Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар, практикалық сұрақтар, емтихан сұр А...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
756.74 Кб
Скачать
  1. Экономикалық өсу түсінігі, оның өлшемдері. Экономикалық өсу факторлары мен түрі.

  2. Экономикалық өсу үлгілері.

Негізгі сөздер: Экономикалық өсу, Солоу модельі, Харрод-Домар моделі.

      1. Экономикалық өсу түсінігі, оның өлшемдері. Экономикалық өсу факторлары мен түрі.

Жалпы өнімнің сандық өсуі мен өндіргіш факторларының сапалық жетілдірілуі экономикалық өсуді көрсетеді. Экономикалық өсу өз мағынасын шынайы Жалпы ұлттық өнімнің өсуінен табады, яғни елдің экономикалық қуаттылығының өсуінен табады. Экономикалық өсу темпі Жалпы ұлттық өнімнің көрсеткіштерімен сипатталады, яғни бұл белгілі бір уақыт аралығындағы Жалпы ұлттық өнімнің пайыздық өсімі болып табылады.

Экономикалық өсудің үш түрі бар: экстенсивті, интенсивті және аралас. Экономикалық өсудің экстенсивті түрінде өндіріс факторларының бұынғы техникалық негізін сақтау арқылы сандық өсімге қол жеткізіледі.

Экономикалық өсудің интенсивті түрінде өндірілетін өнімнің өсуіне болжам жасау, өндіріс факторларының сапасын жетілдіру арқылы, жетілдірілген еңбек құралдарын пайдалану және жұмыс күшін жоғары бағалау арқылы қол жеткізіледі.

Экономикалық өсудің аралса түрі – ұлттық өнімнің пайдаланылған факторлар санының өсуі және техника мен технологияларды жетілдіру есебінен артуы.

Экономикалық өсу факторлары:

  1. Табиғи ресурстар.

  2. Еңбек ресурстары.

  3. Негізгі капитал.

  4. ҒТП

  5. Жалпы сұраныс жиынтығы.

Экономикалық өсуді өлшеудің әдістері:

  • Нақты ЖҰӨ артуы;

  • ЖҰӨ көлемінің халықтың жан басына шаққандағы өсуі (халықаралық деңгейде салыстыру үшін);

      1. Экономикалық өсу үлгілері.

Экономикалық әдебиеттерде экономикалық өсудің бірнеше үлгілері кездеседі. Солардың кейбіреулерін қарастырайық.

  1. Экономикалық өсудің неокенсиандық үлгісі «инвестициялар» және «мультипликатор» санаттарында негізделеді. Экономикалық өсу бастапқы салынған инвестицияның мультипликациялық әсері нәтижесі болып табылады.

  2. Экономикалық өсудің неоклассикалық үлгісі «өндірістік функциялар» санатында негізделеді. Экономикалық өсуге барлық өндірістік факторларды (еңбек, жер, капитал) тек микро-деңгейде емес, сондай-ақ макро-деңгейде де ең дұрыс пайдалану арқылы жетуге болады.

  3. «Нөлдік экономикалық өсу» тұжырымдамасы. Осы тұжырымдамаға сәйкес шикізаттық, энергетикалық және басқа да қорлардың шектілігі адамзаттың жақын арада оларды тауысуына әкеледі. Осыған жол бермеу үшін біз «нөлдік өсуге», яғни тек материалдық құндылықтардың ғана емес, сондай-ақ тұрғындардың да қарапайым қайта өндірісіне өтуіміз қажет.

ЖM «Сүлейман Демирел атындағы университет»

Факультет «Экономика»

«Экономикалық теория негіздері»

ПӘНІНІҢ

СЕМИНАР (ПРАКТИКАЛЫҚ) САБАҚТАР ЖОСПАРЛАРЫ

Аға оқытушы: Азимбекова Айгерім

Алматы, 2013 ж.

Практикалық сабақтар тапсырмасы:

Тақырып 1. Экономикалық теория негіздері: пәні, зерттеу әдістері және қызметтері

Практикалық сабақ жоспары:

1. Экономикалық теорияның пәні

2. Экономикалық қатынастар және олардың құрылымы.

3. Экономикалық теория және басқа экономика ғылымдары.

4. Экономикалық теорияның қызметтері.

