Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VSem_UDAChI__40BALL_33_TANGO (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1.07 Mб
Скачать

13. Мотивацияның процессуалды теориялары. В.Врумның күту теориясы

Теория мынадай қағидаға негізделеді: белсенді қажуттіліктің болуы адамдардың мақсатқа жетуінің бірден бір себебі мотивациясы болып саналмайды. Адам өзі таңдап алған мінез құлық типі өзін қанағаттандаратындығына және ойлаған мақсатына жеткізетіндігіне сенеді.

Күту- бұл жеке адамның белгілі бір жағдайдың ықтималдылығын бағалауы б.т. Көпшілік адамдар , мәселен, ЖООнын бітіргеннен кейін жақсы жұмысқа орналасатындағына және жұмысын жақсы атқарса, қызметі жоғарылайтындығына сенеді. Еңбекке мотивацияны талдау кезінде күту теориясыүш өзара байланыстыбқліп көрсетеді:

Еңбек шығыны- нәтижелер

Нәтижелер -марапаттау

Валенттілік («көтермелеуге қанағаттану»)

Еңбек шығыны тарапынан үміттену- нәтижелер бұл жұмсалған күш жігер мен алынған нәтижелер арасындағы қатынас. Егер адамдар күш пен нәтиже арасындағы байлвныстың жоқтығын сезінсе, онда мотивация әлсірейді.

Нәтижелер тарапынан үміттену- қол жеткен нәтижелерге жауап ретінде нақты көтермелеуді немесе мадақтауды үміттенуі.

Валенттілік- белгілі бір көтермелеуге ие болғанннан кейін пайда болатын қанағаттану немесе қанағаттанбау дәрежесі.Егер адам үшін көтермелеу құны төиен болса, онда осы теория бойынша еңбек әрекетінің мотивациясы әлсірейтін болады.

Егер жоғарыда аталған үш фактпрдың да мәні шамалы болса, онда мотивация әлсіз , еңбек нәтижесі төмен болады.

14. Басқару стилі: автократиялық, демократиялық және либералды

Басқару стилі дегеніміз басқарушының бағынушыға қатысты үйреншікті үлгілі тәртібі. Ол ұйым міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін қажетті құрал болып келеді. Стиль түрлері:

Автократиялық стиль - ең төменгі деңгейдегі қажеттіліктерге негізделеді және бағынушыларға шешім қабылдау процесіне қатысуға мүмкіндік бермейді. Бұл стиль Д.М.Грегердің «Х теориясына» сәйкес келеді, яғни мұнда автократ басқарушы өндіріс процесіне көп көңіл бөледі.

Демократиялық стиль - жоғары деңгейдегі қажеттіліктерді ескереді, яғни сол қажеттеліктерді ескереді, яғни сол қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік жасайды. Бұл стиль Д.М.Грегердің «У теориясына» сәйкес келеді. Бұл теорияға сәйкес, бағынушылар шешім қабылдау процесіне белсене қатысып, белгілі бір өкілеттіліктерге ие болады.

Либералды стиль - бағынушыларға қатысты жұмсақ стиль болып қарастырылады. Бұл стиль бағынушылардың өздеріне толықтай еркіндік беріп, нақты мақсат таңдауға жағдай жасап, түпкілікті шешімдерді қабылдау мүмкіндігінде бағынушыларға берумен сипатталады.

15.Көшбасшылық. Көшбасшылыққа қолданылатын тәсілдер

Басқару үшін ықпал ету қажет, ал ықпал ету үшін билік керек. Билік – бұл басқалардың жүріс-тұрысына ықпал ету мүмкіндігі. Билік орындаушылардың белсенді талаптарына ықпал етуге негізделген. Тіпті басшының айқын белгіленген билігі бола тұрса да, қол астындағылардың күш-жігерін дұрыс бағыттай алмайтын кездері де болады. Бұл тәуелділік тікелей басқаруға болмайтын факторлар мен адамларға байланысты және де мұның өзі басқару тиімділігін қиындататын басты себепкердің бірі. Осы проблемаларды шешу үшін басшының бірден-бір қолданатын құралы – билік жүргізу, ықпал ету және жетекшілік ету. Адамдар басшыға неғұрлым тәуелді болса, оның билігі де соғұрлым көп болады. Әлеуметтік психологияда шағын топтағы лидерлер деп мақсатқа жету мақсатында топқа жетекшілік ететін, басқа топ мүшелерімен өзара қарым-қатынас орнататын адам қызметін айтады. Топ қызметінде «көшбасшы » ұғымына сипаттама бергенде, әлеуметтік психологияда мынадай жағдайлар бөліп қарастырылады: біріншіден, лидерді қызмет орнына ресми түрде ешкім ұсынбайды, ол басшылық позицияны топтың ашық немесе жабық келісімімен атқарады; екіншіден, топ қабылдаған нормалар мен құнды бағыт-бағдарламалар жүйесі лидердің қолдауымен жүзеге асырылады; үшіншіден, топ өміріндегі арнайы, алайда біршама мәнді жағдайларда лидер тиісті рөл атқарады. Бүкіл көшбасшылық қасиеттер харизматикалық тұлғаның қасиеттеріне сай болады. Яғни олар:

  • білімділік деңгейі жоғары;

  • сыртқы келбеті сүйкімді;

  • шыншылдық және әділеттілікке өте бейім;

  • инициатива көрсетуі және белсенділігі өте жоғары;

  • өзіне деген сенімділік деңгейі жоғары және т.б.

3-блок

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]