Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5тезисы лек ФУ-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
29.12.2019
Размер:
1.12 Mб
Скачать
  1. Негізгі құралдарды сатып алу есебі.

Негiзгi құралдардың бухгалтерлiк есебi: негiзгi құралдардың келiп түсуiн, кәсiпорын iшiнде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсiмделуiн және бухгалтерлiк есепте уақытылы көрсетiлуiн; олардың материалдық жауапты адамдарға бекiтiлуiн және сақталуы мен ұтымды пайдалануын бақылайды; көрсетiлуiн, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетiлуiн, негiзгi құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдiстерiнiң тиiмдiлiгiн; негiзгi құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенiмдi есебiн; негiзгi құралдарды тұгелдеудi және қайта бағалауды мезгiлiнде жасауын және олардың нәтижесiн есепте көрсетiлуiн; негiзгi құралдарды тұгелдеудi және қайта бағалауды мезгiлiнде жасауды және олардың нәтижесiн есепте көрсетiлуiн; негiзгi құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерiн есепте нақты көрсетiлуiн қамтамасыз етуi керек.

Бухгалтерия келiп түскен объектiнi материалдық жауапты адамға бекiтiп, мүліктік карточка ашады, объектiге мүліктік тiзiмдеу нөмерiн берiп, мұлiктi мүліктік тiзiмге алады, негiзгi құралдарды алу туралы жазбасы жасалады.

  1. Кейінгі шығындар: капитализациялау және кезең шығындары.

Ұйымдардағы негізгі құралдардың пайдалану барысында табиғи және сапалық жағынан тозатындығы алдыңғы бөлімдерде сөз етілді. Бүтін бөлігі, яғни табиғи пішінінің барлық тетіктер бір мезгілде, бір уақытта іске жарамсыз болып қалмағанымен, негізгі құралдардың бір бөлшегінің жарамсыз болып, соның себебінен негізгі құрал істен шығуы пайдалануға жарамсыз болып тұруы мүмкін. Тіпті іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерінің тозуының әсерінен өнім өндіру қабілетінің азаюы да ғажап емес. Сонымен қатар сапалық жағынан тоза бастаған кейбір негізгі құралдарды да толығымен ауыстыруға кәсіпорынның қаржылық жағынан мүмкіндігі болмай, пайдаланып жүруі мүмкін. Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын жоғарыда айтылғандай тозып, істей шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай немесе оны ағымдағы деп те айтады және күрделі деп аталатын екі түрге бөлінеді. Ал ағымдағы жөндеуге жұмсалған шығындар мен негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылмайтын күрделі жөндеу үшін шыққан шығындар сомасы ұйымның ағымдағы шығыны болып есептеледі.

Егер негізгі құралдарды ұйым жөндейтін болса, бұл шаруашылық тәсілімен жүргізілген жөндеу болып табылады.

4. Негізгі құралдардың кейінгі есебі: тарихи құны бойынша есепке алу, негізгі құралдарды қайта бағалау.

Негізгі құралдардың әділ бағасы болып олардың нарық бағасы табылады. Бұл құн кәсіби бағалау мамандарымен анықталады.

Әрекет етiп тұрған нормативтiк актiлерге сәйкес, шаруашылық жүргізуші субъектiлер заңмен ұштастырылған негiзгi құралдардың индексациялауының ережесi мен тәртiбi туралы дербес шешiм қабылдай алады. Қайта бағалаудың барысында негiзгi құралдардың нақты бары және құрылымы, олардың нақты ағымдағы құны мен тозу дәрежесi туралы дәл және толық мәлiмет алынады. Негiзгi құралдарды қайта бағалау кәсiпорынға өнiмнiң өзiндiк құнын, рентабельдiлiгiн анықтаудың экономикалық тиiмдi жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында өте маңызды роль атқарады. Және ол негiзгi құралдарды белсендi түрде жаңартуға қажеттi инвестициялық – ресуртарды таратуға мұмкiндiк бередi. Негiзгi құралдарды қайта бағалауды жургiзу үшін түгелдеу комиссиясы сияқты комиссия құрады және кәсiптенген бағалаушыларды шақырады, ал олар сол бағалау кұнiне сәйкес келетiн бағасын шығарады. Қайта бағаламастан бұрын, сол негiзгi құралдардың белгiленген тәртiпте түгелдеуiн жұргiзедi. Негiзгi құралдарды қайта бағалау үшін, олардың бастапқы құны, қызмет ету мерзiмi, техникалық жағдайы қайта бағалаудың ең негiзгi мәлiметi болып табылады, яғни қайта бағалау кезiнде оларды негiзге алады.

Инфляция (ақшаның құнсыздануы) жағдайында негiзгi құралдарды қайта бағалау, негiзгi құралдардың бағасын және де өнiмнiң, жұмыстың және қызметтiң өзiндiк құнындағы амортизациясының ұлесiн реттеудi көздейдi.

Егер негiзгi құралды қайта бағалау нәтижесiнде оның құны азайса, ал содан соң өссе, онда негiзгi құралдың алдыңғы азайған құнының сомасын орнына (қалпына) келтiруге тура келедi.

Орнына келтiруге жататын, яғни негiзгi құралдың қайта бағалаудан алынған сомасы табыс ретiнде танылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]