Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар, практикалық сұрақтар, емтихан сұр А...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
756.74 Кб
Скачать

3. Айналым фазалары

Орта мерзімді айналымдарды өнеккәсіптік деп те атайды. Өнеркәсіптік айналымның материалдық негізіне негізгі капиаталдың жаңаруы жатады. Басты себеп – тауарларды артық өндіру. Бұл айналымдардың ұзақтылығы негізгі капиталдың тозуна байланысты.

Өнеркәсіптік айналымның фазалары:

1. Күйзеліс: тауарларды артық өндіру, өндіріс көлемін кенеттен қысқарту, өндіргіш күштердің аракідік бұзылуы, мекемелердің жаппай банкротқа ұшырауы, негізгі капиталдың құнсыздануы, жұмыссыздықтың көбірек өсуі, еңбек ақының кемуі, несиенің оқыс қысқаруы, салымдарды жаппай қайтып алу, банктердің күйреуі, пайыз мөлшерлемесіеің өте жоғарғы деңгейі.

2. Депрессия немесе тоқырау: өндіріс төмендеуінің қысқаруы, яғни тоқырау жағдайы, тауар қорының өспеуі, бағаның құлдырауының тоқтауы, жаппай жұмыссыздық, төменгі еңбек ақы.

3. Жандану: ақырындап күйзеліс алдындағы өндіріс деңгейіне жету, негізгі капиталды жаппай жаңарту, бағаны аздап көтеру, жұмыссыздық көлемін қысқарту,

4. Көтерілу: өндіріс күйзеліс алдындағы деңгейін көтеру, бағаның біршама өсуі, жұмыссыздық көлемін қысқарту, еңбек ақыны көтеру, несие көлемін ұлғайту.

4. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс.

Ауыл шаруашылығының дамуы табиғи-климаттық жағдайлармен, ауыл шаруашылық өндірісінің техникалық қасиеттерімен ғана емес, сонымен қатар өндірістің төменгі деңгейі арқылы негізделетін оның қоғамдық жағдайларына да байланысты.

Аграрлы дағдарыстың негізгі ерекшеліктері

  1. аграрлы дағдарыс - рентаға және ауыл шаруашылығының өнеркәсіптерден дәстүрлі түрде артта қалуына байланысты ерекше қарама қайшылықтардың себебі (осындай артта қалушылық экономикалық дамудың жоғарғы деңгейіне жеткен барлық елдреге тән);

  2. аграрлы дағдарыс мерзімінің ұзақтығы соншалықты, ол жалпы қайта өндіру дағдарысының уақытымен сәйкес келмейді. Соның нәтижесінде жалпы экономикалық циклдің басқада фазаларында жалғаса береді;

  3. аграрлы дағдарыстардың бір аграрлы дағдарысты екіншісінен ажырататын өздеріне тән меншікті қайталану мерзімдердері болмайды, яғни мерзімі немесе белгілі бір уақыт аралығында нақты анықтылығы болмайды.

Бұл мынындай себептердің нәтижесінен шығады:

  1. табиғи климаттық жағдай - мысалы, ұзақ жылғы құрғақшылық.;

  2. соғыс, өрт нәтижесінде жердің мыңдаған гектарлары айтарлықтай ұзақ мерзімге пайдаға аспай қалуы;

  3. ауыл шаруашылық және өндірістік өнімге деген бағаның қайшылығы;

  4. ауыл шаруашылығындағы өнеркәсіптен бөлек еңбек өнімділігінің, деңгейінің төмендігі;

  5. мемлекеттің ауыл шаруашылығын, әсірісе бұрынғы социалистік мемелекеттерде әлсіз қолдауы.

Құрылымдық дағдарыстар бөлек сфералар мен салалар арасындағы дамудың диспропорциясынан пайда болып, ұзаққа созылады. Әдетте олар циклдық дағдарыстардың бастапқы уақытымен әр кез сәйкес келе бермейді Құрылымдық дағдарысқа мұнай азық- түлік, энергетикалық шикізат, валюталық, экологиялық дағдарыстар жатады.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕЗЕҢНІҢ ФАЗАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Құлдырау

Тауардың артық өндірілуі

Бағалардың құлдырауы

Өндіріс мөлшерінің азаюы, кәсіпорындардың, банктердің жаппай банкротқа ұшырауы

Жұмыссыздықтың өсуі, жалақының төмендеуі

Акциялардың пайыздық деңгейінің, акция бағамының құлдырауы

Тоқырау

Өндірістің құлдырауының, тауардың қосалқы қорларының өсуінің, баға түсуінің тоқталуы, яғни тоқырау жағдайыедағы экономика

Жаппай жұмыссыздық

Төмен жалақы

Несие пайызының төмендеу деңгейі

Жандану

Өндіріс өсуінің дағдарыс алдындағы деңгейге дейін жетуі

Өндірісте инвестициялардың артуы

Тауарларға бағалардың көтерілуі

Жұмыссыздық мөлшерінің аздап азаюы

Өрлеу

Өндірістің құлдырау алдындағы деңгейінің шегінен шығуы

Бағалардың айтарлықтай өсуі

Жұмыссыздықтың қысқаруы

Жалақының көтерілуі

Бос ақша капиталы ұсынысының өсуі

Несиеге сұраныстың артуы

Тақырып 13. Инфляция және жұмыссыздық

Дәріс мақсаты: Тұрақсыз экономиканың сипаты болып табылатын жұмыссыздық пен инфляция мәнін, түрлерін, салдарын үйрету.

  1. Жұмыссыздық мәні. Қазіргі экономикадағы жұмыссыздықтың негізгі түрлері.

  2. ЖІӨ мөлшеріне жұмыссыздықтың ықпалы. Оукен заңы.

  3. Инфляция, оның себептері және түрлері.

  4. Инфляция мен жұмыссыздықтың арақатынасы. Филлипс қисығы.

Негізгі сөздер: жұмыссыздық, инфляция, Оукен заңы,. Филлипс қисығы.