Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metrologia_shpor.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
129.14 Кб
Скачать

1Метрологияның мәні,мазмұны және оның түрлері

Метрология дегеніміз (греч. "метро" - өлшем, "логос" - оқу) — өлшемдер, олардың бірлігімен талап етілетін, дəлдігін қамтамасыз ететін əдістер мен құралдар тұралы ғылым.

Заманауи метрологиясы

- теориялық метрология

- тарихи метрология;

- заңнамалық метрология;

- қолданбалы метрология.

Теориялық метрология - өлшеудің жалпы теориялық проблемаларын қарастырады.

Тарихи метрология – оның даму барысы

Заңнамалық метрология – өзара байланысты жалпы ережелерді, талаптар мен нормаларды, сонымен қатар мемлекет тарапынан бақылау мен регламенттеуді қажет ететін басқа да мәселелерді қамтиды.

Қолданбалы метрология – өлшеу құралдары мен әдістерді тәжірибелік қолдану мәселелерімен айналысады.Метрологияның ғылым мен өндірістегі рөлі

Метрология – бұл қажетті дәлдікті алу амалдары мен бірлікті қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер және өлшем туралы ғылым.Метрология үш бөлімнен тұрады: теориялық, заң шығарушы және қолданбалы метрология.Теориялық метрология – метрология дамудың іргелі негізін, физикалық тұрақты шама бірлігінің жүесін жасаумен және жаңа өлшеу әдістерін дамытумен айналысады.Заңнамалық метрология – мемлекетте қолданылатын өлшеу лабараториялары, өлшеу құралдары, өлшеу әдістері мен өлшем бірлігі мен рұқсат етілген мемлекеттік талаптарды орнатады.Қолданбалы метрология - әртүрлі саладағы теориялық және заң шығарушы метрологияның практикалық қолдануын жүзеге асырады.Практикалық жұмыста өлешмді қолданбайтын ешқандай облыс жоқ, егер де ол кезде өлшем бірлігі мен өлшенетін ауқымның арасындағы қатынас табылатын болса.Қандай да болсын реттеу, бақылау, жоспарлау, болжау анализдері кезінде, өнімнің сапасы мен өлшемі туралы, дайын өнім мен техникалық опперациялардың жүруі туралы және барлық өндіру цикілі туралы нақты мәліметтер болуы керек.Бұндай мәліметтерді олар параметралері мен көрсеткіштердің, әр түрлі физикалық шамалардың едәуір санын өлшеу жолымен алады.Қажетті нақты алынған өлшеу мәліметтері, дұрыс шешімді қабылдауды қамтамасыз етеді. Дұрыс емес мәлімет өнім сапасының төмендеуіне, аварияларға, ғылыми-зерттеу кезінде дұрыс емес шешімдерге, пайдалы кеңдер қорын дұрыс емес бағалауына, сауда-коммерциялық опперациялар кезінде есептен жеп қоюына әкеп соғады.Өлшемге бірдей көзқарас келісуші мәліметпен алмасуды, өлшеу құралдары мен әдістерін стандартизациялау мүмкіндігін, халықаралық сауда алмасу жүесіндегі сыналған өнім мен өлшеу нәтижелерін келісіліп қолдау кепілін береді.Барлық мамандарылған метрологтардың өлшемдері кезінде (техникалық құралдармен өлшенген кездегі табылатын мән) алынған мәндері дұрыс деп үміттенеді.

2Метрологияның негізгі қызметтері

Метрологияның негізгі қызметтеріне:

-Мемлекеттік эталондардың және үлгілік өлшеу құралдарының (ӨҚ) физикалық шама бірліктерін орнату;

-теорияларды, әдістерді, өлшеу құралдары мен бақылауды дайындау;

-Өлшеу бірыңғайлығын және бірүлгілік ӨҚ-н қамтамасыз ету;

-Қателіктерді, ӨҚ-ның жағдайын бағалау және бақылау әдістерін дайындау;

-Жұмысшы ӨҚ-на эталондардан немесе үлгілік ӨҚ-нан физикалық бірліктердің өлшемдерін беру әдістерін дайындау кіреді..Метрологиялық қызмет

13-бап. Метрологиялық қызметтiң құрылымы

ҚР-ның метрологиялық қызметi:

1)мемлекеттiк метрологиялық қызметтен;

2) уақыт және жиiлiк мемлекеттiк қызметтерiнен; заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнен; заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректерден, сондай-ақ өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң өзге де мемлекеттiк қызметтерiнен;

3) мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнен;

4)өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылардан;

5)өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалардан тұрады.

14-бап.Мемлекеттiк метрологиялық қызмет

Мемлекеттiк метрологиялық қызмет:

1) стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органнан және оның аумақтық бөлiмшелерiнен;

2) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасауды, жетілдіруді, сақтауды және қолдануды, шама бірліктерінің мөлшерлерін беру жүйелерін құруды қамтамасыз ететін, өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлейтін, шама бірліктерінің эталондарына салғастыру жүргізетін, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салғастыруға қатысатын, өлшем құралдарын сынауды, метрологиялық аттестаттауды, шама бірліктерінің эталондары мен жоғары дәлдiктi өлшем құралдарын салыстырып тексеруді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ететін мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтан тұрады.

15-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi

1.Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi уәкiлеттi органды және оның аумақтық бөлiмшелерiн, мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталықты, мемлекеттiк басқару органдарының метрологиялық қызметтерiн қамтиды. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелер негiзiнде өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады.

2.Уақыт пен жиiлiк мемлекеттiк қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, уақыт пен жиiлiктiң өлшем бiрлiгін қамтамасыз етуге және Жердiң айналу параметрлерiн анықтауға бағытталған жұмыстарды орындайды. ҚР-ның уақыт пен жиiлiк мемлекеттiк қызметi мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолдану үшін міндетті болып табылатын уақыт пен жиiлiк бiрлiктерiнiң мөлшерлерiн жаңғыртуды, сақтауды және беруді жүзеге асырады.

3.Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнiң мемлекеттiк қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiн әзiрлеуге және ендiруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi.

4.Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректердiң мемлекеттiк қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректердi әзiрлеуге және ендiруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi.

4

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]