Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5тезисы лек ФУ-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать
  1. Материалдық емес активтерді амортизациялау әдістері.

Өндiрiстiк-шаруашылық қызметi процесiнде материалдық емес активтер моральдық тозуға ұшырайды. Басты мақсат материалдық емес активтердiң моральдық тозуына байланысты шығындарды жабу көздерiн табу ғана емес, өндiрiс немесе айналым шығындарына амортизацияны қосу арқылы олардың құнын өтеу көздерiн жасау болып табылады.

Материалдық емес активтердiң тозуын есепке алуға 2740 ”Материалдық емес активтердiң тозуы” шоты арналған.

Бұл шот пассивтi, реттеушi, контрактивтi. Шоттың кредитi бойынша ай басындағы тозудың қалдығын, ағымдағы айға есептелiнген тозуды және есеп берiлетiн айдың соңындағы тозудың қалдығын көрсетедi, ал дебетi бойынша-материалдық емес активтердiң тозуын есептеп шығару (төмендету) көрсетiледi. Материалдық емес активтердiң тозуы олардың бастапқы құнынан және тиiмдi пайдаланудың болжамды мерзiмiне анықталған нормалар бойынша әр ай сайын есептелiнiп тұрады.

Мысалы, кәсiпорын ЭЕМ-на бағдарламалық жабдықтауды 120 мың теңгеге сатып алды. Бағдарламалық жабдықтауды пайдалану мерзiмi 5 жыл (60 ай). Тозудың айлық соммасы 2 мың теңге (120 мың /60 айға) немесе 1,667% (2000*100/120000).

  1. Материалдық емес активтерді қолдануды тоқтату және есептен шығару.

Материалдық емес активтер есептен шығарылғанда олардың баланстық (қалдық) құнына 7410 – «Материалдық емес активтерді сату бойынша шығындар» - шоты дебеттеліп, 2700 – «Материалдық емес активтер» - деп аталатын бас шоттың тиісті бөлімше шоттары кредиттелінеді. Ал оларға есептелінген жинақталған тозу сомасы 2741 – «Материалдық емес активтердің тозуы» - деп аталатын бас шоттың тиісті бөлімше шоттарының дебетіне, 2730 – «Материалдық емес активтер» деп аталатын бас шоттың тиісті бөлімше шоттарының кредитіне жазылады.

Егер шаруашылық субъектілері өз меншігіндегі, яғни иелігіндегі материалдық емес активтерін сатқан жағдайда одан алынатын табыстарын 4- «Ақша қаражаттары» немесе 3 – «Материалдық «Дебиторлық борыштар мен басқадай активтер» бөлімдері шоттарының тиістілер дебетіне, 6210 – «Материалдық емес активтерді сатудан алынатын табыс» шотының кредитіне жазылады.

  1. Материалдық емес активтермен операциялар есебі.

Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтердің есебі ХҚЕС 38-стандартына сәйкес және субъектілердегі қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебі бас шоттар жоспарындағы екінші «Ұазақ мерзімді активтер» - деп аталатын бөлімнің 2700-бас шотының төмендегі бөлімше шоттарында жүргізіледі.

Ұйымның материалдық емес актив объектілерін қабылдау – тапсыруды құжатпен рәсімдеу үшін материалдық емес актив түрінің толық атауы, оның ұйымға берілген ай-күні, жылы (ұйымда жасалған ай-күні, жылы), объектінің сипаттамасы, оның құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мағлұматтар көрсетілуі тиіс.

Материалдық емес актив объектілерін қабылдауды ресімдегенде акт материалды емес актив объектісінің әрбір объектісіне бір данадан жасалады. Материалды емес активтердің бірнеше біртектес объектілерін қабылдауды ресімдейтін жалпы акт жасауға болады. Акт рәсімделгеннен кейін материалдық емес актив объектісін немесе оны қолдануды жүйелеп баяндайтын құжаттама немесе осы объектіге қатысты ұйымның сондай және тағы басқа мүліктік құқықтарын растайтын құжаттар тіркеліп, ұйымның бухгалтериясына беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және ұйым басшысы немесе соған уәкілетті тұлға бекітеді. Басқа ұйымға материалдық емес активтерді бергенде (сатқанда) акт екі дана болып жасалады, тапсыратын ұйым және материалдық емес активтер есебі карточкасында тиісті жазба жасалады.

Ұйым пайдалануына түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерінің есебі үшін қолданылады. Материалдық емес актив объектілеріне жатқызу тәртібі мен олардың құралы заңдармен және нормативті актілермен реттеледі.

5-тақырып: Активтердің құнсыздануы (ХҚЕС 36)

Дәріс 13

  1. 36 ХҚЕС қолдану аясы. Орны толтырылған құн.

  2. Сату бойынша шығындарды алып тастағандағы әділ құн.

  3. Қолдану құндылығы. Басты (генерирущая) бірлік.

Дәріс 14

  1. Құнсызданудың белгілері.

  2. Құнсызданудан алынатын зиянды тану.

  3. Құнсызданудан алынатын зиянды қайта қалпына келтіру (реверсирование).

  4. Активтердің құнсыздануының есебін ұйымдастыру.