
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Дәретті бұзатын нәрселер
1. Түзге отыру және жел шығу. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай деді:
﴿أَوْ جَاء أَحَدٌ مِّنكُم مِّن الْغَآئِطِ﴾
«..не сендерден біреу іш босатып келсе..»6.
2. Жел шығу. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(لا تقبل صلاة من أحدث حتى يتوضأ)
«Дәреті бұзылған кісі қайта дәрет алмайынша намазы қабыл болмайды».
قال رجل من حضرموت: ما الحدث يا أبا هريرة؟ قال: )فساء أو ضراط(
Сонда Хадрамауттан келген бір кісі: «Әй, Әбу Һурайра! Дәреті бұзылған дегеніміз не?»-деп сұрайды. Ол: «Естілетін жел мен естілмейтін жел»-деп жауап береді1.
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елішісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(لا وضوء إلا من صوت أو ريح)
«Желдің даусы естілмейінше немесе иісі сезілмейінше дәрет алынбайды»2.
3. Мәзи3 және уәди суларының бөлінуі. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Аллаһтың елшісінен (саллаллаһу алайһи уа саллам) адамнан бөлінетін мәзи суынан кейін не істеу керектігі жайында сұралғанда ол:
(توضأ وانضح فرجك)
«Дәрет ал да мүшеңе су сеп»-дейді4.
Ибн Масъуд, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
)الودي الذي يكون بعد البول فيه الوضوء(
«Уәди дегеніміз - зәрден кейін бөлінетін су. Ол үшін дәрет алу қажет»5.
4. Жыныс жолдарынан тас немесе құрт шығуы. Ата ибн Рабахтан артқы жыныс жолынан құрт шыққан кісінің дәреті жайында сұралады. Ол: «Дәрет алуы керек»-деп жауап береді6.
Сондай-ақ артқы жыныс жолына урологиялық массаж үшін кіргізілген саусақтың немесе қызу өлшейтін аспаптың басында дым көрінсе, дәрет бұзылады. Дым көрінбесе, дәрет бұзылмайды. Дымның бар не жоғы мақтамен тексеріледі. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(الوضوء مما خرج وليس مما دخل)
«Артқы жыныс жолынан бір нәрсе шықса ғана дәрет алынады. Ал кіріп шыққан нәрсе үшін дәрет алынбайды»7. Артқы жыныс жолынан тас немесе құрт шықса, дәрет бұзылады.
Әйел адам белгілі бір себептерге қатысты дәретін сақтау үшін, бөлінетін су сыртқа шықпасын деген ниетпен қынабының аузына мақта салып қойса, кейін мақтаның сырттағы ұшынан дымқылдық көрінсе, дәреті бұзылады. Алайда мақтаның ішкі жағы ғана дымқылданып, сырты құрғақ болса, дәреті бұзылмайды.
5. Дене мүшелерінен қан, сарысу және ірің бөлінсе. Жараның аузынан қан ақса, мұрын қанаса, дәрет алынады. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(الوضوء من كل دم سائل)
«Қандай қан ақсын, дәрет алу керек»8.
Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(من أصابه قيء أو رعاف أو قَلْس أو مذي فلينصرف فليتوضأ)
«Кім құсса, немесе мұрны қанаса, немесе лоқсыса, немесе одан мәзи бөлінсе, дереу барып дәрет алсын..»1.
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
)ليس فى القطرة ولا فى القطرتين من الدم وضوء إلا أن يكون دما سائلا(
«Тоқтамай аққан қан болмаса, бір не екі тамшы тамған қан үшін дәрет алынбайды»2.
Жараның аузынан қан мен ірің араласпаған су шықса, дәрет бұзылмайды. Жараның аузына оралған таңғыштың бетіне шыққан қан сыртқа ақпаса, дәрет бұзылмайды.
