Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар, практикалық сұрақтар, емтихан сұр А...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
756.74 Кб
Скачать
  1. Тұтыну және жинақтау.

Кейнс теориясында барлық табыс тұтыну мен жинақтауға бөлінеді.

Тұтыну деп адамдардың материалдық және рухани қажеттілігін қанағаттандыру үшін пайдаланылатын, белгілі бір игілік пен қызметтерді сатып алуға тұрғындардың жұмсаған ақшасының сомасы түсініледі.

Әр елде тұтыну басымдылығы әр түрлі. Отбасы үшін олардың қалау деңгейі бойынша ең көп жалпы тобын бөлуге болады: тамақ, киім, тұрғын үй, көлік, медицина, білім беру.

Әр елдің тұтынудағы басымдылығы бірнеше факторға байла-нысты болады:

  • Отбасының табыс деңгейі.

  • Тұтынудың сол және басқа да көздерінің төленетіндігі немесе тегіндігі.

  • Рыноктағы тауарлардың мол болуы.

  • «Қол жетпейтін тауарлардың» ұлттық түсінігі.

Табыс пен тұтыну арасындағы тәуелділік тұтыну қызметімен бейнеленеді. Тұтыну қызметі әрбір жекенің қолда бар табысының деңгейі мен тұтынушығындарының жоспарлы және қалаулы дәрежесімен анықталады. Тұтыну қызметі графикте көрсетілген (11.1.-сурет).

11.1 -сурет. Тұтыну кызметінің графигі.

Табыстардың нөлдік денгейіндегі нөлдік тұтынуды көрсету кезіңдегі координат басталымы аркылы тұтыну кызметі өтеді

Тұтыну қызметінің бұрыштық иілімі - бұл тұтынудағы (МРС) шектеулі бейімділік. Тұтынудағы шектеулі бейімділік - бұл көлеміне қарай тұтынуы (С) өсетін, табыстың (У) өсуіндегі үлес. Тұтыну қызметі келесі үлгіде жазылады:

С = МРС х У.

Мысалы, С = 0,75 х У. Бұл тұтыну табыстың 75 пайызына тең екенін білдіреді. МРС бұл жағдайда, егер тұтынушылармен алынатын табыстар, 1 теңгеге көбейетін болса, онда олардың тұтынуы 75 тиынға өседі.

Табыстардың өсу деңгейіне байланысты тұрғындардың жинақтары да көбейеді.

Жинақ салымы - бұл жиналатын, бірақ пайдаланылмайтын табыс бөлігі. Олар табыс пен тұтыну арасындағы айырмашылыкпен көрсетіледі. Жинақ қызметі мынадай түрде болады:

S= МРS х У,

Мұнда, S - жинақ салымы,

МРS - жинақ салымына шектеулі бейімділік. Біздің мысалымызда, табыстың 25 пайызы жинаққа салына-ды және жинақ қызметі мынадай түрге ие болады:

S = 0,25 х У

Тұтыну мен жинаққа әсер ететіндер:

  1. Жинақтың қысқаруы мен тұтынудың өсуіне әкелетін, инфляция және экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы.Салықтардың өсуі тұтыну мен жинақтардың қысқаруына әкеледі.

  2. Әлеуметтік сақтандыруға аударымдардың өсуі жинақты қысқартуы мүмкін.

  3. Дүрлікпе сұраныс тұтынуды жылдам өсіреді.

  4. Рыноктағы ұсыныстың өсуі жинақты қысқартады.

  5. Табыстардың өсуі тұтыну мен жинақтың көбеюіне әкеледі.

  1. Инвестициялар және жинақтау.

Жинақ салымдары - бұл ағымдағы өндірістік және тұтыну қажеттілігіне жұмсалған кезіндегі пайдаланылмай қалған колда бар табыстың бір бөлігі, жинақталады. Экономистер жинақты инвестицияға байланысты, экономикалық үдерістер ретінде қарастырады. Жинақ салымдарын фирмалармен қатар, үй шаруашылығындағылар да салады. Фирмалар өндірісті кеңейту және пайданы көбейту, яғни инвестиция үшін жинақтайды.

Инвестициялар жаңа технологияны, материалдарды, басқа жабдықтарды және еңбек құралдарын енгізуге байланысты жаңарту мен кеңейту үшін шыгындарды қарастырады.

Инвестициялар көздері:

  1. Кәсіпорын қаржылары (меншікті және қарызды).

  2. Мемлекеттік капиталдық салымдар.

Инвестициялардың мөлшері мен серпіні үш факторға байланысты: кәсіпорынның табыстарына, олардың шығыны мен күтілімдеріне.

Бірнеше жылдар ішінде қайтарылатын қаржыларды инвестициялау туралы мәселе шешілу кезінде мынадай жағдайды ескеру қажет:

  1. Жаңа инвестицияның есебінен алынған, жаңа өнімнің сұраныстарының өзгерісі.

  2. Инвестициядағы шығындарға әсер ететін пайыздық мөлшерлеме мен салықтардың мөлшері.

  3. Сұраныс тербелістерін анықтайтын . саяси, технологиялық және құрылымдық өзгерістер.

  4. Қоғамдағы инфляциялық үдерістер.

Инвестициялар ЖҰӨ-нің бірден-бір маңызды және ен өзгерісті құрамы болып табылады. Қашан құлдырау жағдайында тауарлар мен қызметтерге шығындардың қысқаруы болған уақытта, бұл қысқарудың үлкен бөлігі инвестициялық шығындар көлемінің азаюымен келеді.

Инвестициялық шығындарды үш түрге бөледі:

  1. Кәсіпорынның негізгі қорларына инвестициялар - бұлар өзінің өндірістік қызметіне пайдалану үшін кәсіпорын сатып алған ғимарат, құрылыс және құрал-жабдықтар.

  2. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар - онда тұру үшін сатып алуға жұмсалған шығындар, сондай-ақ, келесі жағдайда жалға беру үшін үй иелерімен сатып алынған үйлер.

  3. Қорға инвестициялар - шикізаттар, материалдар және аяқталмаған құрылыс пен дайын заттарды қосқандағы және фирманың сақтау үшін қалдырылған тауарлары.

Инвестиция мен нақты пайыз мөлшерлемесі арасындагы тәуелділік 15.2.-суретте керсетілген.

Мұндағы:

r — пайыздың накты мөлшерлемесі.

I - инвестициялар

11.2. -сурет. Инвестиция мен пайыздык мөлшерлеме арасындагы тэуелділік

Кәсіпорынның негізгі қорларына инвестициялар пайыз мөлшері төмендеген кезде көбейеді, өйткені, пайыз мөлшерінің аз көлемі капитал бірлігіне шыгынды төмендетеді және осыменен, капиталга ие болуды ең пайдалы жасайды.