Лекцияда өткен тақырыптарды оқып келесі сұрақтарға дайындалып келу:

  1. Экономикалық теорияның негізгі бағыттары мен мектептері қандай?

  2. Экономикалық ғылымның негізін салудағы классикалық мектептің қосқан үлесі?

  3. Экономикалық теория нені зерттейді?

  4. «Ресурстар» мен «игіліктер» деген не?

  5. «Баламалы шығын» (альтернативті шығын) деген не?

  6. «Баламалы құн» (альтернативті құн) деген не?

  7. Өндірістік мүмкіндіктердің қисығы нені көрсетеді?

  8. Экономикалық теория өзінің зерттеуінде ғылыми таңдаудың қандай әдістерін пайдаланады?

  9. «Экономикалық санат» және «экономикалық заңдар» деген не?

  10. Нормативтік экономика позитивтіктен немен ерекшеленеді?

  11. Экономикалық теория қандай қызметтер орындайды?

  12. Экономикалық заңдардың топтамасы: жалпы, ерекше, арнаулы.

  13. Маслоу бойынша қажеттіліктер топтамасы.

Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс консптісі, таратпа материялдар, әдебиеттер тізіміндегі оқулықтар, интернет.

Тексеру нысаны: сұрау.

Тексеру мерзімі: 1 апта

Балл: 1

Тақырып 2. Қоғамдық өндірістің негіздері.

Практикалық сабақ жоспары:

1. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары.

2. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері.

3. Ұдайы өндіріс: фазалары, түрлері және үлгілері.

4. Экономикалық адамның оңтайлы (оптималды) шешім қабылдау үлгі-модельдері.

Лекцияда өткен тақырыптарды оқып келесі сұрақтарға дайындалып келу:

  1. «Экономикалық мүдде» дегеніміз не?

  2. «Экономикалық ресурстар» дегеніміз не және олар қандай түрлерге бөлінеді?

  3. «Экономикалық ресурстар» және «өндіріс факторы» түсінігі немен ерекшеленеді?

  4. Өндірістің негізгі факторларына не жатады?

  5. Өндіріс дегеніміз не? Материалдық және материалдық емес өндіріс қандай салаларды қосады?

  6. Қайта өндіру дегеніміз не? Жай және кеңейтілген өндіру дегеніміз не?

  7. Өндірудің экстенсивті, интенсивті түрі дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс консптісі, таратпа материялдар, әдебиеттер тізіміндегі оқулықтар, интернет.

Тексеру нысаны: сұрау.

Тексеру мерзімі: 2 апта

Балл: 1

Тақырып 3. Экономикалық жүйе, оның түрлері. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны.

Практикалық сабақ жоспары:

1. Меншіктің экономикалық мазмұны.

2. Меншік құқықтарының экономикалық теориясы.

3. Нарықты экономикада меншік нысандарының көп түрлі болуы.

4. Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары.

Лекцияда өткен тақырыптарды оқып келесі сұрақтарға дайындалып келу:

  1. Экономикалық жүйе дегеніміз не?

  2. Дәстүрлі экономикалық жүйе;

  3. Нарықтық экономикалық жүйе;

  4. Әміршіл-әкімшіл (жоспарлы) экономикалық жүйе;

  5. Аралас экономикалық жүйе;

  6. Меншік дегеніміз не?

  7. Меншік субъектілері, объестісі;

  8. Меншік нысандары.

  9. Жеке меншік, мемлекеттік меншік, ұжымдық меншік;

  10. Жекешелендіру, мемлекетсіздендіру.

Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс консптісі, таратпа материялдар, әдебиеттер тізіміндегі оқулықтар, интернет.

Тексеру нысаны: сұрау.

Тексеру мерзімі: 3 апта

Балл: 1

Тақырып 4. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс

Практикалық сабақ жоспары:

1. Қоғамдық шаруашылық нысандары ұғымның сипаттамасы. Натуралды шаруашылық және оның сипаттық белгілері.

2. Тауарлы шаруашылық: пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілері.

3. Тауарлы шаруашылық категорияларын зерттеудің марксистік және маржиналистік әдістері.

Лекцияда өткен тақырыптарды оқып келесі сұрақтарға дайындалып келу:

  1. Қазіргі экономикалық теория қоғамдық шаруашылықтың қандай нысандарына бөлінеді?