Қан, сарысу немесе ірің жараның аузынан шықпаса, дәрет бұзылмайды. Сонымен қатар қан жара аузынан сәл ғана шығуымен тоқтаса, дәрет бұзылмайды. Алайда жараның аузынан асып ақса, бұзылады. Терінің астына қан ұйып қалса, дәрет бұзылмайды.
Сығылған безеуден су немесе қан ақса, дәрет бұзылады. Қан немесе су ақпаса, дәрет бұзылмайды.
Жараның аузынан шыққан қан мақтамен сүртілген сайын қайта-қайта шыға беретін болса, қанды сүртпей сәл күту қажет. Жара қанай берсе, дәрет бұзылады. Қан жара аузынан аспай тоқтап қалса, дәрет бұзылмайды. Бірақ басқа нәрселерді былғамауы үшін, жараның аузына бірнәрсені таңып алу қажет. Дененің бір жеріне маса қонып, қан сорған болса, дәрет бұзылмайды.
Зат ар-Руқаъ шайқасында намазда тұрған сахабалардың біріне садақ оғы тиіп, жарасының аузы қанай бастайды. Қанның ағуына қарамастан ол рүкуғ, сәжде жасап намазын жалғастыра береді3. Негізінде, оның бұл ісін жаралы жағдайы, яғни қанының жуғарақта тоқтамауы ақтайды. Табиғундар ішіндегі әйгілі тұлғалардың бірі Хасан ал-Басридің айтуынша, сахабалар қанап тұрған жараларына қарамай намаздарын оқи беретін4. Мұның жауабы: жараның аузынан аққан қан біразға дейін тоқтамаса, ондай кісінің намаз оқи беруі еш айыпталмайды. Өйткені оның жағдайы шариғатта «маъзур», яғни «айыпсыз» саналады. Мұндай үкімдегі адамның жарасы тоқтамай қанаса, дәреті бұзылмайды. Сондай-ақ Хасан ал-Басридің сөзінде сахабалардың намазда аққан қандарын керек қылмай тұра бергендері көзделмейді, алайда қандарының жуғарақта тоқтамауынан намаздарын оқи бергендері көзделуде.
6. Ауыз толтыра шыққан құсық. Ауыз тола құсылған нәрсе мейлі тамақ, мейлі су, мейлі қан болсын, сондайақ құрамы өзгерсін, өзгермесін, бәрібір дәрет бұзылады. Әбу әд-Дарда, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(إن رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم قاء فتوضأ)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) құсты да дәрет алды»5.
Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(من أصابه قيء أو رعاف أو قَلْس أو مذي فلينصرف فليتوضأ)
«Кім құсса, немесе мұрны қанаса, немесе лоқсыса, немесе одан мәзи бөлінсе, дереу барып дәрет алсын..»6.
Ауыз тола құсу дегеніміз - құсықтың ауыз қуысына симауы.
Асқазаннан келген құсық - нәжіс. Асқазанға жетпей шыққан құсық нәжіс емес. Өйткені ол анасының төсін еміп отырып, лоқсыған нәрестенің құсығы секілді.
7. Тістен немесе ауыздан шыққан қан түкіріктің басым көлемін құраса. Ауыздан шыққан қан асқазаннан немесе бастан келген болса, тіпті, аз көлемде болса да, дәрет бұзылады. Нан, жеміс немесе көкөністі тістегенде олардың бойынан қан көрінсе, дәрет бұзылмайды. Сол сияқты тіс тазалаған кезде тіс тазалағыштың қылшақтарынан қан көрінсе, дәрет бұзылмайды. Алайда тіс түптерінен немесе ұртты тістеп алғандықтан шыққан қан түкіріктің түсін қанға бояса, дәрет бұзылады. Сіңбірген кезде мұрыннан кеуіп қалған қан шықса, дәрет бұзылмайды.
