Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VSem_UDAChI__40BALL_33_TANGO (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1.07 Mб
Скачать

7. Стрестің (шиеленісудің) табиғаты мен себептері

Стресс-ағылшын тілден енген атау – шиеленісу, күштену, зорлану ұғымын білдіреді. Стресс жөніндегі халықаралық конгресс анықтамасы бұл сөзге төмендегідей анықтама береді: «сыртқы немесе ішкі ортаның қолайсыз факторларының әсеріне организмнің физиологиялық реакциясы».

Кез-келген жағдай , құбылыс немесе хабар стоесс туғызуы мүмкін. Стресс себептері:

Ұйымдық факторлар:

  1. Шектен тыс жұмыс бастылық немесе қолы бостылық;

  2. Рольдердегі келіспеушілік. Ол қызметкерге қайшы талаптарды қойған кезде пайда болады.

  3. Жұмыс алдына қойылған міндеттің нақты еместігі, көмескілігі;

  4. Жұмыскерге қызмет болашағының белгізідігі, өзі туралы жоғары басшының пікірінің беймәлімділігі;

  5. Қызықсыз, болашақсыз жұмыс;

  6. Жұмысқа денсаулық жағдайының төмендігі;

Жеке тұлғалық факторлар:

Жеке сипаттағы құбылыстар (жақын адамдар өлімі, жұмыстан түсіруі, шығарылуы, зейнетке шығарылуы, өмірлік жағдайдағы аяқ асты өзгерістер, т.б.)

Стресс көзі:

Жұмыс алдына қойылған міндеттің нақты еместігі, көмескілігі.

Қанағаттанбау себебі:

Өз идеясын іс жүзіне асыруға дәрменсіздігі.

Басшының қарамағындағы адамдарды мұндай стресс жағдайынан құтқарудың амалы оның міндетін айқын тұжырымдау

8. Ұйым туралы түсінік. Ресми және бейресми ұйымдар

Ұйым дегеніміз алға қойылған мақсатқа жету барысында енбектің санаулы турде үйлестіретін адамдар тобы. Ұйымдар ресми,бейресми,жай және күрделі болып бөлінеді.

Ресми ұйымдар мақсатты орындауда басқару үдерісі жүйелі үйлестірілген нақты кұрылымға ие болатын,көбінесе басшылық еркімен кұрылған адамдар тобы.

Бейресми ұйымдар қызмет барысындағы әлеуметтік қатынастарға ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден кұрылатын адамдар тобы. Бейресми ұйым – ішкі себептермен пайда болған, белгілі бір мақсатқа жету үшін жүйелі түрде өзара қарым–қатынаста болатын және өзара пайда болған адамдар тобы. Бейресми ұйымдардың ерекшелігі – олардыңішкі көзқарастарға байланысты болып құрылуы. Адамдардың бейресми ұйымдарға кіруінің себептері: тиістілік сезімі, өзара көмек, өзара қорғау, өзара тығыз қарым-қатынас пен қызығушылық. Бейресми ұйымның құрылымы мен түрі әлеуметтік қарым-қатынастар нәтижесінде қалыптасады.

Бейресми ұйымдар-қызмет барысындағы әлеуметтік қатынастарға ішкі себептерге байланысты ойламаған жерлен құрылатын адамдар тобы.Командалық жұмыстың артықшылықтары. Командалардың әлеуеті менеджмент топтың барлық мүшелерінің жоғары өнімділігін ынталандырған жағдайда неғұрлым толық ашылады: еңбек интенсивтілігі артады, қатысушылардың жеке қанағаттану дәрежесі, олардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін біріктіру дәрежесі және ұйымдық икемділік арта түседі.Команда кемшіліктері.. Менеджменттің бұл қауіп-қатерлерді болдырмау мүмкіндігі бар, яғни ұйым басшылығы әлеуетті қатерлерге мұқият болуы керек: жеке мақсаттарға талпыну, уақыт ресурсының жоғары мөлшері, команда мүшелерінің ішінен біреуінің басым болуы, конформизм және ойдың топтасуы, өзін-өзі басқарушы топтарды артық бақылау, билік балансының өзгеруі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]