Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар, практикалық сұрақтар, емтихан сұр А...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
756.74 Кб
Скачать

Глоссарий

Абстракция – талдаудан кездейсоқ екіншілік құбылыстарды алып тастап, зерттелетін объектен мәнді тұрақты құбылыстарды іздеп табуды көздейтін ғылыми зерттеудің әдісі.

Аграрлық өнеркәсіптік кешен (АӨК) – ауыл шаруашылық шикізаттарынан азық-түлік және тауарлар өндіретін сала, АӨК үшін еңбек құралдарын өндіретін және оның инфрақұрылымдық салаларының жиынтығын құрайтын экономиканың ерекше сферасы.

Адами капитал – инвестициялардың нәтижесінде қалыптасқан және қоғамдық ұдайы өндірістің осы немесе басқа сферасында мақсатты түрде пайдаланатын, адамның жинақталған денсаулығының, білімінің, қабілетерінің, мотивацияларының белгілі қоры,

Адами капиталға инвестициялар – мақсатты сипат бар және адамның болашақтағы ақшалай табысын айқындайтын шығындардың барлық түрі.

Адами капиталдың абсолюттік шамасы (білім қоры) – адами капиталды ақша арқылы бағалау.

Айқын шығындар – өндіріс факторларын және аралық өнімдерді жеткізушілерге жасалатын, айқын ақшалай төлем нысанын алатын, балама шығындар.

Айқын емес шығындар – сырттан сатып алынбаған, өндірісте қолданылатын ресурстардың құны.

Айырбас құны – тауардың басқа тауарға белгілі сандық арақатынаста айырбасталу қабілеті.

Акселератор – күрделі қаржы салымының көлемі өндіріс көлемінің өзгеруінен тәуелді болады деп тұжырымдайтын үлгі.

Актив – фирманың ақшаға шығып есептелген меншігі.

Акциз – тауардың бағасына жатқызылатын тұтыну заттары мен қызметтерге салынатын жанама салытың формасы.

Акционерлік қоғам (АҚ) – акциялар шығарып орналастыру негізінде келетін акционерлік капитал арқылы құрылатын, корпоративтік бірлестіктің формасы.

Акция – иесіне дивидент алуға және оған компанияны басқаруға құқық беретін, мерзімсіз бағалы қағаз. Акциялар атаулы, ұсынушыға, қарапайым, артықшылықты болып бөлінеді.

Ақша – тауарлар мен қызметтер үшін төлем ретінде алынатындардың барлығы, кейбір металл түрін алатын жалпыға ортақ балама.

Ақша агрегаттары (М0, М1, М2, М3 және т.с.) – өтімділік деңгейінйі өлшеміне сәйкес бірлестірілген, ақша массасының компоненттерінің жиынтығы.

Ақша айналымының жылдамдығы – ақша бірлігінің біреуінің бір жыл ішінде қызмет еткен тауармен жасасқан келісімдердің саны; номиналдық ЖҰӨ-ді номиналдық ақша массасына бөлу арқылы есептеледі.

Ақша дерлік – қолма-қол ақшаға оңай айналдыруға болатын активтер. Бұған қысқа мерзімді жинақ салымдары, мерзімді салымдар, қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы ағаздар жатады.

Ақшаның массасы – елде айналыста жүрген ақшаның көлемі.

Ақшаның металл теориясы – ақшаның бағалылығы мемлекет соғатын мәнеттің салмағымен белгіленеді дейтін теория.

Ақшаның номеналистік теориясы – шекемге жататын ақшаның бағалылылығы, мемлекет белгілейтін мәнет бағалылылығының номиналымен айқындалады.

Ақшаның сандық теориясы – осы теория мынаны дәлелдейді:

а) классиктердің ортодокстық болжамы бойынша – бағалардың өзгерістері айналымдағы ақшаныңғ сандық тәуекелді екендігін;

б) неоклассиктердің болжамы бойынша – ақша айналымының жылдамдығының және тауар массасының санының дәрежелерінің тұрақты еместігін, сонымен қатар ақшаның өсімділік дәрежесімен есептесу, ақша материалының құнымен байланыстыра отырып, тауарлар бағаларына түзету мүмкіндігінің болуы.

Алтын стандарты – әр ел өзінің валютасының құнын алтыннның белгілі шамасымен көрсететін, валюта қатынастарының жүйесі. Бұл өзінің алтын қоры мен айналыстағы ақша массасының арасындағы қатынастардың тұрақтылығын қолдайы. Осы жүйе ХI-XII ғ.ғ. орын алған.

Амортизация – капиталдың тозу көлемін бағалау; негізгі капиталдың ауысқан құны.

Аралас экономика – өндірістік құрал-жабдықтарға қоғамдық меншіктің элементтерін жеке меншікпен біріктіретін және нарықтық экономиканы орталықтанған – жоспарлық басқарумен ұштастыратын экономикалық жүйе.

Аралық өнім (АӨ) – өндіріс процесінде уақыттың барлы мерзімі бойынша пайдаланылатын өнімнің құны.

Аренда – келісім-шарт негізінде, аренда беруші аренда алушыға белгілі мүлік берілгендіктен пайда болатын шаруашылықтың формасы.

Артықшылықты акциялар – АҚ-ның жұмысының нәтижесі қандай болмасын, осы акциялар міндетті түрде табыс әкеледі, бірақ акционерлер жиналысында дауыс болуына құқық берілмейді.

