Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар, практикалық сұрақтар, емтихан сұр А...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
756.74 Кб
Скачать
  1. Фирма табыстарның мәні және түрлері.

Фирма қызметінің нәтижесі оның табысы болып табылады. Ол жалпы табыс (TR), орташа табыс (AR) (өнім бірлігін сатудан түсетін ақшалай түсім), шекті табыс MR (жалпы табыстың қосымша өнімді сатудан болатын өсімшесі) болып бөлінеді.

Жалпы табыс төмендегі формуламен есептеледі:

TR=P·Q,

мұндағы Р - өнім бірлігінің бағасы,

Q – сатылған өнім саны.

Орташа табыс формуласы:

АR=TR/Q;

Шекті табыс мына формуламен есептеледі:

MR=∆TR/∆Q;

  1. Шекті шығындар мен табыстар.

Егер фирма өнім көлемін ұлғайтатын болса, шекті табыс шекті шығынға теңескенге дейін жалпы пайда жоғарылайды. Шекті шығын шекті табыстан арта бастағанда пайда төмендейді. Пайданың қалыптасуының бірінші шарты шекті табыс шекті шығынға тең болуы тиіс:

MR = MС

Жетілген бәсекелі жағдайда пайданы жоғарылататын фирма тек бір айнымалыны- өнім көлемін бақылай алады. Таза монополиялы жағдайда пайданы жоғарылататын фирма бір мезетте екі айнымалыны: өнім көлемі мен пайданы анықтайды. Монополист фирма аз өнім өндіріп және жоғары бағамен сата алады, өндіріс масштабының ұлғаюы есебінен шығындарды азайтып және бағаны төмендете алады.

Пайданы барынша көбейту ережесі

Өнімнің мөлшері MR=MC болғанда, пайда барынша көбейеді.

Тақырып 9. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар

Дәріс мақсаты: Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар жайында мәлімет беру.

  1. Бөлу теориясының негізі және факторлық табысты қалыптастыру

  2. Еңбек. Еңбек құны ретіндегі еңбек ақы.

  3. Пайыз капитал иесінің факторлік кірісі.

  4. Жер рентасы – жер иеленушінің пайдалылық факторы.

  5. Пайда - кәсіпкердің факторлы кірісі.

Негізгі сөздер: факторлар, жер, капитал, еңбек.

  1. Бөлу теориясының негізі және факторлық табысты қалыптастыру

Бөлу – қоғамдағы, мекемедегі өнім өндіруге қатысқан әрбір шаруашылық субъектісінің өндіріс факторларының оған үлесін, тиесілі бөлігін анықтау үрдісі. Қоғамдық жиынтық өнімді немесе ұлттық табысты өндірістік факторлар (еңбек, капитал, жер) арасында тарату атқарымдық тарату (немесе алынатын табыс бойынша келісілген тарату) деп аталады.

Бөлудің экономикалық және әлеуметтік функциялары болады. Экономикалық функция ұлттық экономикада тұтыну, қызығушылық, көтермелеу жүйелері арқылы таратуды қарастырады. Әлеуметтік функция әлеуметтік тұтынуды қанағаттандыру мен дамытуға бағытталған.

Табыс – бұл белгілі бір уақыт аралығындағы шаруашылық қызметтер арқылы алынған қаржы қоры. Өндіріс факторлары иесіне табыс болып табылатындар, сатып алушылар үшін шығындық факторлар болып есептеледі.

Табыстар әр түрлі қағидалар бойынша жіктеледі.

Субъектілердің иемденуі бойынша табыстар былай жіктеледі:

1) тұрғындар табысы;

2) кәсіпорындар (мекемелер) табысы;

3) мемлекет табысы;

4) қоғам (ұлттық табыс).

Тұрғындардың табыстары алынған табыстар шамасына және нақты қолдағы бар табыстар шамасына байланысты:

1) атаулы табыс – бұл алынған ақшаның жалпы сомасы;

2) қолда бар немесе таза табыс – бұл салық төлегеннен соң қалған қалдық;

3) нақты табыс – баға өзгеруіне байланысты өңделген таза табыс.

Мекеме табысы былай бөлінеді:

1) барлық өнімді өткізгеннен соңғы алынған шамаға тең жалпы табыс;

2) сатылған өнім бірлігі бойынша, жалпы табысты өткізілген өнім санына бөлу арқылы алынған орташа табыс.

3) қосымша өнім бірлігін сатқаннан қалыптасқан жалпы өнім өсімшесін білдіретін шекті немесе қосымша табыс.

Дайындалған өнімді сату бойынша алынатын мекеме табысы өндіріс факторлары бойынша таратылады. Еңбек ақы тиесілі еңбек үлесі бойынша, ал рента – қолданылған жер бөлігінің құны бойынша, пайда (табыс) – пайдаланылған капитал көлеміне сәйкес қалыптасады. Осы факторлық табыстардың барлық түрлері нарықтық экономикада өндіріс факторларының бағасы ретінде жүреді.