Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар, практикалық сұрақтар, емтихан сұр А...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
756.74 Кб
Скачать
  1. Жұмыссыздық мәні. Қазіргі экономикадағы жұмыссыздықтың негізгі түрлері

Еңбек қорының құрамын табыс табатын экономикалық белсенді тұрғындар, және жұмыссыздар, яғни ақылы жұмыс іздеп жүргендер құрайды. Экономикалық белсенді тұрғындар халық шаруашылығында еңбек ететін адам санымен және сол ортада қосымша жұмысқа бөлінген белсенді халықпен анықталады .

Жұмыссыздық – қоғамдық өндірісте жұмыс істеуге ынтасы бар, еңбекке жарамды халық. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту құқығына сәйкес, өздеріне байланысты емес себеп-салдардан еңбек ақы алмайтын, мемлекеттік жұмысбастылық қызметінде есепке алынған жұмыс істеуге дайын, бірақ жұмыс істейтін орыны жоқ азаматтар жұмыссыздар деп саналады. Немесе, жұмыссыздық – еңбекке қабілетті адамдардың жұмыс істемеуі.

Жұмыссыздардың бірнеше түрі болады:

  1. Өндірістің құлдырауына байланысты, жұмысшы саны жұмыс орындардан едәуір көп болса, кезеңдік (айналымдық) жұмыссыздық орнайды.

  2. Фрикциялы (уақытша) жұмыссыздық – жұмысшылардың аймақтық, кәсіптік және жасына байланысты ауысуы (жаңа мекен-жайға көшуі, жаңа мамандық игеру, оларға күтім және т.б. байланысты).

  3. Құрылымдық жұмыссыздық жұмысшы күшіне сұраныстың құрылымдық өзгеруін туғызатын өндірістегі технологиялық өзгерістерге байланысты. Жаңа құрылымдағы жұмыс орнына бұрыннан қалыптасқан құрылымдағы жұмысшылар күшінің құрылымының сәйкес келмеуі де өндірістен жұмысшылардың бір бөлігін шығарып тастауға әкеледі.

Нарық экономикасында жұмыс пен толық қамту фрикциялы және құрылымдық жұмыссыздығына байланысты. Бұл жұмыссыздықтың қалыпты деңгейі және ол 5-7 % шамасын көрсетеді. Айналымдық жұмыссыздықта толық жұмысбастылық бұзылады.

Толық жұмыстылық ұғымы болмайды. Толық жұмыстылық – бұл кезеңдік жұмыссыздықтың болмауы. Нарықтық экономикада міндетті түрде жұмыссыздықтың табиғи деңгейі сақталады.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – толық жұмыстылық жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі (яғни кезеңдік жұмыссыздықтың болмауы).

Жұмыссыздық көрсеткіштері:

  1. Жұмыссыздық деңгейі – пайыз түріндегі жұмыссыздар санының жұмыс күшіне қатынасы.

  1. Жұмыссыздықдың ұзақтығы.

  1. Жіө мөлшеріне жұмыссыздықтың ықпалы. Оукен заңы.

Оукен заңы жұмыссыздық пен жалпы ұлттық өнім арасындағы өзара байланысты сипаттайды. Осы заңға сәйкес жұмыссыздық деңгейінің табиғи деңгейімен салыстырғанда 1%-ға көтерілуі нақты ЖҰӨ-нің өсу жылдамдығын 2,5 %-ға төмендетеді.

Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары:

1. Жұмыссыздық ЖІӨ деңгейін төмендетеді және эқономикалық жоқшылыққа ұшыратады.

2. Жұмыссыздық табыстың азаюына, өмір деңгейін төмендетуге, қылмыстық әрекеттің өрлеуіне, өлімнің көбейуіне ықпал етеді.

3. Созылмалы жұмыссыздық кезінде жұмысшылар біліктілігі жойылады.

Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудегі негізгі төрт түрлі бағытын атауға болады:

  1. Жұмысбастылықты өсіруді және мемлекеттік сектордағы жұмыс орын көбейтуді ынталандыру бағдарламалары.

  2. Жұмысшы күшін дайындау және дамыту бағдарламалары.

  3. Жұмысшы күшін жалға беруге жәрдемдесу бағдарламалары.

  4. Жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру бағдарламалары.

Еңбек нарығының негізгі элементіне еңбек биржасы жатады. Еңбек нарығы – сату-сатып алу мәмлелерін жасауда жұмысшылар мен кәсіпкерлер арасында дел-далдық қызмет жүргізетін және жұмыссыздарды тіркейтін мекеме.

Көптеген жылдар бойы ҚР жүргізіліп келе жатқан қатал монетарлық саясат - инфляцияның өсуін ауыздықтауды жұмыссыздық арқылы жүргізуге мәжбүр етті.

ҚР-да жұмыссыздық барлық жоғарыда айтылған түрлерде сипатталады:

  1. Елдегі экономикалық тоқыраудың нәтижесі ретіндегі айналымдық жұмыссыздық.

  2. Тұғындардың жаппай жақсы жұмыс іздеу мақсатымен басқа мемлекетке көшуі нәтижесінде қалыптасқан фрикционды жұмыссыздық.

Көптеген жылдар бойы экономиканың сырт әлемге жабық болып және нарықтық қатынасқа көшудегі құбылыстарға сәйкестендірілуіне байланысты қалыптасқан құрылымдық жұмыссыздық .

Осы формалармен қатар негізгі пайызды жасырын жұмыссыздық құрайды. Ол біріншіден толық емес жұмыс күні тәртібіне, өндірістің төмендеуіне, мезгілсіз еңбек ақысыз демалысқа жіберуге және екіншіден адамдардың еңбек биржасының жетілмеуі себебінен өздері жұмыс тауып орналасуына байланысты қалыптасады.

ҚР-ның еңбек нарығында төмендегідей мәселелерді атауға болады:

  1. Жұмыспен қамту деңгейі әртүрлі аймақта бірқалыпты емес түрде дамуда.

  1. Жұмыссыздықтың ұзақтығы өсуде.

  1. Жұмыссыздықтың әлеуметтік құрылымы өзгеруде.

  2. Жанама жұмыспен қамту өсуде.

  3. Материалды өндірісте және ғылыми салада жұмысшылар саны азайуда.

  4. Жұмыссыздар арасында әйелдер мен жастар саны өсуде. 76