Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар, практикалық сұрақтар, емтихан сұр А...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
756.74 Кб
Скачать
  1. Нарық механизмінің элементтері. Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері.

Нарық механизмінің негізгі элементі нарықтық баға болып табылады, сұраныс, ұсыныс және бәсекенің ара қатынасы.

Сатушылар арасындағы бәсеке күшейген сайын, сатып алушылар сұранысынан тауар ұсынысы өседі, ал нарықтық баға құлайды. Өндіріс жиырылуына әкеледі. Ал керісінше, бәсекелестік ортада сатушылар әлсірейді, төлемге қабілетті сұраныс тауар ұсынысынан жоғарылайды. Нәтижесінде баға өсіп, тауар өндірісі тиімді болып,кеңейеді.

Нарықтық инфрақұрылым – түрлі ұйымдар, мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындар мен қызметтер, түрлі қызмет атқаратын нарықтар жиынтығы. Тауар нарығының инфрақұрылымы құрамына көтерме және бөлшек сауда, аукцион, жәрмеңкелер, тауар биржалары, сауда үйлері, сыртқы сауда фирмалаы мен ұйымдары кіреді. Қаржы нарығының инфрақұрылымына барлық банк жүйесі, сонымен қатар коммерциялық банктер, валюта және қор биржалары, брокерлік және сақтандыру компаниялары, нарық шаруашылығындағы қаржы-несие қызмет көрсету орталықтары жатады. Еңбек нарығының инфрақұрылымына жұмысқа орналастыру орталықтары, немесе еңбек биржасы, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс есебінің жүйесі, мамандарды қайта дайындау, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, пособияларды тағайындау, жұмыс күшінің миграциясын қадағалау т.б.

Нарық артықшылықтары:

  1. Ресурстарды эффективті бөлу.

  2. Ақпараттың шектеулігіне қарамастан, оның табысты қызметі.

  3. Шарттардың өзгеруіне икемділігі мен бейімделуі.

  4. Ғылыми-технологиялық революция нәтижелерін тиімді пайдалану.

  5. Тұтынушылар мен кәсіпкерлердің таңдау және әрекет еркіндігі.

  6. Тауар және қызмет сапасының жоғарылауынан әртүрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеттілігі.

Нарық кемшіліктері:

  1. Қайта өндірілмейтін ресурстарды сақтауды қамтамасыз ете алмауы.

  2. Қоршаған ортаны қорғауға экономикалық механизмнің жоқтығы.

  3. Жалпы адам ресурстарын пайдалануды бақылай алмайды.

  4. Коллективті пайдаланудағы тауар мен қызмет өндірісін ынталандырмайды.

  5. Еңбек және табыс құқығына кепіл бермейді.

  6. Ғылымда фундаментальді зертеуді қамтамасыз ете алмайды.

  7. Ақшасы бар тұлғалардың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.

  8. Инфляциялық процесстерге байланысты дамуы тұрақсыз.

Барлық осы проблемаларды мемлекет шешеді.

  1. Сұраныс. Сұранысқа әсер етуші факторлар. Сұраныс заңы.

Нарықтық экономика сұраныс пен ұсыныстың бітпейтін өзара әрекеттестігімен сипатталады. Сұраныс дегеніміз – адамдардың тауар сатып алуға талабы мен қабілеттілігі. Баға мен бағадан тыс факторлар сұранысқа ықпал тигізіді. Сұраныс заңы - сұраныс көлемінің бағаға кері тәуелділігі деп біліміз: тауардың бағасы неғұрылым төмен болса,тауар сұранысы согұрылым жоғарылайды. Сұраныстың қисық сызығы – сұраныс заңының графикалық бейнеленуі.

  1. Ұсыныс. Ұсынысқа әсер етуші факторлар. Ұсыныс заңы.

Ұсыныс дегеніміз – сатушылардың нарыққа ҰрынокқаҚ тауарларды сату үшін ұсынудағы талабы мен қабілеттілігі. Ұсынысқа баға мен бағадан тыс факторлар әсер етеді. Ұсыныс заңы – ұсыныс шамасының баға деңгеіне тікелей тәуелділігі: баға жоғарлаған сайын, рыноктағы ұсыныс шамасы ұлғаяды. Ұсыныстың қисық сызығы – ұсыныс заңының графикалық бейнеленуі. Бағадан тыс факторлар ұсынысты өзгертеді де, ұсыныстың қисық сызығын оң жаққа (өскен жағдайда), сол жаққа ҰтөмендегендеҚ ығыстырады.