Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
e_1187_bek__1179__1201__1179_y_1171_y.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121.72 Кб
Скачать

Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ КОЛЛЕДЖІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Еңбек кодекісіне түсініктеме

Орындаған: «құқықтану» мамандығы бойынша

2 Курс студенті Болатханова а. Б.

Тексерген: Утегенова М.Е.

Алматы, 2013 жыл

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 4-тармақшасына сәйкес азаматтардың кұқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды колданудың міндетті шарты болып табылады.

Егер Казақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда Казақстан Республикасы еңбек туралы нормативтік құқыктық актілеріндегіден өзгеше ережелер белгіленсе, аталған шарттың ережелері қолданылады. Халықаралық шарттан оны қолдану үшін республика ішілік нормативтік құқықтық акті шығару талап етілетін жағдайлардан басқа, халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тікелей колданылады.

Азаматтардың Казақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатынастарын реттейтін негізгі заң 1999 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «Казақстан Республика-сындағы еңбек туралы» Заң болып табылады. Бұл Заң 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. «Казакстан Республикасындағы еңбек туралы» Казақстан Республикасы-ның заңына сәйкес Казақ КСР-інің 1972 жылғы 21 шілдедегі Еңбек туралы заңдар кодексі 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап республика аумағында өз күшін жойды.

Еңбек туралы Заңның күші егер Конституцияда, зандарда және Казақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше козделмесе, республика аумағында еңбек қызметімен айналысатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады. Сондай-ақ республика аумағында орналасқан, құрылтайшылары немесе меншік иелері (толығынан не-месе ішінара) шетелдік заңды немесе жеке тұлғалар болып табылатын ұйымдардың Қызметкерлеріне Казақстан Республикасының еңбек туралы зандары қолданылады.

Еңбек туралы негізгі заң 9 тараудан, 109 баптан тұрады, және еңбек қатынастарының осы Заңға қайшы келмейтін бөліпн сактап қалған зандар мен басқа нормативтік құқықтык актілер реттемейтін саласын айқындайды. Оларға, мысалы, мына зан-дар жатады: 1992 жылы 4 шілдеде қабылданған «Үжымдык шарттар туралы», 1993 жылы 22 қаңтарда кабылданған «Еңбекті қорғау туралы», 1993 жылғы 9 сәуірде кабылданған «Кәсіптік одақтар туралы», 1996 жылы 8 шілдеде қабылданған «Үжым-дық еңбек даулары мен ереуілдер туралы», 2001 жылы 23 каңтарда қабылданған «Халықты жұмыспен қамту туралы» және т.б.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазіргі қазақстандык құкық салаларының ішіндегі еңбек құқығы басты орындардың бірінде, өйткені ол қоғамдық еңбек қатынастарын реттейді.

Еңбек құқығының пәні деп ұжымдық еңбекті ұйымдастырудағы өндірістік катынастарды және оған тығыз байланысты қарым-қатынастарды айтады.

Еңбек құкығының пәніне жататын қоғамдық қарым-қатынастардың түрлері туралы қазіргі қолданыста жүрген ғылыми басылымдардағы, оқу құралдарындағы пікірлер алуан түрлі, өйткені нарықтық экономика жағдайында өмірге прогрессивтік жаңа еңбек қатынастары келеді. Бұл қоғамдық қарым-қатынастардың пайда болуы олардың бір-бірімен байланысы еңбекті ұйымдастырудағы ерекшеліктеріне, оның мазмұнына байланысты. Қазіргі кезде еңбек құқығының қатынастары бұрын-ғыдай тек жұмыскер мен мемлекеттік кәсіпорын, мекеме, ұйым арасындағы қатынастар емес, жаңа жағдайда заңға сәйкес меншік түріне байланысты занды тұлғалар мен жеке адамдар арасындағы еңбек катынастары.