  2. Табиғи шаруашылық немен айырықшаланады?

  3. Натуралды шаруашылықтың ерекшелігі қандай?

  4. Тауарлық өндіріс дегеніміз не?

  5. Тауар дегеніміз не, ол еңбек өнімінен немен ерекшеленеді?

  6. К.Маркстің еңбек теориясына сәйкес, тауар қандай қасиеттерге ие?

  7. Құн заңы нені көрсетеді?

  8. Госсен заңы нені көрсетеді?

  9. Ақша дегеніміз не?

  10. Биметаллизм мен монометаллизм дегеніміз не?

  11. Ақша өандай қызметтерді атқарады?

  12. Ақша айналымының заңы нені көрсетеді?

Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс консптісі, таратпа материялдар, әдебиеттер тізіміндегі оқулықтар, интернет.

Тексеру нысаны: сұрау, тест жазу.

Тексеру мерзімі: 4 апта

Балл: 1

Тақырып 5. Нарақтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы. Сұраным мен ұсыным теориясының негіздері.

Практикалық сабақ жоспары:

1. Сұраныс заңы, сұраныс қисығы. Сұраныстың бағадан тыс факторлары, ықпалымен өзгеруі.

2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсыңысқа ықпал жасайтын бағадан тыс факторлар.

3. Сұраныс мен ұсыныстың өзара әрекеттерi. Нарық тепе-теңдігі.

4. Икемділік ұғымы. Сұраныс мен ұсыныстың икемдiлiгi.

Лекцияда өткен тақырыптарды оқып келесі сұрақтарға дайындалып келу:

  1. Нарықта сұраныс пен ұсыныстың рөлі қандай?

  2. Сұраныс заңын сипаттаңыз. Сұраныс қисығы. Сұранысқа бағадан басқа қандай факторлар әсер етеді?

  3. Ұсыныс заңын сипаттаңыз. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа ықпал жасаушы факторлар қандай?

  4. Икемділік ұғымы. Сұраныс пен ұсыныс икемділігін сипаттап беріңіз.

  5. Сұраныс пен ұсыныс арасында сәйкестік қалай қалыптасып тұрады?

  6. Нарықтық тепе-теңдік.

  7. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының графигін салыңдар, товар нарығының тепе-теңдік жағдайын анықтаңдар.

  8. Бәсекелестік: салалық, салааралық; бағалық, бағалық емес;

  9. Нарық инфрақұрылымдары;

Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс консптісі, таратпа материялдар, әдебиеттер тізіміндегі оқулықтар, интернет.

Тексеру нысаны: сұрау, есеп шығару.

Тексеру мерзімі: 5 апта

Балл: 1

Тақырып 6. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері және формалары

Практикалық сабақ жоспары:

1. Өндіріс функциясы. Жалпы, орташа және қосымша (шекті) өнім факторлар өнімділігі ретінде.

2. Қосымша өнімділіктің кему заңы.

3.Өндіріс шығындарын минималдау, пайданы максималдау ережесі. Өндірушінің тепе-тендік жағдайы.

Лекцияда өткен тақырыптарды оқып келесі сұрақтарға дайындалып келу:

  1. Кәсіпкерлік дегеніміз не? Оның сипатты белгілері қандай?

  2. Кәсіпкерліктің қандай түрлері бар?

  3. Жеке иелік дегеніміз не? Жеке иеліктің артықшылығы мен кемшіліктері неде?

  4. Серіктестік дегеніміз не? Оның артықшылығы мен кемшіліктері неде?

  5. Толық серіктестік, жауапкершілігі шектелген серіктестік, командиттік серіктестік дегеніміз не?

  6. Акционерлік қоғам дегеніміз не? Оның артықшылығы мен кемшіліктері неде?

  7. Акция дегеніміз не? Облигация дегеніміз не?

  8. Акцияның түрлері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс консптісі, таратпа материялдар, әдебиеттер тізіміндегі оқулықтар, интернет.

Тексеру нысаны: сұрау, тест жазу.

Тексеру мерзімі: 6 апта

Балл: 1

Тақырып 7. Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы

Практикалық сабақ жоспары:

1. Кәсіпорындар қорларының ауыспалы айналымы.

2. Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың физикалық және моральдық тозуы. Амортизация.

3. Өндіріс уақыты және айналыс уақыты.

