Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар, практикалық сұрақтар, емтихан сұр А...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
756.74 Кб
Скачать
  1. Мультипликатор және акселератор. Ұқыптылық парадоксы.

Макроэкономиканың қызмет етуі туралы кейнсиандық ұстаным «мультипликациялық» нәтиже теориясында өзінің көрсетілімін тапты. Кейнс теориясында мультипликатор деп инвестициялар өзгерістеріне табыс өзгерістерінің тәуелділігін көрсететін коэффициент түсініледі.

Экономика тепе-теңдік жагдайына жететін, ЖҰӨ-нің оңтайлы мөлшерін анықтаудағы Кейнсиан теориясы, инвестиция өскен кезде, алғашқы қосымша инвестицияға карағанда, ЖҰӨ-нің өсуі одангөрі үлкен мөлшерде болады. Бұл инвестиция мультипликациялық (өсе түсетін) нәтижеге алып келетіні себеп болады. Бірінші нәтижеден басқа, екінші, үшінші және т.б. нәтижелер пайда болады. Бір аядағы шығындар өндіріс және жұмыспен қамтамасыз етудегі және басқаларды кеңейтуге әкеледі. Осындай ЖҰӨ мөлшеріндегі көбеймелі өсетін тиімділік мультипликациялық нәтиже деп аталады. Мультипликатор инвестиция көлемі өсу кезіндегі ЖҰӨ-нің көтерілуіндегі мөлшерді көрсететін сандық коэффициентті қарастырады. Мультипликатор инвестицияның үстелуіне ЖҰӨ-нің үстелуінің қатынастары ретінде анықталады.

Классикалық мектептің қисыны бойынша, жинақ салымына жоғары бейімділік ұлттың гүлденуіне көмектесуі тиісті. Кейнсиан мектебінің көзқарастары бұдан ерекше айрықшаланады. Кейнске сай, дамудың жоғары сатысына жеткен елдерде сақтауға ұмтылу барлық уақытта инвестициялауға ұмтылудың алдында жүреді. Екіжақты себептер пайда болады:

1. Капиталдың жинақталуының өсуі мен оның қызмет етуінің шектеуді әсері азаяды, өйткені, баламалы мүмкін жоғары пайдалы капитал салымдарының шеңбері бірден-бірге тарыла береді.

2. Табыстардың өсуімен жинақ салымдарының үлесі артады. Осыған байланысты Кейнс автономды санаттар мен туынды инвестицияларды қарастырады.

Автономды инвестициялар - ұлттык табыстың серпіні мен колеміне тәуелсіз капитал салымы. Олар бірінші кезектегі «егілім» түрінде жүзеге асырылады және мультипликатор тиімділігі нәтижесінен үлттық табыстың өсуіне әкеледі.

Іскерлік белсенділікті және жұмыспен қамтамасыз етуді жандандыру кәсіпкерлердің әр түрлі топтарының инвестиция жасауға бейімділігін арттырады. Бұл инвестицияларды ұлттық табыстың серпініне тәуелді болғандықтан, туынды деп атау қабылданған.

Акселератор. Тұтыну заттарына сұраныстың өсуі, жабдықтар мен машиналарға сұраныстың көп еселі көбеюіне әкелетін тізбекті реакцияны тудырады. Бұл заңдылық акселератор әсері ретінде белгіленеді (акселератор-жеделдетуші).

Экономикада түтыну заттарының өндірісін қалаулы деңгейге жеткізу үшін өндіріс құралдарын дайындауға алдын ала шығындар жүмсалады. Тұтыну заттарына сұраныстың барлық өсуі әндіріс құралдарының елеулі кеңеюіне әкеледі, оның нәтижесінде, оның кейбір бөлігі рынокта артық болып қалады. Акселераторды инвестиция мен түтыну сұранысының (дайын онім) өсуінің арасындағы қатынастар түрінде және ұлттық табыс түрінде көрсетуге болады:

V = It/(Үі-1 -Үі-2),

мұнда V - акселератор,

I - инвестициялар;

Ү - табыс (немесе тұтыну сұранысы);

1 - инвестиция жүзеге асырылған жыл.