Жаңа жағдайда пайда болған барлық еңбек құқығының қатынастары мынадай топтарға жіктеледі:

Бірінші топқа бұрыннан қалыптасқан мемлекет меншігіне байланысты пайда болған еңбек қүқығы қатынастарын жатқы-зуға болады. Мұндағы ерекшелік, еңбек ұжымдары заң жүзінде кәсіпорынның мүлкіне меншік иесі бола алмайды, бірақ бұл жағдайда енбек ұжымы кәсіпорынды басқарудан мүлде шеттетілді деуге де болмайды, өйткені олар кәсіпорынды, оның кұрылымдарын жалға немесе ұжымдық меншікке айналдыра алады.

Мемлекеттік кәсіпорындардағы еңбек қатынастарын құқықтық реттеудегі басты қағида ол мемлекет тарапынан басқаруды еңбек ұжымының өзін-өзі басқаруымен және кәсіпорын әкімшілігінің жеке-дара басқаруымен тығыз байланыстыру.

Екінші топқа кооперативтік, акционерлік занды ұйымдар-дың меншігіне негізделген еңбек қатынастары кіреді. Бұл еңбек катынастарының өзіндіігерекшеліктері бар, оның тараптары: бір жағынан - меншік иесінің ұжымы, оның өкілдері (баскарма, бастық); екінші жағынан әрбір меншік иесі (өзі еңбеккер болуы мүмкін), жалдамалы жұмысшы болып саналады, ал кәсіпорынды басқару - өзін-өзі толық басқаруға негізделген.

Кооперативтерді ұйымдастыру, олардың шаруашылық жағ-дайы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы шык-қан «Өндірістік кооператив туралы» заң күші бар Жарлығы негізінде және кооперативтің жалпы жиналысында қабылдан-ған жарғысы бойынша анықталады. Еңбек қатынастарының субъектісі ретінде кооператив өздігінен еңбекті ұйымдастырып, жұмыс күнінің ұзақтығын, демалыс беру тәртібін, жалақы төлеу жүйесін белгілейді.

Акционерлік қоғамдағы еңбек қатынастарының субъектісі болып жеке еңбеккер, оның ішінде акция ұстаушы және өз атынан жалдау шартын жасаушы акционерлік қоғам болып табылады.

Меншіктің әр түріне негізделген шаруашылық серіктес-тіктер акционерлік қоғамдардың моделімен жұмыс істейді, бұлардың құрылтайшылары мемлекеттік, кооперативтік, қоғам-дық кәсіпорындар, шетелдік фирмалар мен азаматтар болады, сондықтан бүл саладағы еңбек қатынастары нормативтік кұқықтық актілермен, кәсіпорын жарғысымен және құрылтай құжаттарымен анықталады. Еңбек қатынастарына түсуші та-раптардың кұқықтық жағдайы жеке еңбек шарттарында (контрактілерінде) қарастырылып, толықтырылады.

Азаматтардың өз меншігінен пайда болған еңбек қатынастары үшінші топты қүрайды.

Мұны екі түрге бөлуге болады: жеке іскерлік және еңбек шаруашылығы түріндегі үжымдық іскерлік. Біріншісі - жеке адамның өз еңбегіне негізделген, сондыктан бұл жағдайда еңбек қатынастары тумайды, оны азаматтық және салық заңдары реттейді. Екіншісі — меншік иесі өз меншігінен табыс алуды көздеп отбасы мүшелерінің еңбегін біріктіреді және жұмыс күшін жалдайды.

Жұмыс күшін жалдау ісін жүзеге асырған кезде пайда бо-латын еңбек қатынастары төртінші топқа жатады. Олар еңбек-кер меншік иесі болмағанда, кәсіпорынды басқаруға, түскен түсімді бөлісуге қатысқан жағдайда пайда болады. Жұмыс күшін жалдаудыңреті, жағдайы мемлекеттарапынан бақылауға алынады және занды негізде бекітіледі.

