Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар, практикалық сұрақтар, емтихан сұр А...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
756.74 Кб
Скачать
  1. Еңбек. Еңбек құны ретіндегі еңбек ақы.

Еңбек ақы – бұл еңбекшіге, оның еңбек күші – табиғи және интеллектуалдық қабілеттерін қолданғандағы еңбегіне төленетін төлем. Еңбек ақының шамасы келесі факторлардан тәуелді:

1. Еңбек күші құны, яғни өмір сүру мен жұмысқа қабілеттілікті қамтамасыз ететін жабдықтар құны. Бұл жерде жұмысшының өзі мен оның жанұясы материалдық және рухани тұрғыда қажет ететін шығындар мен жұмысшының кәсіби деңгейін жетілдіру шығындары қамтылады.

2. Жұмысшылардың еңбек өнімділігінің өсуі.

3. Жұмысшы біліктілігі мен оның еңбегінің сипаты.

4. Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынас арқылы сипатталатын еңбек нарығының конъюктурасы. Нақты еңбек ақы мен кәсіпкерлер тарапынан еңбекке сұраныс арасындағы атқарымдық тәуелділік келесі графиктен байқалады:

Мұндағы L –еңбекке сұраныс мөлшері, W/P - нақты еңбек ақы.

Нақты еңбек ақы өскенде, кәсіпкерлер тарапынан еңбекке сұраныс кемиді. Жұмысшылар тарапынан ұсыныс пен еңбек ақы арасындағы тәуелділік - еңбек ақы өскен сайын, жұмыс орнын алғысы келетіндер саны да өседі. Еңбекті ұсыну қисығы аз уақыт мерзімінде вертикаль сызық болып көрінеді (бұл кезде еңбек ұсынысының икемділігі төмен), ұзақ мерзімді кезеңде қисық дәстүрлі түрде бейнеледі.

Еңбек күшіне сұраныс пен ұсыныс сәйкес келгенде, еңбек нарығында тепе-теңдік қалыптасады.

  1. Еңбек ақыны ортақтандыру дәрежесі. Еңбек ақының бір бөлігі әр түрлі салықтар мен мемлекеттік төлемдер арқылы қоғамдық қорға аударылады. Одан зейнет ақыны қамтамасыз етуге, тегін немесе жеңіл медициналық көмек көрсету қызметтеріне, білімге және т.б. бөлінеді. Бұл қорға неғұрлым көм төлем аударылса, соншалықты алынатын еңбек ақы қысқарады.

  2. Ұлттық, жыныс және діни ерекшеліктер.

  3. Еңбек ақының атаулы және нақты түрлері болады. Атаулы еңбек ақы – жұмысшының еңбегіне төлегенде алатын ақша сомасы. Нақты еңбек ақы – жұмысшының атаулы еңбек ақыға алатын тауарлар мен қызмет көрсетулер мөлшері. Нақты еңбек ақы атаулы еңбек ақы мөлшерінен, алынатын салық шамасынан, тұтыну бағасынан тәуелді.

Еңбекке төлемді өлшеу тәсілдері - уақыт бойынша және жасалған жұмыс шамасы бойынша бөлінеді. Уақыт бойынша еңбек ақыны төлеу жұмыс жасалған уақытқа байланысты анықталады. Жасалған жұмыс шамасы бойынша еңбек ақы жұмысшының өндірген өнімінің көлеміне байланысты белгіленеді. Бұл еңбек ақылардың әрқайсысы еңбек ақы жүйесін қалыптастырады. Олардың сипаты төмендегідей:

а) Уақыт бойынша қарапайым – сағат мөлшерлемесі және нақты жұмыс жасалған уақыт есебінен еңбек ақыны төлеу.

б) Уақыт бойынша-сыйақылы – сағат бойынша төлемдерге нақты сандық және сапалық көрсеткіштер бойынша жетістіктер үшін қосымша сыйақылар қосылып, қарастырылады.

в) Тікелей жасалған жұмыс шамасы бойынша – мөлшерлі орындау дәрежесінен тәуелсіз, өзгермейтін даналық бағалау бойынша өндірілген өнімге нақты төлеу.

г) Жасалған жұмыс шамасы бойынша - сыйақылы – өзгермейтін бағалау бойынша төленетін төлемдердің нақты еңбек көрсеткіштері бойынша жеткен жетістіктері үшін төленетін төлемдермен ұштасуы.

д) Жасалған жұмыс шамасы бойынша-үдемелі – мөлшерлі ауқымыдағы жасалған жұмыс негізгі және өзгермейтін даналық төлем бойынша төленеді. Ал мөлшерден тыс жоғары өнім өндіру – жоғарғы бағалаумен төленеді.

г) Еңбекті аккордты төлем – орындалған жұмыс сапасын мен мерзіміне, көлеміне сәйкес жалпы еңбек ақыны келісім негізінде бекітіп төлем жүргізу.