8. Денеден қан алдыру үшін сүлік пайдаланылса, дәрет бұзылады. Шприцпен қан алынса, дәрет бұзылады. Сол сияқты хижама1 да дәретті бұзады. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(الوضوء من كل دم سائل)
«Қандай қан ақсын, дәрет алу керек»2.
Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(جاءت فاطمة بنت أبي حبيش إلى رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم فقالت: يا رسول اللّه إني امرأة أستحاض فلا أطهر. أفأدع الصلاة. قال: (لا. إنما ذلك عرق وليس بالحيضة. اجتنبي الصلاة أيام محيضك ثم اغتسلي وتوضئي لكل صلاة وإن قطر الدم على الحصير)
Пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) Әбу Хабиш қызы Фатима келіп: «Әй, Аллаһтың елшісі, расын айтсам, менде истихада қаны келетін әйелмін және одан тазара алмаймын. Сонда намаз оқымаймын ба?»-деп сұрайды. Ол: «Жоқ, ол айтып тұрғаның етеккір емес, алайда жатырдан тыс орналасқан тамырдан келетін қан. Еттекірің келген бетте намазға жақындама. (Қашан етеккіріңнің уақыты бітсе, келіп жатқан қаннан) жуынып, намазыңды оқы. Сондай-ақ әр намазыңа дәрет алатын бол, тіпті (намазда тұрғаныңда) ши тоқыманың үстіне қан тамса да»-дейді3.
9. Ұйқы. Әли, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(وكاء السَّه العينان، فمن نام فليتوضأ)
«(Ояу болғандағы) екі көз - артқы жыныс жолын (желдің шыққан, шықпағанын) бақылаушы. (Сондықтан) кім ұйықтаса, дәрет алсын»4.
Муъауия, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(العين وكاء السَّه ، فإذا نامت العينان استطلق الوكاء)
«Көз - артқы жыныс жолын бақылаушы. Көздер ұйқыға кетсе, бақылау үзіледі»5.
Адам ешнәрсеге сүйенбестен жерде немесе аттың үстінде денесіне ие болатындай күйде ұйқыға кірсе, дәреті бұзылмайды. Буындары босап, денесіне ие бола алмай қалса, дәреті бұзылады. Намаз үстінде қиямда, немесе рүкуғта, немесе сәждеде көзі ілініп кеткен кісінің дәреті бұзылмайды. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
)ليس على من نام ساجدا وضوء حتى يضطجع فإنه إذا اضطجع استرخت مفاصله(
«Сәждеде көзі ілініп кеткен кісінің дәреті жерге жатып қалмайынша бұзылмайды. Өйткені жерге жатуымен буындары босап, (нағыз ұйқыға кетеді)»1.
Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
)كان أصحاب رسول الله صلى الله عليه و سلم ينتظرون العشاء فينامون قعودا ثم يصلون و لا يتوضؤون(
«Сахабалар мешітте құптан намазын күтіп отырғанда отырған күйлерінде ұйықтап кететін. Кейін дәрет алмастан намаздарын оқи беретін»2.
Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
)رأيت النبي صلى الله عليه و سلم نام ساجدا حتى غط أو نفخ ثم قام يصلي فقلت: يا رسول الله صلى الله عليه و سلم إنك قد نمت؟ قال: "إن الوضوء لا يجب إلا على من نام مضطجعا فإنه إذا اضطجع استرخت مفاصله"(
«Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) сәждеде ұйықтап кеткенін көрдім, тіпті қорылдаған еді. Кейін қиямға көтеріліп намазын оқи береді. Мен оған: «Әй, Аллаһтың елшісі, сіз ұйықтап кеттіңіз ғой?»-деп едім, ол: «Жерге жатып ұйықтаған кісіден басқаға дәрет алу уәжіп емес. Ал жерге жатқанда буындар босайды (ұйқыға кетеді)»-деп жауап береді3. Бұл хадистер бойынша жеңіл ұйқы дәретті бұзбайды.