Әрбір құқық саласының өзіне тиісті қоғамдық қарым-қаты-настарын құқыктық негізде реттейтін әдістері болады. Еңбек қүқығы қатынастарын реттеуші тәсілдер жиынтығын әдістер дейді.

Қазіргі еңбек құқығының әдістерін әр түрлі негіздер бойынша бірнеше топтарға бәлуге болады. Кұқықтык маңыздылығы бойынша олар жалпы, салалық, жергілікті және жекеше әсер ететін әдістер болып бәлінеді.

Іс-әрекетіне байланысты еңбек құқығының әдістері «бүйрық беру» және «ынталандыру» болып бөлінеді де, бұлар «әкімшілік» және «экономикалык» әдістерге жатады.

Еңбек қатынастарын айқындайтын құқық әдістері оларды жүзеге асырудағы мақсатқа жету негізі бойынша да мынандай топтарға бәлінеді: өндіріс нәтижесіне жетуді, жеке еңбек шар-тындағы міндеттемелерді орындауды, материалды және басқа ресурстарды үнемдеуді, т.б. көздеген «ынталандыру» әдіс-терінен тұрады.

Қорыта келгенде, еңбек қатынастарын реттеуші әдістердің ерекшеліктері мынада:

1)        еңбек құқығы қатынастарын реттеуде келісім әдістерін басым қолдану;

2)        жекеше және ұжымдық еңбекті реттеуге негізделген әдістерді қолдану;

3)        еңбекте «ынталандыру» мен «міндеттеу» әдістерін тиімді қиылыстырып қолдану;

4)        еңбек қатынастары пайда болғанда, жүзеге асырылғанда «келісім» және еңбекті басқаруда «міндеттеу» қағидаларына сүйену;

Еңбек қатынастарын реттеудің басты әдісі — әлеуметтік — әріптестік әдіс, оның мынадай түрлері бар. 1) кәсіпорын деңгейінде - ұжымдық шарт; 2) салалық, жергілікті жер деңгейінде — салалық, жергілікті тарифтік және басқа әлеуметтік-экономикалық келісім; 3) мемлекет деңгейінде — Бас келісімдер.

Қолданыста жүрген заңдармен, басқа да нормативтік актілермен қатар қызметкерлердің меншік иесімен арадағы еңбек катынастарын реттейтін кайнар көз - ұжымдык шарт. Бұл жұмыс беруші мен еңбеккерлердің арақатынасынан туа-тын екі жақты жазбаша келісім. Қазіргі жағдайда ұжымдык шарттың мақсаты — мемлекеттарапынан берілген кепілдіктерді көбейту, өйткені онда еңбекті ұйымдастыру мен акы төлеу жүйесі; жұмыс және демалыс уакытының ұзақтығы; жұмыс-пен қамтамасыз етіп, қайта оқыту, әйелдер мен жастар еңбепн қорғау т.б. секілді еңбеккер мен жұмыс берушінің мүдделерін реттейтін ережелер белгіленеді.

Ұжымдық келісімдермен бірге жұмыс беруші мен кәсіп-одақтар жергілікті ішкі жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек тәртібінің ережелерін, ауысым, демалыс беру кестелерін және басқа да құқықтық келісімдер жасайды. Ал Бас келісімдер еңбекақының, зейнетақы, стипендия, әлеуметтік, арнайы жәрдемақылардың ең аз мөлшерлерін, жұмыспен қам-тамасыз ету шараларын, еңбек дауларына, ереуілдерге жол бермеу жолдарын белгілеп, реттейді.

Еңбектік жеке құқықтар еңбек шарттарымен (кон-трактілермен) белгіленеді. Жеке еңбек шартын жасағанда «заң-мен тыйым салынбайтын іс-әрекеттердің барлығын да жасауға болады» — деген қағида жүзеге асырылады.

Еңбек құқығының жүйесі деп құқықтық нормалардың мазмұнды негізде реттеліп, бөлінуін айтады.

