
- •Экономикалық теорияның пайда болуы және қалыптасу кезеңдері. Экономикалық теорияның пәні және оның құрылымы.
- •Экономикалық құбылыстар мен үрдістерді тану әдістері.
- •Позитивті және нормативті экономикалық ғылым. Экономикалық теория қызметтері.
- •Экономикалық теорияның пайда болуы және қалыптасу кезеңдері. Экономикалық теорияның пәні және оның құрылымы.
- •Экономикалық құбылыстар мен үрдістерді тану әдістері.
- •Позитивті және нормативті экономикалық ғылым. Экономикалық теория қызметтері
- •Адам және экономика. Экономикалық адамның рационалды тәртібінің түрлі модельдері
- •Экономикалық ресурстар мен өндіріс факторлары.
- •Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижесі
- •Қайта өндіріс: фазалары, түрлері, типтері
- •Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелік әдістеме. Экономикалық жүйе, оның элементтері.
- •Экономикалық жүйе типтері
- •Меншік қатынастарының экономикалық жүйедегі орны. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
- •Нарықтық эканомикадағы меншік формаларының түрлері.
- •Қоғамдық шаруашылық нысандары. Натуралды өндіріс.
- •Тауарлы өндірістің пайда болу шарты және ерекшелігі.
- •Тауарлы шаруашылықты зерттеудегі Марксистік және Маржиналистік әдістері
- •Ақшаның пайда болуы және маңызы
- •Нарық мәні, құрылымы және маңызы.
- •Нарық механизмінің элементтері. Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •Сұраныс. Сұранысқа әсер етуші факторлар. Сұраныс заңы.
- •Ұсыныс. Ұсынысқа әсер етуші факторлар. Ұсыныс заңы.
- •Сұраныс пен ұсыныс арасындағы әрекеттесу. Нарықтық тепе-теңдік
- •Икемділік түсінігі. Сұраныс және ұсыныс икемділігі
- •Сұраныс кестелерінің түрлері
- •Кәсіпкерлік мәні және оған тән сипаттар
- •Кәсіпкерлікті ұйымдастыру формалары, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •Кәсіпкерлік мәні және оған тән сипаттар
- •2. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру формалары, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •Айналым және капитал айналымы.
- •Негізгі капитал және айналым капиталы. Негізгі капиталдың тозуы.
- •Өндіріс уақыты мен айналым уақыты.
- •Айналым және капитал айналымы
- •Негізгі капитал және айналым капиталы. Негізгі капиталдың тозуы.
- •Өндіріс уақыты мен айналым уақыты.
- •Фирма табыстарның мәні және түрлері.
- •Шекті шығындар мен табыстар.
- •Пайданы барынша көбейту ережесі
- •Бөлу теориясының негізі және факторлық табысты қалыптастыру
- •Еңбек. Еңбек құны ретіндегі еңбек ақы.
- •3. Пайыз – капитал иесінің факторлік кірісі.
- •4. Жер рентасы – жер иеленушінің пайдалылық факторы.
- •5. Пайда - кәсіпкердің факторлы кірісі.
- •Пайдалану факторлары:
- •2. Бөлу факторлары:
- •4. Құрылу факторы
- •Ұлттық экономика ұғымы. Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер.
- •Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері.
- •Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы.
- •Ұлттық экономика ұғымы. Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер.
- •Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері.
- •Жалпы ұлттық өнімді табыстар бойынша есептеу
- •Жалпы ұлттық өнімді шығындар бойынша есептеу
- •3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •Тұтыну және жинақтау.
- •Инвестициялар және жинақтау.
- •Мультипликатор және акселератор. Ұқыптылық парадоксы.
- •Нарықтық экономиканың дамуының циклдігі. Айналымдық өзгерулердің сыртқы және ішкі себептері.
- •Экономикалық ауытқу және оның түрлері
- •3. Айналым фазалары
- •4. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс.
- •Жұмыссыздық мәні. Қазіргі экономикадағы жұмыссыздықтың негізгі түрлері
- •Жіө мөлшеріне жұмыссыздықтың ықпалы. Оукен заңы.
- •Инфляция, оның себептері және түрлері.
- •Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық салдары
- •Инфляция мен жұмыссыздықтың арақатынасы. Филлипс қисығы.
- •Қаржы жүйесі және қаржылық саясат.