Атаулы акциялар – белгілі иемденушінің атына толтырылады және АҚ-ның тізімінде тіркеледі.

Атаулы жалақы – жұмыскерлерге төленген ақшалай сома.

Аударма вексель (тратта) – вексель иесінің (трассанттың) төлеуші (трассатқа), вексельде көрсетілген ақша сомасын үшінші адамға – акцептантқа “төле” деген жазбаша бұйрығы; акцептант өзіне төлем міндеттемесін қабылдайды, немесе вексель ббойынша төлеуге кепілдік береді.

Аукцион – сатылатын мүлікке сауцдаласу барысында ең жоғарғы баға ұсынған сатып алушыға меншік ұқы берілетін, ашық сауда-саттық.

Ашық экономика – халықаралық тауарлар мен капиталдар нарығында барлық шаруашылық субъектері (заңды және жеке тұлғалар) ешқандай жағдайлармен шектелмеген операциялар жүргізе алатын ұлттық шаруашылық.

Әлеуметтік қорғау жүйесі – тәуекелділік қатерліктерді өтеудің мемелекеттік кепілдіктер жүйесі, бұның ішінде табыстардың жойылу немесе төмендеу қаупі.

Әлеуметік-экономикалық қатынастар – материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну туралы адамдар арасындағы қатынастар.

Баға – ақшаға шағылған тауардың құны, тауардың, қызметтің бірлігін алу үшін басқа бір нәрсені құрбан ету.

Баға белгілеу (котировка) –1) қор биржасында бағалы қағаздарды сату үшін қабылдау; 2) біріншілік нарықта акциялар мен тауарлардың бағаларын белгілеу.

Баға бойынша икемділік – баға өзгерістерінің әрбір пайызына ұсыныс пен сұраныс көлемдерінің жауап қайтару мөлшері.

Баға жетекшісі – басқа фирмалар қолдайтын, баға белгілейтін фирма – олигополист.

Баға индексі – нарықтық қоржынның бағасының өзгерістерінің динамикасын көрсететін индекс.

Бағалы қағаз – белгіленген тәртіп бойынша мүліктік құықты куәландыратын құжат, оны орындау немесе тапсыру, соны ұсынғанда мүмкін болады.

Бағалы қағаздар нарығы, біріншілік – бағалы қағаздардың жаңа шығарымдарын орналастыру; бұлардың эмитенттеріне корпорациялар, өкімет, муниципалдық органдар жатады.

Бағалы қағаздар нарығы, екіншілік – бұран шығарылған қағаздардың сатып алу-сату келісімдері; бағалы қағаздар айналымы.

Бағалы қағаздардың эмиссиясы – айналымға жаңа бағалы қағаздардың шығарылуы.

Бағалық емес бәсеке – бәсекелес фирмалар өздерінің өнімдерін сату бағасының өзгеруінен басқа әдістерді қолданады.

Бағамен кемітушілік – сапасы бірдей өнімді, әр түрлі сатып алушыларға әр түрлі бағамен сату.

Баланс – иелену құралары (активтер), міндеттемелер (пассивтер) және меншікті капитал көрсетілетін, есеп беру формасы.

Балансталған өсудің мультипликаторы – көрсеткіш, бұл мынаны белгілейді: ұлттық табыстың өсімі мемлекеттік сатып алудың өсім дәрежесіне тең және салықтардың бір мезгілде осындай өсуіне тең.

Балансты пайда – матеиалдық шығындардың, амортизацияның және жалақының сомасымен және өнімді сатудан келген ақшалай түсімнің айырмасы.

Банк – ақша ресурстарын тартумен және оларды орналастырумен айналысатын экономикалық институт.

Банк пайызы (несие пайызы) – коммерциялық іс-әрекеттерді ынталандырушы ретінде қолданылатын несиенің бағасы.

Банкроттық – заңды түрде белгіленген кәсіпорынның төлемге қабілетсіздігі, қаражаттардың болмауы арқасында экономикалық қызмет жүргізуге қабілетің болмауы.

Банкілердің резервтері – орталық банкідегі коммерциялық банктердің депозиттері, бұлар банктер белгілейтін міндетті түрде резерв жасау нормаларына сәйкес қалыптасады және коммерциялық банктерде кассалық қаллдық түрін алатын резервтер.

Банкілік несие – банктердің кәсіпкерлерге және басқа қарызгерлерге беретін ақшалай несиесі.

Банкінің активтері – банкінің кассасындағы қолма-қол ақша, банк депозиті, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік және басқа банк иелік ететін нақты меншік объектілері.

Банкінің активтік операциялары – әр түрлі несие берумен байланысты, банкі жүргізетін операциялар.

Бартер – ақшаның көмегінсіз тауардың бір-біріне айырбасталуы.

Бәсеке – іс-әрекеттердің қандай болмасын саласында ұнамды нәтижелерге жету үшін жүретін экономикалық сайыс, тауар өндірушілердің ұтымды шаруашылық жүргізудің шарттары үшін, нарықтық және пайданың үлесі үшін, нақты тапсырма алу үшін сайыс.

Бизнес-жоспар – фирманың дамуының кешенді жоспары; бұл есеп беру ұқжаты болып және инвестициялардың басты дәлелдеуі болып табылады.

Биржа – көтерме сауда нарығының тұрақты қызмет ету формасы. Тауар, қор, еңбек т.б. биржасы болып бөлінеді.