4 .Инвестициялар өндіріс қорларын қаржыландыру көзі ретінде. Инвестициялар құрылымы. Кәсіпорындардың айналмалы қорлар.

Лекцияда өткен тақырыптарды оқып келесі сұрақтарға дайындалып келу:

  1. Өндірістік қорлар дегеніміз не?

  2. Капитал қандай белгілерімен негізгі және айналымдылыққа бөлінеді?

  3. Негізгі капиталға не жатады?

  4. Өтелім дегеніміз не? Тозудың қандай түрлері бар?

  5. Айналымды капитал дегеніміз не?

  6. Инвестиция дегеніміз не? Жалпы және таза инвестицияларнемен ерекшелінеді?

Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс консптісі, таратпа материялдар, әдебиеттер тізіміндегі оқулықтар, интернет.

Тексеру нысаны: сұрау, есеп шығару.

Тексеру мерзімі: 7 апта

Балл: 1

Тақырып 8. Кәсіпорының (фирманың) шығындары және табысы

Практикалық сабақ жоспары:

1. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Жалпы, орташа және қосымша (шекті) шығындар. Тұрақты, өзгермелі және жиынтық шығындар.

2. Фирманың жалпы, орташа, қосымша (шекті) табысы.

3.Фирманың шекті шығындары мен қосымша табысын нарықтық бағамен салыстыру.

Лекцияда өткен тақырыптарды оқып келесі сұрақтарға дайындалып келу:

  1. Өндіріс шығындары дегеніміз не? Экономикалық шығындар дегеніміз не?

  2. Тұрақты, өзгермелі, жалпы шығындар дегеніміз не?

  3. Орташа шығындар қалай анықталады? Шектеулі шығындар нені көрсетеді?

  4. Фирманың жалпы, орташа, шектеулі табысы дегеніміз не?

  5. Фирманың пайдасы қалай анықталады?

  6. Фирма экономикалық тепе-теңдік жағдайына қалай қол жеткізеді? Пайданы максималдандыру ережесі.

  7. Ресурсатардың үнемделу заңы.

  8. Орташа шығындардың графиктері.

Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс консптісі, таратпа материялдар, әдебиеттер тізіміндегі оқулықтар, интернет.

Тексеру нысаны: сұрау, есеп шығару.

Тексеру мерзімі: 8 апта

Балл: 1

Тақырып 9. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар

Практикалық сабақ жоспары:

1.Факторлық табыстарды қызметтеріне сәйкес бөлу және қалыптастыру теориясының негіздері.

2. Еңбек ақы еңбек бағасы ретінде.

3. Процент капитал иесінің факторлық табысы ретінде.

4. Жер рентасы-жер иесінің табысы.

5. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде.

Лекцияда өткен тақырыптарды оқып келесі сұрақтарға дайындалып келу:

  1. Өндіріс факторына баға қалай белгіленеді?

  2. Өндіріс факторының шектеулі өнімі дегеніміз не?

  3. Еңбекақы дегеніміз не? Оның көлеміне қандай факторлар ықпал етеді?

  4. «табыстың әсер», ауыстыру әсері нені көрсетеді?

  5. Атаулы құндағы, нақты еңбекақы дегеніміз не?

  6. Еңбек нарығында қандай жағдайда тепе-теңдік пайда болады?

  7. Пайыз дегеніміз не? Пайыз мөлшері қалай анықталады?

  8. Жер рентасы дегеніміз не? Жер рентасының көлеміне қандай факторлар әсер етеді? Рента түрлері.

  9. Пайда дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс консптісі, таратпа материялдар, әдебиеттер тізіміндегі оқулықтар, интернет.

Тексеру нысаны: сұрау, тест.

Тексеру мерзімі: 9 апта

Балл: 1

Тақырып 10. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі жалпы экономикалық көрсеткіштер

Практикалық сабақ жоспары:

1.Қоғамдық-өндірістің нәтижелері. Ұлттық экономикада табыстар мен шығындардың айналымы.

2.Жалпы ұлттық өнім және оны өлшеп-есептеу әдістері. ЖҰӨ-нің және таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке табыс пен қолма-қол табыс көрсеткіш өлшемдерінің өзара байланыстары.

3.Ұлттық есеп жүйесінің (ҰЕЖ) жалпы сипаттамасы.