Барлық қүқық салалары құкықтық нормаларды— жалпы және ерекше деп аталатын екі бөлімге бөледі.

Еңбек құқығының түсінігі, әдістері мен қайнар көздері, еңбек қатынастары, еңбек құқығының кағидаттары (прин-циптері), еңбек құқығының субъектілері, ұжымдық шарттар жалпы бөлімде зерттеледі.

Ерекше бөлімде жұмыспен қамту; жеке еңбек шарты; жұмыс уақыты мен демалыс уақыты, жалақы, еңбек тәртібі; матери-алдық жауапкершілік, енбекті қорғау, еңбек даулары қарас-тырылады. Жалпы және ерекше бөлім өзара тығыз байланыс-ты, осы екі белімнің жиынтығы еңбек құқығын құрайды. Жал-пы белімнің ережелері мен институттары Ерекше болімдегі накты нормаларды қолданғанда негізгі басшылыкқа алынады.

Еңбек құқығы кұқық саласының жеке саласы болуымен бірге ол басқа құқық салаларымен тығыз байланысты. Сонымен бірге еңбек құқығы өзінің аткаратын рөлі, мәні, құқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты басқа құқық салаларынан оқшауланып, ажыратылады.

Еңбек кұқығы азаматтық, әкімшілік және әлеуметтік қам-сыздандыру кұқыктарымен тығыз байланысты.

Еңбек кұқығының кағидаттары — еңбек қатынастарын және олармен тығыз байланысты басқа да қоғамдық қатынастарды реттеу үшін негізге алынатын бастапқы идеялар, постулаттар.

Республиканың Ата заңында еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің негізгі қағидаттары баянды етілген: еңбек бостандығы және озінің еңбекке қабілеттілігіне еркін билік ету, қызмет пен кәсіп түрін тандау мүмкіндігі; еріксіз еңбекке тыйым салу және жұмыссыздықтан қорғау (24-бап); денсаулықты сақтау құқығы (29-бап); бірлестіктер бостандығына құқығы (23-бап); құқықтар мен бостандықтарды заңмен тыйым салынбаған барлық әдістермен кррғау құқығы (13-бап); еңбегі үшін ешқандай кемсітушіліксіз және жалақының ең аз мөлшерінен кем емес еңбекақы алу құқығы (24,28 баптар); демалуға құқығы (24-бап). Бұл конституциялық қағидаттар еңбек қатынастарын реттеудің салааралык қағидаттарына жатады.

Еңбек құқығының салалық қағидаттарына мыналар жатады:

1.  Еңбек шартын жасасу бостандығы;

2.  Кдуіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек жағдай-ларымен қамтамасыз ету;

3.  Зандарда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем емес еңбекке ақы алу кепілдігі; 

4.  Демалыс пен жұмыс режімінің калыпты жағдайларына мемлекеттік кепілдіктердің берілуі;

5.  Еңбек тәртібін қамтамасыз ету;

6.  Кәсіби біліктілікті арттыру кепілдігі;

7.  Өндірістік кәсіптік мүдделерді камтамасыз ету және корғау үшін кәсіптік одақтарға бірігу кұқығы;

8.  Еңбек құқығы нормаларының бірлігі және дифференциясы (арнайы түрлерде бөлінуі).

Еңбек қүқығының қайнар көздері деп еңбек қатынастары саласындағы өкілетті органдардың барлық қажетті жағдайларда қолдануға болатын нормативтік нұсқаулары белгіленген құқықтық актілерді айтады.

Кең мағынада нормативтік құқықтык акті дегеніміз — референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттік лауазымды адам қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми қүжат.

Қолданыстағы құжаттарда қайнар көздер «еңбек туралы нормативтік актілер», «еңбек туралы заң актілері», «еңбек қүқығының нормативтік актілері», «еңбек туралы заңдар» деп аталады.

Еңбек заңнамасына мынадай еңбек туралы нормативтік қүқықтық актілер кіреді:

1.  Еңбек катынастарын құқықтық реттеу негіздерін айқындайтын, тікелей қолданылатын басты заң Казақстан Республикасының Конституциясы. Барлык еңбек туралы нормативтік қүқықтық актілер Ата Заңға. сәйкес келуге тиіс.

2.  Казақстан Республикасының аумағындағы еңбек қаты-настарын реттейтін Казақстан Республикасындағы Еңбек туралы Қазақстан Республикасының Заңы және соған сәйкес қабылданған заңдар және Казақстан Республикасы Президентінің жарлықтары;

3.  Казақстан Республикасы Президентінің жарлықтары;

4.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары;

5.  Казақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары;

6.  Казақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;

7.  Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік құқыктық актілері;

8.  Жергілікті мәслихаттардың өз құзыреті шегіндегі нормативтік актілері;

9.  Локальды (жергілікті) нормативтік актілер;

10.      Жұмыс берушінің актілері.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 4-тармақшасына сәйкес азаматтардың кұқықтарына, бостандық-тары мен міндеттеріне қатысты еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды колданудың міндетті шарты болып табылады.

Егер Казақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда Казақстан Республикасы еңбек туралы нормативтік құқыктық актілеріндегіден өзгеше ережелер белгіленсе, атал-ған шарттың ережелері қолданылады. Халықаралық шарттан оны қолдану үшін республика ішілік нормативтік құқықтық акті шығару талап етілетін жағдайлардан басқа, халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тікелей колданылады.

Азаматтардың Казақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру процесінде ту-ындайтын еңбек қатынастарын реттейтін негізгі заң 1999 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «Казақстан Республика-сындағы еңбек туралы» Заң болып табылады. Бұл Заң 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. «Казакстан Республикасындағы еңбек туралы» Казақстан Республикасы-ның заңына сәйкес Казақ КСР-інің 1972 жылғы 21 шілдедегі Еңбек туралы заңдар кодексі 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап республика аумағында өз күшін жойды.

Еңбек туралы Заңның күші егер Конституцияда, зандарда және Казақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар-да өзгеше козделмесе, республика аумағында еңбек қызметімен айналысатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады. Сондай-ақ республика аумағында орналас-қан, құрылтайшылары немесе меншік иелері (толығынан не-месе ішінара) шетелдік заңды немесе жеке тұлғалар болып табылатын ұйымдардың Қызметкерлеріне Казақстан Республикасының еңбек туралы зандары қолданылады.

Еңбек туралы негізгі заң 9 тараудан, 109 баптан тұрады, және еңбек қатынастарының осы Заңға қайшы келмейтін бөліпн сактап қалған зандар мен басқа нормативтік құқықтык актілер реттемейтін саласын айқындайды. Оларға, мысалы, мына зан-дар жатады: 1992 жылы 4 шілдеде қабылданған «Үжымдык шарттар туралы», 1993 жылы 22 қаңтарда кабылданған «Еңбекті қорғау туралы», 1993 жылғы 9 сәуірде кабылданған «Кәсіптік одақтар туралы», 1996 жылы 8 шілдеде қабылданған «Үжым-дық еңбек даулары мен ереуілдер туралы», 2001 жылы 23 каңтарда қабылданған «Халықты жұмыспен қамту туралы» және т.б.

Нарық жағдайында еңбек құқығын жүзеге асыруда Казақ-стан Республикасының Үкіметі қабылдаған қаулылардың маңызы зор.

Мысалы, Казақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Экономика саласындағы жұмыскерлердің жалақысы туралы» қаулысы. Онда барлық экономика саласындағы қызметкерлерге арналған жалпы тарифтік тор бекітілген.

Жергілікті мәслихаттардың, әкімдіктердің өз құзыреті шеңберінде шығаратын шешімдерінің де еңбек құқықтарын реттеуде маңызы бар.

Еңбек құқығының қайнар көзі ретінде Қазақстан Респуб-ликасы Жоғарғы Сотының, Конституциялық Кеңес Пленумдарының нормативтік қаулылары пайдаланылады. Бұл қаулы-ларда сот жұмыстарын қарағанда заңдарды қолдану туралы түсініктемелер беріледі. Қаулылар негізінде барлық соттардың заңдарды қолданғанда олардың мазмұнын бірдей түсініп, бірыңғай тұрғыда жүзеге асыруын көздейді.

Орталықтандырылған тәртіппен кабылданған нормативтік құкықтық актілер жалпы ережелерді белгілейді, ал олар ұйым-дарда қолданғанда нақтылауды талап етеді немесе соған рұқсат береді.

Үйымдарда қабылданған нормативтік актілер жұмыс берушінін актілері деп аталады. Оларға, өкімдер, бұйрықтар, ішкі еңбек тәртібінің ережелері жатады.

Локальды (жергілікті) нормативтік актілерге сонымен қатар ұжымдық шарттар мен келісімдер, сыйлықақы беру ережелері, жылдык қорытынды бойынша ақы толеу тәртібі, т.б. жатады.

Бұл нормативтік актілер біріншіден, ұйымның барлық кызметкерлеріне катысты; екіншіден, оларды бұлжытпай орын-дау барлык қызметкерлерге міндеттеледі; үшіншіден, тұракты (бірнеше рет) колдануға бағытталған. Бірак бұл жергілікті актілер еңбек катынастарын реттейтін басты зандарға кайшы келмеуі тиіс.

ҚОРЫТЫНДЫ

Корыта келгенде, еңбек туралы заңнама мынадай негізгі міндеттерді аткарады:

1)        еңбек саласындағы нарыктык қатынастардың құқықтық негіздерін бекіту;

2)        еңбек бостандығы мен жеке еңбек шарттарын жасасу бостандығын бекемдеу;

3)        еңбек қатынастарындағы жұмыс беруші мен қызмет-керлердің құқықтық мәртебесін белгілеп, айқындау;

4)        әлеуметтік серіктестік қатынастарын реттеу;

5)        қызметкерлердің, жұмыссыздардың әлеуметтік қорға-луын қамтамасыз ететін құқықтық кепілдіктер жүйесін орнық-тыру.

Тараптардың жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар еңбек қатынастары деп танылады.

Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 267-ІІ Заңы

      Осы Заң Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелердің құқықтық негіздерін айқындайды.

      1-бап. Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелер

      Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер атап өтіледі.       Ұлттық мерекелер - Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мейрамдау кезінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізіледі.       Мемлекеттік мерекелер - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде ресми іс-шаралар өткізілуі мүмкін.       Кәсіби және өзге де мерекелер - ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.

      2-бап. Ұлттық мерекелер

      Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 16-17 желтоқсанда атап өтілетін 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күні.

      3-бап. Мемлекеттік мерекелер

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер - мына күндері атап өтілетін мерекелер:       1-2 қаңтар - Жаңа жыл;       8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;       21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;       1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;       7 мамыр - Отан қорғаушы күні;       9 мамыр - Жеңіс күні;       6 шілде - Астана күні;       30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.       1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.        Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.06.25 N 47-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2009.04.22 N 152-IV, 2011.12.14 N 509-IV, 2012.10.19 N 43-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      4-бап. Кәсіби және өзге де мерекелер

      Кәсіби және өзге де мерекелер Қазақстан Республикасындағы мерекелік даталар болып табылады.       Мерекелік даталар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді .

      5-бап. Мереке күндері

      Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады.       Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады.       Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады.

      6-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.       2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы" 1995 жылғы 18 қазандағы N 2534 заң күші бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 21, 125-құжат) күші жойылды деп танылсын.

     

Қазақстан Республикасының       Президенті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]