Бөліндеген пайда – акционерлер арасында бөлінбейтін, корпорацияның пайдасы және өндіріс кеңейгенде оның негізгі жобаларын қаржыландыру үшін жиі қолданылады.

Бухгалтерлік пайда – капиталдан басқа барлық өндіріс факторларының (айқын шығындар) шығындары өтелмегеннен кейін қалған ақшалай түсімнің бөлігі.

Бухгалтерлік шығындар – өнімнің белгілі санын өндіру үшін жасалған өндіріс факторларының нақты шығыстары (сатып алынған бағамен).

Бірін-бірі алмастыратын тауарлар – бірінің орнына бірі жүретін тауарлар.

Бірін-бірі толықтыратын тауарлар – біреуінің бағасы төмендегенде (жоғарлағанда) басқасына сұраныс өсетін (төмендейтін) тауарлар.

Бюджеттік артықшылық – бюджеттің кірістерінің оның шығыстарынан артық болуы.

Бюджеттік тапшылық – бюджет шығыстарының оның кірістерінен артып кетуі.

Валюта – 1)елдің ақша бірлігі – оның ақша жүйесінің элементтерінің біреуі; 2) шетел мемлекеттерінің ақша белгісі және олардың несиелік пен төлемдік құралдары; 3) халықаралық төлем – есеп айырысу айналысындағы ұлттық ақшаларды пайдаланудың ерекше әдісі.

Валюта нарығы – әр елдің влюталары сатып алынатын, сатылатын нарық.

Валюталық бағам – басқа валютаның ақша бірліктерінің бағасымен есептелген бір валютаның ақша бірлігінің бағасы.

Валюталық басқыншылық – валюталық бағамның динамикасын реттеу мақсатпен орталық банктің шетел валютасын сатып алуы (сатуы).

Валюталық демпинг – ұлттық валюта бағамының құлдырау нәтижесімен байланысты, төмен бағамен экспортты кеңейту.

Валюталық қатынастар – халықаралық есеп айырысуда ұлтты аша бірлігін қолданғанда пайда болатын, экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Вексель – жазбаша борышқорлық міндеттеменің ерекше түрі, ол оның иесіне белгілі уақыт мерзімі өткенен соң, осында көрсетілген соманың төленуін талап етуге құқық береді.

Венчурлік капитал – қауіп-қатерлік дәрежесі жоғары капитал салымын қолдануға болатын ақша.

Венчурлік фирма – венчурлік (тәуекелшілік) капиталды қолданудың негізінде өнімнің жаңа түрлерін енгізуге, жасауға, өндірісін меңгеруге, жаңа технологияларды пайдалануға маманданған коммерциялық ғылыми-техникалық ұйым.

Гиперинфляция – баға деңгейінің өте тез өсуі: инфляцияның жоғарғы қарқыны.

Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) – идеялардың пайда болуынан бастап, олардың коммерциялық негізінде жүзеге асырылуына дейін, жаңа енгізілім алу мақсатпен адамдармен саналы түрде қолданып жандандырылатын инновациялық процесс.

Девальвация – басқа елдер валютасымен салыстырғанда ұлттық валюта бағамын төмендету.

Дедукция – жалпы ережелердің негізінде жеке құбылыстар мен процестерді дәлелдеуге мүмкіндік беретін, ғылыми зерттеу әдісі.

Дезинфляция – бағаның өсуінің төмендеуі.

Демпинг – тауар-материалдың өте өсіп кеткен қорынан құтылу мақсатымен тауарларды төмен бағамен сату; әлемдік нарықта бәсекелестік қабілетті күшейту үшін тауарларды шетелдерге төмен бағамен сату.

Деноминация – ескі ақша белгілерін жаңаға айырбастап және баға масштабын өзгертіп, ұлтық ввалютаны нығайту шарасы.

Депозит – қаржы мекемелеріне сеніп тапсырылған ақша немесе бағалы қағаз.

Депрессия – 1)өнеркәсіптік циклдің фазасы; 2) қолайсыз экономикалық дамудың ұзақ мерзімі.

Дефляция – бағалардың және шығындардың жалпы төмендеуі.

Джини коэффициенті – халық табыстарының бөлінісі дәрежесінің әркелкі болуын көрсететін коэффициент (Лоренцтік қисық сызығын қараңыз).

Дивидент – акцияға табыс түрінде төленетін, акционерлік қоғамның пайдасының бөлігі.

Дилер – қор биржасының мүшесі, өз атынан және өз есебіенен операциялар жүргізетін заңды немесе жеке тұлға; тауарларды, бағалы қағаздарды, валютаны сатып алу-сатушы делдал.

Дифференциалдық рента – табиғи жоғары өндіргіш күштерді қолданудың нәтижесінде пайда болатын артық пайда.

Дотация – өнімдердің белгілі түрлерін шығарғаннан келген шығындарды өтеу үшін фирмаларға тегін көрсетілген көмек, мемлекеттік реттеудің құралы.

Доу-Джонс индексі – белгілі компаниялар тобының акцияларының күнделікті баға белгіленімінің (котировка) арифметикалық орта шамасы, АҚШ-тың қор нарығында ағымды экономикалық ситуацияны көрсетеді.

Дуополия – нарықтық құралымның типі, бұл жағдайда белгілі тауардың тек екі жеткізушілері болады және олардың арасында баға, өткізу нарықтары және квота туралы келісімдер болмайды.

