Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар, практикалық сұрақтар, емтихан сұр А...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
756.74 Кб
Скачать

Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз

Бюджеттік үрдіс мемлекеттік кірістер мен шығыстардың тұрақталған жағдайын көрсетеді. Мемлекет шығыстарының кірістерден асып кетуі бюджет тапшылығын тудырады. Ол мына себептерге байланысты:

а) өмірдің әр түрлі салаларында мемлекет ролінің жоғарылауы;

б) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кететін шығыстардың жоғарылауы;

в) мемлекеттік аппарат мөлшерінің жоғарылауы;

г) шаруашылық конъюктураның тербелісі, өндірістің құлдырауы мен өсуі;

Мемлекеттік бюджет тапшылығын жою тәсілдері:

1) ақшаның қосымша эмиссиясы;

2) салықты көбейту;

3) мемлекеттік қарыз, мемлекеттік кредит;

4) шығыстарды азайту;

Мемлекет мемлекеттік қарыздарды шығарып, оларды орналастыру нәтижесінде халықтың, банктердің, сақтандыру және өндірістік компанияларының уақытша бос ақшалай жабдықтарын тартады. Нәтижесінде бірте-бірте өтелетін мемлекеттің ішкі қарызы қалыптасады.

Мемлекеттік қарыздың экономикалық салдарларын төмендегідей төрт жағдаймен байланыстыруға болады:

1. Сыртқы қарызды өтеу қажеттілігі берілген мемлекет үшін тұтыну мүмкіншіліктерінің қысқаруына әкеліп соқтырады.

2. Қарыз меншікті капиталдың ығысуына әкеліп соқтырады. Бұл келешекте экономиканың өсуін шектейді.

3. Өсіп келе жатқан мемлекеттік қарызды өтеу үшін салықтарды өсіру, экономикалық белсенділіктің антистимуляторы ретінде қарастырылады.

4. Мемлекеттік қарыз кірістердегі теңсіздіктің күшеюіне әкеліп соқтырады.

Ақша-несие саясаты.

Ақша жүйесінің ұғымы және оның түрлері

Ақша жүйесі – әрбір мемлекеттің ақша айналымын ұйымдастыру формасы. Ақша айналымының негізгі компоненттеріне мыналар жатады:

    1. Тауар және қызмет көрсету бағасымен анықталатын ұлттық ақша бірлігі.

    2. Ақша айналымындағы заңды төлем қаражаты болып табылатын несиелік және қағаз ақшалары, айналым монеталарының жүйесі.

    3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни заңды түрде бекітілген айналымға ақша шығару тәртібі.

    4. Ақша айналымын қалыптастыруды басқаратын мемлекеттік ұйымдар.

Ақша айналымы жүйесінің екі негізгі түрін мынандай:

  1. Металдық ақша айналымының жүйесі, бұл айналымдағы алтын және күміс ақшалар. Олар ақшаның барлық функцияларын орындайды, ал несиелік ақшаларды металдық ақшаға еш шектеусіз айырбастауға болады.

  2. Алтынға айырбасталмайтын несиелік және қағаз ақша айналымының жүйесі (бұл жүйеде алтын өзі айналымнан шығарылған деп есептеледі).

Металдық ақша айналымының жүйесі бейметалдық және монометалдық болып бөлінеді.

Бейметалдық ақша ретінде екі метал – алтын және күміс қолданылады.

Монометалдық жағдайда ақшаның материалы ретінде тек бір ғана металл – алтын қолданылады.

Бізге монометализмнің үш түрі белгілі. Олар:

  1. Алтын монеталы стандарт алтын ақшаның айналымымен және еш шектеусіз қағаз және несиелік ақшаның алтын ақшаға айырбасталуымен сипатталады.

  2. Алтын қоспалы стандарт. Ол стандартты алтын қоспаның бағасына сәйкес келетін, тек қана көрсетілген сомадағы алтынның құн белгісіне айырбастау мүмкіндігін қарастырады.

  3. Алтын девиздік стандарт, ол банкноттарды шетел валютасына, алтынға айырбастауға мүмкіндік рұқсатының болуы.

1929-33 ж. болған әлемдік экономикалық дағдарыс монеталлизмге шек қойды. Айырбасталмайтын несиелік ақша жүйесі құрыла бастады. Оның ерекше белгілері:

  • Несиелік ақшаның басымдылық жағдайы;

  • Алтынның демонетаризациясы, яғни оның айналымнан шығуы;

  • Алтынды банкнотқа айырбастаудан бас тарту және олардың алтындық маңызын жоққа шығару;

  • Мемлекетті және жеке меншік кәсіпкерлікті несиелендіру мақсатындағы ақша эмиссиясының мүшесі;

  • Қолма-қолсыз айналымның маңызды кеңеюі;

  • Ақша айналымының мемлекеттік реттелуі.

Ақша айналымын нығайту немесе реттеу мақсатында ақша жүйесін түрлендіру ақша реформасы деп аталады.

Ақша реформасының мақсатына байланысты, ол бірнеше түрге бөлінеді:

  1. жаңа ақша жүйесінің қалыптасуы;

  2. эмиссия реті, ақша бірлігінің атауы, ақша шығару тәртібі секілді ақша жүйесінің біршама түрлендірілуі;

  3. ақша айналымын тұрақтандыру әдістері.

Тұрақтандыру әдістері:

    1. Ақшаны нулефикациялау – құнсызданған қағаз ақшаның жарамсыздығын мемлекеттің хабарлауы.

    2. Деноминация – мемлекеттің ақша бірлігінің іріленуі және көрсеткен қатынастағы ескі ақша бірлігінің жаңа ақша белгісіне айырбасталуы.

    3. Девальвация – шетел валютасына немесе халықаралық ақша бірлігіне қатысты ұлттық валюта бағамының төмендеуі.

    4. Ревальвация – шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның көтерілуі.