- •1Метрологияның мәні,мазмұны және оның түрлері
- •2Метрологияның негізгі қызметтері
- •3Физикалық шама.Физикалық шаманың сипаттамалары. Терминдермен анықтамалар.
- •4.Физикалық шамалардың өлшем бірліктері.
- •5. Қазақстан Республикасының «өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңы.
- •6Метрологиялық қамтамасыз ету қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы. Метрологияның экономикалық базасы.
- •7Өлшеу бірыңғайлылығын қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері. Метрологиялық қызметтің міндеттері.
- •8Мемлекеттік метрологиялық қызмет жұмыстарының бағыттары
- •9 Мемлекеттік қадағалау. Заңнамалық база.
- •10 Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың негізгі міндеттері
- •11Өлшеу құралдары. Метрологиялық, жұмысшы өлшеу құралдары.
- •12Стандартталған, стандартталмаған, негізгі және қосалқы өлшеу құралдары.
- •13Өлшеу құралдарының түрлері және сипаттамалары.
- •14.Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары
- •15. Өлшеудің қателіктері. Пайда болу сипаты бойынша түрлері.
- •16.Тікелей өлшеу нәтижелерін өңдеу.
- •17. Өлшеудің классификациясы. Өлшеу нәтижелерін өңдеу.
- •18 .Жанама өлшеу.
- •19. Эталон. Бастапқы және арнайы эталон.
- •20.Екінші эталондарды жасау негіздемелері және оның түрлері.
- •21. Халықаралық, мемлекеттік эталондар.
- •22.Топтық эталон.
- •23. Қазақстан Республикасының эталондық базасы
- •24.Өлшеу құралдарын сенімдеу. Сенімдеу әдістері.
- •25.Сенімдеу түрлері және сипаттамалары.
- •26.Өлшеу құралдарын сенімдеу нәтижесін рәсімдеу.
- •27.Өлшеу құралдарын сенімдеу құқығына аккредитация.
- •28.Сенімдеушілердің жұмыс орнын аттестаттау.
- •29.Өлшеу құралдарын калибрлеу.
- •30.Өлшеу тұтастығын қамтамасыз ету бойынша құқықтық негіз.
- •31.Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің мемлекеттік қызметі (сүмқ).
- •32.Мемлекеттік метрологиялық қызмет. Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі (уж, мк).
- •33.Сенімделетін құралдың көрсеткішінің абсолюттік ауытқуы деген не?
- •34.Сенімделетін құралдың көрсеткішінің салыстырмалы ауытқуы деген не?
- •35.Құрал көрсеткішінің келтірілген салыстырмалы ауытқуы деген не?
- •36.Абсолюттік түзету деген не?
- •37.Дәлдік класы мен келтірілген салыстырмалы ауытқу арасындағы байланыс қандай?
- •38.Өлшеу құралы көрсеткішінің орнығу уақыты деген не?
- •39.Өлшеу құралының шкаласында қандай белгілеулер келтіріледі?
- •40.Эталондық құралдың дәлдік класы қандай болуы керек? МемСт бойынша құралдар неше дәлдік классқа бөлінеді?
- •41.Эталондық құрал қандай шарттарды қанағаттандыруы тиіс?
- •42.Эталондық құралдың қандай екі шарттары бар?
- •43.Абсолюттік ауытқудың шамасы қандай болуы керек?
- •44.Дәлдік класын білудің маңыздылығы неде?
- •45.Ығыстыру қандай мақсатта қолданылады?
- •46.Прибор көрсеткішінің рұқсат етілген салыстырмалы ауытқуы екі мүшелі өрнекпен нормаланатын жағдай үшін дәлдік класы қалай белгіленеді?
- •47.Бөлшек санмен белгіленген дәлдік класы туралы ақпаратты қалай қолданған жөн?
- •48)Амплитудалық модуляция коэффициенті дегеніміз не? Оны қалай өлшеуге болады?
- •50.Сенімделетін құралдың көрсеткішінің абсолюттік ауытқуы деген не?
- •51) Сенімделетін құралдың көрсеткішінің салыстырмалы ауытқуы деген не?
- •54.Мемлекеттік метрологиялық қадағалау. Метрологиялық ережелер мен нормалардың бұзылғандығы үшін жауапкершілік.
- •55.Өлшеу қателігі? Абсолютті қателік? Салыстырмалы қателік?
- •56.Өлшеу қателіктерінің қалыптасу тәсіліне қарай қалай бөлінеді?
- •57.Өлшеу қателіктерінің көріну тәсіліне қарай қалай бөлінеді?
- •58. Метрологияның қоғамдағы рөлі.
- •59.Си Халықаралық бірліктер жүйесі.
- •60.Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз етуге қатысты нормативтік құжаттарға талдау жасау.
5. Қазақстан Республикасының «өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы метрологиялық қызмет саласындағы қатынастарын реттейді және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, әрі Қазақстан Республикасының экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғауға бағытталған.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының аумағында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етуге байланысты қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органдарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
4-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсаттары
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерiн және экономикасын өлшемнiң терiс нәтижелерi салдарынан қорғау;
2) отандық және импортталатын өнiмдердiң, процестердiң (жұмыстардың) және көрсетiлетiн қызметтердiң қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету;
3) материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiнiң дұрыс есебiн қамтамасыз ету;
4) iргелi зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшем дұрыстығын қамтамасыз ету;
5) диагностика және сырқаттарды емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезiнде сенiмдi өлшем нәтижелерiн қамтамасыз ету.
5-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк басқару
1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы жүзеге асырады.
6Метрологиялық қамтамасыз ету қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы. Метрологияның экономикалық базасы.
Метрологиялық қамтамасыз ету қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы:
1. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
2. Техникалық реттеу және метрология бойынша комитет;
3. «Қазақ метрология институты» РМК метрологиялық қызмет. Қазақстанда 1923 жылы құрылған. Бұл Семейдегі шағын метрология зертханасы болатын.
Метрологияның заңнамалық базасы – бұл «Әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы» ҚР-ның кодексі, 2000 жылы 7 маусымда қабылданған Өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету туралы ҚР-ның заңы.
Метрологияның экономикалық базасы.
Мемлекеттің қаражатына Мемстандарт және өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету саласында Мемлекеттік бағдарламаларды құрады.
Келісім қаражатына, яғни жеке қызметтің өзінен алынатын қаражаттарға:
1. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру;
2. ӨҚ-н калибрлеу;
3. ӨҚ-н мемлекеттік сынау;
4. Өлшеуді жүргізу әдістерін (ӨЖӘ) аттестаттау;
5. ӨҚ-н метрологиялық аттестаттау;
6. Құжаттамаларды метрологиялық сараптау;
7. Метрология саласында мамандарды дайындау және олардың біліктілігін жоғарылату
жұмыстары жүргізіледі.