- •Ақша-несие саясаты.
- •Қаржы жүйесі және қаржылық саясат.
- •Салық және салық жүйесі
- •Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз
- •Ақша жүйесінің ұғымы және оның түрлері
- •Ақшаның ұсынысы. Банктік мультипликатор
- •Ақшаға сұраныс. Ақшаға сұраныстың түрлі тұжырымдамалары
- •Ақшаға сұраныс және мөлшерлік теория.
- •2. Кейнсиандық модельдегі ақшаға сұраныс.
- •Несие мәні және түрлері
- •Қазіргі несие жүйесінің құрылымы
- •Экономикалық өсу түсінігі, оның өлшемдері. Экономикалық өсу факторлары мен түрі.
- •Экономикалық өсу үлгілері.
- •Экономикалық өсу түсінігі, оның өлшемдері. Экономикалық өсу факторлары мен түрі.
- •Экономикалық өсу үлгілері.
- •Курс бойынша бағдарламалық және қорытынды тестке сәйкес келетін сұрақтардың тізімі
- •Глоссарий
ЖM «Сүлейман Демирел атындағы университет»
Факультет «Экономика»
«Экономикалық теория негіздері»
ДӘРІС КЕШЕНІ
Алматы, 2013 ж.
Тақырып 1. Экономикалық теория негіздері: пәні, зерттеу әдістері және қызметтері.
Дәріс мақсаты: Экономикалық теория пәні және әдістерін, экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен рөлін үйрету.
Экономикалық теорияның пайда болуы және қалыптасу кезеңдері. Экономикалық теорияның пәні және оның құрылымы.
Экономикалық құбылыстар мен үрдістерді тану әдістері.
Позитивті және нормативті экономикалық ғылым. Экономикалық теория қызметтері.
Негізгі сөздер: экономика, экономикс, саяси экономика, экономикалық теория.
Экономикалық теорияның пайда болуы және қалыптасу кезеңдері. Экономикалық теорияның пәні және оның құрылымы.
«Экономия» терминіні бірінші рет Ксенофонт ғылыми айналымға енгізген. Ол екі грек сөзінен құралған: «ойкос» -үй, шаруашылық, «номос» - ілім, заң деген мағынаны білдіреді. Термин Аристотель еңбектерінде де кездеседі.
Экономикалық теориядан ең алғаш мектеп – меркантелизм. Меркантилизімнің ең басты теоретиктері: Томас Ман (1571-1641, Англия) және Антуан де Монретьен (1575-1621, Франция). Антуан де Монкретьен «саяси экономия»1 терминін айналымға енгізді (1615 ж.). Меркантелистердің негізгі идейсы, қоғамның басты байлығы ақша, ал байлық көзі – сатып алушы қоғам – (айналым) деп түсіндірген. Мемлекет, олардың түсінігінше өз азаматтарының баюына мақсатты және балсеңді түрде экономикалық саясат арқылы көмектесу керек.
Экономикалық теория дамуының екінші кезеңі – классикалық саяси экономия. Ол физиократтар және Адам Смит (1723-1790) пен Давид Рикардоның (1772-1823) нарық мектебіне бөлінеді. Меркантелистерге қарағанда, физиократтар қоғам баюының негізгі көзі - өндіріс, айналым емес дейді. Олар өндірісті кең түрде қарастырмай, ауыл шаруашылығы көлемінде қарастырады.
Экономикалық теорияның келесі даму кезеңінде А.Смит пен Д.Рикардо зерттеу ортасын жалпы өндіріске бағыттап, ал ауыл шаруашылығын оның бір саласы ретінде қарастырды. Олар классикалық анықтаманы, қоғам баюының өсуінің алғаш шарты ретінде еркін және бәсекелестік нарықтық экономика деп түсіндірді.
Экономикалық теорияның тарихи даму барысында идеологизация проблемасы болды. Мерканталистер сатып алушылардың қызығушылығын қорғаса, классиктер – капиталасттердің қызығушылығын қорғаған.
Экономикалық теорияның идеологизациясын кең таратқан марксистер. Олар теоретикалық ашық түрде жұмысшы табының мүдделерін қорғауға бағыттаған. Сондықтан экономикалық ілім оны пролетарлық саяси экономия деп атаған. Ол теорияның негізгі постулаты – қоғамдық меншік барлық экономика өндіріс құралдары мен орталықтанған жоспарлы басқару еңбектенушілер мүддесіне.