Дүниежүзілік сауда – тауарлардың және қызметтердің мемлекеттік шекаралардан өтуі.

Дүниежүзілік шаруашылық – әлемдік, глоюолбдық, геоэкономикалық кеңістік, бұнда материалдық өндіріс тиімділігінің өсуінің мүдделеріне сәйкес, тауарлар, қызметер және капиталдар адами, қаржылық, ғылыми-техникалық еркін айналымда болады.

Екідәрежелі банкілік жүйе – елде ақша айналымын ұйымдастыратын Орталық банкіден тұратын және тікелей несиелік пен есеп айырылысу операцияларымен және клиенттерге қызмет көрсеумен айналысатын коммерциялық банкілерден тұратын банкілік жүйе.

Елеусіз қол” (“көрінбейтін қол”) – А. Смиттің ғылымға енгізген түсінігі, осыған сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект пен мемлекет арасындағы өзара әсер ету объективтік экономикалық заңдарға қарсы келмейді, табиғи болып табылады, нарықтық механизм еркін әрекет етуіне кедергі келтірмейді.

Еңбек – табиғат заттары мен күштердің түрін өзгертуге бағытталған адамның мақсатты қызметтері, оларды өздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бейімдеу.

Еңбек заттары – еңбек процесінде адамның әсер ететінінің барлығы.

Еңбек құралдары – солардың көмегімен адам еңбек заттарын өңдейтін құралдар немесе құралдар кешені.

Еңбек нарығы – сұраныс пен ұсыныстың өзара әсер етуімен тепе-теңдіктің бағасы мен саны белгіленетін, еңбек тауар болып табылатын, еңбек ресурстарының нарығы.

Еңбек өнімділігі – еңбектің тиімділігінің көрсеткіші, уақыттың бірлігінде өндірілген өнімнің санын сипаттайды.

Еңбек ресурстары – халық шаруашылығында еңбек етуге қабілетті елдің халқының бөлігі.

Еңбек сыйымдылығы – өнімнің бірлігін шығаруға жұмсалған еңбектің жалпы шығындары.

Еңбекке қабілетті адамдар – жас жағынан және денсаулығымен еңбек етуге қабілетті адамдардың барлығы.

Ең төмен жалақы – заңмен бекітілген еңбек ақының ең төмен деңгейі.

Ең төмен тұтыну бюджеті – баршылықтың ең төмен бюджеті – денсаулықтың және әл-аухаттың ең төмен деңгейін қанағаттандыратын физиологиялық минимум бюджеті.

Жалақы – жалдама жұмыскер алатын ақшалай немесе зататй формадағы табыс.

Жалған инвестициялар – бағалы ағаздарды сату-сатып алу.

Жалған капитал – нақты капиталдың қағаз бейнесі (бағалы қағаз түрінде).

Жалпы және ішкі инвестициялар – ұлттық кәсіпорындардың және адамдардың негізгі және айналым капиталының элементтерін сатып алуы, бұның ішінде тозған негізгі капиталды алмастыру үшін.

Жалпы қоғамдық өнім (ЖҚӨ) – материалдық өндіріс сферасына жатқызылған салаларда жасалған белгілі уақыт мерзімінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны, осының құрамына аралық өнімнің құны кіреді.

Жалпы пайда – тауарлардың өндірісі мен сатуынан түсетін фирманың табысы.

Жалпы табыс - өнімнің белгілі көлемін өткізуден түскен жиынтық ақшалай түсім.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің территориясында белгілі уақыт мерзімінде барлық өндіріліген тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны. Оның ішінде шетел меншігіндегі өндіріс факторымен елдің территориясында өндірілген жиынтық табыс.

Жалпы ұлттық өнім, атаулы (номиналдық) – ҰЕЖ (ұлттық есеп жүесінде) есептелген, инфляциямен есептеспей, ағымдағы нарықтық бағамен есептелген ЖҰӨ.

Жалпы ұлттық өнім, нақты – өндірістің нақты көлемін сипаттайды; инфляциямен есептесіп өзгермес бағамен есептеледі; атаулы ЖҰӨ-нің, оның (ЖҰӨ-нің) дефиляторына қатынасы деп анықталады.

Жалпы экономикалық тепе-теңдік – барлық нарықтарда бір мезгілде сұраныс пен ұсыныстың теңдігі туған және шаруашылыұ агенттердің сатып алудың немесе сатудың көлемін өзгертуге ынталы болмайтыны жағдайындағы экономиканың болмысы.

Жанама салықтар – бағаға үстеме (мысалы, акциздер) арқылы алынатын белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салық.

Жарамсыз деп тану (нуллификация) – күрт бағасызданған өағаз ақшаны жою немесе жаңаға айырбастау кезінде орын алатын ақша реформасының нысаны.

Жауапкершілігі шектеулі қоғам – көлемі құрылтайшылық құжаттарымен белгіленген үлестерге бөлінген, жарғылық қоры болатын және өздеренің мүліктерінің құнының көлемінде міндеттемелеріне жауап беретін қоғам. Қоғамның барлық мүліктері оның мүшелерінікі болып табылады, ал қоғамның өзі көбінесе акционерлік қоғамға ұқсас.

Жеке адам (тұлға) – адамның өндіргіш күштері болып табылатын атрибутивтік сапалар мен қасиеттердің жиынтығы.

Жеке кәсіпкерлік – кәсіпорынды бір адам иемденетін кәсіпкерліктің нысаны.

