Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар, практикалық сұрақтар, емтихан сұр А...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
756.74 Кб
Скачать
  1. Айналым және капитал айналымы.

  2. Негізгі капитал және айналым капиталы. Негізгі капиталдың тозуы.

  3. Өндіріс уақыты мен айналым уақыты.

Негізгі сөздер: Капитал, айналым капиталы, негізгі капитал, тозу, амортизация.

        1. Айналым және капитал айналымы

1. Капитал айналымы (қор) алғашқы құнды жоғарлату мақсатымен барлық айналым мен өндірісті қамтитын сфералар арқылы өндіріс құралдарының қозғалысының толық циклін білдіреді. Материалдық игіліктерді өндіретін кәсіпорынға салынған әрбір капитал өзінің қозғалысын ақшалай түрде бастайды.

Ақшалай капитал жұмыс күшімен өндіріс құралдарын алуға авансталынады (Д - Т). Өндіріс үрдісінде (П) алынған факторлар әрекеттеседі және жаңа өнім жасалынады. Өндіруші бұл өнімді нарыққа сатқанда (Т* - Д*) авансталған капиталды қайтарып алады. Өндірістік капиталдың барлық айналымы мына формулада көрсетіледі:

Д – Т .... II ....Т* - Д*.

Айналымның үш кезеңдеріндегі бірінші және үшіншісі айналым үрдісін, ал екіншісі өндіріс үрдісін құрайды. Тұрақты қайталанатын капитал айналымы оның айналымы деп аталады.

        1. Негізгі капитал және айналым капиталы. Негізгі капиталдың тозуы.

Капиталдың әр түрлі бөліктері кәсіпкерге бір уақытта қайтарылмайды. Сондықтан негізгі капитал (негізгі қор) және айналымдағы капитал (айналым қорлары ) деп бөледі .

Негізгі капитал (негізгі қорлар ) – бұл өзінің құнын дайын өнімге барлығын бір айналымда ғана емес, бірнеше айналымда бөлшектеп аударатын өндіріс құралдарының бөліктері. Оларға технологиялық циклдарда қолданылатын еңбек құралдары жатады. Олардың белгілі бір бөлігі жыл сайын амортизацияға ұшырайды.

Амортизация – бұл физикалық (материалдық тозу және табиғи ескіру )және моральдық (жаңа еңбек құралдарымен салыстырғанда құнның түсуі ) тозуына байланысты негізгі қорлардың құнының дайын өнімге бірте-бірте аударылуы. Өндіріліп жатқан тауарларға аударылған еңбек құралдарының құны кәсіпкерге олар сатылғаннан кейін ақшалай түрде қайтарылады және негізгі қорлардың тозуына арналған амортизациялық қорды құрайды. Қорлардың мұндай құн бөліктері кейінгі қалпына келтіру және жаңа еңбек құралдарымен ауыстыру мақсатында ақшалай түрде жиналады.

Айналым капиталы (қор, фонд) – өзінің құнын бір айналымда қайтарылып келетін ақша қаражаттары. Оған бір айналымда өнімді дайындауға жұмсалған шығындарды жатқызуға болады. Мысалы; шикізат, материал, энергия, жұмыс күші немнесе жұмысшының еңбек ақысы кіреді. Бірақ жұмыс күшіне жұмсалған шығын дайын өнімге аударылмайды.

        1. Өндіріс уақыты мен айналым уақыты.

Өндіріс қорлары өз іс-әрекетінде өндіріс кезеңі мен айналым кезеңінен өтеді. Сондықтанда айналым қорлары өз уақытына байланысты айналыс және өндіріс уақытарынан тұрады.

Өндіріс уақыты – белгілі бір кәсіпорында еңбек құралдары мен заттарының өндіріс саласына түсуінен бастап, өнім өндіруді аяқтап, олардың реализацияға жіберілуіне дейінгі өндіріс уақытын қамтиды.Өндіріс уақыты үш бөлімнен тұрады:

1) тікелей еңбек үдерісінің уақыты – жұмыс уақыты;

2) еңбек үдерісіндегі үзіліс уақыттары;

3) өндіріс жабдықтарының өндірістік қорларда болу уақыты.

Айналым уақыты кәсіпорынды мүліктендіру уақыты мен дайын өнімді өткізу (сату) уақытынан тұрады. Біріншіден кәсіпорынның мүліктерін тұтыну орнына тасымалдау уақыты мен жабдықтаушылармен есеп айырысу уақытынан тұрады. Екіншіден дайын өнімді қоймаға өткізу уақытынан бастап, таратуға берілген тауардың ақшасының сол кәсіпорынның банктегі шотына түсуімен аяқталады.