Ұқыптылық парадоксы. Егер экономика жұмыспен толық камтылмаған жағдайда болса, онда жинақтауға ұмтылыс, рыноктағы тұтынуға бейімділікті азайтуға ықпал етеді. Тұтыну сұранысының қысқаруы өз кезегінде тауар өндірушілерге өз өнімдерін сатуға мүмкіндік бермейтінін білдіреді. Өндіріс кысқарыла бастайды. «Ұқыптылық парадоксы» осымен қорытындыланады.

  1. AD-AS үлгісі.

Жалпы экономикалық тепе-теңціктің негізгі моделі жиынтыкқты сұраныс (АD) теңдігі және жиынтықты ұсыныс (АS) арқылы көрсетіледі.

Жиынтықты сұраныс - бұл кез келген мүмкін баға деңгейінде тұтынушылар сатып алуға дайын, ұлттық өндірістің нақты көлеміне тең, экономикалық агрегат. Сұраныс жиынтығының моделі сатып алынатын нақты ЖҰӨ-нің көлемі мен баға деңгейінің арасындағы тәуелділікті сипаттайтын кері бағытты қисығы түрінде графикалық көрсетіледі (11.3.-сурет).

Р

11.3- Макроэкономикалық тепе-теңдік

Тұтыну серпініндегі (сатып алынатын) ЖҰӨ-ң бағалық және бағалық емес факторларға ықпал етеді. Бағалық факторлардың іс-әрекеті тауарға жиынтықты сұраныстың көлемінің өзгерістері бағалық факторлардың іс-әрекеті және қызметтері арқылы жүзеге асады және ол АD қисығы бойымен графикте көрсетіледі. Бағалық емес факторлар жиынтықты сұранысты өзгертіп АD қисығын солға және оңға қозғап. Бөлек тауарларға сұранысты анықтайтын, бағалық емес факторлар (тұтынушылар табысы, олардың талғамы, өзара алмастырушы тауар бағалары), өзінің ықпалын жалпылама көрсетеді.

Жиынтықты ұсыныс - бұл әрбір мүмкін баға деңгейіндегі өндірістің қолма-қол нақты көлеміне тең экономикалық агрегат. Жиынтық ұсыныстың моделі баға деңгейі мен ұлттық өндірістің көлемі арасындағы оң тәуелділігін бейнелейтін, қисығы оң бағытта болады.

АS-тің өзгерісін шақыратын н факторлар: өндіріс технологиясы, шығындар және т.б.

Баға деңгейінің тендестігі мен өндіріс көлемінің тендестігі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тендігін қарастырады. Бұл графиктік кескіндегі теңдік АD және АS қисығының қиылысуындағы нүктені көрсетеді (11.3-сурет).

Жиынтықты сұранысты экономика секторлары бойынша бөлуге сәйкес оның құрылымы анықталады:

  1. Үй шаруашылығына жиынтықты сұраныс (немесе тұтыну (С)).

  2. Кәсіпкерлер (немесе инвестициялар) (I) тарапынан капиталды құрал-жабдықтарға сұраныс.

  3. Мемлекет тарапынан тауарлар мен қызметтерге сұраныс (немесе мемлекеттік сатып алу (G)).

  4. Шетелдіктердін отандық тауарларға сұранысы мен елдің шетел тауарларына сұранысы арасындағы айырма (немесе таза экспорт (Xn).

Басқа сөзбен айтқанда, АD сұранысының жалпы сомасына тең түпкі өнім = С + І+С + Х = ЖҰӨ.

Жиынтықты ұсыныс деп, кәсіпкерлік және мемлекеттік секторлармен сатуға ұсынылған барлық түпкі тауарлар мен қызметтің жалпы сомасының ақшалай көлемін айтамыз. Мұндай жағдайда, жиынтықты ұсыныс немесе егер ұлттық табыстар көлеміндегі елеусіз айырмашылықты есептен алып тастаса, ЖҰӨ-ге теңеседі (АS = ЖҰӨ).

Тақырып 12. Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде

Дәріс мақсаты: Экономика циклдарымен, түрлерімен, пайда болу себептерімен таныстыру.

  1. Нарықтық экономиканың дамуының циклдігі. Айналымдық өзгерулердің сыртқы және ішкі себептері.

  2. Экономикалық ауытқу және оның түрлері.

  3. Айналым фазалары.

  4. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс.

Негізгі сөздер: циклдар, интеральді және экстеральды себептер, циклдар түрлері.