Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VSem_UDAChI__40BALL_33_TANGO (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1.07 Mб
Скачать

7. Басқару үдерісінің түсінігі. Басқару үдерісінің мазмұны және негізгі сипаттамалары. Басқару үдерісінің типтері

Басқару процесі – бұл шешімді шығаруды, қабылдауды қабылданған шешімінің орындалуы жөніндегі жұмыс барысын үйлестіруді, қабылданған шешімнің орындалу барысын бақылауды бірізділікпен жүзеге асыру.Басқару процестерін басқарудың көптеген жүйелері мен салаларында жүзеге асырады.

Басқару процесінің мазмұны

Жоспарлау кәсіпорын мен бөлімшенің мақсатын таңдап алудан тұрады., сондай ақ осы мақсатқа жету амалдарын қарастырады. Ұйымдастыру – демек нендей бір құрылым құру, ұйымда жұмыс істейтін адамдарға міндеттерді, соның ішінде басқару жұмысын кімдердің орындау керектігін анықтап беру. Мотивация - өз жұмыскерлерінің тиімді жұмыс істеуі үшін басшы олара ненің қажет екендігін , әрі осы қажеттілігін жақсы жұмыс арқылы қанағаттандыруы тиіс. Бақылау-күтпеген жағдайға байланысты өзінің бастапқы, басшы белгілеген бағытын өзгертуі мүмкін. Сондықтан да басшының міндеті, ұйымға елеулі зияны келмей тұрғанда алғашқы белгіленген жоспардың өзгеру себебін тауып анықтау болуы тиіс.

Басқару процесі 3 типке бөлінеді:

1. Мақсатты басқару. Барлық өндірістік және басқадай басқару міндеттерін барлық деңгейде шешкен езде мақсатты басқару шешуші рөл атқарады. Басқарудың мақсаттылығы- кәсіпорынның жалпы мақсаттық, дербес бөлімшелерін ұйымдастыру үшін жіктеу. М.Б.аса ірі бір жолғы шараларды мәселен кәсіпорынды қайта конструкциялау және қайтадан жарақтандыру, жаңа өнімді шығаруға көшу, жалгерліті немесе кооперацияны енгізу т.б.шараларды орындау үшін қолданылады.

2. Бағдарламалық басқару. Басқару процесінің мұндай типі әдетте қндірістің күрделі міндеттерін шешкенде қолданылады. Б.Б. күрделі құрылыста, көп бөлшекті бұйымдар шығаруда, жоспардан тыс және жедел жұмыстарда қолданылады.

3. Жағдайға қарай басқару . Бұл мақсатты айқындалған, әрі сирек өзгеретін, тұрақтанған, толық меңгерңлген өндірісте қолданылады.Мұндағы басты міндет-туындаған қолайсыз жағдайдан, өндіріс процесіндегі іркілістен шығудың ең қолайлы жолдарын іздестіру.

8. Ұйымдастыру негіздері. Ұйымдық құрылым құрудағы әртүрлі көзқарастар. Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар

Ұйымдастыру – бұл кәсіпорын құрылымын құру процесі, оның өзі адамдардың қз мақсатына жету үшін тиімді жұмыс істеуіне мүміндік береді. Ұйымдастыруды басқару қызметі өндірісті дамытудың белгілі алты принципі бойынша құрылады:

1.мамандандыру

2. пропорционалдық

3. қатарластық

4. дәлділік

5. үздіксіздік

6. ырғақтылық

Басқару құрылымын қалыптастырған кезде мынадай теориялық көзқарастар болды:

Классикалық теория өндірісті бақылау құрылымын қалыптастыруды мынадай ретпен жүргізуді ұсынады: басқару қызметінің мақсаттары мен түрлерін айқындау, басқарудың нақты қызметі бойынша іс-әрекет ауқымын есептеу,; құрылымдық бөлімшелерді қалыптастыру; жұмыскерлердің басқару қызметін атқарудағы өкілдігі мен жауапкершілігін белгілеу; олардың нақты қызмет түрін айқындау.

Жүйелік көзқарастың мәні сол, өндірістік ұйым мен басқару құрылымы тұтас жүйе ретінде қарастырылады. осы көзқарастың бір түрі, құрылымды басқару шешімдерін қабылдауға және жүзеге асыруға қажетті механизм ретінде қарастыру болып саналады.

Жағдайлық көзқарастың мәні сол, басқару құрылымын құрудың ең қолайлы әдісі әр түрлі ситуациялық нақты фактілерге сүйенуі тиіс.

Бихевиоралдық өзқарас бірінші кезекте өндіріс ұжымындағы жұмыскерлердің әлеуметтік рөлін көтеруге негізделген.

Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастырғанда мынадай принциптер қолданылады:

1. Жарлық беру және дербес жауапкершілік принципінің тұтастығы;

2. Сызықтық және қызметті басшылықтың аралығындағы дәл шекараны анықтау принципі;

3. Бақылаудың өрістеу принципі;

4. Қызметтік нақты шектеу принципі;

5. Икемділік пен үнемділік принципі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]