Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар, практикалық сұрақтар, емтихан сұр А...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
756.74 Кб
Скачать
  1. Экономикалық ресурстар мен өндіріс факторлары.

Ресурстар – материалдық және рухани игіліктер мен қызметтерді жасау үрдісінде пайдаланылуы мүмкін түрлі өндіріс элементтерінің жиынтығы.

Өндіріске қосылған экономикалық ресурстар өндіріс факторын құрайды. Негізгі өндіріс факторлары: еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік.

-Еңбек (жұмыс күші) – материалдық игілік пен қызметті жасау процессінде адамның мақсатты қызметі, адамдардың барлық физикалық және ақыл қабілеттілігінің бірігіп, өндірісте пайдалануы.

-Капитал өндіріс факторы ретінде - өндіріс құралы, еңбек құралы мен еңбек заттарының бірігуі.

-Жер – өндірісте пайдаланылатын жер асты, орман, ауа, су табиғат ресурстарының барлық түрі.

-Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамның кез келген бизнесті бастауы, сонымен байланысты шығын, тәуекел, жеуапкершілікке бас тігу.

Шектеулі ресурстар жағдайында таңдау мәселесі туындайды. Оларды пайдаланудың ең тиімді тәсілін табу керек, ол үшін мына сұрақтарға жауап беру керек:

Не өндіру керек? – осы мерзімде және қандай мөлшерде мүмкін болатын тауар, қызмет өндірілуі тиіс;

Қалай өндіру керек? – ресурстар қалай қисындастырылғанда, таңдап алынған тауарлардың қай нұсқасы қай технологиямен өндірілуі тиіс;

Кім үшін өндіру керек? –таңдап алынған тауарлар кімге арналып шығарылған, олар қалай бөлінген, оны кім сатып алуы мүмкін;

  1. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижесі

Өндіріс – қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған адамдардың мақсатты қызметі. Ол материалдық және материалдық емес өндіріс болып бөлінеді.

Материалдық өндіріс құрамында:

  1. материалдық игіліктерді өндіру салалары мен кәсіпорындары (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс);

  2. материалдық қызмет көрсету салалары мен кәсіпорындары (көлік, сауда, каммуналдық шаруашылық, тұрмыс қызметтері);

Материалдық емес өндіріс құрамында:

  1. материалдық емес игіліктерді жасайтын салалар мен кәсіпорындар (кино, театр, өнер);

  2. материалдық емес қызметтерді көрсететін салалар мен кәсіпорындар (денсаулық сақтау, білім беру т.б.);

Қоғамдық өндіріс екіге бөлінеді: 1 бөлім өндіріс құралдарын жасайтын салалар мен кәсіпорындардан тұрады, ал 2 бөлім тұтыну заттарын өндіретін салалар мен кәсіпорындардан тұрады.

Қоғамдық өндіріс нәтижесі қоғамдық өнім.

Өндіріс нәтижесі мен оған кеткен шығындардың ара қатынасы оның даму тиімділігін көрсетеді. Өндіріс тиімділігі мен ресурс түрін пайдалануда жеке көрсеткіштер пайдаланылады:

  • еңбек өнімділігі - өнім көлемінің еңбек шығынына ара қатынасы.

  • өнімнің еңбек сиымдылығы – еңбек өнімділігіне кері көрсеткіш.

  • материал қайтарымы - өнімнің еңбек шығынына ара қатынасы, еңбектің заттық түрінде.

  • материал сиымдылығы – материал қайтарымына кері көрсеткіш, бір өнімге кеткен материал шығынының деңгейін көрсетеді.

  • қор қайтарымы – негізгі өндіріс қорларын пайдалану деңгейін көрсетді және өнімді қор соммасына бөлумен анықталады.

  • өнімнің қор сиымдылығы – қор қайтарымына кері көрсеткіш, бір өнімге қор шығынының деңгейін көрсетеді.

  1. Қайта өндіріс: фазалары, түрлері, типтері

Қайта өндіру - өндіріс процессінің үздіксіз жаңаруы. Өндіріс фазалары: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.

Өндіріс фазасы өндіріс құралдары мен еңбек құралдарының бірігуін көрсетеді.

Бөлу фазасы сала бойынша өндіріс факторларының және өндіріс сфераларының бөлінуін көрсетеді.

Айырбас – ол жүйе, өндірушілер өз еңбек өнімдерін айырбастауы.

Тұтыну жасалған игіліктерді адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану.

Қайта өндіру түрлері: қарапайым және кеңейтілген.

Қарапайым қайта өндіру – ол процесс, өзгермейтін масштабта жылдан жылға өндірістің қалпына келуі, ал кеңейтілген қайта өндіру – барлық өсу размерінде өндірісті қалпына келтіру.

Қайта өндірудің экстенсивті және интенсивті типтері бар. Қайта өндірудің экстенсивті типі өндірістегі еңбек және материалдық ресурстардың сандық өсуі. Ал қайта өндірудің интенсивті типі жетілген өндіріс факторлары есебімен жүреді.

Тақырып 3. Экономикалық жүйе, оның түрлері. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны.

Дәріс мақсаты: Экономикалық жүйемен оның түрлерін, меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны жайында білім беру.

  1. Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелік әдістеме. Экономикалық жүйе, оның элементтері.

  2. Экономикалық жүйе типтері.

  3. Меншік қатынастарының экономикалық жүйедегі орны. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны

  4. Нарықтық эканомикадағы меншік формаларының түрлері. ҚР-дағы меншік қатынастарының өзгеруі.

Негізгі сөздер: Экономикалық жүйе, меншік, меншік формалары (нысандары).