10. Қарқылдап күлу. Егер намазда тұрған кісі жамағат еститіндей дауыспен күлсе, дәреті де, намазы да бұзылады. Маъбадтің айтуынша, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) жамағатпен намаз оқып тұрады. Соқыр кісі мешітке кіргенінде кішкене шұңқырға сүрініп құлап қалады. Мұны сезіп қалған адамдар намаз үстінде қарқылдап күліп жібереді. Намаздан кейін пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дейді:
(من كان منكم قهقه فليعد الوضوء والصلاة)
«Сендерден кім қарқылдап күлсе, дәретін қайта алып, намазын қайта оқысын»4.
Намазда тұрған кісінің күлкісін жанындағы кісілер естімесе, оның дәреті бұзылмайды, бірақ намазын қайта оқиды. Намазын аяқтауға сәлем беріп жатқан кісі қарқылдап күліп жіберсе, дәреті бұзылып, намазы бұзылмайды. Өйткені сәлем - намаздың соңы.
11. Есінен талғанда, жындылық ұстағанда, сондай-ақ ес кетіретін, мас қылатын нәрсені қабылдаумен ес кеткенде немесе мас болғанда.
Дәретті бұзбайтын жағдайлар:
1. Қан шыққан жерінен асып ақпаса.
2. Дене мүшесінен ет немесе тері үзіліп түсіп, қан ақпаған болса.
3. Дененің жыныс жолдарынан басқа жерінен құрт шықса.
4. Әуретке қолдың тиюі. Әлидің айтуынша, Аллаһ тағала оған разы болсын, бір кісі келіп, пайғамбардан (саллаллаһу алайһи уа саллам): «Ей, пайғамбар! Дәрет алған соң, адам өзінің ұятты жерін ұстаса, не болады?»-деп сұрағанда былай жауап береді:
(هل هو إلا مضغة منه أو قال: بضعة منه)
«Ол оның бір бөлігі емес пе?»-деп жауап береді5.
Омар, Әли, Ибн Масъуд, Зайд ибн Сәбит, Хузайфа ибн ал-Йаман, Әбу ад-Дарда және Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оларға разы болсын, бұл сахабалардың көзқарасында ұятты жерді ұстау дәретті бұзбайды. Тіпті Әлидің, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай дегені бар: «Мүшемді ұстағаным не, мұрнымның ұшын ұстағаным не, бәрібір»1.
5. Жұбайын құшақтау немесе сүю. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن النبي صلى اللّه عليه وسلم قبّل امرأة من نسائه، ثم خرج إلى الصلاة، ولم يتوضأ)
«Пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) әйелдерінің бірін сүйіп, намазға шыққанында дәрет алмаған еді»2.
Құшақтасу немесе сүйісу нәтижесінде ерлі-зайыптылардың қайсысынан мәзи бөлінсе, соның дәреті бұзылады.
6. Құсық, ауыз толмаған болса.
7. Қақырық пен кекірік.
8. Қалғып кету. Анастың айтуынша, Аллаһ тағала оған разы болсын, сахабалар мешітте құптан намазын күтіп отырған кездерінде ұйықтап кететін, кейін дәрет алмастан на-маздарын оқи беретін»3.
Намаз оқып тұрған кісі қиямда, рүкуғта көзі ілініп кетсе, дәреті бұзылмайды. Ал сәжде кезінде көзі ілінсе, шынтақтары ашық көрінуі және ішінің екі санынан ажырап тұрған болуы шарт. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
)ليس على المحتبي النائم ولا على القائم النائم ولا على الساجد النائم وضوء حتى يضطجع فإذا اضطجع توضأ(
«(Ешнәрсеге сүйенбей) отырып ұйықтаушыға, түрегеп ұйықтаушыға және сәждеде ұйықтаушыға, жатып ұйықтамайынша дәрет алуы уәжіп емес. Ал жатып ұйықтаса дәрет алады»4.