Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obrazets_UMKD_Personaldy_baskaru2012_Vosstanovl...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.35 Mб
Скачать

3. Кәсіпорындағы персоналды басқару әдістері. Персоналды басқару мазмұны.

Персоналды басқару әдістері бұл ұйымның алға қойған мақсаттарына жету үшін басқарушылық объектіге әсер ететін әдістердің жиынтығы.

Персоналды басқарудың әдістері

Ұйымдастырушы әкімшілік

экономикалық

әлеуметтік психологиялық

1. Ұйымдастырушы әкімшілік әдістері еңбек тәртібінің қажеттілігін, жауапкершілікті адамның белгілі бір ұйымда тікелей директивалық нұсқауларға негізделген жағдайларда еңбек ету керектігін түсінген саналы мотивке (уәжге) бағытталған. Ұйымдастырушы әкімшілік әдістері негізінде жетекшінің билігіне, оның құқығына, тәртіпті ұйымдастыру мәніне және жауапкершілігіне тіреледі. Ұйымдастырушы әкімшілік әдістері бұйрық, шешім, қаулы, жарғы және т.б. жатады.

Бұйрық – басқарушының өкілеттілігін міндетті түрде орындау. Құжаты. Ол жалпы, жеке, ауызша, жазбаша болуы мүмкін.

Шешім – басқарушының бағынушыға берген оның нәтижесі туралы хабарлама.

Қаулы – белгілі шешім қабылдауда ұжымдық басқару органдарымен қабылданған акт.

Жарғы – нақты орындаушыға бағытталған басқару шешімінің формасы.

2. Басқарудың экономикалық әдісі – негізгі тәсілдердің қатарына жатады және келесі түрде жүзеге асырылады: жоспарлау, талдау, шаруашылық есеп, бағаның қалыптасуы, қаржыландыру, ұжымдық материалдық қорды, таза табысты, еңбек ақыны пайдалануда өз билігін жүргізу, экономикалық мүдделерін, жаңа мүмкіндіктерді және пайда болған резервтерді пайдалануға экономикалық тәуелсіздік алуға мүмкіншілік беру.

Персоналды басқарудың экономикалық әдістеріне техникалық экономикалық талдауларда жатады. Экономикалық әдістер басқарудың барлық деңгейінде қолданылады.

3. Әлеуметтік – психологиялық әдістер еңбек ұжымында кездесетін жеке қарым-қатынастар байланысына әсер ететін арнайы әдістердің жиынтығын білдіреді. Экономикалық - әлеуметтік әсер ету әдістемелері мен тәсілдері көп жағдайда жетекшінің дайындығы, жеке білім деңгейі, ұйымдастырушылық қабілеті мен психология саласындағы білімдерімен анықталады.

Кәсіпорын деңгейінде әлеуметтік – психологиялық әдістердің мына түрлері қолданылады: сұрау, интервью, әңгімелесу, тест, анкета.

Сұрау әдісі – бұл нақты сұраққа бір жақты жауап беру (иә, жоқ)ақпарат алу үшін қолданылатын әдіс.

Әңгімелесу – сұраққа жауап беру.

Интервью – сұраққа жауап беру арқылы, бірақ барлық алынған жауаптар, сұрақтар жазылып отырады.

Анкета – жазбаша түрде дайын жауапқа жауап беру.

Тест – дұрыс жауапты таңдау.

Персоналды басқарудың мазмұны – кәсіпорынның тиімді әрекет етуі мен ондағы жұмыс істейтіндердің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыскердің еңбек ету сапасын пайдалану үшін жағдай жасау, кәсіпорын деңгейіндегі жұмысшы күшін қалыптастыру, бөлу, қайта бөлу процестеріне өзара байланысқан ұйымдастырушы экономикалық және әлеуметтік шаралардың көмегімен жүйелі, жоспарлы түрде ұйымдастырылған әсері.

4.Нарықтық қатынастың қалыптасуы жағдайындағы персоналды басқару жүйесіндегі ұйымның ерекшелігі.

