضرب بكفيه الأرض، ونفخ فيهما، ثم مسح بهما وجهه وكفيه)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) екі алақанын жерге ұрды және (жабысқан нәрсені түсіру үшін) ол екеуіне үрді. Кейін беті мен қолдарын сипады»3.
5. Саусақтар арасының ашық болуы.
6. «Су табылып қалар»-деген үмітпен таяммумді намаздың соңғы уақытына дейін кешіктіру. Әли, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(إذا أجنب الرجل في السفر تلوَّم ما بينه وبين آخر الوقت، فإن لم يجد الماء تيمم وصلى)
«Сапарға шыққан кісі (намаз уақыты кіргенде) бой дәретсіз болып қалса, (су табыла ма деген үмітпен) намаздың кірген уақыты мен соңғы уақытының арасын күтсін. Егер су табылмаса, таяммум алып, намазын (соңғы уақытында) оқысын»4.
Таяммумды бұзатын нәрселер
1. Дәрет пен ғұсылды бұзатын нәрселер таяммумді де бұзады.
2. Таяммумді рұқсат ететін себептің жойылуы.
3. Намаз оқып тұрғанда су табылса, намаз бұзылады. Су намаз оқылған соң табылса, намаз бұзылмайды және қайтадан оқылмайды. Нафиъ, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(تيمم ابن عمر على رأس ميل أو ميلين من المدينة فصلى العصر فقدم والشمس مرتفعة فلم يعد الصلاة)
«Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Мәдинадан бір немесе екі миль жерде (су болмағандықтан) таяммум алып, екінді намазын оқыды. Мәдинаға жеткенде күн әлі батпаған болатын, алайда намазын қайта оқымады»1.