Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар, практикалық сұрақтар, емтихан сұр А...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
756.74 Кб
Скачать

Ақшаның ұсынысы. Банктік мультипликатор

Ақша массасы – бұл жеке адамдар, кәсіпорындар, бірлестіктер, ұйымдар және мемлекет иелік ететін, әрі халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызмет көрсетудің айналымын қамтамасыз ететін қолма-қол және қолма-қолсыз, сатып алушылық пен төлем құралының жиынтығы. Ақша массасы құрылымында оның белсенді (актив) бөлімі ерекшеленеді. Оған ақша қаражаты, шынайы қызмет көрсететін шаруашылық айналымы жатса, ал енжар (пассив) бөліміне есеп айырысу құралы ретінде қызмет ете алатын жинақталған ақша, шоттардағы қалдық ақша жатады. Ақша ұсынысын айналымдағы ақша массасы ретінде, яғни қазіргі уақыттығы мемлекетте айналымдағы төлем құралының жиынтығы деп түсінуге болады.

Ақша ұсынысын сипаттауға әр түрлі (мынадай) жалпылама көрсеткіштер немесе келесі ақша агрегаттары қолданылады:

- қолма-қол ақша және банктік шоттардағы ақша «қажет болғанға дейінгі» ақшалар;

- бұл + коммерциялық банктердің шұғыл және жинақ шоттарындағы ақша, әрі мамандандырылған қаржы институттарындағы депозиттер.

- бұл + ірі мерзімді салымдар.

L - бұл + 18 айлық өтеу мерзімі бар құнды қағаздар.

Агрегат ақша деп аталады. Бұл ақша массасының өтімділік бөлімі. Басқа агрегаттарды квази (жалған) ақша немесе жартылай ақша деп атайды.

Банктік мультипликатор немесе ақша ұсынысының мультипликаторы банктердің жаңа ақша шығару арқылы ақша массасының қаншалықты үлкейткендігін бағалауға мүмкіндік береді. Оның формуласы:

М=(1 / r) x100,

мұнда r - процент түріндегі міндетті резервтік норма, немесе

М=M / R,

мұнда М - депозиттік өсім, R - резервтік өсім.

Ақшаға сұраныс. Ақшаға сұраныстың түрлі тұжырымдамалары

Ақшаға сұраныс оның айналым құралы және байлықты сақтау құралы ретіндегі екі функциясынан туындайды. Бірінші жағдайда сату-сатып алу мәмілелерін жасау үшін ақшаға сұраныс (транзакациялық сұраныс), ал екінші жағдайда ақшаға түрлі қаржылық активтерді алу құралы ретіндегі сұраныстың (облигация және акция) болуы.

Мәмілелер жасау үшін қажетті ақшаға сұраныс қоғамның жалпы ақшалай табысымен анықталады және атаулы ЖҰӨ-ге тура пропорционал түрде өзгереді. Әр-түрлі қаржылық активтерді алға керекті ақшаға сұраныс дивидендтер немесе пайыз түріндегі табыс алуға ұмтылумен анықталып, пайыздық мөлшер деңгейіне кері пропорционал түрде өзгереді. Бұл тәуелділік ақшаға сұраныс қисығында көрініс табады ( ).

пайыз мөлшерi, %

ақшаға сұраныс, млрд. тенге

Ақшаға жалпы сұраныс қисығы халық пен фирмалардың пайыздық мөлшерлемелері мүмкінігінше жоғары болған мәмілелер мен акция мен облигацияларды алғысы келетін жалпы ақша мөлшерін көрсетеді.

Ақшаға сұраныстың келесі тұжырымдамалары белгілі:

  1. Ақшаға сұраныс және мөлшерлік теория.

Мөлшерлік теорияның қазіргі трактовкасы ақша айналымының жылдамдығы мен табыстың қозғалысында негізделген. Ақша мөлшері мен баға деңгейі арасындағы тәуелділік кембридждік теңдеумен көрсетіледі:

М=к Р Y

мұндағы М – ақшаның номиналдық мөлшері;

к – номиналдық табыс пен қажетті ақша қалдықтары арасындағы пропорция;

Р – бағаның абсолюттік деңгейі;

Y – нақты табыс.

Егер к мен Y – тұрақты, өзгермейтін шамалар болса, ақшаның атаулы мөлшерінің өзгеруі бағаның абсолют деңгейінің өзгеруіне әкеліп соқтырады деп қорытынды жасауға болады.

Ауыстыру теңдеуі немесе Фишер теңдеуі келесідей анықталады:

MV=PY

мұндағы V- ақша айналымының жылдамдығы.

Теңдеудің екі жағын да V-ға бөліп, келесі формуланы аламыз:

M=PY/V

Бұл теңдеу ақшаға сұраныстың келесі факторлардан тәуелділігін көрсетеді:

  1. Бағаның абсолюттік деңгейінен;

  2. Өндіріс көлемінің деңгейінен;

  3. Ақшаның айналымының жылдамдығынан.