Лекцияда өткен тақырыптарды оқып келесі сұрақтарға дайындалып келу:

  1. Экономикалық өсу дегеніміз не? Экономикалық өсу көрсеткіштері.

  2. Экономикалық өсуді сипаттайтын көрсеткіштер.

  3. ЖІӨ және ЖҰӨ анықтама беріңіз, олардың айырмашылығы неде?

  4. Соңғы өнім және қосымша құн деген не, және соңғы өнім және қосымша құн бойынша есептелінген ЖІӨ көлемдері бірдей болады, түсіндіріңіз?

  5. ЖІӨ есептеу әдістері. ЖІӨ шығыстар бойынша есептеу әдісі. ЖІӨ шығыстар бойынша есептеу әдісінің компоненттері.

  6. ЖІӨ табыстар бойынша есептеу әдісі. ЖІӨ табыстар бойынша есептеу әдісінің компоненттері

  7. ЖІӨ қосымша құн бойынша есептеу әдісі.

  8. Атаулы және нақты ЖҰӨ. ЖҰӨ дефляторы.

Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс консптісі, таратпа материялдар, әдебиеттер тізіміндегі оқулықтар, интернет.

Тексеру нысаны: сұрау, есеп шығару.

Тексеру мерзімі: 10 апта

Балл: 1

Тақырып 11. Макроэкономикалық тепе-теңдік

Практикалық сабақ жоспары:

1.Жалпы экономикалық тепе-теңціктің классикалық теориясы.

2.Тұтыну мен қаражат жинаудың кейнсшілдік талдамы. Инвестициялар мен қор жинаудың кейнсшілдік талдамы.

3.Мультипликаторлық нәтиже. Туынды инвестициялар және акселератор. Үнемділіктін теріс әсері.

5. АD-АSмоделіндегі жалпы экономикалық тепе-теңдік.

Лекцияда өткен тақырыптарды оқып келесі сұрақтарға дайындалып келу:

  1. Экономикадағы тендестіру дегеніміз не?

  2. Тендесу рыногын кандай түрлерге бөледі?

  3. Макроэкономикалық теңдесудің классикалык моделінің қандай ерекшеліктері бар?

  4. Вальрас моделінің мәні неде?

  5. Д. Патинкин моделі Вальрас моделінен немен ерекшеленеді?

  6. Кейнс теориясы бойынша табыс кандай кұрамды бөліктерге бөлінеді?

  7. Тұтыну дегеніміз не?

  8. Әр елдегі тұтыну басымдылығын қандай факторлар анықтайды?

  9. Тұтыну кызметі нені көрсетеді?

  10. Тұтынуға шектелулі бейімділік дегеніміз не?

  11. Жинақ салымдары дегеніміз не?

  12. Жинақ салымының формуласы калай жазылады?

  13. Жинақ салымына шектеулі бейімділік нені көрсетеді?

Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс консптісі, таратпа материялдар, әдебиеттер тізіміндегі оқулықтар, интернет.

Тексеру нысаны: сұрау.

Тексеру мерзімі: 11 апта

Балл: 1

Тақырып 12. Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде

Практикалық сабақ жоспары:

1. Нарықты экономиканың ауытқымалы дамуы.

2. Экономикалық цикл және оның түрлері.

3. Инвестициялардың тұрақсыздығы орта мерзімдік ауытқулардың маңызды факторы ретінде.

Лекцияда өткен тақырыптарды оқып келесі сұрақтарға дайындалып келу:

  1. Экономикалық цикл ұғымы мен оның негізгі кезеңдері.

  2. Экзогендік теория. Экономикалық циклды тудыратын сыртқы себептер.

  3. Эндогендік теория. Экономикалық циклды тудыратын ішкі себептер.

  4. Экономикалық циклдың ұзақтығы бойынша түрлері, және олардың пайда болу себептері.

  5. Экономикалық циклдың фазалары және олардың сипаттамалары.

  6. Проциклдік, контрциклдік және ациклдік шамалар дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс консптісі, таратпа материялдар, әдебиеттер тізіміндегі оқулықтар, интернет.

Тексеру нысаны: сұрау.