Айналым қорларына салынған ақша қаражаттары, айналым қаражаттарын құрайды. Ұдайы өндіріс саласында айналым қаражаттарының жекеше бөліктері бір уақытта әр түрлі стадия мен айналым формаларында болады.

Айналым қаражаттарының бір бөлігі өндіріс қоймаларында өндірістік қорлардың материалдық жағдайын бейнелесе, ал екінші бөлігі – аяқталмаған өнімді дайындаудың әр түрлі кезеңдерінен табылады. Айналым қаражаттарының үшінші бөлігі – үнемі толықтырылып отырылатын дайын өнімді сатып алушыларға сату арқылы тұтынушыларға тауарды жіберу мақсатында қолднылады. Айналым қаражаттарының төртінші бөлігі еңбекақы төлеу және жабдықтаушылармен есеп айырысу, басқа да керек-жарақтар үшін кәсіпорын кассасында және банк шотында сақталынатын ақша қаражаттары.

Тақырып 8. Кәсіпорының (фирманың) шығындары және табысы

Дәріс мақсаты: Кәсіпорының (фирманың) шығындары және табысы жайында бәләм беру.

  1. Фирма шығындарының мәні және түрлері.

  2. Фирма табыстарның мәні және түрлері.

  3. Шекті шығындар мен табыстар. Пайданы барынша көбейту ережесі

Негізгі сөздер: шығын, табыс, пайда, шекті көрсеткіштер.

  1. Фирма шығындарының мәні және түрлері.

Өндіріс процесі – бұл факторлардың өзара іс-қимылы нәтижесінде өнімге айналуы.

Өндірістік функция дегеніміз – өндіріске енгізілетін факторлар мен өнімнің шығарылуы арасындағы өзара тәуелділік.

Q=f(L,K)

Мұндағы L-еңбек (жұмыс күші);

К – капитал;

Q- өнім.

Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары болады. Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған енбек шығындары жатады. Екіншіден, өңдіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді.

Өндіріс шығындары – тауар өндіру немесе қызмет көрсету процесінде қолданылатын экономикалық ресурстарды сатып алуға жұмсалынатын шығыстар. Шығындар екі үлкен категорияға бөлінеді: тұрақты және айнымалы.

Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты.

Айқын емес шығындар (немесе ішкі шығындар) – бұл фирманың өзінің меншікті (ішкі) ресурстарын пайдаланумен байланысты шығындар.

Тұрақты шығындар FC – бұл өндіріс және өткізу көлеміне тәуелсіз болатын шығындар, оған әкімшілік басқару шығындары, ғимараттар мен құрал-жабдықтарға кеткен шығындар, арендалық төлемдер, сақтандыру жарналары, несие пайыздары және т.б. кіреді.

Айнымалы (өзгермелі) шығындар VC - өндіріс көлеміне тікелей байланысты өзгереді. Оған жұмыс күшін, шикізаттар, материалдар, отын, энергия сатып алуға жұмсалатын шығындар жатады.

Тұрақты және айнымалы шығындардың жиынтығы жалпы немесе жиынтық шығындарды (ТС) құрайды:

TC=FC+VC.

Өнім бірлігін шығаруға жұмасалатын шығын орташа шығын АTС деп аталады. Бұл жалпы шығындардың өндірілген өнім көлеміне қатынасы арқылы анықталады:

АTС = ТС/Q.

Шығындардың бұл түрінің рыноктық тепе-теңдікті түсіну үшін ерекше маңызы бар, өйткені кәсіпкер оларды барын­ша азайтуға тырысады.

Сәйкесінше орташа тұрақты және орташа айнымалы шығындар есептеледі:

AFC=FC/Q; AVC=VC/Q; ATC=AFC+AVC.

Фирамның іс-әрекетін түсіну үшін шекті (маржиналды) шығындар МС, яғни өнімнің қосымша бірлігін өндіруге қажетті қосымша шығын категориясын қарастыру қажет. Ол мына формуламен есептеледі:

МС=∆TC/∆Q.

Тиімді өндірістің нәтижесі пайда алу болып табылады. Пайда дегеніміз – жиынтық табыс пен (TR) пен жиынтық шығындар (TC) арасындағы айырма.