Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лшылы фиы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.53 Mб
Скачать

Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі

Имам Әбу Ханифаның, Аллаһ тағаланың оған рақымы болсын, әуелгі көзқарасында әдеттегі шұлықтың үстіне мәсх жасауға болмайды. Өмірінің соңғы уақытында Әбу Юсуп пен Мұхаммедтің көзқарасын қолдап, ауырған кезінде аяқтарын жуудың орнына шұлықтарының үстіне мәсх жасайды. Жағдайын сұрауға келген адамдарға былай дейді: «Адамдарға рұқсат етпеген нәрсені бүгін істеудемін». Ханафи мәзһабінің ғұламалары имамның бұрынғы пәтуасынан қайтқандығына осы сөзін дәлел етеді. Сөйтіп, ханафи мәзһабінде шұлыққа мәсх жасау мәселесіне қатысты Әбу Юсуп пен Мұхаммедтің көзқарасына негізделген пәтуа: «Шұлық аяқ терісіне жарық түсірмейтін қалың әрі берік матадан тігілсе, оның үстіне мәсх жасауға болады»1. Өйткені пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) шұлықтарының үстіне мәсх жасаған. Мұғира ибн Шаъба, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(أن رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم توضأ ومسح على الجوربين والنعلين)

«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) дәрет алды және шұлықтары мен шәркейлерінің (сандалдарының) үстіне мәсх жасады»2.

Сөйтіп, үстіне мәсх жасауға болатын шұлықтың шарттары:

1. Қалың әрі берік матадан тігілген болуы немесе жүннен тоқылған болуы.

2. Бір фарсах3 қашықтықты жүруге жарауы.

3. Астынан аяқ терісінің көрінбеуі.

4. Аяққа жабысып тұруы және тобықты толық жабуы.

5. Үсті мен табаны былғарымен қапталған болуы, немесе өзі жұқа былғарыдан болуы, немесе сыртынан аяқкиімнің киілуі.

Ұзақ қашықтық жүруге жарамайтын, аяқ терісін жасырмайтын, жарық өткізетін жұқа шұлыққа мәсх жасау Құран мен сүннеттің негізінде ешбір мәзһапта рұқсат етілмейді.

Таңғыштың үстіне мәсх жасау

Дене мүшелерінің бірі жарақаттанған немесе сынған кісі жууға шамасы келмегендіктен таңғыштың немесе гипстің үстіне мәсх жасауына болады. Әли, Аллаһ тағала оған разы болсын, айтады:

)انكسرت إحدى زَنْدَيَّ فسألت النبي صلى اللّه عليه وسلم (فأمرني أن أمسح على الجبائر)

«Білек сүйектерімнің бірі сынғанда пайғамбардан (саллаллаһу алайһи уа саллам) (ол жайында) сұрадым. Ол маған таңғыштың үстіне мәсх жасауыма бұйырды»4.

Мәсінің үстіне мәсх жасау мен таңғыштың үстіне мәсх жасаудың парқы

1. Таңғыш таңылатын мүшенің дәретті болуы шарт емес. Ал мәсі үшін шарт.

2. Таңғышқа тартылатын мәсхтің мерзімі шектелмеген. Ал мәсінің мерзімі шектеулі.

3. Бір аяқта жара болып, екіншісі сау болса, жаралы аяқтағы таңғыштың үстіне мәсх жасалып, сау аяқ жуылады.

4. Жара жазылмай тұрып таңғыш шешіліп қалса, мәсхтің күші жойылмайды. Алайда жара жазылған соң шешіліп қалса, мәсхтің күші жойылады.

5. Таңғыштың үстіне мәсх дәрет пен ғұсылдың кезінде жасалса, мәсінің үстіне ғұсыл кезінде жасалмайды.

6. Таңғыштың үстіне мүшені жууға шама келмейтін кезде ғана мәсх жасалады. Ал мәсінің үстіне сау кезде де жасауға болады.

7. Мәсх жасалған соң таңғыш суланып қалса, таңғыштың жаңартылуымен мәсх жаңартылмайды.

Сондай-ақ дененің ауырып тұрған кез келген жеріне судың тиюі зиянды болса, ол жерді жумай, орнына қолмен мәсх жасауға болады.