Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лшылы фиы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.53 Mб
Скачать

Дәреттің мәкруһаттары

1. Суды ысырап ету мәкруһ танзиһан. Ъамру ибн Ъас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) дәрет алып отырған Саъдтің қасынан өтіп бара жатып: «Мынау не деген ысырапшылдық!» дейді. Ол: «Дәрет алуда да ысырап бар ма?»-деп сұрайды. Ол (саллаллаһу алайһи уа саллам):

)نعم وإن كنت على نهرٍ جارٍ)

«Әрине! Ағып жатқан өзеннің қасында отырсаң да (суды ысырап қылма)»-дейді4.

2. Дене мүшелерін үш мәртеден асырып немесе кемітіп жуу мәкруһ танзиһан. Өйткені, бұл сүннетке қайшы. Ъамру ибн Шуъайп әкесінен, ал әкесі атасынан жеткізді: Бір кісі пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) келіп:

)يا رسول اللّه كيف الطَّهور؟ فدعاء بماء في إناء، فغسل كفيه ثلاثاً، ثم غسل وجهه ثلاثاً، ثم غسل ذراعيه ثلاثاً، ثم مسح برأسه فأدخل أصبعيه السبَّاحتين في أذنيه ومسح بإبهامه على ظاهر أذنيه وبالسباحتين باطن أذنيه، ثم غسل رجليه ثلاثاً ثلاثاً، ثم قال: هكذا الوضوء فمن زاد على هذا أو نقص فقد أساء وظلم(

«Аллаһтың елшісі, дәрет қалай алынады?»-деп сұрайды. Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) дереу құманмен су алдыртып, алдымен, қолдарын үш мәрте жуады. Кейін бетін үш мәрте жуады. Кейін білектерін үш мәрте жуады. Кейін басына мәсх жасайды. Кейін сұқ саусақтарын құлақтарының іштеріне кіргізеді. Құлақтарының сыртқы жағына бас бармақпен, ал ішкі жағына сұқ саусақпен мәсх жасайды. Кейін аяқтарын үш мәрте жуады. Сосын былай дейді: «Дәрет осылай алынады. Кім бұдан асырса немесе кемітсе, нашар және теріс істеген болады»1.

3. Дене мүшелерін жуғанда суды тым үнемдеу мәкруһ танзиһан. Дене мүшелерін сулы қолмен сипалап емес, су құйып отырып жуу керек. Дене мүшелерінен судың тамып тұрғаны көрінуі қажет. Талханың атасы, Аллаһ тағала оларға разы болсын, былай деді:

(دخلت - يعني على النبي صلى اللّه عليه وسلم - وهو يتوضأ والماء يسيل من وجهه ولحيته على صدره)

«Пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) барған едім. Ол дәрет алып отыр екен. Су беті мен сақалынан кеудесіне тамып жатты»2.

4. Дәрет алғанда сөйлесу мәкруһ танзиһан. Өйткені ол - намаздың кілті. Алайда, Аллаһ тағаланы еске алып дұға қылуына болады. Әбу Һурайрадан, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) дәрет алған кезінде былай дейтін:

)أللهم اغفر لي ذنبي و وسع لي فى داري و بارك لي فى رزقي و قنعني بما رزقتني و لا تفتني بما زويت عني(

«Аллаһым, күнәмды кешіре гөр. Үйімді кеңейте гөр. Ырыс-несібеме береке бере гөр. Берген нәсібіңе қатысты мені қанағатты ете гөр. Сондай-ақ менен жасырған нәрсемен мені сынай (азғыра) көрме»3.

5. Дәретті біреудің көмегімен алу мәкруһ танзиһан. Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(رأيت رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم يستقي ماء لوضوئه فبادرته أستقي له فقال: مه يا عمر فإني أكره أن يشركني في طهوري أحد)

«Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) дәрет алайын деп жатқанын көріп, оған су құюға асыққан едім. Ол: «Әй, Омар, былай тұр, қажет емес. Дәрет алуыма біреудің араласқанын жеккөремін»-деді4.

6. Лас жерде дәрет алу мәкруһ танзиһан. Абдулла ибн Мағфал, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(لا يبولنّ أحدكم في مستحمه ثم يغتسل فيه)

«Сендерден ешкім жуынатын жерде дәрет сындырып жүрмесін! Өйткені ол жерде жуынады ғой»5.

7. Дәрет сүннетерінің бірін атқарусыз қалдыру мәкруһ танзиһан.