Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар, практикалық сұрақтар, емтихан сұр А...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
756.74 Кб
Скачать
  1. Инфляция, оның себептері және түрлері.

Инфляция – ақша айналымының бұзылу заңы. Ол қоғамдық қайта өндіріс үрдісінің диспропорциясынан және экономикалық саясаттың жетіспеушілігінен туындайды. Бұл айналымдағы ақша массасының кәдімгі мұқтаждықпен салыстырғанда, одан артылуы және ақшаның құнсыздануы.

Инфляция себептері әртүрлі. Оларға мыналар жатады:

  1. мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны жабу мақсатында қағаз ақша шығарылады;

  2. мемлекет деңгейідегі өнідірістік емес шығындарының биік деңгейі;

  3. тауар тапшылығы;

  4. бөлек тауар өндірушілердің монополиялық жағдайы, бұл олардың тауар бағасын және қызметті қисынсыз жоғарылатуына мүмкіндік береді;

  5. өндірістің төмендеуі және т.б.

Сұраныс пен ұсыныс инфляциясының концепцияларын инфляцияның әртүрлі себептері қарастырады.

Сұраныс инфляциясы жиынтықты сұраныстың өзгеруінен пайда болады. Ол жиынтықты сұраныстың әр жылдық даму қарқынының өнім шығару қарқынынан асып кеткен жағдайда туындайды.

Ұсыныс инфляциясы өндіріс шығындарының өсу салдарынан пайда болған бағағаның өсуіне тәуелді (жалақы, шикізат, матариалдар және т.б).

Бағаның орташа жылдық қарқынының өзгеруіне байланысты инфляция былай бөлінеді:

  1. бірқалыпты немесе жылжымалы инфляция – әдетте ол жылына 10%-тен артылмайды;

  2. өршімелі инфляция – жылына 200%-ға дейін;

  3. гиперинфляция – жылына 200%-дан жоғары.

Пайда болу түріне байланысты инфляция ашық және жабық (басыңқы) болып ерекшеленеді. Ашық инфляция – ортақ баға деңгейінің биіктігінің көрнекі көрінісі болып табылады. Жабық инфляция мемлекеттің тұрақты бағасының мүмкіндігінше табанды және «ресми» биіктемейтін орталықтандырылған экономикасына тән.

Сонымен қатар күтілген инфляцияны мен күтілмеген инфляциядан айыра білу қажет. Күтілген (болжанатын) инфляцияны белгілі бір уақыт аралығына болжауға болады немесе ол мемлекеттік үкімет тарапынан «жоспарланады». Күтілмеген (болжанбайтын) инфляцияға кенет бағаның секірісі тән, бұл ақша айналымы мен салық салу жүйесіне қолайсыз әсерін тигізеді.

Баға көтерілуіне байланысты әртүрлі тауарларға теңгерілген және теңгерілмеген инфляцияны бөледі. Теңгерілген инфляция кезінде түрлі тауар бағасы біреуі басқасына қатысты ұдайы пропорцияда ауысып отырады. Теңгерілмеген инфляция әртүрлі тауарға деген әртүрлі өсу қарқынын көрсетеді.

  1. Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық салдары

Инфляцияның бірнеше негізгі салдары бар. Біріншіден, қоғамдағы табыстарды келесі субъектілерге елеулі қайта бөлу:

а) кәсіпорын-монополистерге;

б) қаржылық құрылыстарға (талаулы пайыз бен ақша саудасынан туады);

в) көлеңкелі экономикаға;

г) басқа салалар мен бөлек тұлғаларға қайта бөлу.

Бұл жағдайда көбінесе тұрақты бекітілген табыс алушылар (зейнеткерлер, студенттер, бюджет саласындағы жұмысшылар) көбірек зиян шегеді.

Екіншіден, қатты инфляция жағдайында әдеттегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар бұзылады. Ақша құнын жоғалтады және өз функцияларын орындауды тоқтатады. Тауар айырбас үрдісі ұйымдастырылуы тоқтатылыды. Өндіріс қысқартылады. Үйшаруашылық байланысы үзіледі. Қаржылық алып-сатушылық арта түседі, кәсіпорын банкротқа ұшырайды, қоғамдық-саяси ретсіздік және т.б. орнайды.

Антиинфляциялық саясат – ақша айналымын реттеу, ақша көлемін ығыстыру және тауар бағасының тез көтерілуін тоқтату мақсатында қабылданған мемлекеттің бағытын таңдап және оларды орындалу шаралары.

Нарық экономикасы дамыған мемлекеттердің антиинфляциялық саясатының негізгі объектісі шығындар инфляциясы болып табылады. Сондықтан осындай саясаттың орындалуының негізі – шектен тыс іскерлік белсенділікті несиені қымбаттату арқылы тоқтату, кіріс пен бағаның жоғарылауына шектеу қою. Сұраныс инфляциясы нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі мемлекеттерге басты қауіп көрсетеді. Ол негізінен несие-бюджеттік сипатқа ие және бұл мемлекеттердің саясаты ең алдымен мемлекеттік бюджеттің реттелуіне сүйеніп, оның тапшылығын жою, инвестиция саласында мемлекеттік шығындарды азайту, кәсіпкерлерге дотация беру, әскери шығындар, әлеуметтік бағдарламаларды түзету секілді шараларды жасауы қажет. Сондай-ақ, қатал салықтық және несиелік-ақшалай тәртіпті, пайдалануға негізделген қаражатты реттеуді жүргізу маңызды болады.