Экономикалық ғылымның қазіргі мектебінің екі бағыты бар:
неоклассикалық;
кейнсиандық;
Олардың дискуссияының негізгі мәселесі мемлекеттің экономикадағы ролі болды. Неоклассикалық бағытты қолдаушылар, экономикалық даму тиімді болу үшін мемлекеттің араласуы шектеулі болуы қажет деп тұжырымдайды. Ал, кейнсиандықтар, керісінше экономиканың прогрессивті дамуы үшін мемлекеттің бақылауы макро реттеу әдістері арқылы жүзеге асуы керек деп тұжырымдайды.
Экономикалық теория адамдардың шектеулі ресурстар әлеміндегі экономиклық тәртібін, материалдық игілік пен қызметті өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну кезіндегі экономикалық қатынас жүйесін қоғам дамуының барлық сатысын зерттеп, оқыту болып табылады. Саяси экономия – таптық ғылым. Ол белгілі бір таптың экономикалық қатынасын, қызығушылықтарын зерттейді. «Экономикс» түсінігі экономика ғылымында «экономикалық теория» түсінігіне жақын, бірақ ол ғылым нарықтық шаруашылықты зерттейді, яғни нарық жүйесінің объектілерін зерттеу.
Экономикалық теория – адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым. Экономикалық теория зерттейтін құбылыстардың мәні экономикалық категория мен экономикалық заңдарда көрсетіледі. Экономикалық категория дегеніміз – экономикалық құбылыстардың (мысалы, тауар, баға, кіріс) маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар. Экономикалық заңдар – бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын байланыс.
Экономикалық теория шектеулі ресурстар әлеміндегі адам қажеттіліктерін қанағаттандыру әдістерін зерттейді. Қажетті категориялар түсінігіктерінде тоқталайық.
Тұтыну қажеттілік сияқты анықталады, индивидтің тұлғалық және мәдени даму деңгейінің спецификалық формасында. Адам қажеттіліктері материалдық және рухани болып бөлінеді. Материалдық қажеттілікке тауар мен қызметті пайдаланғысы келетін, сонымен қатар олар тиімді. Материалдық қажеттіліктер:
А. Бірінші қажеттілік заттары \тамақ, киім, баспана\
Б. Сән заттары \асыл заттар, норка тондары, яхта т.б.\
Жеке адам қажеттіліктерінен басқа өндіріс құралдары мен жұмыс күшіне өндірістік қажеттіліктер бар.
Тұтынуға әсер ететін факторлар:
А. Халық, мемлекет, фирмалардың табысы.
Б. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы.
В. Елдің экономикалық даму деңгейі.
Г. Елдің тарихи және ұлттық ерекшеліктері т.б.
Адам қажеттілігінің түрі шексіз. Бірақ шектеулер бар – ресустарды шығындауды шектейтін деңгей. Ресурс – ол өндірістік игілік пен қызметтерді өндіруде пайдаланатын, адам қажеттілігін қанағаттандыратын зат. Ұлттық ресурстар толығымен жұмыс істеп жатқанда, өндірістегі бір өнім көлемін ұлғайтудың бір ғана әдісі бар – басқа өндірісті қысқарту. Әрбір қоғам мүмкіндіктердің шектеулігі проблемасымен жиі кезігеді. Барлығының қажеттілігін қанағаттандыру мүмкін емес, әрбір адам, мемлекет немесе фирма тандау жасауы керек. Экономистер мұндай жағдайды альтернативтік құн арқылы сипаттайды. Альтернативтік құн – ол баға, басқа затпен өлшенеді, сонымен қатар айырбасталады. Таңдау және альтернативтің құн эффектісі өндірістік мүмкіндіктер қисығы көмегімен анықталады. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы сызық, ол өзінің әрбәр нүктесі арқылы өндірістегі экономикалық ресурстарды пайдаланғандағы екі өнімнің максималды көлемін көрсетеді.
Мысалы, мемлекеттегі ресурстарды пайдалана отырып, белгілі бір А және В тауарларының көлемін шығарады. Мемлекеттің өндірістік мүмкіндіктер қисығы келесідей түрде болады.