Жеке меншік – жеке иемдену құқығы және еркін кәсіпкерлік жүйесі, жекеленген адамдардың затты иемденуіне, оны пайдалану және оған жарлық ету құқығы барына кепілдік береді.

Жеке меншік секторы – осы елдегі үй шаруашылықтары мен формалардың жиынтығы.

Жеке табыс (ЖТ) – жеке тұтынуға және салықтар төлеуге халықтың жұмсай алатын табысының көлемі.

Жекешенлендіру – мемлекеттік органдардың, меншікке экономикалық құқығы мен қызметтердің және тауарладың, өндіріс процесін, тікелей соған қатысушыларға немесе мемлекеттік емес сектордың басқа экономикалық агенттеріне беруі.

Жетілеген еркін (таза немесе толық) бәсеке – көп фирмалар стандарттық тауарлар сататын және олардың біреуінде нарық пен бағаны бақылауға жетімді үлесі болмайтын нарық.

Жетілмеген бәсеке – бағаға белгілі (шектелген) бақылау жүргізетін екі немесе одан көп сатушылар нарығы және сату үшін бір-бірімен бәсекелес болатын нарық.

Жиынтық сұраныс – ақшаға шағылған өндірілген ұлттық өнімнің барлық элементтеріне шаруашылық агенттердің қоятын сұранысының біріктірілген көлемі.

Жиынтық табыс – белгілі уақыт мерзімінде (әдетте 1 жыл) субъектінің табатын немесе алатын ақшаларының және басқа бағалылыөтардың (игіліктердің) сомасы.

Жиынтық сұраныс – ақшаға шағылған өндірілген ұлттық өнімнің барлық элементтері, ұсыныстың біріктірілген көлемі.

Жиынтық ұсыныс – ақшаға шағылған өндірілген ұлтық өнімнің барлық элементтері, ұсыныстың біріктірілген көлемі.

Жиынтық шығындар – осы уақыт мерзімінде ЖҰӨ алу үшін экономикалық қатынастар субъектерінің шығыңдарының сомасы.

Жоспарлау – фирма қызметінің мақсаттарын, оған жетудің басы бағыттары мен құралдарын белгілеу.

Жұмыс күші – адамның өмірлік тіршілігімен бірлесіп кеткен және оның маңызды атрибутивтік (ажыраспайтын) қасиеті болып табылатын, еңбекке жеке дара қасиеті.

Жұмысқа қабілетті халық – жасы және денсаулық жағынан жұмыс істеуге қабілеттерінің барлығы.

Жұмыспен қамтылу деңгейі – жұмыспен қамтылған жұмыс күші санының пайызы.

Жұмысссыздық – белгілі күнге жұмысы болмағандар және жұмыс істеуші институционалды халықтың бөлігі.

Жұмыссыздықтың табиғи нормасы – еңбек және тауарлар нарықтарының нақты ұрылымдық сипаттамаларын көрсетеді: нарықтық жетімсіздіктерді, сұраныс пен ұсыныстың стохастикалық ауытқуларын, бос жұмыс орындарымен бар болып отырғңан жұмыс күші туралы ақпаратты, икемділіктің шығындарын т.б. көрсетеді.

ЖҰӨ-нің дефляторы – баға индексі, тауарлар қоржынының нақты бағасының базистік бағаға қатынасы болып есептеледі, тұтынушылық және инвестициялық тауарлар бағаларының өзгерістері есепке алынады.

Заңды тұлға – өзінің меншігінде, шаруашылық қарамағында немесе жедел басқаруында оқшауландырылған мүлік болатын және осы мүліктермен өзінің міндеттемелеріне жауап беретін ұйым.

Иемдену – мүлікті меңгерудің нақты қоғамдық тәсілі.

Импорт – басқа елдерден алынатын тауарлар мен қызметтердің жиынтығы.

Инвестициялар – капитал қорын толықтыру үшін кәсіпкерлер алатын тауарлардың құны.

Индукция – жалпы ережелер мен принциптерді айқындауға мүмкіндік беретін, жекелеген бөлек факторлардың негізінде жүргізілетін, ғылыми-зерттеу әдісі.

Инжиринг – коммерциялық негізде жобалаудың алдында, жобадаудың кезінде, жобалаудан кейін инженерлік-консультациялық қызмет көрсететін сфера, осымен қатар ноу-хау, лицензиялар, кейде кадрлар дайындайды, ұсынады.

Инновациялар (жаңартпалар) – тауарлар мен қызметтердегі, технология мен өндіріс факторларындағы қандай да болмасын өзгерістер, жаңа өзгерімдер.

Интенсивтік типтегі экономикалық өсу – материалдық игіліктер мен қызметтердің өндірісінің кеңейуі, өндірістің тікелей факторларының сапасын жетілдіру арқылы қамтамасыз етіледі: прогрессивтік технология қолдану арқылы, квалификациясы және еңбек өнімділігі жоғары жұмыс күшін қолдану арқылы.

Инфляцияға қарсы саясат – инфляццияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік ретеу құралдарының жиынтығы.

Инфрақұрылым – экономиканың қызмет етуінің шарттарын жасап отыратын, оның салаларының жиынтығы. өндірістік (көлік, байланыс, қуатпен қамту т.б.) болып бөлінеді.

Ипотека – жылжымайтын мүліктің кепілдігіне берілетін, қарыз алушыда қалатын несие.

