Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар, практикалық сұрақтар, емтихан сұр А...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
756.74 Кб
Скачать

Салық және салық жүйесі

Салықтар – бұл мемлекетпен біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салық жүйесі – мемлекетте алынатын салық түрлерінің оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы.

Салық салудың негізгі принциптері (Адам Смит):

  • Салықтың жария тәртібі (заң түрінде);

  • тепе-теңдік (әркім өзінің табысына қарай мемлекетті қолдауы тиіс);

  • айқындылық (уақыты, тәсілі, көлемі белгілі);

  • өндіріп алудың арзандығы;

  • шаруашылықтың тәуелсіздігі (салық төлеуші және жеке меншігі бар жіне табыс табатын тәуелсіз субъект);

Салықтардың қызметі:

  • фискалды – мемлекет табысын жасау;

  • реттеу – экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандыру немесе тежеу;

  • қайта бөлу – жиналған салықтық түсімдерді қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар пайдасына сәйкес қайта бөлу;

Салықтар келесі түрлерге жіктеледі:

  1. Салықтарды салу объектісі бойынша:

а) табыс салығы;

б) мүлікке салынатын салық;

в) қызметтің және нақты тауардың тұтынушының шығындарына салынатын салық.

2. Салықтарды алу тәсілдері бойынша - тура (төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салық) және жанама (бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне қатысты емес) салықтар болады.

3. Мөлшерін анықтау сипатына қарай салық негізгі 3 жүйеге бөлінеді.

а) үйлесімді (пропорционалды) салық болып пайыздық мөлшерлемесі өзгермейтін салықтар, олар табыс көлеміесепке алынбай бірдей пайыздық қатынаста әрекет ететін салықтар аталады.

б) салық мөлшерлемесі табыстың артуына байланысты өсіп отырса, ол прогрессивті салық мөлшерлемесі деп аталады;

в) табыстың өсуіне қарай төмендейтін салық – регрессивті салық мөлшерлемесі деп аталады.

4. Бюджет деңгейі бойынша оған түсетін салықтар сомасы – жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар болып бөлінеді.

5. Пайдалану тәртібіне қарай жалпы салық: мемлекеттің біртұтас қорына жиналатын және нақты бағытқа тағайындалатын мақсатты немесе арнайы болып бөлінеді.

Мемлекеттік бюджеттегі салықтың таза қорының өсіп артуы сол мемлекеттің инвестициясының көлемін кеңейтіп және жеке бизнес пен мемлекеттік кәсіпорындарды несиелендіруді қамтамасыз етеді. Бұл таза халықтық өнімнің мультипликациялық өсуіне оң әсерін тигізеді. Салықтық мультипликатор таза халықтық өнім өзгерісінің салықтық түсімдердің өзгерісіне қатынасымен анықталады.

Алайда, мемлекет фирма табысына сәйкес тым жоғарғы мөлшердегі салық салу арқылы, фирмалардың капиталдық салымдарды төмендетуіне мәжбүр етеді. Бұл жағдайды Лаффер қисығы графигі бейнелейді.

Бастапқыда, салық мөлшерінің артуы арқылы бюджетке түсетін түсімдер де артады. Бірақ, кейбір жағдайларда салық мөлшерінің тым өсуі кәсіпорынның дамуын тежейді, ал егер кәсіпкерлік салық жүз пайыздық мөлшерлемеге өссе, кәсіпкер өзінің кәсіпорындарын қандай-да бір ынталандырулардың болмауына байланысты жауып тастауы мүмкін, соның нәтижесінде бюджетке түсетін түсімдер де мүлде тоқталады.

R, 100 %

Y

Мұндағы R – салық мөлшері, Y – мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер.