- •Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Оқу тәжірибиесіне байланысты еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы пәнінен жасалған құжаттар
- •Алматы, 2013 жыл
- •Ескерту
- •Ұжымдық еңбек шарты
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Еңбекақы төлеу
- •3. Еңбекті ұйымдастыру және қорғау
- •4. Жұмыспен қамту
- •5. Әлеуметтік еңбек кепілдіктері
- •Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •2 Курс студенті Болатханова а. Б.
- •Алматы, 2013 жыл
- •Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •2 Курс студенті Болатханова а. Б.
- •Алматы, 2013 жыл әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі, пәні, функциялары және түрлері Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың функциялары
- •Әлеуметтік қоғау және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының түсінігі және олардың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының мазмұны
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің жүйесі
- •Еңбек стажы Еңбек стажы. Еңбек стажының түсінігі, түрлері және оларға енетін кезеңдер
- •Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандырудың түсінігі
- •Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері
Ескерту
ЖШС «Бота» компаниясының құрылыс бөлімінің қызметкері Болатханова А.Б. жұмыс уақытында 6 сағат жұмыс орнында болмағаны үшін ескерту берілсін.
Директор Бабажанов Б.С.
28.05.2013 ж.
Ұжымдық еңбек шарты
Қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін қамтамасыз ету, кәсіпорынның қызметіне тиімді жағдай жасау мақсатында жұмыс берушілер атынан Болатханова Ақбөпе Болатханқызы және қызметкерлер мен кәсіподақ комитетінің (бастама тобы) атынан Хасен Марат Омарұлы өзара бірлесіп, осы ұжымдық еңбек шартын жасасты.
1. Жалпы ережелер
Шартқа қол қойған жақтар негізгі, облыстық, салалық (тарифтік) келісімдерге сәйкес міндеттемелерді өз мойнына алады.
Ұжымдық шарт қол қойылған сәттен бастап үш жылға дейін заңды болып табылады.
1.3. Ұжымдық шарт осы уақытта жүмыс істеп жүрген барлық қызметкерлерге, сонымен бірге жаңадан қабылданған қызметкерлерге де қатысты болады.
1.4. Ұжымдық шартқа енгізілетін езгертулер мен толықтырулар екі жақтың келісімімен жүргізіледі.
1.5. Ұжымдық шарттың орындалуын бақылау тоқсан сайын жүзеге асырылады.
2. Еңбекақы төлеу
2.1. Жұмыс беруші кепілдендірілген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмайтын айлық жалақы төлеуге міндеттенеді.
2.2. Жалақының мөлшері осы Шартқа қосымша болып табылатын және жұмыс беруші кәсіподақпен бірлесе отырьш әзірлеген еңбекақы туралы ережеге сәйкесанықталады.
2.3. Жалақы әрбір айдың 3 күні төленеді.
2.4. Қызметкерлерге осы Шартқа қосымша болып табылатын және жұмыс беруші кәсіподақпен бірлесе отырып әзірлеген еңбекақы туралы ережегс сәйкес, жұмыстың қорытындылары бойынша сыйақы төленеді.
2.5. Кәсіподақпен келісе отырып, тоқсан сайын тиімді түрде еңбек еткені үшін қызметкерлерге тоқсандық сыйақы төленеді.
2.6. Кәсіподақпен келісе отырып, жыл қорытындылары бойынша қызметкерлерге 13-інші айлық жалақы төленеді.
2.7. Жаңа өндірісті (технологияны, өнімді) игеру кезеңінде қызметкерге бұрынғы орташа жалақысы деңгейінде қосымша төлем жүргізеді. Қосымша ақыны төлеу мерзімі екі айдан аспау керек.
2.8.Жұмыс беруші жалақыға қосылатын үстемеақы мен қосымша ақылардың төмендегідей түрлерін белгілейді:
кәсіби шеберлігі үшін 50 000 теңге;
бір-бірімен байланысты кэсіптерді игергені үшін 100 000 теңге;
зиянды және қиын еңбек жағдайында жүмыс істегені үшін 200 000 теңге;
ұзақ іссапарлар үшін 500 000 теңге.
2.9.Кәсіпорын қызметі тоқтап түрған жағдайда жұмыс беруші қызметкерлердің жалақысы бойынша берешектерді жабатын қаражаттар іздеуге міндетті.
2.10. Жалақыны 1 айдан көп уақытқа кешіктерілген жағдайда жұмыс беруші қызметкерлерге берешек соманың 0,1 % мөлщерінде өсімақы төлеуге, сонымен бірге көлік шығындарын, балаларды мектепке дейінгі және мектепте ұстау, денсаулық сақтау қызметтеріне байланысты төлемдерді төлеуге міндетті.