Капитал – тауарлар мен қызметтер өндірісін ұйымдастыру мақсатпен пайдаланатын ақшалай сома. Капитал деп іскерлік операцияларды төлеуге қолданылатын ақшада түсініледі. Капитал – кәсіпкерлік табыс әкелетін ақшаның қандай болмасын сомасы.

Кәсіпкер – пайда табу мақсатпен жаңа технологиялар және қоғамдық қажеттіліктерді қамтамасыз етудің жаңа әдістерін іздеумен байланысты экономикалық процестің белсенді мүшесі.

Кәсіпкерлік – пайда алумен жеке табыс табуға бағытталған, азаматтардың белсенді, шығармашылық дербес іс-әрекеттері.

Кәсіпкерлік табыс – қарыз пайызы мен бэджеттік төлемдерге (салықтар және басқалар) шегерілген пайда.

Кедейлік – халықтың белгілі топтарының ең төменгі қажетіліктерін қанағаттандырудың мүмкін болмауы.

Кеден тарифі – тауарлардың тобына сәйкес жүйеленген кедендік баждарының тізбесі.

Коммерциялық емес ұйым – пайда тауып оны мүшелерінің арасында бөлуді мақсат етпейді.

Коммерциялық несие – тауарды сатқанда сатушы сатып алушыға төлем мерзімін ұзартады.

Комерциялық тәуекелділік – кәсіпкердің сатып алған тауарларын және қызметтерін өткізуімен байланысты қауіптер.

Коммерциялық ұйым – қызметтердің негізгі мақсаты деп пайда табуды көздейді.

Консалтинг – сатып алушылар мен сатушыларға кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың, осыың ішінде сыртқы экономикалық сферада, экономикалық іс-әрекеттердің көптеген іс-әрекетердің көптеген мәселелері туралы ақыл-кеңес беру қызметтері.

Күнкөріс минимумы (күнкөрістің ең төмен деңгейі) – ең төменгі күнкөріс деңгейін ұстап тұруға қажет табыстың дәрежесі. Тауарлар енгізілетін тұтынушылық қоржыны арқылы есептеледі.

Қалыпты пайда – таңдап алған бағыттағы іс-әрекеттерді қолдануға жеткілікті болатын кәсіпкердің сыйақысы.

Қалыпты тауарлар ­– табыс өскенде сұранысы өсетін тауар.

Қаржы – ақша құралдарының қорларын (қаржы ресурстарын) бөлу және пайдалану туралы қатынастар жүйесі.

Қаржы биржасы – қағаз активтері (бағалы қағаздар, ақша).

Қаржы делдалы – қаржыларды жинайтын және акционировать ететін және оларды қарыз алушыға беретін институт.

Қаржы жүйесі – қаржылық қатынастар мен институттардың жиынтығы.

Қаржылық механизм – саяси, экономикалық және әлеуметтік сфераларда көптеген қызметтер атқаруға қажет ақша құралдарын мемлекеттің құруы және пайдалануы.

Қаржылық-өнеркәсіптік топтар - өнеркәсіптік кәсіпорындардан, банктерден, сауда үйлерінен, құрылыс фирмаларынан, сақтандыру компаниялардан тұратын бірлестіктің немесе ассоциациялардың формасы.

Қоғамның өндіргіш күштері – белгілі ептілік пен тәжірибесі болатын адамдар және өндіріс құрал жабдықтары.

Қолдағы табыс (ҚТ) – салықтар төленгеннен кейін халықтың өз ұйғарымымен жұмсай алатын табысының көлемі.

Қор - әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білімділік немесе басқа мақсаттары болатын ерікті мүліктік, жарна негізінде құрылған, коммерциялық емес ұйым.

Қор биржасы – сауданы ұйымдастыру қызметін басқа қызметпен қоспай, жеке атқаратын бағалы қағаздар нарығындағы сауданы ұйымдастырушы ұйым.

Қосылған құн – материалдық шығындар жасамай және амортизациясыз жасалған жобалардың құны.

Қосылған құнға салынатын салық - өндіріс процесінде жасалған құн өсімінің белгілі бөлігін бюджетке алу.

Қосымша құн – жалдамалы жұмысшының, оның жұмыс күшінің құнынан артық жасаған құны, өндірістік құрал-жабдықтардың меншік иесіне түседі.

Қызметтер – белгілі бағалылығы болатын материалдық емес игілік: дәрігерлер, заңгерлер, банкілер, қаржылық компаниялар т.б. көрсететін қызметтер тауарлық, сипатта болады.

Лаффердің қисық сызығы – бұл мындай заңдылықты дәлелдейді: салықтардың мөлшерлемесі өскенде табыстың бюджетке түсімі салық салымының кейбір сыни дәрежесіне дейін жүріп отырады; кейін кәсіпкерлікке белсенділік төмендейді, ал осы жағдай бюджетке түсімнің азая беруіне әкеліп соғады.

Лизинг – несиенінің бір формасы, бұнда меншік объекті ұзақ мерзімдік арендаға беріледі, соңынан ол сатып алынады немесе қайтарылады.

Маклер – биржада мәмілеге келу үшін делдалдықпен айналысатын, қор (сауда) биржасының мүшесі, операцияларды клиенттің есебінен және соның тапсыруы бойынша жүргізеді.

Макроэкономика – экономиканы тұтастық деп немесе оның негізгі құрамдастары деп зерттейтін экономикалық теорияның бөлімі.

