
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
Тілдік мағынада әдеп дегеніміз - адам бойындағы мақтаулы қасиет. Ал шариғаттық мағынада әдеп дегеніміз - пайғамбарымыздың (саллаллаһу алайһи уа саллам) бірде істеп, бірде істемеген амалы. Сонымен қатар әдеп «мустахап», «мандуп» және «ерікті іс» деп те аталады.
Үкімі: істелсе сауап, істелмесе айып жоқ.
Дәреттің әдептері:
1. Құбылаға қарап отыру. Өйткені дәрет құлшылыққа жатады.
2. Денеге және киімге кір су шашырамас үшін, биіктеу жерге отыру.
3. Жүрекпен де, тілмен де ниет ету.
4. Саусақтар жуылғанда кең сақинаны айналдырып қозғау. Әбу Рафиъ, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم إذا توضأ حرك خاتمه)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) дәрет алғанда сақинасын қозғайтын»1.
5. Ауыз бен мұрынға суды оң қолмен жіберу және сол қолмен сіңбіру. Әли, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) дәретін былай сипаттады:
(.. فأدخل يده اليمنى في الإناء فملأ فمه فتمضمض واستنشق واستنثر بيده اليسرى ففعل ذلك ثلاثاً)
«..Оң қолымен ыдыстан су алып, аузын толтырып шайқады. Мұрнына су жіберіп, сол қолымен сіңбірді. Осы нәрсені үш мәрте жасады»2.
6. Екі шынашақты екі құлақтың тесіктеріне кіргізу.
7. Дәрет алғанда жуылуы парыз әр мүшені «Бисмилла» айтып жуу. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(إذا توضأت فقل بسم اللّه والحمد للّه فإن حفظتك لا تبرح تكتب لك الحسنات حتى تحدث من ذلك الوضوء)
Дәрет алғаныңда: «Бисмилләһи уал-хамду лилләһи»-деп айт. Осыны ұстанатын болсаң, сол дәретің бұзылғанша жақсы істердің жазылуы еш тоқтамайды»3.
8. Намазға дайындалу ниетімен намаздың уақыты кірмей тұрып дәрет алу. Бұл әдеп мұсылманды ынталыққа үйретеді. Алайда дәреті ұстамайтын кісі үшін намаз уақыты кірген кезде алғаны дұрысырақ.
9. Дәреттен соң куәлік сөздерін айту. Уқба ибн Амир, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(ما منكم من أحد يتوضأ فيحسن الوضوء، ثم يقول حين يفرغ من وضوئه: أشهد أن لا إله إلا اللّه وحده لا شريك له وأشهد أن محمداً عبده ورسوله إلا فتحت له أبواب الجنة الثمانية يدخل من أيّها شاء)
Сендерден біреу дәрет алып, дәретті жақсылап алса сосын дәретінің соңында: «Серігі болмаған жалғыз Аллаһтан басқа тәңір жоқтығына куәлік беремін және Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін»-дейтін болса, оған жәннаттың сегіз есігі бірдей ашылып, қалаған есігінен кіреді»4.
Бұл хадистің Ат-Тирмизи келтірген мәтінінің соңында мына сөздер қосылған:
)اللهم اجعلني من التوابين واجعلني من المتطهرين(
«..Аллаһым, мені тәуба етушілерден және тазалардан қылшы».
10. Дәреттен кейін дене мүшелерін сүртпей кептіру. Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) ғұсыл құйынған соң, оған Маймуна анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, орамал алып келеді. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) орамалды алмай былай дейді: «Суды, былай, сілкуге болады»1. Әрине, бұл хадистің мәтіні суды мүлдем сүртуге болмайды деген мағынаны бермейді, алайда сүртілмей кебуі абзал. Дегенмен, суық жерлерде дәрет пен ғұсылдан кейін сүртіну абзал. Өйткені адамның денсаулығын қорғау - шариғаттың асыл мақсаттарынан.
11. Дәреттен кейін құбылаға қарап, дәреттен қалған суды ішу. Хусейін ибн Әли, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай дейді:
)دعاني أبي عليّ بوضوء ، فقرّبته له ، فبدأ فغسل كفّيه ثلاث مرّات قبل أن يدخلهما في وضوءه ، ثمّ مضمض ثلاثاً واستنثر ثلاثاً ، ثمّ غسل وجهه ثلاث مرات ، ثمّ غسل يده اليمنى إلى المرفق ثلاثاً ، ثمّ اليسرى كذلك ، ثمّ مسح برأسه مسحةً واحدة ، ثمّ غسل رجله اليمنى إلى الكعبين ثلاثاً ، ثمّ اليسرى كذلك ، ثمّ قام قائماً فقال : ناولني ، فناولته الإناء الذي فيه فضل وضوئه فشرب من فضل وضوئه قائماً ، فعجبت ، فلمّا رآني قال : لا تعجب ، فإني رأيت أباك النبيّ صلى اللّه عليه وسلم يصنع مثل مارأيتني صنعت يقول لوضوئه هذا ، وشرب فضل وضوئه قائماً(
Әкем Әли, Аллаһ тағала оған разы болсын, дәрет алуы үшін су әкелуіме шақырады. Мен су әкеліп, оған жақынырақ қойдым. Екі қолын ыдыстағы суға кіргезбес бұрын үш мәрте жуып алды. Сосын үш мәрте аузын және үш мәрте мұрнын шайды. Сосын үш мәрте бетін жуды. Сосын оң қолын шынтаққа дейін үш мәрте жуды. Сосын сол қолын да солай жуды. Сосын басына бір мәрте мәсх жасады. Сосын оң аяғын тобыққа дейін үш мәрте жуды. Сосын сол аяғымен де осылай істеді. Сосын орнынан түрегеліп, маған: «Әперіп жіберші»-деді. Мен оған дәрет суынан қалған ыдысты әпердім. Түрегеп тұрған бойы дәретінен артылған судан ішті. Мен аң-таң болдым. Менің таң қалғанымды көріп, былай дейді: «Таң қалмай-ақ қой. Расында, менің істегенімді көргеніңдей, мен де пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) атаңның осылай істегенін көрдім. Ол да осылай дәрет алған және түрегеп тұрып дәретінен артылған судан ішкен»-деді2.
12. Дәреттен кейін екі рәкат намаз оқу. Ъуқба ибн Ъамир, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
)ما من مسلم يتوضأ فيحسن وضوءه ثم يقوم فيصلي ركعتين يقبل عليهما بقلبه ووجهه إلا وجبت له الجنة(
«Қайсыбір мұсылман дәрет алғанда дәретін жақсылап алса, сосын тұрып екі рәкат намаз оқыса және намазына жүрегімен және жүзімен берілсе, әлбетте, оған жәннат уәжіп болады»3.
13. Екі қолды шынтақтан асырып, ал екі аяқты тобықтан асырып жуу. Наъим ибн Абдуллаһ, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Мен Әбу Һурайраның, Аллаһ тағала оған разы болсын, дәрет алғанын көрдім. Ол бетін жуып дәретті жақсылап алды. Сосын оң қолын білекке (иық бұлшық етіне) дейін жуды, кейін сол қолын білекке дейін жуды. Кейін басына мәсх жасады. Сосын оң аяғын сираққа дейін жуды, кейін сол аяғын да сираққа дейін жуды. Сосын былай деді: «Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) дәретті осылай алғанын көрдім»4.
Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
)أنتم الغر المحجلون يوم القيامة من إسباغ الوضوء فمن استطاع منكم فليطل غرته وتحجيله(
«Дәретті жақсылап алғандарың үшін, Қиямет күні сендер жарқыраған жұлдыз және аппақ боласыңдар. Сендерден кімнің шамасы келсе, жұлдызы мен ақтығын арттырсын»1. Бұл хадистің мағынасы кім дәрет алғанда бетін міндетті көлемінен асыра жуса, Қиямет күні жүзі жұлдыздай жарқырайды. Сондай-ақ екі қолын шынтақтан асырып жуса және екі аяғын тобықтан асырып жуса, жуған орындары шыр айнала аппақ болып жарқырайды.
14. Қол мен аяқты саусақ бастарынан бастап жуу.
15. Мойынға мәсх жасау. Омар ибн әл-Хаттаб, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(مسح الرقبة أمان من الغل يوم القيامة)
«Мойынға мәсх жасау Қиямет күні боғаудан сақтайды»2.
Талха ибн Мусарриф әкесінен, ал әкесі атасынан жеткізген хадисте былай делінеді:
)أن رسول الله صلى اللّه عليه وسلم يمسح رأسه حتى بلغ القذال و يليه من مقدم العنق(
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) басына мәсх жасағанда қолдарын желкесіне дейін және оған жалғасқан мойнына дейін апарды»3.