Тексеру мерзімі: 12 апта

Балл: 1

Тақырып 13. Инфляция және жұмыссыздық

Практикалық сабақ жоспары:

1. Жұмысбастылық және жұмыссыздық. Осы күнгі экономикадағы жұмыссыздықтың негізгі түрлері. Жұмыссыздықтың ЖҰӨ мөлшеріне әсері. Оукен заңы.

2. Инфляция, оның себептері және осы күнгі түрлері. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары.

3.Инфляция мен жүмыссыздықтың өзара байланысы. Филлипс қисығы.

Лекцияда өткен тақырыптарды оқып келесі сұрақтарға дайындалып келу:

  1. Жұмыссыздық дегеніміз не? Жұмыссыздықтың түрлерін атаңыз.

  2. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз не?

  3. Оукен заңының мәні неде?

  4. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары қандай?

  5. Инфляция дегеніміз не? Оның себептері неде?

  6. Сұраныс, ұсыныс инфляциялары.

  7. Болжанылған жіне болжанылмаған инфляция.

  8. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары қандай?

  9. Филлипс қисығы нені көрсетеді?

Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс консптісі, таратпа материялдар, әдебиеттер тізіміндегі оқулықтар, интернет.

Тексеру нысаны: сұрау, есеп шығару.

Тексеру мерзімі: 13 апта

Балл: 1

Тақырып 14. Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары (қаржы, ақша-несие саясаты)

Практикалық сабақ жоспары:

1. Экономиканы мемлекеттік реттеу.

2. Ақша жүйесі: түсінігі және түрлері. Ақшаға ұсынымы мен сұраным.

3. Несиенің мәні мен түрлері. Несие жүйесінің құрылымы.

4. Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы.

5. Салық салудың принциптері және түрлері. Ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыз

Лекцияда өткен тақырыптарды оқып келесі сұрақтарға дайындалып келу:

  1. Қаржы дегеніміз не? Мемлекеттің қаржы жүйесі мен оның құрылымы.

  2. Мемлекеттік қаржылық саясат.

  3. Қазынагерлік саясат бағыттары, түрлері.

  4. Мемлекеттік бюджет дегеніміз не? Мемлекеттік шығын мультипликаторы.

  5. Салықтар дегеніміз не? Салықтар түрлері.

  6. Салық мультипликаторы нені білдіреді?

  7. Лаффер қисығы нені көрсетеді?

  8. Бюджет тапшылығы дегеніміз не? Мемлекеттің ішкі және сыртқы қарызы.

  9. Экономиканы мемлекеттік реттеу құралдары. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері.

  10. Мемлекеттің ақша жүйесі. Ақша айналым жүйесінің түрлері.

  11. Биметаллизм, монометаллизм.

  12. Ақша реформасы, оның түрлері.

  13. Ақша агрегаттары қалай бөлінеді? «Квази ақша» деген не?

  14. Ақша мультипликаторы нені білдіреді?

  15. Ақшаның сандық теориясы нені көрсетеді? Фишер теңдеуі.

  16. Ақша нарығындағы тепе-теңдік жағдай.

  17. Кредит дегеніміз не, оның түрлері. Кредит жүйесі.

  18. Банк дегеніміз не, оның түрлері. Орталық банктің және коммерциялық банктердің қызметтері.

Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс консптісі, таратпа материялдар, әдебиеттер тізіміндегі оқулықтар, интернет.

Тексеру нысаны: сұрау, тест жазу.

Тексеру мерзімі: 14 апта

Балл: 1

Тақырып 15. Экономикалық өсу. Рыноктық экономиканың циклдігі.

Практикалық сабақ жоспары:

1. Экономикалық өсу: ұғымы, өлшемі, түрлері, жағдайлары.

2. Экономикалық өсудің жаңаклассикалық модельдері.

3. Экономикалық өсудің жаңакейнсиандық модельдері.

Лекцияда өткен тақырыптарды оқып келесі сұрақтарға дайындалып келу:

  1. Экономикалық өсу дегеніміз не?

  2. Экономикалық өсу көрсеткіштері.

  3. Экономикалық өсу факторлары.

  4. Экономикалық өсудегі адам капиталының ролі.

  5. Экономикалық өсу және ҒТП.

Экономикалық өсу модельдері. Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс консптісі, таратпа материялдар, әдебиеттер тізіміндегі оқулықтар, интернет.

Тексеру нысаны: сұрау.

Тексеру мерзімі: 15 апта

Балл: 1