Макроэкономикалық саясат – ұлттық шаруашылықтың негізгі мәселелерін шешуге бағытталған мемлекеттің экономикалық саясаты.

Маркетинг – нақты және болашақтағы қажеттіліктердің қалыптасуын зерттеуге негізделген, өнімнің өндірісі мен өткізілуін кешенді ғылыми бағалау.

Мемлекет иелігін алу – мемлекеттік меншіктегі мүлікті басқа меншікке айналдыру: муниципалдыққа, жекеге, ұжымдыққа, кооперативтікке, акционерлікке, аралас меншікке.

Мемлекеттік борыш – мемлекеттің өз халқына, шетел мемлекеттеріне, ұйымдарына, адамдарына қарызы.

Мемлекеттетік бюджет – бұл мемлекеттік аппарат, қарулы күштер үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған, ел үкіметінің ақша ресурстарының орталықтанған қоры.

Мемлекеттік қаржылар – мемлекеттік бюджетті және орталықтандырылған бюджеттен тыс қорларды қалыптастыру және пайдалану туралы қаржылық қатынастар.

Мемлекеттік сектор – толығымен мемлекеттік үкіметтік құралымдардың меншігіндегі және басқаруындағы ел экономикасының бөлігі.

Меншік – алдымен өндірістің құрал-жабдықтарын, заттарын иемдену туралы адамдар арасындағы қатынастар.

Микроэкономика – экономиканың жекелеген бірліктерін, бөлшектерін зерттеу, бұнда нарықтық процестерге негізгі назар аударылады.

Монетаризм – экономикалық тұрақтандыру саясатын орындауда, оның қызмет етуі мен дамуында, айналымындағы ақшаның массасы шешуші рөль атқарады.

Монополистік бәсеке – жаңа сатушылардың келіп кіруіне мүмкіндігі бар нарықта сараланған тауарлар ұсынып сатушылар бір-бірімен бәсекелес болады.

Монополия – кейбір өнімді сатуға немесе кейбір іс-әрекетпен айналысуға айрықша құқықты болу.

Монополияға қарсы заңдар - монополиялардың практикасы және олардың күштерінің өсуіне тыйым салатын заңдар.

Монополиялдық билік - тауар бағасына әсер етуге және нарықта өзінің шарттарын орындауға қабілетті болу, бұл өнімнің осы түрі өндірісінің және оны өткізудің елеулі бөлігін шоғырландыру арқылы жүзеге асырылады.

Мультипликатор - көбейткіш, мультпликациялық эффект (нәтиже, әсер) тудыратын әр түрлі өзара байланыстарды сипаттап белгілеуде экономикалық теорияда қолданылатын категория. Демек, кейнсшілер мультипликатор деп, табыстардың өзгерістерінің инвестициялардың өзгірестеріне тәуелділігін сипаттайтын коэффициент түсініледі.

Нарық - тауар болып табылатын өнімдермен айырбас жүргізудің экономикалық нысаны, бұнда өндірушілер мен тұтынушылар, сатушылар және алушылар түрлерін алады.

Нарықтық жүйе - жекелеген ресурстарды оптималды пайдалануды қамтамасыз ететін нарықтар арасындағы байланыстар жүйесі.

Нарықтық инфрақұрылым - нарықтық барлық түрлерін қызмет еткізетін мекемелер жиынтығы: аукциондар, жәрмеңкелер, биржалар (тауар және қор), сауда үйлері, сауда палатасы, жұмыспен қамту қызметтері және т.б.

Нарықтық құрылым - нарықтағы сатып алушылар мен сатушылардың саны, сатып алынатын және сатылатын тауарлардың көлеміндегі олрадың үлесі, нарықтар мен бағаларды бақылау деңгейі.

Натуралдық шаруашылық - экономиканы ұйымдастырудың жабайы нысаны, әрқайсысы меншікті өндіріс ресурстарына сүйенетін және өмірге қажеттердің барлығымен өзін-өзі қамтамасыз ететін, жекелеген дербес шаруашылықтардан тұрады.

Несие (credo – сенемін) - несие қорының қозғалысы туралы несиелер мен борышкер арасында қалыптасқан қатынастар капиталдың бөтен кәсіпорынында айналымын талап ететін мәміле.

Өндіріс - қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатпен табиғат заттарын адамның әсер етуі.

Өндіріс өнімі - өндіріс факторларын пайдалнғаннан келген нәтиже.

Өндіріс факторлары - табиғи, өндірістік ресурстар, адам ресурстары, капитал және кәсіпкерлік, ұйымдастыру – осылардың жиынтығы.

Өндіріс факторларының нарығы - бұл шаруашылық іс-әрекет жүргізуге қажет өте маңызды ресурстар топтарының тауарлық айланыс сферасы, демек жердің, табиғм қазбалар мен ресурстардың, шикізат пен материалдардың, еңбек ресурстарының, күрделі-техникалық ресурстардың.

Өнімділіктің кему заңы - бір ресурс шығыны өсіп басқа ресурстар мен технологиялар өзгермесе, онда келетін шекті өнім аз болады.

Өнімнің тұтыну құны - заттың пайдалылығы, оның адамның қажеттілігін қамтамасыз етуге қабілеттілігі.

Пайда - тауардың сату бағасы мен өндіріс шығындарының айырмасы.

Пайдалылық - адамның қандай болмасын қажеттілігін қанағаттандыратын қабілет.

