Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар, практикалық сұрақтар, емтихан сұр А...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
756.74 Кб
Скачать
  1. Ұлттық экономика ұғымы. Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер.

  2. Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері.

  3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы.

Негізгі сөздер: макроэкономика, ЖҰӨ, ЖІӨ, ҰЕЖ.

        1. Ұлттық экономика ұғымы. Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер.

Ұлттық шаруашылық – бұл әр түрлі экономикалық байланыстармен біртұтас бүтінділікке біріккен барлық салалар мен мемлекет аймақтарының бірігуі. Осындай халық-шаруашылық кешеннің құрылуына ұлттық нарықтың маңызы зор. Ол мекемелер, салалар және аймақтар арасындағы горизанталь қатынастарды дамыта отырып, серіктестер арасындағы шаруашылық міндеттемелерді бекіте түседі.

Ұлттық қазына – бұл мемелекеттегі еңбек күшімен тұрғызылған және жинақталған материалдық игіліктердің бірігуі. Оның ішінде:

а) өндірістік (ғимараттар, машиналар мен құрал-жабдықтар) және өндірістік емес негізгі қорлар (тұрғын үй, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараттары мен құрал-жабдықтары);

б) материалдық айналым қаражаты;

в) азаматтардың жеке заттары қамтылған.

Қоғамның макроэкономикалық аспектіде жетуге тиісті ұмтылатын басты төрт мақсаты бар:

  1. Өнеркәсіптің әр түрлі объективті және субъективті факторлардың әсерінен болатын оқыс тоқтаусыз және өзгеріссіз халықаралық деңгейде тұрақты өсуі .

  2. Бағаның тұрақты деңгейі. Баға еркін нарықтық бәсекелестік негізінде қалыптасады және өте тез қарқынмен өспейді деп жорамалданады.

  3. Белсенділіктің жоғары деңгейі. Мамандық алып және осы мамандық бойынша жұмыс іздеген адам мақсатына жетуі.

  4. Сыртқы сауда балансының тепе-теңдігін қолдау. Яғни импорт және экспорт арасындағы салыстырмалы тепе-теңдіктің болуы.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер:

    1. Ұлттық өнім көлемі.

    2. Бағаның жалпы деңгейі.

    3. Жұмысбастылық.

Ұлттық өнім көлемінің көрсеткіштеріне мыналар жатады:

  1. Жалпы ұлттық өнім – ЖҰӨ.

  2. Жалпы ішкі өнім – ЖІӨ.

  3. Ұлттық өнім (ҰӨ).

ЖҰӨ – қай жерде орналасқанына тәуелсіз белгілі бір елдің азаматтарына тиісті өндіріс факторлары арқылы өндірген барлық тауарлары мен қызмет көрсетулерінің жылдық нарықтық құны.

ЖІӨ – ұлттық экономика шекарасында орналасқан барлық өндіріс факторлары арқылы өндірілген біріккен өнім көлемі.

Ұлттық табыс барлық табыс факторларының сомасын көрсетеді (еңбек ақы, пайыз, рента, пайда).

ЖҰӨ (ЖІӨ) – амортизация = ТҰӨ.

ТҰӨ - жанама салықтар = Ұлттық байлық.

Ұлттық байлық - (корпорация табысына салық + әлеуметтік сақтандыру аударылымы + бөлінбеген пайда) + тұрғындардың трансферттік төлемдері = Жеке табыс.

Жеке табыс (ЖТ) – барлық үйшаруашылықтары табыстарының сомасы +трансферттік төлемдер. Ол тұтынуға, ақшаны жинауға, салықтарды төлеуге кетеді.

Жеке табыс - салықтар және төлемдер = Қолдағы табыс.

Қолдағы табыс (ҚТ) – бұл барлық салықтар мен салықтан тыс төлемдерді төлегеннен кейін шаруашылықтардың иелігінде қалатын табыс.

        1. Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері.

ЖҰӨ-ді есептеудің негізгі екі әдісі бар:

  1. ЖҰӨ-ді табыс бойынша есептеу әдісі – қоғамда жасалған барлық табыстар сомасы. Ол факторлық табыстар (еңбек ақы, пайыз, рента, пайда), жанама салықтар және амортизация сомасы.