Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obrazets_UMKD_Personaldy_baskaru2012_Vosstanovl...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.35 Mб
Скачать
  1. Персонал қызметін ұйымдастыруға және оны ресурспен қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптар.

Бүгінде отандық кәсіпорындардың кадрлар бөлімшесінің қызметі жұмыс күшін жолдау, жұмыстан босату, іс қағаздарын жүргізу, оқытуды ұйымдастыру, кадрлардың біліктілігін жоғарлату және қайтадан даярлау жұмыстарымен шектеледі.

Кадрлар бөлімі кадрлық жұмыстардың әдістемелік те, ақпараттық та, үйлестіруші де орталығы емес. Олар құрылымдық жағынан еңбекті ұйымдастыру және жалақы төлеу, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, құқық бөлімдері және басқа да кадрларды басқару функцияларын орындайтын бөлімдерден бөлектендірілген.

Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін әлеуметтік зерттеу және қызмет көрсету қызметтері өз алдына жеке құрылады.

Әр түрлі кадрлық жұмыстармен зауыт басқармасының басқа бөлімдері :

1 Еңбек және еңбек ақы төлеу бөлімі (жұмысшы санын есептеу, еңбекті ұйымдастыру, мөлшерлеу және ақы төлеу) ;

2. Жоспарлау бөлімі (жұмысшы санын жоспарлау, жұмысшы күшінің шығынын жоспарлау) ;

3. Кәсіподақтың ұйымы (тұрмыс жағдайын, демалыстарды мәдениетті түрде өткізуді ұйымдастыру)

4. Қауіпсіздік техникасының бөлімі.

5. Бас технолог қызметі (жұмыскерлерді даярлау және оларды орналастыруды, еңбектің мазмұнын анықтайтын еңбекті операциялық бөлісуді қалыптастыру);

6. техникалық оқыту бөлімі (кадрларды даярлау) және т.б. бөлімдері айналысты.

Үлкен жұмысты, әсіресе кадрларды іріктеуге, орналастыруға және пайдалануға байланысты жұмыстарды сызықтық жетекшілер орындады, ал олардың басты міндеті өндірістік тапсырмаларды өз уақытында сапалы орындау болғандықтан кадр басқаруға қажетті білімі, уақыты болғандықтан, олар жұмысты жоғарғы деңгейде орындай алмады.

Персоналды басқару және оның жұмыс істеуіне қажетті негізгі қойылатын талаптар:

  1. Топтық және жеке адамдардың қарым – қатынастарын, басшылықтың көзқарасын талдау және реттеу.

  2. Өндірістік және әлеуметтік дау жанжалды болдырмау.

  3. Кадрларды басқару жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету.

  4. Бас лауазымды қызметкерге үміткерлерді іріктеу және бағалау.

  5. Кадрлар маркетингі.

  6. Іскерлік мансапты жоспарлау және бақылау.

  7. Жұмыскерлердің кәсіби және әлеуметтік жағдайға тез бейімделуіне жағдай жасау.

  8. Еңбек мотивациясын басқару.

  9. Еңбек қатынастарының құқықтық мәселелерін қамту.

  10. Психофизиология, еңбектің эргономикасы мен эстетикасы туралы жұмыстарды басқару т.б.

  1. Кадрлар қызметін басқарудағы ұйымдастырушылық құрылымы және оның сипаттамасы.

Персоналды басқару мәселелері мен негізгі талаптарының өзгеруіне байланысты кадр қызметінің мәселелері, функциялары және құрылымы өзгеріс тапты.

Басқарудың жоғарғы сатыларында стратегиялық сипаттағы мәселелер шешіледі: кадрлар саясаты, оны орындаудың стратегиясы мен тактикасы және оны орындаудың тапсырмалары, әдістемелік пен нормативтік материалдарды жасау тапсырмалары қалыптасады, оның орындауына бақылау қойылады және кадрлармен жұмыс істеу бойынша барлық бөлімшелерде жалпы жетекшілік жасайды.

Цех деңгейіндегі персоналды басқару функцияларын сызықтық жетекшілер атқарады. Олар персоналды қабылдау процесіне қатысады, ал шеберлер мамандармен бірге еңбек етудің жоғарғы өнім алуына жағдай жасап, жұмыскерлерді қабілетіне сай пайдалануды қамтамасыз етеді.

Қазіргі жағдайда кадрлық қызмет кадрлармен жұмыстың барлығында ұйымдастырушы және үйлестіруші болуы қажет. Ол құрылымдық бөлімшелерде кадрлар саясатын жүзеге асыруда, бақылаушы функциясын, еңбек ақы төлеуді жұмыскерлерге медициналық қызмет көрсетуді , ұжымдағы әлеуметтік – психологиялық жағдайды, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауды қадағалау керек.

Кадрлық қызметтің оны құрайтын бөлімшелердің (бөлім, бюро) функционалды құрылымын анықтағаннан кейін әрбір бөлімшелердің шешетін мәселелерінің тізімі, олардың функциялары, ондағы жұмыскерлердің сандық құрамы мен лауазымдық құрылымы, олардың әрқайсысының қызметтік міндеттемелері, сол қатарлы кадрлық қызмет көлеміндегі және кәсіпорынның кіріс және шығыс ақпараттар бөлігіндегі басқа да бөлімшелері арасындағы б.б. өзара қарым –қатынасы, кадрлық жұмысты әдістемемен қамтамасыз ету, олардың орындалуын бақылау және қадағалау функцияларын жүргізу мәселелері шешіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]