Ревальвация - ұлттық ақша бірлігінің бағамын заңмен көтеру.

Рента - меншік әкелетін табыстардың түрлерінің бірі, табиғи ресурстарды пайдаланған үшін меншік иесіне берілетін төлем.

Ресурстар - тауарлар мен қызметтерді өндіру процесінде жұмсалатындардың барлығы.

Салық жүйесі - мемлекетте өндіріп алынатын салықтардың, алымдардың, баж және басқа төлемдердің, сонымен қатар оларды құрудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы.

Сауда балансы - белгілі уақыт мерзімінде тауарлар мен қызметтердің елден әкетілімін (экспорт) және елг әкелімін (импорт) ақшаға шағып есепке алу.

Саяси экономия - адамзат қоғамында, оның дамуының әрқилы процесінде, өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процесінде объективті түрде пайда болатын, қоғамдық-өндірістік, яғни экономикалық қатынастар туралы ғылым. Өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну белгілі экономикалық заңдарға тәуелді болады.Осы заңдарды ашу, оларды халық шаруашылығында адамдардың практикалық іс-әрекеттерінде қолданып пайдалану, саяси экономияның пәні болып табылады.

Стагфляция - жұмыссыздықтың өсуімен орын алатын инфляция (инфляцияның жоғары дәрежесінің үлкен жұмыссыздықпен ұштасуы).

Субсидия - тауарлар немесе қызметтер үшін үкімет, фирма немесе үй шаруашылықтарының, көбінесе ақша түрінде жұмсайтын төлемдері.

Сұраныс - сатып алушының төлем қабілетімен қамтамасыз етілген, тауарларға және қызметтерге қажеттілік.

Сұраныс заңы - басқа шарттар тең болғанда төмен бағамен, жоғары бағамен салыстырғанда көбірек тауарлар сатуға болады.

Сұраныс инфляциясы - сұраныс жағындағы факторлар тудырған инфляция.

Сұраныс көлемі - сатып алушының тауарлардың (қызметтердің) осы көлемін (осы бағамен) сатып алуға дайын болуы.

Сұраныс функциясы - сұранысты белгілейтін, сатып алынған тауарлар көлемінің, оның бағасының жіне басқа факторлардың араларындағы өзара байланыс.

Тәуекелділік - болашақта болатын нәтижелердің болжамсыздығы немесе басқа ұнамсыз жағдайлардың пайда болуы қаупі. Валюталық, қаржылық, инвестициялық, несиелік және т.б. қаупі-қатерге бөлінеді.

Технология - адамның еңбек заттарына әсер ететін тәсілдері.

Төлем балансы - белгілі уақытта келген валюталық түсімдермен осы мерзімде мемлекеттің шетелде жасаған төлемдерінің арақатынасы.

Трансакциондық шығындар - контракт жасағанда, тауарларды өндіру мен өткізуде, фирманың өзінің жұмысын ұйымдастыруда және барлық жұмыстар мен қызметтер түрлерін жүргізуге қажет байланыстарды жөнге, тәртіпке келтіруге, осылардың барлығына жұмсалатын шекті шығындар.

Трансферттік төлемдер - мемлекеттік шығындарды қайта бөлу нысаны: халыққа тегін берілетін төлемдер (зейнетақы, жәрдемақы және т.б.).

Тұрмыс құнының индексі - елдің орташа тұрғынының тұтынуына жататын тауарлар мен қызметтердің тіркелген жинақталымының өзгерістерін бейнелейтін көрсеткіш.

Ұлттық байлық (ҰБ) - осы уақыт мерзіміне дейін елде жинақталған материалдық игіліктердің жиынтығы.

Ұлттық есеп жүйесі (ҰЕЖ) - белгілі уақыт мерзіміндегі елдегі шаруашылық қызметтердің нәтижесін қолдану үшін пайдаланатын, статистикалық жүйе: тауарларды сатып алуға субъектердің жасайтын шығындарын және шаруашылық қызметтердің нәтижесінде келетін табыстарын көрсететін, баланстық экономикалық кестелердің жиынтығы болып табылады.

Ұлттық табыс (ҰТ) - жаңадан жасалған құн; жалақы, рента, пайыз және пайда түрінде тұрғындардың тапқан табыстарының жалпы сомасы.

Фирма - бір немесе бірнеше кәсіпорындарын иемдену және басқару мақсатпен, ресурстарын тауарлар немесе қызметтер өндіру үшін пайдаланатын заңды дербес ұйым.

Фискалдық саясат - мемлекеттің шығыстарымен және салықтарымен әрқилы операциялар жасау арқылы экономикалық белсенділікті реттеп отыру.

Франчайзинг - белгілі территорияда, белгілі сферада өзінің қызметінде ірі фирманың фабрика таңбасын қолдану құқығы үшін өзара шарт жасасатын ұсақ жеке фирмалар жүйесі.

Халықаралық валюта қоры - валютаның бағамын қолдау мақсатпен, төлем балансы тапшылықта болып отырған мүше-елдерге қарыз беру үшін 1945 ж. Құрылған халықаралық ассоциация.

Халықтың тұрмыс сапасы - халықтың материалдық, әлеуметтік, физикалық және мәдени әл-ауқатын көрсететін сипаттамалардың жиынтығы.

1 «саяси экономия» – грек тілінде полис- мемлекет, ойкос – үй шаруашылығы, номос – заң дегенді білдіреді.

77