Персоналда басқару жүйесі персоналды басқару мақсаттарының, функцияларының, ұйымдастырушылық құрылымның қалыптасуларынан, басқарушылық шешімдерді негіздеу, өңдеу, қабылдау және орындау процестерінде мамандар мен жетекшілердің функцияналды өзара байланыстарының қалыптасуынан тұрады.

Персоналды басқару функцияларын жүзеге асыратын жүйе ұйымның персоналын басқару жүйесі деп аталады.

Ұйымдастырушы персоналды басқару жүйесі ұйымды бүтіндей және оның жеке бөлшектерін басқаруды орындайтын сызықтық жетекшілік бөлімдермен с.қ. келесі функционалды және қамтамасыз ететін кіші жүйелерден тұрады:

Персоналды жоспарлау және маркетинг.

Персоналды жолдау және есепке алуды басқару.

Еңбек қоректерін басқару.

Бір қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыз ету.

Персоналды дамытуды басқару

Әлеуметтік дамытуды басқару

Персоналдың мінез-құлқын мотивациялауды басқару

Персоналды басқару жүйесі ақпараттық қамтамасыз ету

Ұйымдастырушының көлеміне байланысты функционалды кіші жүйелердің міндетін орындайтын бөлімдердің құрамы өзгереді. Кіші ұйымдарда бір бөлімше бірнеше кіші жүйелердің функцияларын орындау мүмкін, ал жеке мәселелердің орындалуын бөлімше емес, нақты мамандарға тапсырылуы мүмкін. Жеке функцияларды техникалық даму бөлімшелері орындауы мүмкін.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. «Персоналды басқару» Б.А.Рахметов оқу құралы Алматы – 2005ж.

  2. «Управление персоналом» П.Э.Шлендера Москва – 2005г.

  3. «Как управлять персоналом» Э.А.Старобинский Москва – 2002г.

  4. «Конститутция РК» 30.08.1995г.

  5. «Закон о труде РК» Алматы – 2000г.

  6. «Казахстан - 2030» Н.А.Назарбаев послание президента страны народу Казахстана Алматы-1999г.

  7. «Управление персоналом в Японии» В.А.Пронников. И.Д.Ладонов Москва – 1989г.

2 – тақырып. Персоналды басқарудың диагностикалық тәсілі

Мақсаты: Қазіргі кезде ұйым персоналын басқару негізін мыналар құрайды: жұмысшының интелектуалды потенциалы, оның жеке және кәсіби білімі сапасы, ұйым алдында тұрған міндеттерді орындау шеберлігі. Мұндай жағдайда персоналды басқару маңызды мәнге ие болады.

Түйін сөздер: диагностика, модель, стратегия

Жоспары:

1. Кәсіпорын қызметін бағалау тиімділігінің диагностикалық моделі.

2. Диагностикалық модельдің түсінігі және оның мәні.

3. Персоналды басқару стратегиясы, маңызы және мәні.

1. Кәсіпорын қызметін бағалау тиімділігінің диагностикалық моделі.

Экономиканы дамытудың индустриалды кезеңі ұйым персоналын басқаруда диагностикалық талдау ролінің тез жоғарылауымен сипатталады. «Диагностика» экономикалық категориясымен бірге, еңбек тиімділігі факторы сияқты ұйым персоналын басқаруда ғана қалыптаспай, сонымен бірге, еңбек өнімділігін жоғарылату қабілетін кешенді талдауға методологиялық әдістерді қалыптастырады. Мысалы: аймақтық деңгейде әлеуметтік – экономикалық жүйенің экономикалық диагностикасын жүргізу.

Мысалы: экономикалық өсу сияқты диагностикалық талдау жүргізуде адам капиталын жүзеге асыру. Экономикалық диагностиканы жүргізу кадр менеджментінің бір функциясы болып табылады.

Кешенді диагностиканың методологиялық негізі ақпараттық ресурстар сияқты қызмет ету керек. Қазірде диагностикалық талдау және экономикалық диагностика проблемаларын шешу аз зерттелген. Грек сөзі «Диагнозис» - образды бейнелеу деген мағына береді. Диагностиканы жүргізу мақсаты – кадр менеджментін тиімді қалыптастыру және дамыту үшін тиімді жағдайларды құру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]