Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бух-учет ЖАНАР.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
135.5 Кб
Скачать

26.Шоттар жоспарының пайда болуы және қолданылуы

Ерте заманда есеп мәліметтері жазылған материалдар (балшық тақтайшалар, жапырақтар, сүйектер) арнайы құндылықтар болып саналған. Есеп құжаттары «Осы жылғы», «Келесі жылғы» құжаттарға топтастырылып, арнайы жәшіктер мен дорбаларға салынып, бұлардың аузын белдіктеу, және т.б байлап белгілер соғатын болған. Бұдан соң «Есеп жасаушылар» мүліктер құрамына кіретін заттардың жеке атуларын, малдар мен құралдардың т.б құндылықтар қозғалысын атап жазуды үйренген. Жекелеген құндылықтардың пайда болуының қасиетіне қарай, бұларды ірілендірілген топтарға топтастырып санап отырған. Құндылықтарды топтастырып, бір өлшемге келтіру нәтижесінде шартты өлшеммен өлшеу қажеттігі туындаған. Ертедегі Вавилонда «шартты кірпіш» және «адам күні» өлшемімен өлшеу әдісі қолданылған. Бұдан соң шартты өлшемдерді қолданудың нәтижесінде және құндылықтардың пайда болуының қасиеттерін жекелей өлшеу қажеттілігінен шоттар ұғымы пайда болған.

Біздің жыл санауымыздың XVIII ғасырына дейін Вавилонда бухгалтерлік есептің жекелеген құқықтық қасиеттері заңды түрде таныла бастаған. Мысалға, Хаммбураби сауда купецтердің тәуелсіз есеп жүргізуін талап еткен. Шіркеулер мен мешіттерге берілетін құндылықтар мемлекеттік тұрғыда қадағаланып, бұларға берілетін ақшалар сомасы тиісті адамдардың қол қойып растауынсыз есепке алынбаған.

27.Қазақстандағы бух есептің даму тарихы

Бухгалтерлік есепзаңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есепшоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құн шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген. 1997 жылдан бастап Қазақстанда Бухгалтерлік есеп халықар. стандарт жүйесіне көшірілді. Бухгалтерлік стандарт — есеп көрсеткіштерін арнайы ережелерге сай бағалау, өлшеу және шаруашылық операцияларының маңызын анықтау мен ажырату тәртібі. Халықар. стандартқа сай, Бухгалтерлік есеп қаржы және басқарушы есеп салаларынан тұрады. Қаржы есебі қаржы салымшылары мен несие берушілер, заңды тұлғалардың дамуына үлес қосушылар, шетелдік инвесторлар, т.б. үшін жүргізіледі. Басқарушы есеп заңды тұлғалардың өз ішінде басқару жүйесін жетілдіру, ішкі резерв қорларын табу, оны іске қосу мақсатында жүргізіледі. Қазақстандағы заңды тұлғалар жыл сайын аталмыш есеп салаларына қосымша өз кәсіпорнының есеп саясатын, оны жүргізудің принциптерін, қолданылатын есепшоттар жүйесінің тізімін жасап, бекітіп, арнайы орындарға тапсырып отырады. Тиісті заң актілері мен нормативтік материалдардың және есеп стандарттарының талабына сай, Бухгалтерлік есеп объектілерінде қолданылатын бірнеше әдістер ішінен заңды тұлғалардың өзіне ыңғайлы жолын таңдап алуы есеп саясатын көрсетсе, кең көлемде қолданылатын Бухгалтерлік есепке тән ережелер жүйесі (екіжақтылық, консервативтік, автономиялық, сәйкестікке келтіру, сату, т.б.) есеп принципіне жатады. Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал — есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады.

28.Ежелгі Египеттегі есеп жүйесінің дамуы

Бірнеше мың жыл бұрын адамдар папирус жасап үйренді. Кейін шарушылық өмір деректерін папирус орамдарында (бос беттер) тіркеді. Орамдардың ұзындығы 4-5м., биіктігі 24-18 см. құрады. Жазба қара және қызыл бояумен жүргізілді. Папирустың формасы кестелік нұсқада көрсетілді. Египеттік жазушылар бағана бойынша әртүрлі құндылықтардың атауын, ал жолдары бойынша олардың сандық қозғалысы болған күндерін жазды. Сол кездегі ең үлкен кестеде 87 бағана болды.

Негізгі есептік тәсіл түгендеу болды.

1 және 2 әулиеттер кезінде әрбір екі жыл сайын қолғалатын және қозғалматын мүліктерге түгендеу жүргізіп тұрды. 4 әулиет кезінде түгендеу ағымдағы есеппен алмастырылды. Шарушылақ өмір деректері 3 толғамен рәсімделді. Біреуі жіберуге тиісті құндылықтардың санын папируста белгіледі, екіншісі қасында нақты жіберілуін қойып отырды және үшінші сандарды салыстырып тексерілген құжатарды ұзына бойына сызып табылған ауатқулар туралы белгі қойып отырды.

Материалдық есеппен қатар сметаларда тіркелетін болды. 6 әулиет кезінде есепте сметалар кездеседі, бұл шаруашалық өмір деректерін тіркеу сметалардың орындалуын бақылауға мүмкіндік берген. Ол құжаттармен расталады.

Жұмыс барысы туралы басшы жазбаша есеп беріп отырды. Жұмысты қабылдау және орындау барысын бақылау арнайы құрылған коммисиямен жүргізілді. Егер есеп қанағаттандырылмайтын болса, онда жазушыны ұрып-соқты.

29.Грек және Рим есеп жүйесі

Ежелгі Грецияда есеп гипспен ақталған тақтайшайларда жүргізілді. Тиын түріндегі ақшалар пайда болғаннан бастап, келесі міндеттерді атқарады:

  • есептің өзіндік объектісі

  • есептесу құралы

Шаруашылық өмірдің барлық факторларына хронологиялық жазулар жүргізілді, кейін рекапитуляция, яғни барлық жаруларды, операцияларды хронологиялық түрде жүйелі жазу. Сынақ төлемдер енгізіліп, төлемдерді басқа кассаларға аудару болады. Кезеңдік жарияланатын есеп те болды.

Римде есептік регистрлердің кодекс-кітаптар түріндегі неғұрлым дамыған формалары кездеседі. Гректер регистірдің екі түрін қолданды деп болжанады:

  • ефемеридтер (журналдар)

  • трапецитика (шоттар кітабы – Бас кітап)

Ежелгі Римдік бухгалтерияның есептік регистлер жүйесінің алғашқы кітап Adversaries болды, ол шаруашылық өмірдің фактілерін күнделікті жазуға арналған болатын. Ол кітап кейін Мемориалдық деп аталды. Тағы да екі кітапты (кодексті) атап өту керек, ол: Cоdex accepti et және Codex rationum domesticorum. Зерттеушілер бұл кодекстің біріншісін журналмен, ал екіншісін Бас кітаппен байланыстырды.