Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VSem_UDAChI__40BALL_33_TANGO (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1.07 Mб
Скачать

9. Мотивацияның маңызды теориясы

Басшы ойлаған мақсатына тиімді жолмен жетуі үшін, ол жұмысты дұрыс үйлестіріп, адамдарға жүктелген міндетін орындата алуы тиіс.Өз шешімін жүзеге асыру үшін басшы мотивацияның негізгі принциптерін қолданады. Мотивациялау – адамдардың бойындағы мотивтерді қозғау арқылы оларға әсер ету процесі. Мотив дегеніміз – адамдардың белгілі бір іс-қимыл әрекет жасауларына итермелейтін себеп. Мотив адамның ішкі хал-ахуалының жеке тұлғалық сипат алуы б.т. Адамның мінез-құлқы тек бір мотивпен анықталмайды.Олар жиынтық түрде қарастырылады. Мотивация дегеніміз – басқарушының іске н/се ұйым мақсаттарына жету үшін өзін және басқаларды ынталандывру процес Мотивацияны басқару міндеттеріне жататыны – амалдар мен құралдар жиынтығы. Басқарушы мұны негіздеген мақсатқа жету үшін ішкі қозғаушы күшті пайдаланады.

Мотивацияның мәнін , сондай-ақ концепциялары мен ықпалдарн айқындайтын толып жатқан зерттеулер бар.Мескон.М.Х., Альберт.М., Хедоури .Ф. мотивацияның мазмұндық және іс жүргізу теорияларын ажыратты.

Мотивацияның мазмұндық теориясы адамдарды көздеген мақсатқа сай әрекет етуге мәжбүр ететін іштей талаптануды теңдестіруге негізделген.бұл теорияның өкілдеріне А.Маслоу, Д. Маккелланд, Ф.Герберг және басқалар жатады.

Мотивацияның іс жүргізу теориясы біршама кейінірек пайда болған. Ол негізінен алғанда, бірінші кезекте адамдардың түсінігі мен танымын ескере отырып, олардың өздерін қалай ұстайтындығына негізделген. Мотивацияның бұл категориясына Портер Лоулердің үміттену теориясы , әділдік теорисы және мотивация моделі жатады

10. Ұйымның сызықтық және функционалдық құрылымы. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері

Басқару байланыстары сызықтық және функционалдық болып бөлінеді. Сызықтық байланыстар вертикальды бағытта , функционалдық бағыттар горизонталь бағытта орындалады.

Сызықтық құрылым бойынша басқарушы барлық функционалдық мңндеттерді өзі атқарады.Бұл құрылым түрі кішігірім ұйымдарда немесе деңгейлер саны 4 еуден аспайтын ұйымдарда қолданылуы мүмкін.Бұл құрылым абсолюттті түрде орталықтандырылған дара басшылық қағидаларымен шешімдерге жеке жауапкершілікке негізделген.

Артықшылықтары:

  1. басқарушылықтың бірлігі мен анықтылығы;

  2. орындаушылардың қимыл бірлігі

  3. басқарудың қарапайымдылығы

  4. айқын жауапкершілік

  5. шешім қабылдаудағы шапшаңдық

  6. бөлім жұмысының соңғы нәтижесіне дара жауапкершілік

Кемшіліктері:

  1. сызықтық басшыға қойылатын жоғары талаптар;

  2. функционалды бөлімдердің жоқтығы;

  3. жоспарлау мен шешім дайындау буындарының жоқтығы;

  4. Ақпараттың шамадан тыс көп болуы;

  5. деңгейлер арасындағы байланыстың қиындауы;

  6. басшы топтарда биліктің топтасуы:

Функционалдық құрылымда мамандар пайда болады,бірақ олар жеке топ болып бөлінбеген.Орындаушылар функционалдық мамандардың тікелей қарамағында болады.функционалды басқару құрылымының артықшылықтары:

  1. нақты фунцияға жауап беретін маманның жоғары дәрежеде білгірлігі;

  2. сызықтық менеджерді кейбір арнайы сұрақтарды шешуден босату;

  3. құбылыстар мен процестерді стандарттау , формалау;

  4. басқару функциясын орындауда қатарластықты және қайталауды жою;

Кемшіліктері:

  1. Дара басшылық қағидасынынң орындалмауы;

  2. өз бөлімінің міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыруға аса құштарлық;

  3. функционалдық қызметтер арасындағы тұрақты өзара байланыстарды қолдау қиындығы

  4. шешім қабылдау процедураларының ұзақтығы;

  5. өзгерістерді қиын сезінетін ұйымдық құрылым

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]